Топырақ өте күрделі организм сияқты үнемі өсу, даму және өзгеру үстінде болады. Онда үздіксіз түзілу және бұзылу процестері жүріліп отырады. Су, жел, антропогендік факторлардың топырақ пен оның қабаттарын бұзу, беткі құнарлы қабаттың сумен шайылу, желмен ұшыу құбылыстары эрозия деп аталады.
«Эрозия» термині ла erodere – бұзу деген сөзінен алынған. Эрозия дегеніміз топырақ жабынының су не желмен бұзылуы. Бұл кезде топырақтың ең құнарлы қабаты бұзылады: топырақ түзілу процесінің жүру жылдамдығышамамен 0,5-2,0см / 100жыл болғанда қалыңдығы шамамен 18 см болатын осы қабаттың табиғи жолмен түзілуіне 1400-7000жыл қажет болған болар еді. Бұл қабаттың жойылуы кейде 20-30 жыл, кейде бір ғана қатты жауған жаңбыр, не шаңды дауыл нәтижесінде болуы мүмкін.
Эрозиялық процестердің байқалу сипатына қарай қалыпты не геологиялық және жылдам, не антропогендік эрозия болып бөлінеді.
Қалыпты эрозия – орманды жерлер мен шөптесін өсімдіктердіңтопырағында жүреді. Ол өте жай байқалып, нәтижесінде бұзылған топырақ қабаты топырақ түзілу процестерінің нәтижесінде бір жылда қайта қалпына келе алады.
Жылдам эрозия – табиғи өсімдіктер дүниесі жайылып біткен, топырақтың табиғи ерекшеліктері ескерусіз пайдаланылған територияларда байқалып, бұл эрозия өте тез жүреді.
Кең тараған эрозиялардың түрлері: жазықтық, сызықтық, дефляция, ирригациялық, өндірістік (техногендік), абразия, жайылымдық.
Жазықтық эрозия – тау беткейлеріндегі жоғары горизонттағы топырақтардың жаңбыр, еріген қар сулармен шайылуы.
Сызықтықэрозия – тау беткейлері топырақтарының жаңбыр, еріген қар сулардың әсерінен терең жыралар мен жылғалар түзіп шайылуы.
Жел эрозиясы, не дефляция – топырақтың жоғарғы құрғақ, құнарлы қабатының бөлшектерінің желімен ұшуы.
Ирригациялық эрозия – сулармен егін шаруашылығымен айналысатын аудандарда байқалып, топыраққа көп мөлшардегі су массасының бірілуіне байланысты болды. Бұл су топыраққа сіңіп үлгірмейді де, топырақ бетімен ағады. Су жіберілетін егістік жер аз ғана болсада тегіс болмаса топырақтың қарашірігі су мен бірге төменге қарай жуылып, ағып кетеді. Ирригациялық эрозия кезінде бір уақытта эрозия да , топырақтың сортаңдануы да жүреді.
Өндірістік эрозия – пайдалы қазбаларды өндіру кезінде, әсіресе, ашық әдіспен өндіруде, тұрған ұй, өндіріс орындарының құрылысын, жолдар, газ және мұнай трубопроводтарын салу кезінде байқалады.
Абыразия кезінде (жыртылатын және мал жайылатын жерлердің ауданы кеміді.
Шамадан тыс көп мал жаю кезінде жайылымдық эрозия байқалады.
Механикалық эрозия ауылшаруашылық техникалардың ауыр түрлерін топырақтың өздігінен қалпына келу қабылетін ескермей пайдаланған жағыдайларда қалыптасады. Бұл кезде топырақтың струтурасы бұзылады, физикалық қасиеттері нашарлап, топырақ түзілу процесінің негізгі агенті – биолигиялық белсенділігі әлсірейді. Мысалы, АҚШ – да топырақтың тығыздалуы мен бұзылуы жыл сайын 1 млиад доллар шығын әкеледі.
Егіс далалары, әсіресе, жылына екі рет өнім жинайтын аудандарда ауыр техникалардың әсерінен топырақ тығыздалып, ауылшаруашылық дақылдарының өнімі төмендейді.
Бұл зардаптарды болдырмаудың тимді жолы — топырақты минималды өңдеу, топырақ өңдеуші және басқада машиналардың өнімділігін олардың алатын ауқымын ұлғайту арқылы арттыру.
Эрозия – құнарлықтың жауы. Мамандардың есептеулері бойынша, әрбір минут сайын жер шарында 44 га жер ауылшаруашылық айналымынан шығып отырады. Эрозияның әсерінен адамзат қоғамы күн сайын 3000 аса га жерден айырылып отырады. Ал барлығы қазіргі кезде 5 млн га құнарлы жер тозып пітті эрозияның түрлерінің әсерінен барлық ауылшаруашылық дақылдарының өнімі шамамен 20 – 40 % төмендейді. Эрозияның зардаптары бұнымен бітпейді. Топырақ беттеріндегі жыралар, арықтардың тұзілуі топырақты өңдеу жұмыстарын қиндатып, топырақ өңдеуші және өнім жинаушы техниканың еңбек өнімділігін төмендетеді. Топырақтың эрозиясы, олай болса, биогеоценоздардағы жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік ету ортасының бұзылуы, табиғи комплекстердегі қалыптасқан биолигиялық тепе – теңдіктің бұзылуына әкеп соғады.
Эрозияға ең көп ұшыраған АҚШ жерлері. Соңғы 150 ж барлығы 160млн га жерін 120млн га эрозияға ұшыраған, 20 млн га жер ауылшаруашылығында пайдалануға жарамсыз. Эрозияның әсерінен жыл сайын жердің қоректік заттарға бай 4млрд т. құнарлы қабаты жойылып отырады.
Жерорта теңізінің жағалауларына орналасқан елдердің топырақтары қатты бұзылған. Пиреней түбегінің шөлді Сиссарлары мен Солтүстік Африканың шөл далалары, Австралия, Индия, Қытайдың бір қатар жерлері эрозияға ұшыраған.
Эрозия адамдардың тиімсіз тіршілік әрекеттері, жер ресурстарын дұрыс пайдаланбауы, кейбір шаруашылықтарда нашар агротехниканы қолдану нәтижесінде жүреді.