1937 жылдың қысында Батыйдың ордалары Рязань князьдығына басып кірді. Қыпшақтардың жазғы-күзгі шабуылдарына үйреніп кеткен Рязаньдық князьдар үшін монғол — татарлардың қысқы шапқыншылығы кездейсоқ болды. Князьдардың жасақтары удельдік қалалардың орталықтарына таратылып жіберілген болатын. Рязань князьдарының көршілес Владимирь және Чернигов князьдықтарынан көмек сұрауы жауапсыз қалды, алайда, бұл олардың өз жері Сырдария өзенінің ағысымен Бұқар мен Самарқандқа қарай бұрды. Орат Азиядағы ең ірі мемлекет Хорезмнің билеушісі хорезмшах Мұхаммедтің қарамағындағы қолдың ұзын ырғасы Шыңғыс хандығынан кем болмаса да, өзінің құдіретті вассалдары мен арадағы арыздықтың салдарынан жаулап алушылқтарға лайықты қарсыласуды ұйымдастыра алмады.
Әр қала өз горнизонының, қала тұрғындарының және оған айналадан қашып келген халықтың күшімен ғана қорғанды. Мұның үстіне көп реттерде феодалдық ат төбеліндей топ мұсылман дін басыларымен және қалалардың әміршілерімен бірге өздерінің тар шеңберлі таптық мүдделері үшін басқыншылармен сөз байласып, халықтың мүдделеріне опасыздық жасап отырды. Мәселен, жауынгерлердің жүз жылдық горнизоны және қала тұрғындарының өз қаласын ақыр аяғына дейін қорғауға белді бекем байлауына қарамастан Самарқандтың әміршісі Туғай хан оны Монғолдарға бере салды.
Өз ауыл-қыстақтары мен қалаларын жан қияолықпен қорғаған халық бұқарасы монғол-татар шапқыншылығына ерлікпен қарсылық көрсетті. Әсіресе Ходжент халқының басқыншыларға қарсы күресінің даңқы кең тарады, оны жергілікті әскери басшы Темір-Мелік басқарған болатын. Ходжентті қорғаушылардың ерлігі мен Темір Мелікті халық өз аңыздарында жырға қосты. Хорезмнің, Үргеніштің, Мервтің және басқаларының тұрғындары өз қалаларын ер жүрекпен қорғады.
1219-1221 жылдар ішінде монғол басқыншылары толып жатқан орта азиялық, ауыл қыстақтар мен қалаларды құртып жіберді. Жетісудың бұрынғы өте бай егіншілік аудандары жайылымдарға айналып кетті. Ғасырлар бойына жасалған суару жүйелері толық дерлік қиратылды, көптеген жазиралар қаңырап қалды. Монғолдар жаулап алған жерлерде өте ауыр алым төлеу тәртібін енгізіп, халықты өздерінің жорықтарына қатысуға мәжбүр етті. Монғолдар басып алған қалалардың тұрғындарын түгелдей дерлік қырып тастап отырды. Жаулап алуждың нәтижесінде басып алынған аудандарға көшпелі түрік-монғол тайпалары қоныстана бастады, бұдан кейінгі уақытта Орта Азия мен Таяу Шығыс елдеріне тән болған отырықшы егіншілік пен қоғамдық қатынастардың анағұрлым төмен болуы экстенсивті мал шаруашылығының көшпелі шаруашылықпен қатар өмір сүруінен , ал мұның өзі бұл елдерде өндірістік күштерді одан әрі дамытуды едәуір тежеді.
1240 жылы күзінде Батый өзінің қалың қолын Оңтүстік Руське төкті. Днепрден өтіп, Рось өзенінің бойындағы бекініс линиясын қорғаған «Қара клобуктардың» қарсыласуын жаншып, монғол- татарлар ноябрьдің аяғында Киевке келді.
Оңтүстік орыс князьдары Солтүстік-Шығыс Русьтің, Переяславль және Чернигов князьдықтарының талқандалуынан сабақ алмады. Өзара қырқысып жүрген князьдар төніп келе жатқан қатердің алдында өздерінің әскери күштерін біріктіру жөнінде ешқандай қадам жасамады. Басқыншыларға қарсы күрес жан қиярлық, бірақ бір бірінен оқшауланған, дала жағдайындағы белсенді қимылдармен байланыстырылмаған, сондықтан да қалаларды қорғауда жеңіліске душар болды. Адамдардың сан жағынан басым болуы және қамал бұзатын техника монғол татарларға шығынмен санаспай қарсыласудың бұл бытыраңқы ошақтарын басып тастауға мүмкіндік берді. Азын аулақ қалалар ғана Батыйдың түмендеріне тойтарыс беріп, жолатпай қойды. Монғолдардың басып алған қалалрда ойрандауының салдарынан кейбір қалалар жер бетінен мәңгіт жоғалып кетті. Ал өзгелері ұзақ уақыт бойы есін жтнай алмай, өзінің бұрынғы жағдайына келе алмай жүрді. Басқыншылар жүрып өткеннен кейін кілең оттың орнына қалып отырған қорғансыз селолық жердің халі бұдан да мүшкіл болды.
