«Шыңжан қазақтары» немесе «Қытай қазақтары» деген ұғым ежелден қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан этимологиялық атау емес. Ол жаңа заманның туындысы, яғни ол ХХ ғасырдың орта шегіндегі тарихи себептің салдарынан қытайда қазақ қауымының пайда болуымен қалыптасқан атау.Олай болса қазақ қоғамы қашан, қалай қалыптасты? деген мәслеге тоқталайық.
Қытайдың мемлекеттік шекарасы ХІХ ғасырдың екінші жартысында тұрақтанған болатын. Бірақ қытайдың батыс өңірінің шекара линиясының бірлесуі мен қазақтардың бір бөлігінің қытайға тәуелді болуымен қатар болған құбылыс екендігін ескермеуге болмайды. Қытайдың Чиң патшалығы ХҮІІІ ғасырдың орта шетінде жоңғар хандығын жойып, ұйғырлар көтерілісін жаныштап Тянь -Шань таулы өлкесіне өз билігін орнату барысында қазақтармен дипломатиялық қарым -қатынас орнатты. Бұл кезде қазақ хандығы түлеу үрдісінде еді. Ол кезде Абылай хан бүкіл қазақ елін біртұтастандырып, қазақ хандығының этникалық территориясын қалыптастыруды өзінің басты мақсаты етіп қойған болатын. Бір -ақ ол кездегі жағдай оның іргетасын өзіне таяп келген Чиң патшалығымен Іледегі әскери қолбасшылармен бірқатар барыс келістер жасау арқылы олардың тамырын басып, байқап бағып, қы тайлар, «қазақтың хандық құқығына қауіпті болмаған соң» /14/, ол орта жүз ханы ретінде 1757 жылы Чиң патшалығымен ресми дипломатиялық қарым -қатынас орнатты.
1758 жылы Ұлы жүз ханы Әбілмәмбет те Чиң патшалығымен дипломатиялық байланыс орнатты. Содан соң қазақ қытай арасында өзара байланыстар басталып, екі жақтылы экономикалық сауда саттық істері қанат жайды. Қытай, Чиң патшалығы 1758 жылы Үрімшіден, 1760 жылы Іледен, 1763 жылы Тарбағатайдан қазақтармен сауда жасайтын арнаулы базарлар ашып, малға мата айырбастайтын халықаралық айырбас сауданы кең көлемде өрістетті.
Ол кезде қазақ ханы Абылай, Алтай, Тарбағатай және Іле аймақтарын қазақтардың атамекені, жоңғарлар жойылды, енді қазақтар сондағы көне жұртына қайтып баруы керек деген танымда болды. Абылай хан өзінің Чиң патшалығы ордасына алғаш жіберген делегациясы арқылы император Иянлұңға қазақтардың атамекені Тарбағатайды қазақтарға «жарылқап» беруін талап етті. Осыған орай Чиң патшасы ордасының қайтарған жауабында: «Абылай сендер шалғайда жатқан жат елсіңдер… Сенің елің бірге тарбағатай тегінде біздің байырғы жеріміз еді. Сол жерді патша бізге жарылқап бере салса -деген талабымызды жеткізді. Бұл өңір жаңа ғана тынышталған әлі иен жатқан өлке. Патша өкілі ол жерді сендерге қиып бере салар еді, бірақ сендер бізге еңбек сіңірмей -ақ елдесіп алдыңдар. Сондықтан ол жерді сендерге сыйға бере салу мемлекеттік тәртіпке қиғаш келеді… Егер сендер Әмірсананы тұтқындап әкеп бер деген біздің талабымызды орындайтын болсаңдар онда ол жерді сендерге жарылқап бере салуға болады» /15/ деп жазған. Міне бұдан Абылай ханның қазақтың этнотерриториясының көлеміне болған танымын және оны қалпына келтіруге тырысқан дипломатиялық талпынысынан байқауға болады. Абылай хан қазақтың шығыстағы ежелгі атамекенін Чиң патшалығынан сұрап ала алмайтын болған соң ол сол жерге шаруаларды біртіндеп сіңіру арқылы иелену әдісін қолданды. Абылай ханның мақсатты түрде орта жүзбен Ұлы жүздің бірқатар руларының шығысқа қарай жылжып көшу қозғалысын бастады. Шығысқа жылжып көшкен қазақтардың рулық құрамы аса күрделі емес. Жетісу өңірінен Ілені өрлеп көшушілер негізінен Ұлы жүздің ішіндегі Албан, суан кейбір тайпалары, орта жүздің найман руының Матай, Қаракерей және тортортуыл тармағынан таралған кейбір рулар, Уақ тайпасының ішінара рулары және он екі абақ керей елі болды. Сөйтіп, шығыстағы көне жұртқа өрлей көшкен қазақ шаруалары Чиң патшалығының Ертістен Ілеге дейін көлденеңдетіп жарысқан шекара обаларын қусыра қоныстап мал бақты. Кейбір рулар ол шекара обаларының арғы бетіне өтіп барып қыстап жүрді.
