Шетелдегі экономиканы реттеудің қаржы-инвестициялық механизмі (Оңтүстік Корея республикасы мысалында)

Бүгiнде әлемдiк экономикада барлық елдердiң негiзгi мақсаты мен бағыт-бағдары тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзiп, халықтың тұрмыс деңгейiн жақсартып, әлемдiк рыноктағы бәсекелестiк орнын мығымдауға ынталы болады.

Бiрақ әрбiр елдiң экономикалық өсуге қол жеткiзуi әр деңгеде және әр түрлi формада көрiнiс табады. Бiзге белгiлi қазiр әлемдегi елдер даму жағынан үш түрге бөлiнедi. Олар:

  1. Жоғары дамыған елдер;
  2. Дамушы елдер;
  3. Даму жағынан артта қалған елдер.

Қазақстан Республикасы әлемдiк экономикаға өзiнiң егемендiгiн алғаннан кейiн дамушы ел ретiнде өз орнын тапты. Себебi Елбасымыз өз Жолдауында атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi.

Ал әлемдiк тәжiрибе көрсетiп отырғандай бүгiнде әлемде дамыған және даму жағынан жоғары болып отырған елдердiң барлығы дамудың сервистiк-технологиялық бағытына өтiп кеткен, ал шикiзаттық өндiрiспен даму жағынан артта қалған және өте тиiмсiз экономикадағы дамушы елдер жатады. Сондықтан елiмiз жоғары дамыған елдер қатарына өтуi үшiн эономикалық дамудың индустриялы-инновациялы жолына түсуi қажет. Осы мақсатта елiмiзде бүгiнде алғашқы iс-шаралар жүзеге асуда. Оның негiзгi елiмiзде 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялы-инновация стратегияның қабылдануы болып табылады.

Қазiргi әлемдiк экономикада шикiзат бағыттағы экономиканың дамуы тұрақсыз болып келiп, ол әлемдiк рыноктағы шикiзат бағаларының өзгеруiне тәуелдi болады. Бүгiнде шикiзат бағытындағы елдер даму жағынан артта қалған және экономикасы тиiмсiз жағдайда болып отырған дамушы елдер айналысады. Өз кезегiнде шикiзат бағытындағы экономиканың шығындары көп болып, ол қоршаған ортаға, жалпы қоғамға өз зиянын тигiзедi.

Ал дамушы елдер iшiнде индустриялы-инновациялы, технологиялары дамыған және өнеркәсiптiң өңдеушi салаларын дамытып, қалдықсыз өнеркәсiптi iске асырып отырған әлемдегi жаңа индустриялы елдердi атап өтсек болады. Олардың iшiнде экономиканы қысқа мерзiмде тиiмдi реформалап, дамудың жоғары дәрежесiне жеткен Оңтүстiк-Шығыс Азияның елдерiн атауға болады. Бұл елдер 20-30 жыл iшiнде әлемдiк шаруашылықта “Азия жолбарасы”, “Азия айдаһары” деген атпен дүниежүзiне белгiлi болды. Бұл елдерге:

  1. Оңтүстiк Корея;
  2. Тайван;
  3. Китай;
  4. Сингапур;
  5. Малайзия;
  6. Индонезия;
  7. Гонконг елдерi жатады.

Бұл аталған дамушы елдердiң барлығы экономиканың шикiзаттық бағытынан қол үзiп, дамудың индустриялы, жоғары технологиялы жолына түсiп, бүгiнде әлемдегi дамыған жетiлiк елдермен бәсекеге түсуде.

Олардың мұндай өсудiң жоғары деңгейiне және тиiмдi экономикалық жолға түсуiне осы елдерде жүргiзiлген экономикалық реформалардың жемiсi деп айтсақ болады. Бұл елдерде мемлекет тарапынан экономиканы тиiмдi реформалау кезеңдер арқылы және даму стратегиялары арқылы iске асты.

Әрине Қазақстан Республикасы үшiн экономикалық өсудiң жоспарын жасауда осы елдерден үлгi алу бiздiң ұлттық экономика үшiн тиiмдi болып табылады. Сондықтан осы елдердiң экономикалық дамуының ерекшiлiгiн талдап, оның елiмiз экономикасы үшiн қолайлы жақтарын анықтау бүгiндегi тапсырмалардың бiрi. Осылайша мен мысал ретiнде осы шетелдердiң экономикалық өсуiнiң процесiне тоқталып өтудi жөн көрдiм.

