Шыңғыс ханның Қытайды жаулап алуы

Шыңғыс хан монғол елінде өзіне қарсы тұратын ел жоқ болғандықтан, олардың басын қосып, бір жерге жинап, оларға айтты: «Қытай патшасы Алтан ханның әкем мен ағаларыма істемеген жамандығы жоқ. Енді құдай маған жәрдем берсе, кегімді қайтарамын» дегенде бұны барлығы қолдап, былай кеңес берді. Әуелі Алтанға елші жіберіп, маған бағын де бағынса жақсы, бағынбаса барамыз. Шыңғыс хан нөкері Шақырқожаны елші ретінде жібереді де «құдай тағала маған дүние жүзінің билігін қолыма берді, маған бағын, әйтпесе дос-дұшпандығымызды сынасамыз» деген сөздерін дәлме-дәл жеткізеді. Алтан ашуланып, «соғысуды қаласа тез келсін» дейді. Шақырқожа  жолшыбай елдің жолының барлығы бақылап келеді. Алтан хан жалғыз аяқ басатын бір тауда тосып жатты. Шыңғыс елі келіп тонап, қырады, өртейді. Солардың ішінен бір адам қалып Алтанға жеткізеді. Шыңғыс Алтанға қарай беттейді. Алтан 30 мың әскерімен талқандалады. Алтан Ханбалыққа жүріп кетеді. Ханбалыққа жол жүріп Шыңғыс хан жолшыбойғы елдерді жаулап, Ханбалыққа жетті. Алтан уәзірі Чың-Саңмен ақылдасып, Шыңғыс хан мен достасуға бел буып, өзінің балағат жасқа тамаған қызын береді.

1207 – 1208 ж.ж. қыста Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы бастаған монғол әскерлері оңтүстік Сібірдегі «орман халықтарын» ойраттарды, буряттарды, якуттарды бағындырды. Енисейдегі қырғыздардың билеушісі Арыс Айнал Алдиярұлы бек, ақ сұңқар, ақ тұлпар, қара бұлғын ішек тарту етіп Жошыны қарсы алып, соғыспай бағынды.

Шыңғыс Алтан мен Тұрмышты елші етіп, қырғызға жібереді де «маған бағынсын» дейді. Қырғыз патшасы орыс Инал Шыңғысқа сыйлықтар жіберіп, өз еркімен бағынады.

Шыңғыс хан бастаған монғол тайпаларының қозғалысы өрлеген кезде қанаттас отырған қоңыраттар қысымға тап болып, одан  құтылу үшін 1200 жылы бес тайпамен бірігіп, шабуыл жасамақ болады. Бұны Тай шешен естіп, кісі жіберіп Шыңғысқа хабарлайды. Шыңғыс хан оларды талқандап бағындырады. 1201 жылы қоңырат тайпасындағы шонжарлардың  біразы Жамұқаға барып қосылып, шабуылға дайындалады. Оларды Шыңғыс Тұғырылмен бірігіп талқандайды.

Жалайырлар-қазақтың ұлы жүзінен тарайтын тоғыз арыа елдің бірі. Шыңғыс хан монғолдар арасындағы тайпаларды бағындырған кезде жалайырлар Шыңғысханға бағынып, оның әскери күшіне айналды. Жалайырлардың Шыңғыс армиясына қызмет еткен адамдарынан көптеген әйгілі батырлар, қолбасшы , түменбасы, мыңбасылар шықты. Олар төңіректің төрт бұрышына жасалған жорықтарға қатысты. Солардың ішіндегі ең атақтысы Мұқалы. Ол Шыңғыс ханның ең сенімді серігі, 1218 жылы мемлекет әмірі етіп тағайындайды.

Шыңғыс хан бастаған монғолдардан бұрын оңғыттар өз алдына жеке ұлыс болып жасаған. Рашиденнің еңбегінде оңғыттар Шыңғыс және Тұғырыл тұқымымен құда болған. Тұғырылдың інісі Жағакамбұның кенже қызы асқан сұлу екен, оны оңғыт ханы әйелдікке алған. Шыңғысхан оңғыттарды жеңгенде, осы сұлуды іздеген.

Ұйғыр елінің патшасы Идіқұт өзін монғолдардың қол астына өз еркімен берілді. Идіқұт өзін Шыңғыс ханның ұлы деп тануға келісті. Шыңғысхан маған алтын  белбеуінің  ең болмаса бір жібін қияр ма екен, қиындысын берер ме екен ? Егер осылай істесе, мен сенің бесінші ұлың болып, күшімді беремін дегеннен соң Шыңғыс оған қызын берген.

1209 жыл Шыңғысхан ұйғырлармен бірге таңғұттарға қарсы шыққан. Таңғұттар Шыңғыспен кездесуге билік мұрагері басқарған, үлкен әскер жібереді. Бұл әскерді шешуші шайқаста монғолдар қирапты. Шыңғыс Валохой қорғанына келіп, шабуылдады. Ол жерде таңғұттың 50 мың әскері күтіп жатты, Таңғұттар жеңді. Шыңғыс ыстық күнді жек көретін, екі айдан соң күзде Шыңғысқа қосымша әскерлер келіп, бірақ монғолдардың атты әскерлері аз болып, олар қашты, таңғұттар соңынан қуып, Шыңғыстың күткеніндей тұзаққа түсті. Шыңғыс хан жеңіп, қаланы тонады, адамдарының тірілерін тұтқындап, қалып кеткендерін өлтірді. Таңғұттардың билеушісінің өзі Ань-Цюань бәріне қабырғаға тұруға бұйырды. Шыңғысхан мынадай шешім қабылдады. «Қаланы айғай шумен алу мүмкін болмаса, оны суға батырып жіберу керек» деді. Сөйтіп тоған орнатты, су ауылға ене берді, ауыл қирады. Ань-Цюань чуржен билеушісі Цзиньге елші жіберіп көмек сұратып еді, олар көмекке келмеді. Монғолдар құрған тоған   сынып, ел  аман қалды. Таңғұттар Шыңғысқа бағынды.