Сезімдердіңерекшеліктері және сапалары

Адам қабылдағанына, істеген ісіне, ойлағанына, арманына немқұрайлы қарамайды. Заттардың, адамдардың, әрекеттердің, оқиғалардың біреулері бізді қуантса, екінші бірі мұңайтады, ал үшіншісі ашу шақырып, зығырданыңды қайнататын жағдайға жеткізеді. Қатерлі жағдайда тұрып біз қорқынышты сезінеміз, жауды мұқатып жеңіске жету не қиын қыстау жағдайдан өту қуаныш пен шаттыққа кенелтеді. Алға қойған мақсатқа жету жолында әр адам өмір сүре, еңбек ете, көре отырып осындай және тағы басқа да көптеген әсерлерді бастан кешіреді.

Өзінің танып-білгеніне және істеген ісіне адам қатынасының әсерлерін – «сезім» немесе «эмоция» деп атайды.

Сезім көзі өзіміз қабылдайтын, айналысатын заттардың және құбылыстардың сапалары туғызатын қажеттіліктер, талап-тілектер болып табылады. Біздің істейтін әрекетіміз — «еңбек, оқу, ойын», оның жетістігі мен кемшіліктері де сезім туғызады.

Тұрмыстағы жай сөздерде «түйсіну», «сезіну» деген ұғымдар араласып жүреді. Біз сөйлегенде, «мен қорқынышты түйсінемін», «ауырғанымды сезіндім» дейміз, оны дұрысында: «қорқынышты сезіндім», «ауырғанымды түйсіндім», — деу қажет. Түйсік арқылы заттар мен кұбылыстардың сапаларын танимыз, ал сезім болса, адамның ішкі көңіл-күйін, оның сол заттармен құбылыстарға қатынасын керсетеді.

Сезім барлық психикалық үрдістермен тығыз байланысты, көптеген жағдайларда сол үрдістер сезімді туғызады да ал сезім оларға өз тарапынан ықпал жасайды. Сезім көзінің бірі — түйсік болады, ал түйсіктің өзі біздің әсерлеріміздің ықпалымен жиі өзгеріп тұрады. Көңіл-күйіне қарай адам бір затты әр түрлі қабылдайды. Жыртқыш аңдар туралы әңгімелерден шошынған бала, жай уақытта ешнәрседен үрейленбей жүріп өтетін жерден, қараңгы түссе шоғыр бұтаны қасқырға ұқсатуы мүмкін. Эмоция адамның есімен де тығыз байланысты. Біздің алған барлық эсерлеріміз яғни белгілі бір сезіммен қабылдасақ, есімізде жақсы қалса, онда өткендерді еске алудың өзі бізде қандай да болсын бір сезім туғызады

Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар. Олардың сапасын көрсететін осындай ерекшеліктерінің бірін қарама-қарсы, полярлық сапалықтар деп атайды. Мәселен, сүйсіну, сүйсінбеу, көңілдену, кажу, шаттық, уайым т.б. осы секілді сапалар өзара екі полюске ажырасып, біріне-бірі қарама-қарсы мағынада болады.

Эмоциялар Сезімдер
1 Эмоция адамның турлі органикалық, қажеттеріне байланысты туып отыратын шағын, адам қуанғаннан, қамыққаннан  көзіне жас алса, не болмаса бір нәрсеге мәз болып ішек-сілесі қатып күлсе, мұндай жағдайдың ұзаққа созылмайтындығы 1. Сезімдер — адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау қажетінен туатын және біртіндеп дамып отыратын бір сыяыргы тұрақты процесс. Достық, адалдық сезімдері адамда бірден қалыптаса коймайтындығы белгілі. Бұларға жаллыламалық сипат тән. Мәселен, ата-ананы, атамекенді, Отанды сүю секілді патриоттық сезімдер.
2. Эмоция мәнерлі қозғалыстар (адамның сырт пішінінен байқалатын ым-ишаралар) көбірек байқалады. Мұнда адам өзін  тек организм тұрғысынан көрсете алады 2. Сезімдерде мәнерлі қозғалыстар жөнді байқалмайды. Тұрақты, терең әсерлі сезім жеке адам психологиясының басты белгілерінің бірі.
3. Эмоциялардың қызметін  лимби жуйесі мен (ми бағанасының үлкен ми сыңарларына жақын жері) гипоталамус бөлігі (дененің зат алмасуын, температурасын реттестірстін нерв орталығы) басқарып отырады. Мәселен, осы нервтік орталықтарға зақым келсе адам тойғанын білмейтін немесе өмірде шөлі қанбайтын жағдайга ұшырайды 3. Сезім ми қабығының жұмысынан, атап айтқанда, динамикалық стереотиптердің жасалып, өзгеріп отыруынан жақсы көрінеді. Мұнда екінші сигнал жүйесінін басқарушылық ролі күшті болады. Сөз арқылы адам сезімдерінің өрісі кеңиді. Мәселен, сөз адамның интеллектік, эстетикалык, моральдық сезімдерінің қалыптасуына елеулі әсер етеді, соның арқасында сезімдер мен эмоцияларды тәрбиелеуге кен жол ашылады
4. Эмоциялар жануарларда да кездеседі. Жануарлар эмоциясы биологиялық сипаттағы реакциялардың жиынтығы. Адам сезімдеріне лайықты көріністер жануарлар психикасындп кездеспейді 4. Адамдардың эмоциялары мен сезімдері қоғамдық-тарихи сипатта болып отырады. Мәселен, адамдардың жолдастық, адалдық, борыштық жауапкершшік сезімдері буржуазиялық қоғам өкілдерінің осындай сезімдеріне мазмұны жағынан қарма-қарсы бағытта келеді.

