- Маңғыстау облысының «Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті» (бұдан әрі—Департамент) мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заң шеңберінде экономикалық саясат пен бюджетті қалыптастыру, сондай-ақ лицензиялау саласында мемлекеттік басқару мен бақылау жасау қызметін атқаруға өкілетті мемлекеттік мекеме (мемлекеттік орган) болып табылады.
- Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, әкімдік қаулыларына, Маңғыстау облысы әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілер мен осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық. формасындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауымен мөрі және мөртабаны, белгілі үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңға сәйкес банкіде шотесебі бар.
Департамент өз атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатынас жасайды.
Департамент, егер ол заңға сәйкес осыған өкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың бір жағы ретінде әрекет етеді.
- Заңды мекен-жайы: Ақтау қаласы 14 ықшам аудан, 1үй
- Департамент қызметі мен өкілеттілігі Маңғыстау облысы аумағына таралатын республикалық мәндегі қаланың жергілікті атқарушы органына жатады.
- Департаменттің қызметін қаржыландыру тек жергілікті бюджет арқылы жүзеге асырылады.
- Департаменттің шектеулі штаттық саны 69 адам.
- Департаменттің толық атауы:
мемлекеттік тілде—
Маңғыстау облысының «Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті»;
орыс тілінде—Департамент экономики и бюджетного планирования Мангистауской области
- Осы Ереже Департаменттің құрылтайшы құжаты болып саналады.
- Департаменттің негізгі міндеттері, қызметі және құқықтары
Департаменттің негізгі міндеттері болып мыналар саналады:
1) Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамытудың ұзақ, орташа және қысқа мерзімдік перспективаларына арналған стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру;
2) облысты әлеуметтік-экономикалық дамытудың басымдықтарына сәйкес өңірлік фискалдық, бюджеттік және инвестициялық саясатты қалыптастыру;
3) облысты әлеуметтік-экономикалық дамытудың бағдарламалары мен болжамдарын жасау жөнінен қала атқарушы органдарының жұмысын үйлестіру;
4) бюджеттік заңнамаға сәйкес перспективалық бюджеттік жоспарлау мен бағдарламалау;
5) берілген өкілеттілік шеңберінде лицензиялау туралы заңды жүзеге асыру, облыстағы лицензиялау қызметін үйлестіру;
6) перспективалық экономикалық жоспарлау және болжам жасау;
7) Департамент Маңғыстау облысы әкімі белгілейтін, сондай-ақ қолданыстағы заңға сәйкес басқа да міндеттерді басшылыққа алады.
- Департамент қызметіне мыналар жатады:
1) Маңғыстау облысы әлеуметтік-экономикалық дамытудың негізгі бағыттарын жасауды салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
2) мемлекеттік қарыз алу мен борышты, сондай-ақ бюджеттік несиелеуді жоспарлау мен талдауды жүзеге асыру;
3) қаржыландырудың жылдық жоспарын жасау;
4) инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінен шаралар қолданып, өңірлік бағдарламалар мен басым инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін шет ел инвестициясын тартуға ықпал жасау;
5) Маңғыстау облысының мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөнінен ұсыныстар жасау;
6) мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын қызметкерлердің еңбек ақы жүйесін жетілдіру жөнінен ұсыныстар жасау;
7) Департамент құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жасау;
8) Маңғыстау облысына әлеуметтік-экономикалық дамытудың мониторингін өткізу;
9) экономикалық талдау мен болжау жасау;
10) экономикалық қауіпсіздік мәселелерінің мониторингі;
11) бюджеттік түсімдерді болжау;
12) өңірлік бағдарламалар мен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру тиімділігіне баға беру;
13) мемлекеттік мекемелердің, сондай-ақ Маңғыстау облысы әкімдігінің қатысуымен құрылған басқа да ұйымдардың қызметінің тиімділігіне талдау жасап, баға беру;
14) жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың штаттық кестесіне талдау жасауды жүзеге асыру;
15) экономикалық достастық жөніндегі мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіріп, халықаралық және экономикалық ұйымдармен және рейтингтік агенттіктермен өзара қарым-қатынас жасау;
16) бюджеттік инвестициялық жобаларға (бағдарламаларға) экономикалық сараптама жасау;
17) Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың стратегиялық жоспарларын, бағдарламаларын, орта мерзімдік болжамдарын жасап, оларды жүзеге асырудың мониторингін өткізу;
18) өңірлік орта мерзімдік фискалдық саясатты жасауға атсалысу;
19) ұзақ мерзімді және орта мерзімді инвестициялық стратегияны айқындау және басым инвестициялық жобалардың тізбесін жасау;
20) бюджеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру;
21) салық салу жүйесін жетілдіру, бюджеттің кіріс бөлігін диверсификациялау және оныңшығыс бөлігін ықшамдау жөнінен ұсыныстар дайындау;
22) орта мерзімдік кезеңге және кезекті қаржы жылына бюджет жобасын жасау;
23) жекелеген қызмет түрлерін лицензиялауды, сонымен қатар лицензиаттардың қызметіне бақылау жасауды жүзеге асыру;
24) Департаментке Маңғыстау облысының әкімі жүктеген және Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да қызметтерді жүзеге асыру;
- Қызметі мен міндеттерін жүзеге асыру үшін Департаменттің мынадай құқықтары бар:
1) Маңғыстау облысының барлық мемлекеттік органдарынан және басқа да мемлекеттік органдардан қажетті ақпараттарды сұрауға және алуға;
2) Департамент құзырындағы мәселелер бойынша Маңғыстау облысының әкіміне ұсыныс жасауға;
3) Департамент құзырындағы мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен әкімдік қаулысының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің және Мәслихат шешімдерінің жобаларын енгізуге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шыруашылық жүргізуші субъектілердің—лицензиаттардың лицензияларының әрекетін тоқтата тұруға және қайтарып алуға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиялық және басқа да заңдарға сәйкес өтініш берушілер мен лицензиаттарға тексеру жүргізуге;
6) сараптамалар жасау, кеңестер беру және лицензиаттарға тексеру жүргізу кезінде басқа мемлекеттік органдардан және мемлекеттік емес ұйымдардан мамандар шақыруға;
7) ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыруға;
8) Департаменттің қолданыстағы заңға сәйкес басқа да құқықтары бар.
- Департаменттің қызметін ұйымдастыру
- Департаментке Маңғыстау облысының әкімі қызметіне тағайындап, қызметінен босататын директор басшылық жасайды.
Департамент директорының (бұдан әрі—Директор) заңда белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалып, қызметтен босатылатын үш орынбасары бар.
- Директор Департаменттің жұмысын ұйымдастырып, басшылық жасайды және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуы мен өз қызметін жүзеге асыруына жеке басымен жауап береді.
- Осы мақсатта Директор:
1) өз орынбасарлары мен Департамент бөлімдерінің міндеттерін және өкілеттіктерін белгілейді;
2) заңға сәйкес Департамент қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңда белгіленген тәртіппен Департамент қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
4) Департамент бөлімдері туралы ережені бекітеді;
5) мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Департамент атынан сөйлейді;
6) заңға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
- Департаменттің мүлкі
- Департаменттің жеке мүлікті жедел басқаруға құқығы бар.
Департаменттің мүлігі оған мемлекет берген мүліктен тұрады және негізгі қорлар мен айналымдағы құралдардан, сондай-ақ Департамент балансында көрсетілген басқа да мүліктерден тұрады.
- Департаменттің мүлігі коммуналдық меншікке жатады.
- Департаментті қайта құру және тарату
- Департаментті қайта құру мен тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
- Департаментті қайта құру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, өзгерту) Маңғыстау облысының әкімінің қаулысы бойынша жүргізіледі.
- Мәжбүрлеп қайта құру заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда сот органдарының шешімі бойнша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
- Қосылу формасында қайта құрылғаннан басқа жағдайда жаңадан пайда болған заңды тұлға тіркелген сәттен бастап Департамент қайта құрылған болып есептеледі.
Департаментті оған басқа заңды тұлғаны қосу жолымен қайта құрған жағдайда бұлардың біріншісі заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеуіне қосылған заңды тұлғаның қызметі тоқтатылды деген жазба жазылған сәттен бастап қайта құрылды деп есептеледі.
- Департаментті тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңында белгіленген тәртіп негізінде жүргізіледі.
- Заңды тұлғалардың мемлекеттік регистріне жазу жазылғаннан кейін Департаментті тарату аяқталды, ал Департамент—өмір сүруін тоқтатты деп есептеледі.