Қазақстан коллизиялық нормасы өзара түсіністік

Қазақстан коллизиялық нормасы өзара түсіністік пен сілтеме жасаған шетел құқығын қолдану алдын ала келісім алды ма? Қазақстан соты алдын ала бет бұрудан бұрын шетел құқығының коллизиялық нормасының ұсынысымен жүруге белгілі шекарадағы елдерде осы жағдайға байланысты Қазақстан құқығы қолданылуын анықтау осы жағдайға байланысты соттың шешімі байланысты ма? Шетел құқығын қолдану керек пе, немесе оны қолдануды қабыл алмау керек пе?

Осы сұрақтың жауаптары нықталған отандық доктринадан және практикадан бастама алады: коллизиялық нормаға сілтеме жасаған шетел құқығын қолдану өзінің сөзсіз айырмашылығы бар. Шетел құқығын қолдану мәселесі жөніндегі алғы шарттарда Қазақстан Республикасының азаматтық кодекс 1089 — баптың өзара түсіністік жайлы ережелерінен көре аламыз.

Осы ережелердің бірі мыналардан тұрады: шетел құқығын өзара түсіністік негізінде қолдану Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті шет мемелекеттегі ұқсас қатынастарға Қазақстан Республикасының құқығын қолдануға болатын – болмайтындығына қарамастан, сот шетел құқығын қолданады.

Егер шетел құқығының қолдану өзара түсіністікке байланысты болса, өзгеше дәлелденбегендіктен, ол бар деп ұйғарылады.

Халықаралық жеке құқықтағы өзара түсіністік тақырыбы коллизиялық нормалардың әрекет ету шеңберімен шектеліп қана қоймайды. Ол сонымен қатар шетелдегі жеке және заңды тұлғалардың азаматтық құқықтық жағдайларын белгілейтін яғни барлық ережелердің және материалдық құқықтық бұйрықтарын қолдану мәселелерін қозғайды. Шетел элементімен қиындаған жеке құқықтық қатынастар аумағындағы өзара түсіністікке «материалды» және «формалды» өзара түсіністікті ажыратушы арнайы құқықтық институттардың маңызын береді.

«Материалды» өзара түсіністік сол елге мекендеген шетел азаматтары мен заңды тұлғаларының заңдылықты беруін білдіреді яғни ол осы шетел тұлғаларына жататын азамматар мен заңды тұлға елдеріне берілетіне ұқсас болып келеді. Құқықтық айырмашылықта әрине материалды өзара түсіністіктің кең қолдану мүмкіндігі шектелуде.

«Формалды» өзара түсіністік сол елге мекендеген шетелдіктердің жергілікті азаматтары мен заңды тұлғалардың құқық пен міндеттемелердің теңдігін болжайды. Халықаралық жеке құқықта «формалды» өзара түсіністік негізіндегі шетелдіктердің құқықтық режим анықтамасы бар.

Осы кең аумақтағы азаматтық құқық айырмашылықтар қатынастарын өзара түсіністікпен ұсыну сөзсіз болып табылады. Бұл дегеніміз шетел азаматтары мен шетел заңды тұлғаларын ресей азаматтары мен Ресей заңды тұлғалары сияқты жалпы құқық бойынша құқықтар мен міндеттемелерді тең үлестіру өзара түсіністікке байланысты емес және де Ресей соты белгілі шетел мемлекетінің өзара түсіністіктің болуы туралы мәселені талқыға салудың қажетті жоқ. Егер де РФ халықаралық шарттары мен федерельды заңдарында өзгеше көзделмесе.

Кең мағынадағы өзара түсіністік-ол теңдік негізіндегі қамтамасыз етілетін және ортақ пайдалы құқықтар мен мемлекеттік мүделер, олардың азаматтары мен ұйымдарына мүмкіндік беретін, халықаралық ынтымақтастық бастамаларының бірі болып табылады. РФ халықаралық шарттарының бірінде өзара түсіністікке азаматтар мен ұйым тараптарының белгілі заңдарын белгілеу жағдайы міндетті мағына береді.

Өзара түсіністік туралы мәселе бойынша қарсы шектеулер (реторсия) деп аталатын бір кіріспенің байланысы бар, оның мақсаты өзара түсіністік принципін қалпына келтіру болып табылады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының АК-1093 бапта былай делінген: Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтарына арнайы шектеулері бар мемлекеттердің азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтарына қатысты Қазақстан Республикасы қарсы шектеулер (реторсиялар) белгілеуі мүмкін.