Бірақ Чиң патшалығы қазақтарды шекараның арғы бетіне өткізбеу саясатын қолданғандықтан, оның шекара қоғаныс әскерлері көктем шығып қар кеткен соң қарауылдарды байқауға барғанда, көздеріне шалдыққан арғы беттегі қазақ малшыларды қуып кері қайтарып тұрды. Бірақ қытай әскерлері қысқа салым ары қайтқанда, қазақ шаруалары қайтадан өрлеп көшіп, шекараның арғы бетіндегі жайлы жерге барып қыстайды, кейбір рулар жаз айында да тұрақтап қала берді. Осындай тартысты жағдай Чиң патшалығы шекара қарауыл обаларын орнатқан күннен бастап жыл өткен сайын күшейе түсті. Чиң патшалығының олардың барлығын түгелдей қуғындап кері қайтарып отыруға шамасы келмеді. Сонымен олар ендігі жерде Абылай хан арқылы арғы бетке асқан қазақтарды кері қайтармақ болды. Чиң патша ордасының шекара қорғаныс шоншары А. Түйеге түсірген жарлығында: «Дереу әскер жіберіп Тарбағатайдан кірген қазақ малшылардықуғындап шекарадан шығарып жібер. Абылайға адамдарын кері қайтарып әкетуді айт!» /16/ — деп бұйырады.
Абылай хан ол кезде шығысқа беттеген халқын кері қайтару емес, керісінше Чиң патшалығы ордасынан Ілені қазақтарға беруді талап етеді. Соған орай Чиң патшалығының ордасы 1760 жылы 8 маусым күні Абылай ханға жолдаған хатында: «Сенің елшіңнің айтуы бойынша, ойрат жері қазақ бос жатыр екен. Қазір Әбілпейіздің қол астындағы рулар, сондай -ақ қазақтардың Ілеге барып мал бағуына руқсат берілсе – деген екенсің. Тарбағатай қатарлы жерлер ежелден жоңғарлардың жерлері, патша ол жерді қалық қолмен тыныштандырған… Қазақтар сендердің жайылым жерлерің ұлан ғайыр кең дала болғандықтан, біздің шекара қарауылымыздан асып келуді ойлайтын жөндерің жоқ бұрынғы орындарыңда тұра берулерің керек-ті. Тарбағатай қатарлы жерлерді сұрағанда Абылай саған патша бермеген еді ғой. Қазір сен қалайша өз білгеніңше (шығысқа қарай) өріс жайып келесің!? Жоңғарлар кезінде бұл жерлерді күшпен тартып алғанда сендер олардың маңайына келе алмаған едіңдер. Патша Ілені тыныштандырғаннан кейін ғана сендер бейбіт өмір сүруге мүмкіндік алдыңдар. Осыны неге қанағат тұтпайсыңдар» /17/ — деп жазған. Бұл мәліметтен, сол кездегі қазақтар мен Чиң патшалығы арасындағы жерге таласу күрделі бейбіт көріністе қатаң жүргііліп жатқандығын көрсетеді.
