Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түсінігі

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар материалдық және басқа да құндылықтарды, халыққа көрсетілетін қызметті бөлуге, айырбастауға және тұтынуға байланысты туындайтын, қоғамдық қатынасқа зардабын тигізетін, қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауіпті іс-әрекет. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін жауапкершілікті қарастыратын нормалар қоғамдық қатынасты қорғауға, ел экономикасының еркін де бір қалыпты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. ҚҚ-тің қарастырылып отырған тарауының маңыздылығы осында.

Экономикалық қызмет саласындағы кәсіпорындарда сол қызмет процесінде қалыптасқан бірыңғай тектік қоғамдық қатынас болады.

Осы тарауға жататын бірқатар қылмыстардың міндетті түрдегі нышаны ондағы қылмыс заты болып табылады. Мысалы, тауарлық белгі (ҚҚ-тің 199-бабы), коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтер (200-бап), бағалы қағаздар (202,205-баптар), жалған ақша (206-бап), төлем карточкаларымен өзге төлем және есеп айырысу құжаттары (207-бап), акциздік алым маркалары (208-бап).

Қарастырылатын қылмыстардың көбісінің объективтік жағы қылмыстың жасалуымен сипатталады. Кейбіреулері әрекетсіздік арқылы да жасалынады. Мысалы, несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару (ҚҚ-тің 195-бабы), шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (213-бап), кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару (214-бап), бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу (218-бап), салықтарды төлеуден жалтару (221, 222-баптар).

Экономикалық қызмет саласындағы кейбір қылмыстардың міндетті түрдегі нышаны, ол – заңда көзделген қоғамға қауіпті зардаптардың болуы. Оларда материалдық құрам болады. Мысалы, ҚҚ-тің 192-194, 196-198, 203-205, 215-222 -баптарында көзделген қылмыстар.

ҚҚ-тің осы, қарастырылып отырған тарауына кіретін бірқатар баптарда бланкеттік сипат бар. Мысалы, ҚҚ-тің 197, 205, 218-баптары.

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың барлығы, субъективтік жағынан, өздерінің әдейі қасақана жасалғандығымен сипатталады. Олардың кейбіреулерінің субъективтік жағының міндетті түрдегі нышаны, оларда себеп пен мақсаттың болуы (ҚҚ-тің 192, 193, 198, 204-баптары).

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың субъектісі қылмыс жасаған кезде 16 жасқа толған, есі дұрыс адам бола алады. Ал, мұндай қылмыстардың кейбіреулерінің субъектісі тек лауазымды адамдар (ҚҚ-тің 189, 225-баптары), банк қызметкерлері ғана (189, 225-баптар) болады.

Тікелей субъектісі бойынша экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды шартты түрде мынандай түрлерге бөлуге болады:

1) кәсіпкерлік саладағы және экономикалық қызметтің басқа да саласындағы қылмыстар: заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау (ҚҚ-тің 189 бабы), заңсыз кәсіпкерлік (190-бап), заңсыз банктік қызмет (191-бап), жалған кәсіпкерлік (192-бап), заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру (193-бап), монополистік іс-әрекеттер және бәсекені шектеу (196-бап), көрінеу жалған жарнама беру (198-бап), тауарлық

белгіні заңсыз пайдалану (199-бап), коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз алу мен жария ету (200-бап), кәсіптік спорт жарыстарының және ойын сауықтық коммерциялық конкурстардың қатысушылары мен ұйымдастырушыларын сатып лау (201-бап), банкроттық жағдайындағы заңсыз іс-әрекеттер (215-бап), әдейі банкроттық (217-бап), бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу (218-бап), табиғат пайдалану жөніндегі заңсыз мәмілелерді тіркеу (225-бап), мәміле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүр ету (ҚК-тің 226 бабы);

2) ақша-несие саласындағы қылмыстар: несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану (ҚК-тің 194 бабы), несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару (195-бап), бағалы қағаздарды шығару (эмиссия) тәртібін бұзу (202-бап), бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіміне көрінеу жалған мәліметтер енгізу (203-бап), бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер беру (204-бап), бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзу (205-бап), жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату (ҚК-тің 207 бабы);

3) қаржылық қызмет саласындағы қылмыстар: акциздік алғы маркаларын қолдан жасау және пайдалану (ҚК-тің 208 бабы), экономикалық контрабанда (209-бап), шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (213-бап), кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару (214-бап), банк операциялары туралы көрінеу жалған мәліметтер беру (219-бап), банктің ақша қаражатын заңсыз пайдалану (220-бап), азаматтың салық төлеуден жалтаруы (221-бап), ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару (ҚК-тің 222 бабы);

4) сауда және халыққа кызмет көрсету саласындағы қылмыстар: көпшілік сауда-саттықтар мен аукциондарды еткізудің белгіленген тәртібін әдейі бұзу (ҚК-тін 197 бабы), тұтынушыларды алдау (223-бап), заңсыз сыйақы алу (ҚК-тін 224 бабы);

5) экономикалық қызмет саласындағы баска да қылмыстар: компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру. ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату (ҚК-тің 227 бабы).