Адам — қоғамдық тіршілік иесі. Сондықтан оның сезімі де әлеуметтік сипатта болады. Сезімдер қоғам дамуына байланысты өзгеріп отырады. Бір-біріне ұқсас оқиғалар мен фактілерді әр кезеңде өмір сүрген адамдар әр түрлі бағалайды.

Сезім адамдардың әрекеттенуіне түрткі болады. Қандай да болмасын жұмыстың нәтижелі болуы ең алдымен оған деген көзқарасқа байланысты. Жұмыс жемісіне селқос, немқұрайлы қараған жерде — оның сапасы да төмен болмақ. Сезімнің шығармашылық жұмыста ерекше маңызы бар. Ақын, суретші, ғалым, өнертапқыштардың жұмыс үрдістеріндегі көтеріңкі көңілі -шабытты сезімімен тығыз байланысты. Сезім адамның барлық таным үрдісінде үлкен рөл атқарады.

Оқу тәрбие жұмысында сезімнің қаншалықты маңызды екендігі педагогтың есінде болуы қажет. Мектеп оқушыларын немқұрайлылық туғызатын сабақтан көрі, оларда күшті жағымды эмоция туғызатын білім тез де баянды игеріледі. Сабаққа үлгерімі және тәртібі үшін мақтау алудан балада, әдетте жақсы сезім пайда болады, ол оқуын одан әрі күшейте түсуге жақсы ықпал жасайды: құптамау, ұрсу, жазалаудан, әдетте, оқушыларға жағымсыз эмоциялық жағдай туады, сөйтіп осындай ренішті істі қайталамауға итермелейді. Тәжірбиелі мұғалім, тиісті әдепті сақтай отырып, балалардың жағымсыз эмоциясын да пайдаланады.

Сезімнің өзіндік психикалық процесс ретіндегі ерекшеліктерін, негізінен, қарама-қарсы сипатта болатынынан айқын аңғарамыз. Тереңірек қарастырсақ, бұл қарама-қарсылық ерекшелігінсіз эмоциялардың да болуы мүмкін емес. Сүйсіну не сүйсінбеу, ұнату не жек көру сезімі — мұның бәрі де адамның күнделікті мұқтаждығын, қажеттілігін канағаттандыру не қанағаттандырмау талаптарымен байланысты адамның қылықтары мен әрекетінде ұнамды не ұнамсыз қатынастарын білдіруі деп танылуы керек. Психологияда сезімдердің мұндай сапасын қарама-қарсы сапалықтар деп атайды. Мәселен, көңілдің күйлері — наразылық пен ризалык, шаттық пен кайғы, көңілдену мен қамығу, махаббат пен өшпенділік т.б. — қарама-қарсы сезімдер. Адамның сүйсіну не сүйсінбеу сезімі тек сыртқы әсерлерге ғана емес, кісінің даралық психологиялық ерекшеліктеріне де байланысты

Кейіп — біраз уақыт бойы адамның көңілін билеп, мінез-құлқына әсер ететін жалпы эмоциялық күйі. Өмір-тіршілігінде адамның сезімі бір объектіге бағытталып, оған қуанады не күйзеледі, ашуланады, бойын ыза кернейді, біреуді сүйеді, бір нәрседен шошиды. Сонымен,  кейіп дегеніміз — адамның белгілі объектіге бағытталмай-ақ, ұзаққа созылған көтеріңкі, не жабырқау қалыптағы көңіл-күйі. Адам кейпінің көрінісі белгілі сезімге, себептерге байланысты болады. Мәселен, ұнамсыз хабар естіген адамның көңілі түсіңкі болып, оның бойын қобалжу, уайым билейді. Жұмысы сәтті болып реттеле бастаса, оның бойын куаныш кернеп, көңілі тасиды. Мұндайда шаттықтың лебі бірнеше күнге созылады. Ал біреудің дауыс көтеріп, қаттырақ айтқан сөзі, түксиюі, жек көрген интонациямен күлуі, ұнатпаған жымиюы сияқты болмашы себептер адамның көңілін жабырқатады, оның шарпуы, салдары көңілде дақ болып қала береді.

