Тас көмір мен қоңыр көмір кенорындары. Шығыс Қазақстан облсының аумағында таскөмір мен қоңыр көмірдің аймақтық және республикалық маңызыбар үш ірі, бірнеше шағын кен орындары бар. Олар-Кендірлі, Абай және Жалаңашкөл. Солардың ішінде Шығыс Қазақстан, Алматы облстарын таскөмірмен қамтамасыз етуде Абай және Жалаңашкөл кенорындары жетекші орын алады.
Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары аралығындағы Мақаншы ауданының аумағында орналасқан Жалаңашкөл кен орынындағы қоңыр көмірдің барланған қоры 40 миллион тонна. Құрамында көмір қабаттары кездесетін қалыңдығы 300 метрден астам. Қоңыр көмір Алакөл синклинальды құрылымындағы Юра кезеңінің шөгінді жыныстарынанда түзілген. Кен орынындағы 6 көмір қабат құмтасты шөгінділермен кезектесіп отырады. Көмірлі қабаттардың қалыңдығы 0,6-10 метр Кендегі көмірлі риглиттің, гумсты және сатропельді-гумсты көміртектердің мөлшері 73,8-75%, күкіртің үлессалмағы 0,4-0,94%, күлі аз (3,1-8,6%), қызуы жоғары (7220-7450 ккал\кг). Ұшқыш заттардың мөлшері 45%, құрғақ айдау кезінде одан
16% ейін қарамай шығады.Сондықтан аталған кен орынындағы көмір бағалы химиялық шикізат болып табылады. Жалаңашкөл көмір кені жергілікті отан мұқтажы үшін пайдаланылады.
Кендірлі тас көмір мен қоңыр көмір кенорыны. Сауыр мен Тарбағатай жоталарының аралығындағы жазықта орналасқан кен орынында 400 миллион тонна тас көмір, 800 миллион тонна қоңыр көмір,1400 миллион тонна жанғыш тақтатас бар.Көмір жоғарғы тас көмір,пермь мен триас дәуірлерінде түзілген. Кен орынындағы 9 көмір қабат құмтасты шөгінділермен кезектесіп отырады, күлділігі 24-36% Таскөмірдің бетінде пермь дәуірінде түзілген тақтатастың 17 қабты бар. Сонымен қатар палеоген, триас және юра дәуірлерінің 48 қабаты бар,олардың күлділігі10-50% шамасында. Кендірлі кен орынының көмірлері мен жанғыш тақта тастарын отын және газ өндіретін химиялық шикізат ретінде пайдалану қолайлы. Темір жолдан қашық болғандықтан ол жердің көмірі өндіріліп жатқан жоқ.
Шығыс Қазақстандағы Юбилейный кен орынындағы көмір қабатының қалыңдығы 20-80 метр,тереңдігі 12-150 метр шамасында күлі аз(10-12%),жылуы 5000-6000 килокалория қорымол. Жер бетіне жақын жатқандықтан ашық карьерлік әдісен өндіріледі.
Жанғыш тақтатас. Қазақстан аумақында жанғыш тақтатастың 25 кен орыны бар. Оның ең ірісі Сауыр тауының етегіндегі Кендірлі кен орыны. тақтатастың құрамында 60%-тей мұнайлы битумдар немесе жер бетіндегі жан-жануарлардың, өсімдіктердің, планктондардың шірігеннінен қалған күрделі заттары бар тау жыныстарын атайды. Күлі көп 40%-тен астам, сапропельді (битумды) көмірлер де жанғыш тақта тастар болып есептеледі. Таза сапропельді, жанғыш тақта тастар суда өсетін планктондардан және бентостардан, ал гумусты тақта тастар өсімдіктер қалдығынан пйда болады. Қазақстан жеріндегі тақта тастарды қыздырғанда ғана битум шығарады, осы қасйеттеріне байланысты оларды пиробитумділер (пирос-от деген сөз) деп те атайды. Тақта тастарды құрғақ айырғанда кокс, жанғыш газдар, сұйық отындар бөлініп шығады, сондықтан оларды химия өндірісінің шикізаты есебінде жиі қолданады. /23/
Кендірлік кен орынындағы жанғыш тақтатастар жоғарғы девон мен төменгі таскөмірдің,жоғарғы пермь орта және жоғарғы триас дәуірлерінің шөгінділерінде кездеседі.Барланған қоры 1400 миллион тонна. кҮшбұлақ кен орнындағы күрең, қарасұр түсті шымыр келген жанғыш тақта тастар жоғарғы девон ғасырында болған, олардың күлі аз, жылу бөлгіштігі де жоғары -2485 калорияға жетеді.