Осы дамушы елдердiң бiрi, бүгiнде әлемдегi әйгiлi жетiлiкке бәсекелес болып отырған Оңтүстiк Корея Республикасы. Бүгiнде бiрде-бiр ел өзiнiң жаңа өнеркәсiп салаларының дамуы, экономикасы жағынан Жапония, АҚШ және Еуропа елдерiмен бәсекелес бола алмаған едi. Ал қазiр Оңтүстiк Корея компаниялары мен фирмалары электротехника, метал өнiмдерi, машина жасау, текстильдi және т.б. тауарларды өндiруде жоғары табыстарға жетiп, жаңағы аталған дамыған елдермен бәсекеге түсуде.

Оңтүстiк Кореяның әлемдiк саудадағы үлесi 80-шi жылдары 10%-ға өстi. Сол уақытта Оңтүстiк корея Рспубликасы темiр бұйымдарын экспорттаудағы үлесi 57%, 52,4% — түссiз телевизорлар экспорты, 41,8% — ақпаратты талдау құрылғылары, 40,9% — ер адамдар көйлегi мен синтетикалық маталар, 32,2% — металдық контейнерлер экспорттады.

Кореяның өткен ғаысрдың соңғы ширегiндегi ЖҰӨ-нiң орта жылдық өсуi 8,5% төңiрегiнде болып отырды. 1971 жылы өңдеушi өнеркәсiптiң үлесi жалпы өндiрiстiң 20%-ын құраса, ал 1980 жылдары бұл көрсеткiш 30%-ға жеттi.

Соғыстан кейiнгi жылдары Оңтүстiк Корея елiнiң табиғи ресурстары азайып, халықтың өмiр сүруiнiң деңгейi төмендеп, ұшқыр инфляция етек жайып, ауылшаруашылығы құлдыраған болатын.

Осы тұрақсыздықты шешуде Корей Республикасы экономикалық реформаларды 1962 жылдан бастап 5 жылдық экономикалық даму жоспары бойынша жүргiзiп отырды. Бұл жоспарлар шетел инвестицияларының көптеп келуiне жағдай жасауға бағытталды.

Шетел инвестицияларының басым көпшiлiгi алғашқы жылдары жеңiл өнеркәсiпке салынды. Кореяның дамуына ерекше серпiн берген 60-80-шi жылдардағы инвестициялардың көптеп ағылуы болып табылады. Ол инвестициялардың 46 млрд. доллары, оның iшiнде 39,2 млрд. (88%) сыртқы қарыздар негiзiнде көрiнiс тапты. Шетелдiң мемлекеттiк несиелерi белгiлi бiр жеңiлдiктер мен жағдайлар негiзiнде берiлдi.

Бұл несиелердiң басым бөлiгi отын-энергетикалық комплекс объектiлерiнiң, темiр жол немесе автомобиль жолдарын, метро, тұрғын үй секторы, коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мен бiлiм беру салаларына салынды. Жеке кәсiпкерлiкке несиелердi көп мөлшерде беру кәсiпкерлердiң экономикалық активтi қызмет етуiне себепшi болды.

Капиталды салымдардың басым бөлiгi өңдеушi өнеркәсiпке және өндiрiстiк инфрақұрылымға жұмсалды. Бұл салалардың барлығы дерлiктей жеке компаниялар негiзiнде қызмет еттi.

Оңтүстiк Корея Республикасының экономиканы қайта құрудың 1-шi кезеңiнде жеңiлдiктi несиелердiң орны ерекше болды. Осы несиелер арқылы елдiң қажеттi деген салаларын жоғары деңгейде дамыту көзделдi. Шетел инвестициялары арқылы құрылған бiрiккен кәсiпорындар 50%-дық жарғылық негiзде жұмыс iстедi.