Реторсия деген ол халықаралық құқықтың көзқарасы бойынша басқа мемлекеттәі дискриминациялық актілер туралы болып отыр. Реторсияға амалсыздан келетін мемлекеттік ұйымдар және азаматтардың мүделері мен құқықтарын немесе мемлекеттің өзінің мүделері мен құқықтарын қосқанда бұзатын актілер туралы болып отыр. Қарсы шектеулер дискриминациялық актілерге енгізілген барабар шектеулермен бірдей болуы тиіс

Ресей Федерациясының шетелде тұратын РФ үкіметімен бекітілген отандастарға қатысты мемлекеттік саяси бағыттарының негізі ол отандастардың құқықтарын дөрекі бұзатын мемлекеттерге қатысты, әлемдік тәжірибеде қолданылатын және қазіргі заманға сай халықаралық құқықпен рұқсат етілген, қажетті жағдайларға байланысты белгілі бір шараларды қолдануды қарастырады. Бұл жерде әңгіме, сауда – экономикалық байланысты қысқарту, кедендік режимді өзгерту, Ресей шекарасында өз әрекетін жүзеге асыратын, белгілі мемлекеттердің заңды және жеке тұлғалардың жеңілдіктерін өзгерту болып отыр.

Ресей мүделерінің оның сауда айналымының және экспорттерінің айтарлықтай зиян келтіріп тұрған ол Ресей экспорттеріне қатысты шетелдердің дискриминациялық шараларына байланысты сыртқы рынокты қолдану.

Коллизиялық нормаларды қолданар кездегі басшылыққа алатын бір нәрсе ол шетелдік өз елінің азаматынан гөрі құқықтық артықшылығы болуы болмайды. Бұл ереже әр елдердің халықаралық байланыс процессіндегі жеке және заңды тұлғалардың теңдігіне негізделіп құрылған. Басқа сөзбен айтқанда, халықаралық жеке құқықтағы субъектілердің өзара қатынастарында құқық қолданушылық практика процессінде өзара түсіністік болжамдалады. Бұл өзара түсіністік материалды және сонымен қатар формалды болуы да мүмкін. Материалды өзара түсіністік бұл құзіреттіліктің мөлшер теңдігін білдіреді. Формалды өзара түсіністік бұл шетелдіктерге өз елінің ұйымдары мен азаматтарының құқықтарын сол күйінде өздеріне ұсынуды болжамдайды. Әр елдің әр түрлі құқықтық жүйесінің өзгеруіне байланысты материалды өзара түсіністікті қамтамасыз ету әр қашан мүмкін болып отырған жоқ, сондықтан формалды өзара түсіністікті қамтамасыз етуге әрекет етеді.

Халықаралық жеке құқықтық аспектілерін реттейтін халықаралық келісім шарттардың ұқсас бірдей әрекеттері жоқ: келісім шарттың біреуін өзара түсіністік принципін жоққа шығарады, басқалары оның айналымын қолдайды, ал үшіншісі осы мәселеге байланысты ешқандай нұсқаулар жоқ. 1993 жылғы экономикалық ынтымақтастық туралы Қазақстан-Египет келісімдерін зер қойған дұрыс шығар деп ойлайсың, яғни ондағы әр баптың өзара түсіністік принципі жол тауып отыр.

Коллизиялық норманың оған сілтеме жасауына байланысты басқа мемлекеттің шекарасындағы шетел заңын қолданар кезде өзара түсіністік туралы мәселе туындайды. Бұл дегеніңіз алдымен сол мемлекеттің шекарасындағы қолданған заңды және жеке тұлғаларға коллизиялық сілтеме қолданған сондай құқықты мемлекет мемлекет мүмкіндік беруін тану қажеттілігін білдіреді.

Басқа мемлекеттің заңды тұлғаларын және азаматтық құқықтарын жауапты шектеулер мүмкіндігі бар, егер соңғысы бірінші мемлекеттің заңды және жеке тұлғалардың құқықтарына шек қоюына мүмкіндік берсе.

Дау мамандығы әдетте коллизиялық жалғаудың көмегімен шешіледі, яғни оны сот заңы (lex fori) бойынша мамандандыру деп атайды. Бұл жерде сот немесе орбитраж әр түрлі коллизиялық нормалардың түсініктемелері мен қақтығысып отырады, осы елдің азаматтық заңнамаларының түсінігі бойынша түсініктемелерді мамандандырады.

Шетел заңы сол немесе басқа мемлекеттің шекарасында әрқашан қолданыла бермейді, өйткені онда жария тәртіп түсінігі қызмет етеді. Жария тәртіп туралы ескерту шетел мемлекеттерінің заңдарын қолдануды шектейтін, немесе осы мемлекетте белгіленген, жария тәртіпке қарсы келетін шетел мемлекетінің құқығын қолдану кездегі, шетел мемлекеттерінің заңдарын қолдануын шектейтін, өзінше қорғаушы клапан ретінде қызмет етеді.

Халықаралық жеке құқық шеңберіндегі тәжірибелерге көз салсақ, жария тәртіп туралы ескерту азаматтық процес мәселелері бойынша да қолдана бастады. Бұл дегеніңіз құжаттарды тапсыру, куәгерлерден жауап алу және тағы басқа процесуалды іс-әрекеттер осы елде мүмкін, бірақ жария тәртіп туралы ескерту қолданылуы мүмкін, егер тапсырылған құжатта немесе мәлімдемеде куәгер айтқан мемлекеттік немесе әскери құпия болса, өйткені бұл осы елдің қауіпсіздігі мен мүделеріне нұқсан келтірді.

