Шығыс Қазақстанның қара металл кенорындары. Геологиялық құрылысының ерекшелігіне сай Алтай таулы аймағында алуан түрлі пайдалы қазбалар кешені таралған. Пайдалы қазбалардың басым бөлігін темір, мыс, полиметалл сирек және шашыранды қымбат бағалы метелдар, калий тұздары, құрылыс материалдары құрайды. Олардың түзілуімен әркелкі таралуына аумақтық геологиялық даму тарихының техтоникалық құрылымының ерекшеліктері әсер етеді.
Геологиялық тұрғыдан алғанда пайдалы қазбалардың негізгі бөлігі кембриге дейінгі, каледон, герцин және альпілік қатпарлы құрылымда таралуы табиғатының даму тарихымен түсіндіріледі. Алтай таулы аймағындағы металлогенездің сипаты мен қарқындылығына байланысты аймақ екі белдеуге бөлінеді. Олар: Кенді Алтай, Кенді белдеулері және Қалба –Нарым. Жайсаң герциндік геосинклинальды жүйесінің солтүстік – шығысында полиметалл, сирек және шашыранды металдарға бай Кенді Алтай, Кенді белдеу орналасқан.
Гидротермальды – шөгінді жолмен түзілген темір кені Зырян ауданындағы Пригородный, Талов, Чесноков (Риддер ауданы) және Холзун марганец – магнетит кен орындарында өндіріледі.
Оңтүстік Алтайдағы магнетит кен орнындағы темірдің мөлшері 50-70 % -ке жетеді.
Кобальт. Шығыс Қазақстандағы кобальттың нағыз кен орндары КендіАлтайда,және Шар ауданының аумағында шоғырланған. Ол күпнесе никельмен бірге кездеседі, сондықтан да никель кендерінің құрамында кобальт болса, оны никелді кобалть деп атайды. Сондықтан никель өндіретін заводтардан олардын мүмкіндігіне сәйкес кобалть та алынады.
Кобальт табиғатта тұрақты бір изотоптан тұрады. Жасанды изотоптарының ішіндегі маңыздысы кобалть 60 болып саналады. Оның жартылай ыдырауы 5-27 жылға созылады.Оның бұл қасиетін атом техникасында және басқа орындарда гамма сәулесін шығарушы көз есебінде пайдаланылады. Кобалть араласқан металдар қосындысы ыстыққа төзімді әрі берік, сондықтанда оны қара металургияда, ауыр машина өндірістерінде кеңінен пайдаланылады. Кобальтын үгінділері катализатор ретінде, фторлы кобальт бояуы ретінде, шыны және керамика өндірістерінде, ал кобальтты тұздар ауыл шаруашылығында микротыңайтқыш түрінде пайдаланылады. Жасанды кобальт-60 бұл күнде медитцинада қатерлі ісіктерге қарсы сәуле терапиасын жүргізуге және медйтциналық құралдарды стерилизатциялау үшін кен түрде пайдаланылады. Онымен қатар тұқымдық дақылдардағы зақымды жәндіктерді құртуға және тағамды консервілеу үшін де қажет. Табиғатта кобальттың отыз шақты өзіне тән минералдары бар, ал жүзден астам минералдарда жоғары мөлшерде кездеседі.
Табиғи ванадий. Шығыс Қазақстандағы ванадийдің кен орындары Шыңғыстауда шоғырланған.Ол екі изотоп қосындысынан тұрады.
Ванадийді Қара металлургия өндірісінде темірдің сапасын арттыратын легирлеуші металл ретінде пайдаланды. Әсіресе шапшаң кесетін болат құрамына кіреді. 0,15-0,25% шамасында ванадий араласқан болаттың беріктігі, тұтқырлығы және төзімділігі артады. Ванадий таза түрінде атом энергетикасында және электрон приборлар жасау үшін қолданылады. Ванадий қосындылары химиия өндірістерінде катализатор ретінде, ауыл шаруашылығында, медицинада, тоқыма бояуларында, фото және кино шығаруда кен пайдаланылады. Ванадий қосындылары улы келеді, ол тыныс алу мүшелеріне зақым келтіріп, өкпені қабындырады, бас айналдырады, жүрек пен бүйректін қызметін бұзады. Міне сондықтанда ванадий өндіретін және оның қоспаларын пайдаланатын өндіріс салаларында жұмыста сақ болған жөн.
