Макроэкономика экономиканы жалпы бірыңғай қарастырады, оның тұлғалары үкімет, кәсіподақ, орталық банктер, өнірушілер және тұтынушылар жалпы тұлға ретінде мемлекет көлемінде қарас — тырылады. Егер микроэкономика жеке тауарлардың көлемі мен бағасын қараса, онда макроэкономика агрегатталған, жинақталған өлшемдермен қарастырады.
Бір фирманың әрекетін сипаттайтын басты микроэкономика -лық көрсеткіштер: пайда, шығындар. Халық шаруашылығын жалпы сипаттайтын басты макроэкономикалық көрсеткіштер: ұлттық байлық, жалпы ұлттық өнім, ұлттық табыс, баға деңгейі, процент ставка — сының орташа деңгейі және жұмыспен қамту.
Макроэкономикада ашылған заңдар үкіметтің экономикалық саясатын жасауға негіз болып табылады.
Экономикалық ілімді макро және микроэкономика деп ХХ ғасырдың 30 – шы жылдары Д.М. Кейнстің ғылыми зерттеулерінің әсерімен дайындалды. Өткен барлық көрнекті экономистер: меркан -телистер, физиократтар, классикалық саяси экономияның өкілдері – ұлттық өндірістің көлемі, жұмыспен қамту деңгейі, инфляция және басқалар сияқты макроэкономикалық мәселелерге көңіл қойған. Бірақ олардың әрқайсысы осы мәселелерді бір макроэкономикалық моделге біріктіруге дайын емес болды.
Кейнстің еңбегі, оның ілімі жалпы бірыңғай ретінде эконо -миканы мемлекеттік реттеу белсенділігінің қажеттілігін негіздеді және макроталдаудың дәстүрлі әдісі модельдерді құрастыру болып табылады.
Модель — бұл басты факторларды есепке алатын және бірінші реттіктермен босатылған оңайтылған теориялық схема.
Модельде екі топ элементтері бар: анықтау керектілері, яғни белгісіз өлшемдер немесе “эндогендер” және берілгендер, яғни белгілі өлшемдер немесе “экзогендер”.
Модельді құру жүйесі модельдің белгісіз және белгілі өлшем —
дерін байланыстыратын қызметті анықтауды білдіреді.
Модельдер қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Қысқа мерзімді аз уақытқа белгіленеді, көбінесе бір жылға. Ұзақ мерзім үшін неғұрлым ұзақ уақыт кезеңі беріледі.
Сонымен, макроэкономикалық модель дегеніміз — әр түрлі эко -номикалық құбылыстар мен үрдіс арасында пайда болатын функ -ционалдық байланыстарды айқындау мақсатында құрылған жүйеленген сипаттама. Кез келген модель күнделікті өмірдің оңай -латылған бейнесін көрсетеді. Себебі макроэкономикалық зерттеу жүр -гізуде нақты өмірдің барлық жауаптарын бір уақытта қарастыру мүмкін емес. Сондықтан да бірде – бір макроэкономикалық үлгі нақты, толыққанды болмайды. Ол нақты уақыт кезеңіндегі белгілі бір бағыттағы тек жалғыз ғана дұрыс жауапты бермейді. Бірақ осындай жалпылама модельдердің арқасында экономикаға әсер ететін ішкі (эндогенді) және сыртқы (экзогенді) экономикалық айны -малылардың көлемі анықталады.
Экзогенді айнымалылар – алғашқы ақпараттар, “сырттан” ендірі — леді, яғни түсіндірілмей, берілген түрде қабылданатын айнымалы -лар, ал эндогенді айнымалылар – кейінгі ақпараттар, олар модельдің өзінде қалыптасады, яғни экономикалық принциптер арқылы түсінді -рілетін айнымалылар. Басқа сөзбен айтқанда, экзогенді айнымалылар -дың мәні модель құрылмай тұрып беріледі, ал эндогенді айнымалы -лар модельдің ішіндегі есептеулердің нәтижесінде қалыптасады. Негізгі мақсатымыз эндогенді айнымалылардың өзгерісін экзогенді айнымалылар арқылы түсіндіру болып табылады.