Қаржы Министрлiгi шетел инвестцияларына ешбiр қарсы болмады, егер олар келесi талаптарға жауап бере алса:

  • Шетел салымдары шектеу қойылған салаларға бағытталмауы керек (темiр жол, байланыс, суқоймалары, ойын бизнестерi, радио және баспа iсi);
  • Шетел капиталы 50%-дық жарғылық қордан аспауы керек (егер кәсiпорын 60%-дан жоғары өндiрiстiк өнiмдер экспортқа шығаратын болса);
  • Шетел инвесторы елдегi салық жеңiлдiктерi туралы шараларға өздiгiнен араласапауы қажет.

Шетел капиталдарының нақты ағылуы арнайы еркiн экономикалық аймақтардың болуымен көрiнiс табады. Қазiргi уақытта Кореяда 30-дан астам арнайы өндiрiстiк аймақтар бар, яғни онда 500 мың жұмысшылар мен қызметкерлер еңбек етедi.

Кореяда 80-шi жылдары шетел инвестициялары түбiрлi өзгерiске ұшырады. Елдегi капиталдың жинақталған көздерi керiсiнше инвестицияларды сыртқа шығару керектiгiн дәлелдедi. Осыдан бастап Корей Республикасы өз инвестицияларын сыртқа шығара бастады. Бүгiнде елiмiздiң сырттан келетiн капиталдардың бiраз бөлiгi осы елдiң инвестициялары екенi бәрiмiзге белгiлi.

Корея дамыған елдерден нақты экономикалық көрсеткiштердiң шамасымен оларға жете алмауда. Мысалы, 1991 жылы ЖҰӨ АҚШ-та 4,5 млрд. доллар, Жапонияда 2,7 млрд. долларды құраса, ал бұл көрсеткiш Оңтүстiк Кореяда 119 мың доллар болып отыр. Сондай-ақ iрi компанияларының табыстары әлемдегi дамыған елдер iрi компанияларының табыстарынан көп артта болып табылады. Бүгiнде “Самсунг” компаниясының табысы 20 млрд. доллар, ал “Ниссан” компаниясының табысы 33 млрд. егер Кореяда 1962 жылы жан басына шаққанда ЖҰӨ-нiң көлемi 87$ болса, ал 80-шi жылдары бұл көрсеткiш 3000$-ға жеттi.

Оңтүстiк Кореяның шетелдiк энергетикалық ресурстардың қайнар көзiне мұқтаждығы Жапония, Тайвань, Сингапур сияқты жоғары болып табылады. Елде табиғи ресурстардың көзi өте аз. Сондай-ақ елде әскери шығындарда жоғары, өйткенi жаңында Солтүстiк корея Республикасы орын тепкен. Елдегi әскери шығындарға ЖҰӨ-нiң үлесi 5% , ал Жапонияда әскери шығындар ЖҰӨ-нiң 1%-ын құрайды.

Коорея елiнiң экономикалық өсiмiнiң басты факторларының бiрi елдегi жұмыс күшiнiң арзан болуы. Оған себеп корей халқының ұлттық менталитетi, яғни халықтың еңбек сүйгiштiгi, тыянақтылығы, жұмыс берушiлерге жауапкершiлiкпен қарауы екендiгi белгiлi. Мысалы, 1985 жылдары Жапонияның жұмысшыларының еңбекақысы жылына орта есеппен 14,1 мың АҚШ долларын құраса, ал Кореяда бұл көрсеткiш 3,6 мың доллар болды. Сондай-ақ елдегi жұмысшы күшiнiң арзан болуы шетел инвесторлары үшiн қолайлы ортаны қалыптастырды.

Сонымен соғыстан кейiнгi жылдары Корея экономикалық өсуiн үш кезеңге бөлуге болады:

Бiрiншi кезең (1961-1965ж.ж.) – ел алдындағы негiзгi мәселелердi анықтау, дамудың тиiмдi жолдарына экононмиканы бағыттау. Бұл кезеңде кономиканың негiзгi бағыты жылдам және тиiмдi түрде ел экономикасын индустриялау, ол үшiн шетел инвестицияларына қолайлы ортаны қалыптастыру;

Екiншi кезең (1966-1980ж.ж.) – экономикалық саясаттағы даму модельдерiн жан-жақты қолдау және өсудiң жаңа көздерiн үзбей iздестiру. Экономикадағы өндiрiстi қатаң түрде экспортқа бағыттау, осы мақсатта импортқа қатаң түрде мемлекеттiк реттеу жүргiзу;

Үшiншi кезең (80-шi жылдардан кейiнгi) – алдағы кезеңдердегi жетiстiктердi максималды деңгейге жеткiзу, әлемдiк экономикалық қатынастарда елдiң тиiмдi стратегияларды қолдануы, әлемдiк бәсекелестiкке төтеп беру үшiн және дамыған елдерден қалмау үшiн ғылыми-техникалық , инновациялық секторды, елдiң сыртқы экономикалық және қаржылық қызметiн, индустриялық дамуға басты көңiл бөлдi.