Шығыс Қазақстанның түсті металл кен орындары. Кеңді Алтай кеңді белдеуінде мырыштың, қорғасынмен мыстың, мыңнан асатм кеңорындары бар. Солардың ішіндегі ең ірілері Белаус , Риддер, Соколов, Тишин, Жаңа Ленинагор және Шалқар кен орындары. Кен құрамында қорғасынмен мырыштан басқа алтын, күміс басқада сирек кездесетің шашыранды металлдармен кенсіз пайдалы қазбалар кездеседі. Оларды кешенді өндеу кезінде бөліп алады. Кеңді Алтайдың Кеңді белдеуінің батыс қанатында Зырян, Грехов, Малеев полиметалл кен орындары бар.Солтүстік- батыс қанатында Николаев және Березов – Белаусов мысты –мырышты, орташа калчеданды (күкіртті) баридті полиметалл және мыс кең орындары орналасқан. Кеңді белдеудің қиыр оңтүстік батыс бөлігінде мысты, мысты-перидті кен орны бар. Кен құрамында алтын, тальк, бар. Қалба-Нарым Кеңді беллдеуіндегі граниттерде сирек кездесетің шашыранды металлдар мен керамика, хрусталль өндіруде маңызды шикізат болып табылатын пегматит кеңдері түзілген. Маңызды қалайы — Вольфрам кеңдерінің қатарына Палацы, Колькомоль, Шердіаяқ, Теректі кең орындары жатады. Николаев Полиметалл кен орнының үгілуі қабатында түзілген минералды бояулар кеніштері баротасының етегіндегі Эолдық жолмен түзілген Лесс тәрізді саздар кірпіш өндіруде кеңінен қолданылады. Өскемен, Семей, Риддер, Зырян сияқты ірі өнеркәсіп орталықтарын сумен қамтамасыз етуде. Альпілік эпиплатформалық орогенді белдеуінің шөгінді қабаттарындағы жер асты еспе сулардың кен орындарының маңызы зор. Алтай таулы аймағындағы тауаралық ойыстардағы тектоникалық жарықтарда термальды кремнилі емдік минералды ыстық бұлақтар бар. Олардың ең маңыздысы Рахман бұлақтары. Онда қазір өзі аттас курорт бар.
Полиметалл кен орындары.Кенді Алтай полиметалл кен орындары на бай.Оның құрамына қорғасын,мырш мыс алтын басқада сирек және шашыранды металдардың минералдарыкіреді. Соның ішінде кең таралғаны қорғасын мен мырыш. Шығыс Қазақстанда полиметалл кенін өндірістік жолмен өндіру Ақшатау, , Лениногор, Зырян, Ертіс, комбинаттарында жүргізіледі. Полиметалға әсіресе Кенді Алтай үте бай. Үлкен Алтай деп аталатын аймаққа Қорғасын-мырыш, алтын-күміс, қалайы кендері Қалба, Нарым, , Сауыр және Тарбағатай тау сілемдері нде де кең тараған.жатады. Осы өңірдің қойнауындағы байлықты ашуға белгілі ғалым, профессор В.П.Нехорошев көп еңбегін сіңірді. Ол Кенді Алтайдың пайдалы қазбаларының қалыптасу заңдылықтарын, орналасу ерекшеліктерін ашты.
Кенді белдеулер ішіндегі ең ірісі Кенді Алтай, оның ені 50, ұзындығы 500 шақырым шамасында. Осы белдеу бойында бір-біріне жалғаса көгілдірлеу, сұрғылт түсті, жұмсақ және ауыр металл.
Өндірістін дамуына байланысты қорғасыннан аккумляторлар, аппарат-тар дайындалған. Мұндай апараттар өте әсерлі газдармен сұйық заттар шығару үшін қолданылған. Қорғасын радиоактивті сәулені өткізбейді. Сондықтанда оған радиоактивті элементтер сақталатын сауыттар, контейнерлер, ренгенапараттарының гамма сәулесінің қуатыәсерінен сақтайтын бұйымдары әзірленген. Мыстың, қорғасынның және мырыштың қосындылары техника салаларында кен түрде пайдаланып отыр.
Облс аумағындағы маңызды полиметалл кен орындарының қатарына Тишин, Сокольоне, Никалаев Зырян, Риддер, Жаңа Лениногор, , Локтев, Золотоухин, , Березов, Белоусов сияқты кен орындары жатады Олар Өскемен Риддер қорғасын-мырыш комбинатын кенмен қамтамасыз етеді.