Чиң пашалығының алғашқы кезде өздері орнатқан шекара қарауыл обаларының орны тұрақсыз, әрдайым қозғалыста болады. Оны өздері «Ий дуң ка лүң» жылжымалы қарауыл деп атады. Өйткені Чиң патшалығының шекара әскерлері қарауыл обаларын жазда сыртқа қарай жылжытып апарып қоды да, қыста оны ішкі жағына қарай мыңдаған шақырым жерге жылжытып апарып қояды. Ал шекара қарауыл обаларының төңірегінде қазақ малшылары оған ілесе шығысқа қарай көшіп отырған. Бара бара Чиң патшалығы шекара өңірінде қалыптасқан жағдайды мойындауға мәжбүр болады да, өз құрамындағы шекара маңындағы жерлерге келіп мал баққан қазақтардың тиісті жер көлемін (салығын) алып олардың сонда қоныстануына мәжбүр болды.
Сонымен Чиң патшалығы ордасы қазақтарға: «малдарың жұтап, жылы қыстау іздеп, біздің қарауылдан өтіп келіп мал ақпақ боларсыңдар, сендер әуелі біздің жергілікті әбілерге хабарлап, оларға жер салығын төлеулерің керек» /18/ — дейді. Бұған қазақтар қарсы болмай олармен келіссөздер жүргізу арқылы, жер көлемі үшін әрбір жүз малға 1 малды ( жылқы) Чиң патшалығына өткізуге келісті.
Сөйтіп қазақтар сол барған жерлеріне тұрақтап, тұрып мал бақты. Чиң патшалығы шонжарлары олардан жер салығын жинап ала бастайды. Осыған орай Чиң патшалығының қазақтарға жолдаған жарлығында: «Сендер бірнеше ондаған жылдардан бері ептеп ішкерілеп жылжып еніе келесіңдер. Біздің генерал әмбіларымыздың өтініші бойынша әсілі сендерді жазаға тарту керек еді. Бірақ патша сендерге кең пейілділік жасады. Бұның бәрі патшаның жасаған шапағаты»- /19/ делінген. Демек, бұл деректен қазақтардың шығысқа жылжып көшіп атамекенге оралуын іс жүзінде Чиң патшалығының мойындағанын байқаймыз.
Одан кейін патшалық Ресей үкіметінің қазақстанды отарлау әрекеті күшейген кезде яғни ХҮІІІ ғасырдың орта шетінде орыстың отарына айналудан ат бойын ала қашқан қазақ шаруалары шығысқа қарай үдере көшіп, Цин патшалығының қарамағындағы жерлерге қарай ықтап бара жатты. Олар қытайдың қорғаныс әскерлерінің тосқауылдауына қарамастан, шекара қарауыл обаларының тұс -тұстан ары асып кетті. Сөйтіп ХҮІІІ ғ соңында Тянь -Шань тауының батыс солтүстігіндегі атамекенге қарай жылжып көше бастаған қазақтар ХІХ ғасырдың орта шетінде Чиң патшалығының қарамағындағы Іле, Тарбағатай және Алтай аймақтарының бірқатар аудандарына барып қоныс тепті.
