Экономикалық дамудың күрделірек түрі интенсивті даму. Француз тілінен аударғанда intensif – ынта қою немесе бар күшін салу деп аударылады. Экономиканың интенсивті дамуының негізгі ерекшелігі – мұнда техникалық прогрестің базасы нәтижесінде өндіріс факторларының тиімділігін жоғарлату болып табылады.
Экономикалық дамудың мұндай жағдайында тех техниканың ғана емес сонымен қатар басқа да өндіріс факторларының тиімділігін жоғарлату қарастырылады. Мұндай экономикалық дамудың әдісін қарапайым мынадай математикалық формуламен өрнектеуге болады:
Y=AF(K,L,N)
Бұл формулада берілген А – ол , факторлардың жиынтық өнімділігі. Бұл формулада көрсетілгендей , егер де өндірістік факторлардың шығындарының көлемі өзгермесе , ал олардың жиынтық өндірісі А 1%-ке өссе , онда өндіріс көлемі де 1%-ке өседі.
Экономикалық дамудың интенсивті түрі өндіріс құралдарының ең тиімді түрлерін кең қолдануға негізделеді. Яғни өндірілетін өнімнің көлемін ұлғайтуда ең жаңа және прогресивті техниканың түрлері қолданылады, оған қоса ғылыми жетістікке ие болған жене шикізатты барынша үнемдей алатын техниканың түрлері де қолданылады. Әрине жаңа техникамен қолданыла алатын мамандар дайындалады. Осы факторлардың нәтижесінде өндірілетін өнімнің сапасы жоғары болады, еңбек өнімділігі жоғарлайды, өнімді өндіруге жұмсалатын ресурстар тиімді және үнемді қолданылады, өнеркәсіптің материалдық базасы тиімді қолданылады.
Өндірістің интенсивті ұлғаюының экстенсивті ұлғаюға қарағанда бірнеше артықшылықтары бар. Интенсивті ұлғаю экономикалық дамудың ең тиімді түрі болып табылады, өйткені мұнда ғылыми жетістіктер мен жаңа техника қолданылады.
Осыған байланысты қоғамдық деңгейде ғылыми – техникалық информацияның өндірісі дамиды да , соңына таман өндірістің тиімді құралына айнала бастайды. Осымен бір мезгілде қатар білім беру жүйесі , кадрларды дайындау мен қайта дайындау жұмысшылардың мәдени – техникалық деңгейінің дамуін қамтамасыз етеді.
Өндірістің интенсивті көбеюіне негізгі назар аударарлық болатын нәрсе , оның нақты ресурстардың белгілі шектеулігінен пайда болатын экономикалық дамудегі кедергілерді жеңіп шығатыны. Шаруашылықтың даму жағдайы жаңа жолға көшеді , яғни тоқтамайтын ғылыми – техникалық және де экономикалық прогресс жолына. Шаруашылықтың дамуындағы бұндай жолдың негізгі және пайдалы факторы ретінде ресурстармен қамтамасыз ету болып табылады. Мысалға алсақ , жаңа технологияны қолдану жолымен берілген бір тонна жанармайды (7000 ккал) сақтап қалу үшін , тура осындай көлемдегі жанармайды өндіруге кеткен шығындармен салыстырғанда 3-4 есе азырақ шығын кетеді.
Сондай-ақ интенсификациялау халық шаруашылықтағы құрылымдарды өте күрделі прогрессивті түрде қайта құрумен , кең көлемде кадрларды дайындықтан өткізумен , ынтасын білдіретін және де өте жоғары деңгейдегі жұмысшыларды дайындаумен тікелей байланысты. Ұлғайған өндірістің интенсивті түрінің ерекшелігі , ол өндірістің түрінде экономикалық дамудың өте жоғары деңгейдегі қарқындылығы мүмкін болады , бірақ оған қоса ғылыми – техникалық прогрес жұмыссыздықты тудыруы мүмкін. Ал мұндай жағдайда жұмыссыздық елдегі еңбек күші көп аудандарда одан да көбее түседі.
Өндірістік ресурстарды үнемдеудегі кез-келген бағыттағы жағдайларға байланысты интенсификациялаудың бірнеше түрін айырады .
Интенсификациялаудың еңбек жинаушы түрінің болжамдауы бойынша жаңа техника өндірістен еңбек күшін біртіндеп жоюда деп түсіндіреді. Бұл жағдайда өнімді шығару қарқындылығының дамуі жұмысшылар санының өзгеру қарқындылығынан озық болады. Басқаша айтқанда , өндірістің барлық өсімі еңбек өндірісінің көбеюінің арқасында жеке түрде немесе толық жетеді.
