Мәселенің қойылуы

Қолында түрлі стратегиялар (яғни басқарылатын айнымалылардың мәндері) бар шешім қабылдаушы кісі әрбір стратегияны қабылдағанда қайбір дәрежедегі өз мақсатына сай келетін түрлі нәтижелерді алады. Таңдалатын стратегияның әсерлілігіне қоршаған орта шарттары – басқарылмайтын айнымалылар – ықпал етеді.

Операцияларды зерттеу мәселелерін қойғанда шешім қабылдаушы кісілердің тобын анықтап, маңызды айнымалаларды атап көрсетіп, оларды басқарылатын айнымалылар (стратегиялар) мен басқарылмайтын айнымалыларға (қоршаған орта шарттарына) жіктеп, жүйенің қызмет ету мақсатын қисындаймыз. Сонымен, біз шешім қабылдау есебіне тірелеміз. Мұндағы  – альтернативтердің (нұсқалардың) әуелгі жиыны,  – қайбір ішкі  жиынын бөліп алуға көмектесетін тиімділік принципі (дербес жағдайда ,  жалғыз элементтен тұруы да мүмкін). Бұдан әрі  ішкі жиынынан шешім қабылдаушының көзқарасы бойынша қабылдауға тұрарлық ең жақсы саналатын қандайда бір шешім таңдалады. Шешім қабылдаудың жалпы есебінде нұсқалар жиыны мен  тиімділік принципі алдын ала берілмеуі де мүмкін. Есепте  берілсе, онда есеп таңдау есебі делінеді де, ал  мен  берілсе – тиімділеу есебін аламыз. Практикалық есептерде  нұсқалары түрлі x қасиеттердің жиынтығын сипаттайды. x нұсқасын бағалау үшін векторы енгізіледі, мұндағы дегеніміз x нұсқасының қасиеті бойынша сандық бағалануы. Бұдан соң осы бағалаулар негізінде  тиімділік принципі қалыптасады.