Экономиканың құрылымын экологиялық жағынан өзгерту

Қазіргі экологиялық-экономикалық және әлеуметтік талаптар табиғат ресурстарының бар-жоғына қарамастан экологиялық мәселелерді тез де тиімді шешімін қажет етеді.

Экономиканың тұрақты дамуы үшін ұсыныстың үстемділігінен бас тарту керек. Осы уақытқа дейін ұзақ мерзімді экономикалық дамуды анықтаушы жалпы тұтыну емес, жалпы ұсыныс болып келді.

Аса зор масштабта ең көп пайда әкелетін қару-жарақ, есірткілер, алкоголь ішімдіктері, шылым, дәрі-дәрмектер шығарылады. Осыған байланысты егер өндіріске және адамның денсаулығы мен өмірін сақтау талаптарына сай келмейтін болса, ұсыныстың сұраныстан кез келген басымдылығы экологияға қарама-қарсы. Міне, сондықтан да экономиканы экологияландыру жаңа тұтыну талаптары мен экологиялық және медициналық-биологиялық бақылаудағы сұранысты ұсыныспен қатаң түрде үйлестіруден бас тартуды талап етеді. Қоғамды артық тұтынуды тықпалайтын жарнамалардан қорғау керек. Ұсыныстың үстемділігіне адамдардың жоғары түтыну мәдениетін қарсы қою керек.

Әлеуметгік экологияның ең бір қиын мәселесі — адамдардың еліктеуші тұтынушылығын және тұтыну құрылымын өзгерту. Тұтынудың шексіз өсуін тоқтату қиын, ал тұтынуды шектемей экономиканы экологиялау мүмкін емес бос қиял болып қалады.

Мәртебе үшін тұтынуға еліктеушілікті өзгерту өте қиын. Автомобильдердің көбеюі қоршаған ортаға жағымсыз екені белгілі, бірақ автомобил сатып алу көпшілігінде көлікке қажеттіліктен гөрі мәртебе үшін болады.

 Ф-ОБ-001/024

Қазір автомобильдердің табиғи ортаға зияндылығына қарамастан әлем елдерінің өндіріс потенциалының 20%-ы автомобиль шығаруға жұмсалады. Бір тонналық автомобиль шығару үшін оны қамтамасыз ететін өндірістерде 25 т-ға дейін қатты және сұйық қалдықтар шығарылады. Автомобильді пайдалану үшін жолдар, гараждар жөндеу, май құю инфрақұрылымдары салынып, оларға жер бөлінеді. Үлкен қалалар автомобильдердің түтініне тұншығуда және бұған қоса көлік құралы ретінде жеңіл автомобильдердің экономикалық тиімділігі барлығынан төмен. Жеке тұтынушы үшін ол екінші қатардағы қажеттілік екені сөзсіз. Бірақ, осындай жағымсыз факторларды мойындау тұтынушылардың оны жеке мәртебесі үшін пайдалануын, сұранысын кеміте қоймас. Бүл жерде автомобильді тұтынымнан шығаруға тырысқаннан гөрі оны табиғатқа зияндылығын азайтқан — отынын басқа зиянсыз қуат көздерімен ауыстырған тиімдірек болады.

Әлем елдерінде қару-жарақ қолданудың нақты деректерін ешкім білмейді. Қару пайдалану барлық елде мэжбүрліктен деп айтылғанымен қару қолдану әйтеуір бір себептермен ақталып түсіндіріледі. Барлық елде Қорғаныс министрлігі бар, ал ешбір елде шабуыл министрлігі жоқ, соған қарамастан қақтығыстар болып жатады. Егер ешкім шабуыл жасамаса кім кімнен қорғанады? Қару-жарақ тұтынуға барлық мемлекеттер қатысады және ол қару құралдарын шығаруды арттырады. Кезінде КСРО әскери өндіріс кешені алып елдің материалдық және интелектуалдық ресурстарының едәуір бөлігін тұтынды, қару-жарақты көптеп шығарып, оларды сынап Ресейдің, көршілес елдердің қанша жерін, экологияны бүлдірді, халыққа әлеуметтік экологиялық-экономикалық зиян келтірді. Милитаризация мен экономиканы экологиялау бір-біріне қарсы әрекеттер, біреуі болғанда екіншісіне орын жоқ.