Патшалық Ресей отаршылары ХІХ ғ 60 жылдары Қазақстанды толық жаулап алып, өзінің отарлаған территориясының шығыс жақ іргесін Чиң патшалығының қарамағындағы жерлерге апарып тіреді. Сонымен Патшалық Ресеймен Чиң патшалығы арасында шекара мәселесі туындап екі империяның қазақ даласына таласу дау -дамайы басталды. Ақыры олар мемлекеттік шекарасын келіссөз арқылы, ақылдаса отырып белгілеуге уағдаласты. Сөйтіп Қытай Чиң патшалығы үкіметі мен патшалық Ресей үкіметінің өкілдері 1861 ж Қытайдың батыс солтүстік шекарасын белгілеу мәселесі бойынша келіссөздер басталды. Олар қазақ жеріндегі мемлекеттік шекара шегін белгілеуге көп таласты, қытайдың Чиң патшалығы үкіметі ол жерлер жоңғардың жері, ол жоңғарлар қытайдың қарамасы сондықтан ол жерлер қытайға тән болу керек десе, патшалық Ресей үкіметі мүшелері ол жерлер қазақтардың ежелгі атамекенін дәлелдеп дауласты /20/- дейді. ресейлік куәгер. Сонымен екі жақ 1864 жылы 7 қазан күні Жәушек қаласында Ресей -Қытай солтүстік -батыс шекараны белгілеу келісіміне қол қояды. аталмыш келісім жалпы он тараудан тұрады. Соның бесінші тарауында «Қазіргі шекараны ақылдасып бекіттік. Екі ел мәңгі тату болады. Осыдан кейін екі мемлекет осы белгілеген шекара маңында отырған малшыларға шекарадан өтуге тыйым салынды. Бұл бөлініс қазіргі Қытай ҚХР – ның ШҰАА -ң территориясымен байланысты еді және жер қайсы мемлекетке бөлінсе онда отырған адамдар сол жермен бірге сол мемлекеттің басқаруында болады / 21/ »- деп көрсетті. Осы келісім бойынша Қытай мен Ресейдің мемлекеттік шекарасының қазақ жеріндегі негізгі шеп (линиясы) белгіленді. Міне бұл деректер қытай жеріндегі атамекеніне оралған қазақтардың толығымен қытай азаматтығындағы шыңжан қазақтары ретінде айғақталды. Сондықтан ХІХ ғасырдың 60- жылдары қытайда қазақ қауымы «Шыңжаң Қазақстары» деген қоғамдық құбылыс пайда болды.
Чиң патшалығы 1884 жылы Шыңжан өлкесін (Шыңжан провинциясын құрды ) Шыңжаң өлкесінің қарамағындағы әкімшілік жерлер Дау- аймақ, фу- кіші аймақ, тиц – меңгерме, жоу – облыс, шияц – аудан болып белгіленеді. Шыңжаң көлемінде қоғамдық шаруашылық жағдайды жақсарту үшін бір қатар реформалар жасалды. Бірақ әбден кетеуі кеткен патшалықтың шыңжаңдағы жағдайы онымен оңала қойған жоқ. Цин патшалығы ХХ ғасырдың алғашқы жылын «хаңа саясатпен» бастады. Аталмыш жаңа саясаттың негізгі мазмұндары: Әскер баптап, қаржы топтау; мектеп ашып, көнеше емтихан алу тәртібін қолданыстан қалдыру; сауда министірлігін құрып, сауда саттық істерін жандандыру; өнеркәсіпті индустрияны дамыту /22/ жобалары жасалады. «Жаңа саясат» шыңжаңның қоғамдық өміріне аз да болса тың тыныс, жаңа бетбұрыс әкелгендей болды. Бір -ақ бұл шаралар да іріп – шіріген қытай қоғамымен алға бастыра алған жоқ. Чиң патшалығы 1884 ж шыңжаң өлкесін құрып, Тянь -Щань тауы өңірін әкімшілік жүйе бойынша басқаруға бетбұрыс жасағанмен қазақтар жиі қоныстанған аймақтарды бұрынғы әскери -әкімшілік басқаруында ұстанды. Сонымен қатар қазақ мансаптыларын көбейтіп, қазақтарды мыңбасы 12 адам, мыңбасары орынбасары дәрежелі шені бар 1 адам болыпты. Ал жүзбасының төменгі мансаптыларға сан шектемесі қойылмад.
Алтай аймаындағы қазақ қауымының қоғамдық басқару құрылымы немесе бұрынғы төре әулеті Қасымханның біртұтас басқаруындағы төрт биден тұратын билік құрылымы шыңжаң өлкесі құрылғаннан кейін де жалғасты. Бұрынғы бес билеушіге екі адам қосылып жеті адамның басқауру тобы құрылды. Жалпы айтқанда шыңжаң өлкесі тұсындағы қытайдағы қазақтардың қоғамдық саяси жағдайы қиып, әлеуметтік – ахуалдары аса ауыр күйде болды.