Шыңғыс хан өзінің бәсекелестерін бірінен соң бірін жеңе отырып, бытыранды монғол тайпаларының басын қосып, монғол тайпаларының саяси бірлестігін құрды. Осыдан соң күн санап күшейе түскен Темучин өзінің төрт төңірегіндегі тайпалар мен ұлыстарға шабуыл жасады. ХІІ ғ. басында меркіт, татар, кей, қоңырат, жалайыр, ойрат, найман, оңғыт тайпаларын бағындырды.
Меркіттер жан саны көп, үнемі Шыңғысханмен және Тұғырылханмен жауласып келген. Меркіттер бірнеше рет Шыңғыс ханға шабуыл жасаған. Бұл кез Шыңғысханның жас кезі болатын. Олар бір ретте Шыңғысханды тұтқындаған, бірақ Шыңғыс олардан қашып құтылған.
Меркіттер тағы бір жолы Шыңғысханның ұлысына шабуыл жасап, талқандап, бәйбішеші Бөртені олжалап алып кеткен. Кейін Шыңғыс Әскер жинап, меркіттерге шабуылдап, Бөртені қайтарған, Бөрте жолда Жошыны босанған. Шыңғыс меркіттерге бірнеше рет жорық жасап, жеңіп, бірінде Тоқтабектің баласы Томузбекті өлтіреді. Тоқтабектің ең бикеші Қотұқты мен Жылуын тұтқынға түседі.
1204 жыл Шыңғыс Тоқтабекпен соғысып, Тоқтабек жеңіліп , найман ханы Бұйрыққа қашады. Оның ізіне Шыңғыс хан түсіп, сонда меркіттердің бір тайпасы оғыз меркіт басшысы Иерсұн Шыңғысқа елдесуді тілеп, қызы Құландыны Шыңғысқа береді.
1208 жыл Шыңғыс Ертестегі Тоқтабекке жорық жасап, оны өлтіреді. Тоқтабектің кіші баласы Қолтуған мерген болған. Оның мергендігіне Жошы қызығып, оны сынап садақ атқызады да әкесіне өлтірмеуін өтінеді, әкесі тыңдамай өлтіріп тастайды. Жылдар өте Иерсұн Шыңғысқа қарсы шыға бастайды, Шыңғыс оларды тас-талқан етеді.
1199 жылы Шыңғысхан Тұғырылмен бірлесе отырып, найман ханы Бұйрыққа шабуыл жасап, нәтижесінде жеңеді. Бұйрық қырғыз еліне қашады. 11202 жыл Бұйрық хан меркіт, татар, қаташын ұлыстарымен бірігіп, Шыңғысханға шабуылдайды. Шыңғысқа көмекке Тұғырыл әскері келеді. Бұл кез қатаған аяз болатын, Бұйрық ханның әскерлерінің қол-аяғы үсіп, таудан домалап қырылады, Бұйрық қашады.
1204 жыл Шыңғыс керейлерді жаулағаннан кейін найман ханы Таян мен меркіт ханы Тоқтабек және жажырат Жамұқа шешен үшеуі бірігіп, Шыңғысқа қарсы дайындалады. Бұны Шыңғысқа біреу астыртын жеткізеді. Шыңғыс дайындалып, тұтқиылдан оларға шабуылдап, Таян ханд өлтіреді. Таян ханның баласы Күшлік әкесінің інісі Бұйрық ханға кетеді. Шыңғысхан Таянның үй-ішін олжалап, әйелі Күлбишені өзі алып, немере қызы Линкүнді баласы Төлеуге қосады.
1206 жыл Шыңғыс хан Алтай тауының оңтүстігіндегі Ұлықтағ тауында серуендеп жүрген Бұйрықтың үстіне түсіп, жеңеді де тұтқындайды.1208 жыл Ертістегі Күшлік пен Тоқтабекке Шыңғысхан шабуылдап, Тоқтабек қаза тауып, Күшлік Бесбалыққа құтылған адамдарымен қоныстанады. Шыңғысханнан жеңілген елдер Жетісуға қоныстанған. Осы дағдарысқа ұшыраған Лиау патшасы Күшлікке қол артпақ болды. Күшлік оған: «Менің Бесбалыққа Адамдарым көп, рұқсат етсеңіз бәрін жинаймын, сізге көмек беремін» дейді. Жилугу келісіп, оған қару-жарақ, ақша береді. Мұны пайдаланған Күшлік 1212 жыл Лиау патшасын тақтан тайдырып, өзі отырады.
Жилугу екі жылдан соң өлгеннен кейін Күшлік бүкіл жерді билейді де бірнеше жерге жорық жасайды. Ол Жилугудың қызына үйленгеннен соң будда дініне кірген. Ол бүкіл еліне соған кіріңдер деп зорлады. Лиау елі ислам дініне сенушілер.
1218 жылы Шыңғысхан Жебеноянды 20 мың әскерімен Күшлікке аттандырады. Ол Күшлікті жеңіп өлтіреді де халыққа өз діндерінде қала беруіне қолайы жағдай жасайды.
Тарихи жазба деректерде керей елінің атақты билеушісі Тұғырыл тұсында елі мейлінше күшейіп, ұланғайыр жерді алған. Оның армиясы оң және сол қол болып екіге бөлінген.
Тұғырылдың әкесі қайтыс болғаннан кейін Тұғырыл мен Горхан екеуі хандыққа таласып, Тұғырыл Ясукей батырға барып, қолдау сұрайды. Ясукей оған көмектесіп, Горханды жеңіп, Тақты Тұғырылға алып береді. Бұған көңілі толған Тұғырыл Ясукеймен «анда» болады. Ясукей қайтыс болған соң, Оның қол астындағылар баласы Темучмнге қалады. Темучин, Тұғырыл әкесімен «анда» болғандықтан, оны әкесіндей көріп, арқа сүйейді. Темучин Тай шешеннің қызы Бөртеге үйленеді, бас кеитке берілген қара бұлғын ішікті Тұғырыл иығына жабады. Тұғырыл Темучинға еліңді жинап, қолыңа ұстасам деп уәде береді.
Темучиннің күші мен дәулеті күннен-күнге өсе түсті. Жақын отырған елдердің тек күштілері ғана оған бағынбады. 1206 жылдың көктемінде Онон өзенінің бастауында Ұлы құрылтайда монғолияның жан-жағынан келген хандар мен нояндар Темучинді хан сайлап оған шыңғыс деген атақ берілді.Кейін Шыңғыс хан Тұғырыл арасында келіспеушілік болып, қанды шайқасқа айналады. Менің ойымша Шыңғыс ханды Тұғырылдың туысқандары көре алмай іріткі салып отырды. Шыңғыс хан бірнеше рет жеңіп шықты, соңында Тұғырылдың елін шауып ордасын ойраңдап, қыз-келіншектерін олжалап, өзін өлтірді.
Ал басқа деректерде, шайқаста жеңілген Тұғырыл баласымен найман еліне қашады, найман елінің қолбасшысы Тұғырылды өлтіріп, басын найман ханы Таянға алып келеді. Таян оны көріп қатты қайғырып, басын күміспен қаптатып, тағының үстіне қойып отырған.