Бiрiншi кезеңде елде экономиканы экспортқа ынталандыру мақсатында келесi шаралар жүргiзiлдi:

  • Шикiзаттар мен материалдар импортына кедендiк тарифтердi алып тастау;
  • Импортталатын тауарларға, жартылай фабрикаттарға, комплекстiк өнiмдерге, экспортқа бағытталған өнiмдерге, делдалдық қызметтерге жанама салықтарды алып тастау немесе жеңiлдiктер беру;
  • Экспортқа бағытталған өнiмдер шығарушы компанияларға, жартылай фабрикаттармен қамтамасыз етушiлерге тарифтер мен салықтарды азайту немесе алып тастау;
  • Фирма табысына тiкелей салықтарды азайту;
  • Экспортқа бағытталған өнеркәсiп орындарына мемлекеттiк субсидиялар мен гранттар бөлу.

Оңтүстік Кореяда инновация XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап дамыды. Технологиялық саясат ең алдымен ішкі технологиялық базаны құруға, шетел техникасын пайдалануға бағытталды. Сол мерзімде, яғни 1966 ж. мемлекет тарапынан қаржыландыратын тұңғыш зерттеу инстииуты “Корей Ғылым және технология институты” құрылды (KIST). Оның негізгі мақсаты озық шетел технологиясын үйрену және оны өндірісте қолдану болды. 70-жылдардың ортасынан басталған келесі кезеңде капиталды көп қажет ететін жән технологиялық тиімді, машина жасау, кеме жасау, химия, электроника және электроэнергетика секілді салалар мемлекеттік қолдауға ие болды.

Мамандарды даярлау ісі қолға алынып, көзделген бағытқа сәйкес келетін ЖОО KAIST- (Korean advances Institute of Science and Technology) ашылды. Ол үкіметтің адам ресурстарын дамыту және кадрларды дайындау саясатын жүзеге асыруға көмектесті /6/.

80-жылдардың басында инновациялық саясатты дамытудың және жүзеге асырудың 3-кезеңі аяқталды. Ол стратегиялық маңызды салаларға шоғырланған инвестицияларды бағыттауды қаржыландыру, инвестициялау және кедендік бақылау салаларын либерализациялауды көздеді. Зерттеулер мен жобалаулар саласында тұңғыш Ұлттық бағдарлама жасалды. Ғылымды, білікті мамандарды даярлауды мемлекеттік қаржыландыру күшейе түсті. “Даэдок” ғылыми қалашығы құрылды. Бұл ғылыми қалашық мемлекет тарапынан және жеке сектордан қаржыландыратын оқу орындары, зерттеу орталықтары мен венчурлік фирмаларға ғимарат беріп, олардың біріккен зерттеулеріне көмек көрсетті.

Кореяда 1997-2002 ж.ж арналған инновацияның 5- жылдық жоспары мен елдің 2025 жылға дейінгі ғылым мен техниканы дамытудың ұзақ мерзімді жоспарында да мемлекеттің рөлі ерекше болып табылады.

Осындай экономикалық өсудi реформалаудың кезеңдер арқылы жүргiзiлiп және нәтижесiнiң орындалуына қатаң түрде бақылау жүргiзу себебiнен, елдегi индустриялық-инновациялық дамуды негiзгi орынға шығарудан бүгiнде Кореяда 50-ден астам әлемге белгiлi iрi өнеркәсiптiк-қаржылық компаниялар мен ұйымдар бар. Олар елдiң ЖҰӨ-нiң төрттен-үш бөлiгiн құрап отыр. Бұл iрi компониялар iшiндегi “Самсунг”, “Хюндай”, “Голдстар”, “Дэу”, “Санкен” және т.б. iрi компанилар әлемдегi бәсеке қабiлеттiлiк деңгейi жоғары екенi белгiлi.