Модельдің көмегімен қамтамасыз етілетін экономикалық мәсе -лелерді шешудегі жан – жақтылық мароэкономикалық саясаттың икемділігін және баламалылығын арттырады. Макроэкономикалық модельдерді пайдалану Үкімет пен Ұлттық банк экономикадағы циклдік толқуларды реттеуде жүргізетін бюджет – салық, ақша – несие саясаттарының құралдарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Шеңберлі ағым үлгісі, AD – AS, Кейнс кресі, IS – LM, Филипс пен Лаффер қисығы, Солоу моделі сияқты жалпылама макроэконо -микалық модельдер макроэкономикалық талдау жүргізудің негізгі құралдары болып табылады. Бұл модельдер қандайда бір ғана ұлттық экономикаға тән емес. Кез келген модель экономиканың динамикасын және оның көрсеткіштерін танып – білудегі пайдалылы -ғымен бағалануы тиіс. Бағалаудың объективтік қиындығы мынада болып табылады: а) алға қойған мақсаттарға жетуге байланысты модель құрарда оны жеткілікті алғышарттармен қамтамасыз ету; ә) макроэкономикалық саясат үшін қате шешімдерді болдырмау. Модель жеткілікті дәрежеде нақты өмірді көрсетуі мүмкін, бірақ бұл жағдайда ол өте күрделіленіп кетуі де ықтимал. Ал өз кезегінде үлгінің қарапайымдылығы оны экономикалық зерттеулерге пайдала -нуға байланысты басты талап немесе шарт болып табылады. Модельдің шамадан тыс жеңілдетілуі модельде біраз маңызды факторлардың ескерілмеуіне әкеліп соғады, ал оның нәтижесінде қабылданған шешімдер қате болып шығу ықтималдылығы артады. Сондықтан кез келген модельді құрудағы басты қиыншылық нақты мәселе бойынша макроэкономикалық талдау жүргізуге қажетті факторлар шеңберін анықтау.
Сонымен бірге, статистикалық және динамикалық модельдерді айырады. Статистикалық бір жағдайдан екіншіге ауысуды қарастыр -майды. Оны қатып қалған фотосуреттің бейнеленуімен салыстыруға болады. Динамикалық модель оған қарағанда күрделірек, айталық, ұлттық табыс бір жағдайдан екінші жағдайға өткен қозғалыста қарастырылады.
Макромодельдер де микрошешімдер негізінде құрылады. Мысалы, жалпы инвестициялардың макромоделін қадағалай отырып, макроэкономистер үй шаруашылығы инвестиция жөнінде қабылдай -тын шешімдерді де ескереді. Барлық сұрақтарға жауап беретін бірыңғай модель болмайды. Сондықтан макроэкономистер әрқайсысы белгілі мәселелерді шешетін көптеген модельдерді қолданады.
Макромодельді құрып жатқан кезде экономика тепе – теңдікте тұратындай, барлық құрамалар арасындағы байланысты табу керек.
Жалпы экономикалық тепе – теңдік — ұлттық экономикалық жағдайда нарықта бір уақытта сұраныс пен ұсыныстың тепе – теңдігі қамтамасыз етілгенде және экономикалық агенттердің ешқайсысы өздерінің сату немесе сатып алу көлемін өзгертуге қызықпағандай жағдайды айтады.
Нақты өмірде тепе – теңдік ерекшелік, сирек жететін, тез өтетін құбылыс болып табылады. Экономиканың қалыпты жағдайы жеке нарықтарда жалпы тепе – теңдік жағдайдан ауытқу мүмкін -дігін жорамалдайды. Әйтсе де тепе – теңдік талдау кең қолданы -лады, себебі тепе – теңдікке жетуге барлық экономикалық агенттер қызығады.
Қоғамдық ұдайы өндірістегі тепе – теңдік барлық тауарлар сатылған, барлық өндіріс құралдары және тұтыну заттары қайтарыл -ған жағдайда ғана мүмкін. Бұл жағдай белгілі халық шаруашылық пропорцияларды сақтауды болжайды.
Бірінші рет осындай қорытындыға келген макроэкономикалық талдаудың негізін салушы болып саналатын физиократ Франсуа Кенэ. Кейін қоғамдық ұдайы өндіріс деңгейіндегі тепе – теңдік мәселесімен айналысқан К. Маркс болды. Оның айтуы бойынша, ұдайы өндіріс материалдық игіліктерді, өндірістік қатынастарды және жұмыс күшін жаңартудың бірыңғай процесі болып табылады. Ол тепе – теңдікке жетуге болады, егер қоғамдық өнімнің барлық құн және табиғи формада қайтарылса деп есептеді.
Қазіргі батыстық экономикалық әдебиеттерде қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігі экономикалық тұлғалары үй шаруашылығы, фирмалар, үкімет (мемлекет) болып табылатын экономикалық айналым моделін қарастырады.
Барлық тұлғалар арасындағы байланыс ақшалай формада схемада олар пунктермен көрсетілген, сонымен бірге табиғи заттай (түзу сызықпен) жүргізіледі.
Бастапқы және соңғы орын үй шаруашылығы болып табылады. Ресурстар нарығы арқылы олар фирмаларға жер, еңбек, капитал, өздерінің кәсіпкерлік қабілеттіктерін береді. Мысалы, өнім нарығы арқылы кәсіпорыннан олар тауар және қызметтер алады.
Игіліктердің ақшалай формада айналымы кері бағытта жүреді (схемада сағат тілімен көрсетілген). Үй шаруашылығы үкіметке тікелей салық төлейді, ал одан жоғары жалақы және түрлі төлемдер алады.
Фирмалар үкіметке тікелей және жанама салықтар төлейді және мемлекеттен белгіленген жеңілдіктер мен төлемдер алады.
Осы процестің үнемі қайталануы ұлттық экономика шегінде қоғамдық ұдайы өндірісті құрайды.