Химиялық шикізаттар, Агрорудалар мен құрылыс материалдары.
Шығыс Қазақстан облсының жер қойнауы тек әр түрлі металдарға ғана емес, сонымен қатар тау-кен өндірісіне қолданатын химиялық шикізаттар фосфор,кали сяқты агрономиялық рудалардың да қоры бар.
Шығыс Қазақстан облсының аумағындағы фосфорит кен орнының бірі Шыңғыс тау сілемдерінің оңтүстік шығыс бөлшектерінен табылған Семей фосфорит алабы.Бұл кен орнындағы фосфарит қабаттары Қаратау фосфорит қабаттарына өте ұқсас, қалыңдығы 7-10 метр шамасында, руда құрамындағы фосфор ангидридының мөлшері 10-25 аралығында кездеседі. Келешекте Қазақстанның шығыс аудандары өздеріне қажетті жергілікті әрі тиімді тыңайтқыш түрлерін Семей фосфорит алабынан алатын болады.
Құрылыс материалдары. Шығыс Қазақстан облсының аумағында құм және қиыршық тас, саз, керамзит, гранит,мәр-мәр цемент өндіруге қажетті мергель сяқты құрылыс материалдарынабай. Жоғары сапалы декоративті мәрмәр тас кен орнындары Батыс Алтайда бар. Мұнда мәрмәр тастың ақ-сұр,қара түстері жиі кездеседі. Оның барланған қоры 300 миллион текше метр. Олардың ішінде Суықбұлақ, Троицк және Жаңатөбе кен орындарының көлемі едәуір, оларды өндірісте пайдалану өте тиімді. Бұл өңірде құрылыс материалына жарамды граниттің де мол қоры бар, олардың тиімділері «Гранит», «Огнев» және «Долгонихин», тағыда басқалары. Солармен қоса жоғары сапалы сәндік материал яшма- Лениногор кен орнында өндөрөледі. /22/
Көптеген құрылыстар үшін қолданылатын материалдардың ең төзімдісі гранитті жыныстар. Шығыс Қазақстан аумағында граниттың мол қорыбар бар. Солардың ішіндегі ең ірілері- Суықбұлақ, Троицк және Жаңатөбе гранит кенорындары болып табылады. Суықбұлақ пен Қалбаның гранитінің түсі ашық қызыл, кейде қанқызыл болып келеді. Алқаптың алып жатқан көлемі тоғыз шаршы шақырымға жуық, оның құрылысқа жарамды деп есептелетіні 2,2 миллион текше метр шамасында. Бірақ кен орнының төңірегінде әлі де тексерілмеген гранит алқаптары бар. Семейтау кен орындарындағы витрофир бетон және цемент өндірісіне жарамды шикізат болып табылады, олардың барланған қорлары да мол. Қалбажотасында жоғары сапалы Алексеев каолин кен орнының маңызы өте зор. Оның барланған қоры 50 миллион тонна. Бұл керамика, қағаз, кабель,тағыда басқа басқа өндіріс салаларында кеңінен пайдаланылады. Осы кен орнының негізінде жұмыс істейтін каолин комбинаты еліміздің шығысындағы аса ірі өндіріс нысаны болып табылады.
Семей қаласының маңындағы батыс Қалба – Кенді аймағында өндірілетін әктас цемент шикізаты, қиыршық тас және әрлеуші материалдар ретінде қолданылады. Ол олигоценді (палеогенде) неоген және төрттік дәуірлерінде альпілік эпиплатформалы орогенді белдеуі қалыптасады. Николаев Полиметалл кен орнының үгілуі қабатында түзілген минералды бояулар кеніштері бар. Неоген, төрттік дәуірлерінде жүрген неотектоникалық қозғалыстар нәтижесінде тау етегінің тауаралық ойыстарындағы ысырылу конустарында, Ертіс өзенінің аңғарында шөккен моренналы – алювиальды шөгінділерде құрылыс индустриясында кеңінен қолданылатын малта тас, қиыршық тас, құм кен орындары түзілді. Батыс Алтай, Оңтүстік Алтай мен Қалба жотасының етегіндегі Эолдық жолмен түзілген Лесс тәрізді саздар кірпіш өндіруде кеңінен қолданылады.