Адам кейпі тіршілік жағдайына байланысты құбылмалы болып отырады. Егер адам шаршап-шалдығып, ауырып жүрсе, онын, кейпі солғын болады. Ал дені сау, ұйқысы қанық, көңілі кетеріңкі болса, адам мәз болып, жадырай түседі. Адамның кейпіне табиғат көрінісі, жыл маусымдары, ауа райы сияқты факторлар да айтарлықтай әсер етеді. Рухани байлығы мол, мақсат-міндеті айқын адам ауыр жағдайларға да мойынұсынбай, өмір сүріп, жұмыс істей алады, өз кейпін меңгеріп, оған иелік етеді.

Аффектілер. Түрлі сезімдер адам бойында әр алуан себептерге байланысты пайда болып, олардың сыртқа шығуы да түрліше сатыда көрініс береді. Мысалы, қорқу кезінде адам басынан неше түрлі күй кешеді. Қорқудың бастапқы сатысы — тынышсызданып, сескену. Содан кейін қорқу пайда болып, ол күшейе түссе, аффект туады. Адамның үрейі ұшып, абдырайды.

Аффектілердің тууы мидағы қозу мен тежелу процестерінің өте күшті болуымен байланысты- Мұндай өте екпінді сезімдердің сыртқа тебуі, әсіресе, мидың төменгі бөлімдерінің қатынасына байланысты. Сезімі аффект дәрежесіне көтерілген кезде, адам көп жағдайларды байқамай қалуы мүмкін. Аффектілер лепірме сөз, дөрекі қимыл-қозғалыстар түрінде шапшаң сыртқа шығады. Қісі бұлқан-талқан болып ашуланады. Алайда, мұның бәрін сау адамды аффект сезімі билеп кетудің, оның ес-түсін білмеуінің салдары деп санау дұрыс емес. Әрине, адам есінен айрылып, не ауыр жарақаттанып  қансыраған кезде мұндай хал кездесуі ықтимал. Дені сау адам бойын аффект кернеген кезде ақыл-есінен танбайды. Аффект дегеніміз — кісіні аз уақыт ішінде болса да кенеттен бұлықтыра билеп, бұрқ етіп сыртқа шығатын эмоциялық күй. Адам бойын қаншалықты ашу-ыза кернегенімен, оны долылық сатысына жеткізбей, аффектіні ауыздықтап, ерік күшіне бағындыруына болады. Осы орайда, халық даналығындағы «Ашу — дұшпан, ақыл- дос, ақылыңа ақыл қос» деген мақалдың тағылымдық маңызы ерекше.

Адамның көңіл күйінің кейпін білдіретін жайттың бірі психологияда фрустрация деп аталады. «Фрустрация» латыншадан аударғанда — көңілдің бұзылуы, межелі іс-тің жүзеге аспай қалуы дегенді білдіреді. Жоспарланған ісі мен мүдделі мақсаты түрлі себептер мен кедергілерге ұшырап, адам оған ренжиді, көңілі құлазып, бойын ашу-ыза кернейді, қайғырып, күйзеледі. Қанағаттанбаушылық сезіммен жан дүниесі қиналады. Мұның бәрі фрустрацияның психологиялық стрестің өзіндік бір қыры екендігін көрсетеді. Адамның сезімі мен эмоциясы жағымсыз күйге ұшырайды. Фрустрациялық жағдайдағы көніл күй өшпенділік, кейіс пен каһар тудырады.

Сезімнің адам бойында жиі кездесетін, өзіндік мән-мағынасы бар ерекшелігі — эмпатия. Эмпатия — адамның өзгелер қайғы-қасіретті жағдайлар мен қиыншылықтарға ұшырағанда, оларға жанашырлық білдіріп, солардың ауыр халінің өз басына түскендей көңіл-күйде болуы. Жанашырлық сезімнің (эмпатияның) мән-жайын психологияда ашып көрсеткен — американдық психолог Э.Титченер. Ол философиядағы ұнату сезімінің теориялық негіздеріне сүйене отырып, жанашырлық сезімінің эмоциялық, салыстыру мен ұқсату тәсілдерімен түсіндірілетін танымдық (когнитивтік) және адам көңіл-күйінің аффектті жағдайға душар болу себептерін алдын ала сезе білу сияқты түрлері болатындығын да даралап көрсетеді. Адамдардың бір-бірінің күйзелісті жағдайларға ұшырауын терең түсініп, оған жанашырлық білдіруі олардың өмір тәжірибесіне, мінез-кұлқындағы адамгершілік қасиеттеріне де байланысты болып отырады.

Құмарлық сезімі. Құмарлық көрнекі түрде сыртқа шығып, ұақ уақытқа созылады. Ол әрқашан белгілі бір объектіге бағытталады. Құмарлық — адамның белсенді іс-әрекетін оятатын күшті сезім. Оның ұнамды және ұнамсыз жақтары да бар. Мысалы, оқып білім алуға деген құмарлық адам кабілетін тәрбиелейді, мәдениетін дамытып, өмірдегі мақсат-мүддесіне жеткізеді. Бұл — ұнамды қасиет. Ал ұнамсыз құмарлық адамның еркін нашарлатады, жан дүниесін аздырып, бей-берекеттікке ұшыратады. Мәселен, маскүнемдікке салыну т.б.