Ф-ОБ-001/024

«Қырғи қабақ соғыстың» аяқталуы қорғаныс кешеңінде өндірісті қысқартып, оны басқа бағытқа қайта жарақтауға мүмкіндік берді және экологияны жақсартуға жол ашты. Қорғаныс кәсіпорындары бағытын өзгертіп табиғат қорғау технологиясы мен құрал-жабдықтарын, жаңа ресурс үнемдеуші технологиялар шығара алады және мұндай өндірістерді ұлғайту мүмкіндігі бар. Өйткені бұл салада куатты ғылыми-техникалық потенциал, озық технологиялар, маман кадрлар жинақталған. Елде табиғи ресурс-тарды жэне қоршаған ортаны, аз қалдық технологияны шығаруға лайықталған экологиялық машина жасау саласының дамуы, экологиялық жарақтануға бетбұрыс жасау табиғат қорғау ісінде мейлінше зор тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Экологиялық мәселелердің шешімі ретінде экспорт саясатын өзгертуді жатқызуға болады. Қазіргі кезде жағымсыз экологиялық жағдайда табиғат сыйымдылығы жоғары, қоршаған ортаға зиян келтіруші өнімдерді экспортқа шығару едәуір күшейіп отыр. Мысалы, тропикалық орман ағашқа оталып, экспортқа шығарылады. Дамушы елдердің экспорттық тауарлары -негізінен табиғат ресурстары шикізаты. Қазақстанның да экспорттық потенциалының басым бөлігі — қалпына келмейтін табиғат ресурстары. Экспорттың 45%-ы отын ресурстарын құрайды. Сыртқа шығарылатын кендерді, концентратты, металды, тыңайтқыштарды және т.б. есептегенде шикізат экспорты 80%-дан асады. Сыртқа шығарылатын шикізат көлемі өзіміздің өндірісте өндеуден өткізуден анағұрлым артық. Сонымен қатар технологиялық өнімдер (машина және құрал-саймандар) экспорты 1%-ға жетпейді. Мұндай экспорт құрылымы еліміздің экологиялық жағдайын барған сайын қиындата түседі.

Экспорт құрылымын өзгерту арқылы табиғи ортаға экономиканың әсерін едәуір азайтуға болады. Экспорттан түсетін табыстың едәуір

Ф-ОБ-001/024

бөлігі халық тұтынатын тауарлар алуға жұмсалады. Ондай импорт қысқармай отыр. Еліміздің қалпына келмейтін табиғат ресурстарын қолдан жасалатын тауарларға айырбастау жүріп жатыр.

Сонымен қатар, елімізде өндірілетін ауыл шаруашылық шикізатының 25%-ға дейінгі шамасы жоғалтылады. Экология тұрғысынан мұндай ысырапқа жол бермеу табиғатқа жүктемені азайтқан болар еді.

Экология талаптарына сәйкес экономиканың әр түрлі салаларын және олардың ішінде күрделі қаржы жұмсау құрылымын жақсарту керек. Нарық механизмдерін қолданып, қаржыны өндіруші салалардан, өңдеуші, дайын өнім өндіруші салаларға бұруға болады. Экологиялық тұрғыдан тиімді кәсіпорындар ашып, тиімсіз кәсіпорындарды жабумен қатар өндіріс бағытын өзгерту де құрылымдық өзгерту шараларына жатады. Экологиялық тиімділігі бойынша брі шаралар жаңа кәсіпорын ашумен бірдей, ал шығындары анағұрлым аз.

Сонымен, экологиялық бағытгағы құрылымдық өзгерістер ресурстарды экономиканың бастапқы секторынан екінші секторына (өндеуші өндіріс, құрылыс, транспорт, байланыс) және одан кейінгі секторларға (қызмет көрсету және білім мен ақылды қажет ететін өндірістерге) ауыстыру болуы керек. Мұндай өндірістерге қазіргі қалыптаса бастаған нарықтық қатынастар, механизмдер мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мемлекеттік реттеу және экономикалық ынталандыру маңызды рол атқарады.

Макроэкономикалық шаралар экономикалық және әлеуметтік тиімділіктермен қатар табиғатқа жүктемені азайтуды көздеуі керек. Табиғатты қорғау бағытында салық, төлемдер, қаржыландыру механизмдерін өзгерту оң нәтижелер береді. Мысалы, табиғат пайдаланушы алғашқы салаларға салық шамасын арттырып, кейінгі

Ф-ОБ-001/024

дайын өнімдер шығарушы салаларда салықты азайту соңғыларын дамытуға ынталандырады.