Қазірдің өзінде Алтай өңірінде жетпістен астам пайдалы қазба кенднрі анықталып отыр, олар тоғыз жүзге жуық кен орындары шоғырланған. Солардың арасында полиметалл, түсті металдан басқа асыл және сирек металдар, әр түрлі құрылыс материалдары (мәрмәр, әк тас, балшықтар т.б.), отқа төзімді шикі зат кен орындары кездеседі./23/
Зырян полиметалл кен орны. Бұл кен орнын XVІІ ғасырдың бас кезіндеГригорий Зырянов тайгада аң аулап жүріп ашқан екен.Осыған орай бір кезде «Ұлы мәртебелі иенің» жеке меншігі деп аталған бұл кен орнында 1791 жылы барлау жұмысы жүргізіліп, 1902 жылға дейін оның үстінгі қабаттарындағы тотыққан аймақтардан қорғасын, мыс, алтын, күміс өндірілген. 1902-1930 жылдар аралығында бұл кен орны ағылшын концессионерлерінің қарамағында болып, оның советтік даму дәуірі тек қана 1931 жылдан басталған.
Қазіргі Зырян кен орны бірнеше кен көздерінен тұрады, олар орта девон дәуірінде пайда болған вулканды қышқыл жыныстармен алмаса араласып жатқан әр түрлі тақта тастар, құм тастар, туфтар және туфиттер арасына қалыптасқан көп қабатты руда жыныстары болып келеді. Руда жыныстары жер бетінен 800-900 метр тереңдікке дейін, кейбіреулері онан да тереңірек жатыр.
Зырян кен онындағы рудалар түгелдей өзгерген тау жыныстарын-ың (серицитты тақта тастар және микро-кварциттер) арасында ғана кездеседі.
Риддер полиметалл кен орны.Ол 1784 жылы ашылған. Кен қабаттары Риддер,Сокольный, Крюков және Ильинск құрылымдары бойындағы алаңдарғда қалыптасқан. Кен жатқан ортадағы вулканды жыныстар құрамында қышқылды минералдар (кварц т.б.) тобы басым, герцин кен түзілу кезеңінің соңындағы вулкан атқылау үрдісімен тығыз байланысты пайда болған газды-сулы ерітінділердің әсерінен бұл жыныстар тек қана кремнеземнен (шақпақ тас) тұратын микрокварциттерге айналып кеткен. Осы микрокварциттер бойына тереңнен көтерілген өте бай металл ерітінділерінен тұратын гидротермальды шөгінділерден осы күнгі кендер түзген. Лениногор кенді алаңында Риддер және Сокольный сияқты ірі кен орындары мен бірге Крюков, Филиппов, Өспен, Ильинск сияқты аумағы шағындау кен орындарыда бар. Бұлардың бәрінен де полиметалл рудалары шығады. Риддер және Сокольный кен орындарындағы негізгі қабаттар полиметалл кендері бар микрокварциттерден тұрады.
Шығыс Қазақстанда Қазақстанның асыл,сирек кездесетін шашыранды және жеңіл түсті металл кенорындары
Асыл металдар. Шығыс Қазақстанда кең таралған асыл металдар тобына алтын, күміс және платина элементтері жатады. Солардың ішінде еліміздің валюталық металы саналатын алтынның алатын орыны ерекше., одан кейін күміс деп есептеледі.
Алтын табиғи түрде сары түсті, ауыр келеді. Жылу мен электр
тоғын өткізгіштігі өте жоғары, әрі жұмсақ, созылмалы. Бір грамм алтынды төрт бөлмелі үй шатырының жартысын қаптауға жетерліктей етіп созуға болады. Мұндай қасиет алтыннан басқа ешбір металда жоқ.
Жер қыртысындағы алтынның мөлшері орта есеппен 4,3-10%, кейбір жыныстарда бұл шама онан да төмен.
Шығыс Қазақстан жерінде алтын кенорындары көбінесе шағын интурзииялармен пайда болған кварцитті желілі типі басым Облс аумағындағы алтын кен орындары пайда болу жағынан үлкен бес топқа бөлінеді.
- Ұзындығы әртүрлі болып келетін кенді желі алаңдар түзетін гидротермальды кварцитті-алтынды, кен орындары. Олар көпнесе кварцитте немесе сульфитте түзіледі (пирит, арсенопирит, галенит т.б.).
- Палеогендеі вулкан атқылау әрекетімен баланысты түзілген гидротермальды алтынды-күмісті-теллурлы(кеиде селенді) кен орындары. Бұл кен орындарда алтын бос немесе теллуридпен байланысқан күйде кездеседі.