Интенсификациялаудың бұл түрі бастапқы кездегі халық шаруашылығын индустриализациялаудағы құрал-жабдықтардың өндірісінің дамуынада қолайлы болып келеді. Техникалық прогресс , сондай-ақ жұмысшы күшін өндірісте біртіндеп аз көлемде қолдана бастау неғұрлым жылдамырақ бірінші жағдайда , яғни өндіріс заттарын өндіруде болады және де неғұрлым жай түрде екінші жағдайда , яғни тұтыну заттарын өндіруде болады. Бәрімізге белгілі , бұл жағдайда өндіріс қарқындылығы негізгі түрде өндіріс заттары арқасында арта түседі , нақтырақ айтқанда осы өндірістің дамуы өзіне қажетті заттарды шығарғанда ғана қарқынды болуы. Экономикалық дамудың бұл түрінедегі қатаң түрдегі келіспеушілік кездейсоқ жағдай емес. Яғни өндіріс үшін тездетілген өндірістің дамуімен және барған сайын одан қалып келе жатқан тұтыну заттарының өндірісі арасындағы келіспеушілік. Мұндай түрдегі келіспеушілік халықтың өмір сүру деңгейіне кері әсерін тигізеді.
Интенсификациялаудың капитал жинаушы түрі: шикізаттар мен материалдарды және де құралдар мен машиналарды тиімдірек пайдаланудың арқасында өндіріс қаржыларын тиімдірек жұмсауға болда. Мұндай жағдайда капиталдың техникалық құрамы төмендейді немесе оның ұлғаюы бәсеңдетіледі. Бұл процесстер өнімдерді арзандаттыратын , сондай-ақ химия полимерлері сияқты жоғарғы тиімділікті заттай өндірістік факторлар қолданғанда, жоғарғы деңгейдегі автоматикалық құрылғыларды игеру кезінде, ҒТР-дың (ғылыми — техникалық прогресс) бастапқы кезеңдерінде көрініс табады.
Көп жақты интенсификация дегеніміз – ол барлық берілген ресурстар қолданылатын экономиалық дамудың бір түрі. Бұл экономикалық дамудың түрі кезінде өндірістің еңбек шарттары да , заттық шарттар да үнемделеді. Көп жақты интенсификация , ол қазіргі заман деңгейіндегі ғылыми – техникалық прогреске және де жаңа технологиялық революция шарттарына оңай түрде енеді.
Көп жақты интенсификация ұлғайған өндірістің барлық процестерінің сапасы жағынан жаңартылуына жол ашады.
Өндірісті шығынды түрдегі экстенсивтік өсіруге қарсы түрде көп жақты интенсификация экономикалық дамудың шығынға қарсы траекториясын қамтамасыз етеді. Ол төмендегі шартты берілгендер арқылы көрсетілген графикте бейнеленген
Графикте көрсетілгендей , ұлттық табыстың (ҰТ) көлемі барлығынан жылдамырақ өседі , оған қарағанда құралдар өндіріп шығару (Ко) мен жұмысшылар күшінің саны (Р) біршама жай түрде өседі. Нәтижесінде бір өнімге кететін құн (Сс) төмендей түседі де , ұлғайған өндіріс сапалы түрдегі жаңа қасиеттерге иемденеді.
Экономикалық дамудың жаңа түрдегі сапасы ең алдымен ұлттық табыс өндірістің тиімді дамуінде көрсетіледі. Бұл жағдайда ұлттық табысқа шаққандағы еңбектің шығындалуы мен өндіріс құралдары азаяды. Сондықтан барлық шаруашылықтың даму жақсарады , сонымен қатар ғылыми – техникалық деңгей және де шығарылатын өнімнің сапасы жақсарады.
Бұл техникалық әдіспен болатын өндірістің тура ықпалы болып табылады.
Қазіргі замандағы халық шаруашылығының құрылысын жасаудың әсерінен жаңа заттар пайда болуда. Жалпы өндірілген өнімнің көп үлесін ғылымды көп қажет ететін өнімдер алады. Оларға мыналарды жатқызуға болады: құрал жабдықтар, компьютерлер мен ЭВМ-ның сан алуан түрлері, электротехникалық өндіріс, атомдық энергетика, синтетикалық өндіріс, пластикалық өндіріс, құрылыс материалдары және ҒТР-дың (ғылыми техникалық революция) жетістіктерін қажет ететін өндіріс салалары жатады.
Сонымен қоса, тұтынуға арналған тауарлардың арасында шикізаттай тауарлардың көлемі азайып, соның есесінен дайын өнімдердің көлемі көбеюде. Мұндай құрылымдық өзгерістің негізгі себебі ресурстарды тиімді қолдану мақсатында әр бір өндірілетін өнімге неғұрлым аз көлемде материалдар мен энергияны қолдану болып табылады.
Тауарларды жалпы экономикалық теория іліміне сүйене отырып екіге бөлуге болады: тұтыну тауарлары және қорлану тауарлары; Ұлғаймалы өндірістің дамуы мына жағдайда жүзеге асады: ұлттық табыстың құрамында қорлану тауарларына қарағанда тұтыну тауарларының үлес салмағы жоғары болған жағдайда. Осының нәтижесінде халықтың өмір сүру сапасы және әлеуметтік жағдайы жоғарлайды, сонымен қоса мемлекеттегі жалпы экономикалық жағдай жақсарады және ұлттық шаруашылықтың тиімділігі жоғарлайды.
Экономикалық дамудың жаңа сапалық жағлайында өндіріс процесінің пропорциясы айқын өзгереді. Сондықтан өндіріс заттарының өндірісі жай өседі де , керісінше тұтыну құралдарының өндірісінің жылдам дамуіне жағдай туады.