Киевтің қорғанысын князь Даниил Романович шағын жасақпен жіберген Дмитр воевода басқарды, бірақ қоғаныстың бүкіл ауыртпалығы қарапайым Киев тұрғындарына түсті. Киевтіктер саны жағынан басым жауға 8 күн бойына тойтарыс берді. 9-шы күнге қарағанда монғол-татар қамал қабырғасын талқандап қалаға баса көктеп кірді. Басқа орыс қалалрындағы сияқты Киевте де оның қорғаушылары да өліспей беріспегенін , әр көше, әр үй ұрыс болғанын археологиялық қазбалар дәлелдеп отыр, тоналған әрі өртелген , елсіз қалған Киев ұзақ уақыт бойына Оңтүстік Русьтің ірі саяси орталығы маңызынан айрылды.
Киевті басып алғаннан кейін монғол-татарлар Галич – Волынь Русіне тарпа бас салды.
1241 жылы көктемінде Батыйдың қалың қолы күл болып өртелген, талқандалған және қансыраған Оңтүстік Русьті артқа тастап, батысқа қарай лап қойды. Гунндардың Европа үшін ұмытылмас шапқыншылығынан кейін, олардың қайтадан дала көшпелілері тарапынан жауланып алынуының көпе көрінеу қатері төнді. Бірте бірте европалық ел Батыйдың қалың қолына саны жағынан пара пар келетін, әсіресе сол кездегі соғыс қимылдарында шешуші роль атқарған атты әскерлерді қарсы шығара алмады.
Ірілі кішілі мемлекеттер әкімдер күндестігі мен ішкі қырқұыстар кернеген феодалдық бытыраңқы Европа Русь тәрізді өз күштерін басқыншыларға қарсы біріктіре алмады. Батый өзінің дұшпандарын жекелеп талқандау үшін сан жағынан басымдылығын пайдалана алды. Монғол агрессиясына тап болған европалық елдер халықтарының ер жүректікпен қарсыласуынан қарамастан Батыйдың қалың қолы бір жылдың ішінде Польшада, Венгрияда, Чехияда, Балқан түбегі елдерінде ойран салып, 1242 жылы жазында Солтүстік Италияның шекарасына жетті, ал Европаның орталығында Австрияда Венаға және Чехияда оломоуцеге жеткен олар Германияның шекаралатрына жақындады. Алайда, 1242 жылы аяғында Батыс Европа үшін айрықша қиын қыстау кезде Батый күтпеген жерден өз әскерлерін шығысқа қарай кері бұрып, Волганың далалық төменгі сағасына қайта оралды.
Монғол татарларының Европаны жаулап алу жоспарының орындалиауында, Европалық цивилизациялық құтқарып алуда орыс халқының және біздің еліміздің басқа халықтарының басқыншыларға қарсы ерлік күресі шешуші, бүкіл дүние жүзілік тарихи роль атқарды. Азияның шалғай түбінен келіп, бірін бірі ауыстырып жатқан көшпелілер ордаларынан Русь ғасырлар бойына Европаны тасалады, олардың соққыларын алдымен өзі көтеріп тойтарыс берді. Өзі үшін өте қымбат бағамен Русь Европаны монғол татарлардан тасалады. Орыс далаларындағы қанды шайқастармен орыс қалаларына жасалған тасқынды шабуылдаода Шыңғыс хан мәпелеп өсірген монғолдың таңдаулы атты әскерлерінің едәуір бөлігі қырылды. Түмендердің құрамына монғолдар жеңіп алған елдердің жауынгерлерін күштеп қосу бұл шығынның орнын толтыра алмады. Батыйдың қалың қолы Европаның терең ішіне әлсіреген, едәуір жағдайда өзінің шабуыл жсау қуатынан айрылған күйінде аттанды. Орыс және еліміздің басқа халықтарының монғол әскерлерінің тылында өрістеген азаттық күресі Батыйдың батыс европаның терең ішіне одан әрі шабуылдан бас тартудан мәжбүр етті. Русьті толық бағындыру үшін Батыйға әлі де 20 жыл уақыт керек болды. Парша паршасы шыққан Русь Европаның өзге елдерын өз басына түскен тағдырдан құтқарып қалды. Батыйдың қалың қолы ойран салған, бірақ Алтын Ордадан Русь тосқауыл болған Орталық және Шығыс Европа елдері көп жылғы езгіден құтқарылып, одан әрі экономикалық және мәдени даму мүмкіндігін алды.