- Гидротермальды колчеданды-алтынды кен орындары. Сульфидтің құрамына байланыстыкен орындары мысты-алтынды,алтынды-полиметалды,алтынды-мышякты болып бөлінеді. Бірінде алтын негізгі болса, екіншісінде қосалқы болады.
- Қышқылды интрузивтік немесе эффузивтік жыныстардың гидротермальдық өзгерістерге ұшыраған жыныстардағы гидротермальды алтынды кендорындары. Олардың қатарына пропилиттерге, микрокварциттерге екінші рет кврцитке айналған жыныстар жатады.
- Алтынды жыныстардың бұзылуынан түзілген шашранды алтын кен орындары. Олардың қатарына Батыс Қалба мен Кенді Аалтайдағы Еспе, Бақыршық, Василев,Ақжал, Қазаншұңқыр кен орындары меналңдары жатады. Кенді Аалтайдағы полиметалл кенорындарында кеннің пайдалы компоненттерінің 7ден 24% алтын құрайды.
Күміс. Шығыс Қазақстандағы Зырян Сокольное,Николаев,Тишин, Белаус полиметалл кен орындарында, Қалба жотасында өндіріледі. Ол ақша құймалар мен эмаль жасауға нәзік өрнектерді (филигрань), мәнерлеуге, қаратылған күмістерге, ою салуға т.б зергерлік заттар әзірлеуге қолданылуда. Күміс қосындыларында антибактериальды күйдіргіштік қасиеттер бар. Сондықтан оны ерте кезден –ақ медицинада пайдаланған.
Жер қыртысындағы күмістің мөлшері орта есеп пен 7×10% теңіз суында-3×10%. Күмістің елу шақты минералы бар.Солардың ішінде сом күміс, электрм, аргентит, прустит, пираргит, кераргит және басқалары табиғатта кездеседі.
Сирек металдар. Молибден кен орындары негізінен Ақшатау менКенді Аалтайда кездеседі. Молибденнің негізгі минералы молибденитт пен (жылтыр молибден) галениттің сырт көрінісі бір-біріне өте ұқсас болғандықтан бір-бірінен ажырату қиынға соғады.. Сондықтан бұл екеуі жалпы атпен «молибден» деген сөз. Молибденді элемент түрінде алғаш рет 1778 жылы швед химигі К.Шееле молибдениттен ажыратып алады. Ал 1782 жылы швед химигі П.Гельем алғаш рет көміртегінің әсерімен молибден тотығынан молибденді таза металл түрінде алған.
Қазіргі кезде өндіріліп алынатын молибденнің 70-80% қосындыланған болаттар дайындауға жұмсалады,өйткені жоғары температураға ондай болаттар төзімді. Мысалы ракета бөлшектерін әзірлеуге, ұшатын аспаптарда, жоғарғы температурада тотығудан сақтайтын бөлшектер ментетіктер әзірлеуге молибден қоспаларын пайдаланылады. Металл түріндегі молибденнен анодтар, әр түрлі торлар, электр лампасының жіптерін ұстататын тұтқыштар жасау үшін қолданалылады. Молибденитті үйкеліс тетіктерін майлауға, натрийлі-молибденді лак және бояу өндірісінде, молибден тотығы химия және мұнай өндірістерінде катализатор ретінде кең түрде қолданылады.
Вольфрам өте баяу балқитын ауыр металл. Оныңн кен орындары негізінен Ақшатауда шоғырланған.Табиғи вольфрам тұрақты бес изотоптан тұрады. Алғаш рет 1781 жылы швед химигі К.Шееле тунгстен (кейін шеелит деп аталады) минералынан волфрам тотығын бөліп шығарады. Кейін 1783 жылы испанияхимиктеріағайынды Д.Элуяр волфрамит минералынан таза металл бөліп алып, оны вольфрам деп атайды.Немісше «вольф-қасқыр», «рам-көбік» деген мағы-нада. Бұлай аталуы вольфрамит әрқашанда қалайы тасымен бірге кездеседі.
Вольфрамның жер қыртысындағы мөлшері орта есеппен 1◦10%. Көбінесе минерал түрінде кездеседі, солардың ішінде өндірістік маңызы бар вольфрамит, шеелит.
Қалайы. Иілгіш,созылғыш әрі жылдам балқитын метлдың бірі қалайы кенінің мол қоры Қалба-Нарым кенді белдеуінде шоғырланған.