Көптеген елдерде мысалы, ГФР сот өз инициативасымен шетел заңын қолданып және оның мазмұнын анықтай алады, егер де шетел заңы дұрыс қолданбаса, бұл сот шешімін қайта қарауға негіз болмайды. Бірақ Қазақстан мен Ресейде шетел заңын дұрыс қолданбаса оны қайта қарауға негіз бар. Қазақстан заңнамаларында жария тәртіп туралы ескерту қатынастары әлі толық қалыптасып біткен жоқ.

Шетел заңы Қазақстан шекарасында қолданылуы мүмкін емес, егер осы қолдану республикада белгіленген жария тіртіпке қарсы келетін болса, сондықтан қажет болған жағдайда республика азаматтық құқықтағы құқықтық тәртіппен жеткен нормаларды басшылыққа алады.

Жалпы ойға кеклктін болсақ, сот әдетте, өзінің ұлттық құқығын қолданады. Сот шетел заңы күшімен пайда болған, құқықты мойындай отырып, ол шетел құқығын мойындамайды, ал ол белгілі бір шетел заңының әрекеттерінен пайда болатын, субьективтік құқықты мойындайды.

Сол немесе басқа шетел құқықтық нормасын дұрыс қолдану үшін, алдымен осы нормалардың мазмұнын анықтау қажет. Бүгінгі күні осы шетел құқығының қолданылуына қызығушылық білдіріп отырған және сотта өзінің әділдігін дәлелдеуші, тараптар және соттың өзі шетел заңының мазмұнын анықтайды. Сот шетел құқығының мазмұнын анықтауға міндетті, сонымен бірге ол процеске қатысушылардың дәлелдемелерімен шектеліп қалуына болмайды және де дауда тараптар сілтеме жасаған сол немесе басқа да шетел заңының болуына өзі көз жеткізуі керек, сонымен қатар басқа да шетел мемлекеттерінен немесе қажетті заңдардың  тексттерін әділет министірлігі арқылы сұрату қажет.

Шетел құқығы өз елінде қалай қолданылса, солай қолданылуы қажет және өзі шыққан елінде қалай түсінік берілсе оған солай түсінік берілуі тиіс.

Қазақстан соты шетел заңын қолдануы тиіс, егер бұл қажеттілік істі қарастырудың мазмұнынан шығып жатса; сонымен қатар тараптар шетел заңына сілтеме жасады ма жоқ па, немесе олар шетел заңының қолданылуына өтініш жасады ма жоқ па, оның маңызы жоқ.

Қазақстан соттары шетел заңының қолданарда, осы заңның қабылданған елде түсінік беру және қолданып жатса, сол қалпында оған түсінік беріп және қолдану қажет. Осындай тәртіп Қазақстан Республикасының Сауда — Өнеркәсіптік Палатасының  Арбитражды сотына да таралады.

Сот отырысындағы дауды реттеу мүмкіндігімен шетел заңының жоқ болуына байланысты сотқа қандай шаралар қолдану мәселесі туындайды. Бұл жағдайда Lex fori (сот заңы) қолдану мүмкіндігі пайда болады.

  1. Кері сілтеме жасау және үшінші елдің құқығына сілтеме жасау

І. Егер халқаралық жеке құқықтағы кез-келген Х елі сотқа У шетел мемлекетінің құқығын қолдануға тапсырма берсе, У елінің құқығы олардан түсінік беруді талап етеді. Осы шешімге екі мүмкіндік қарастырылады:

1) «У елінің құқығы» ішкі құқықты білдіреді және де У елінде қолданады. Бір қарағанда бұл дұрыс шешім болып көрінеді және көптеген заңгерлермен бірнеше соттар ең мүмкін дұрыс шешім деп есептейді.

2) Бірақ «У елінің заңы» осы елдің барлық құқықтарын білдіруі мүмкін, ең бастысы оның халықаралық жеке құқығында У елінің ішкі материалды азаматтық құқығы мынадай жағдайда қолданылады егер оның халықаралық жеке құқығында бұйырып тұрса. Х елінің халықаралық жеке құқығындағы осыған байланысты У елінің құқығы мен растауы қажет. У елінің құқығы қолданылуы үшін екі жақты заң шығарушылардың келісімі қажет. Егер халықаралық жеке құқығының екі жүйесінің арасында мұндай үйлесушілік болмаса мынадай жағдай болу мүмкін:

 а) не болмаса У елінің коллизиялық нормасы Х елінің құқығына кері сілтеме жасайды. Бұл дегеніміз француз заңгерлерінің кері сілтеме жасау (renvoi) деп атауы болып табылады және де бұл термин барлық жерде қолданыс табуда. Германияда Ruckverweisung термині қолданады, ал Англия мен Құрама Штаттарда Remission деп те қолданады.

Б) Не болмаса У еленің коллизиялық нормасы үшінші елдің құқығына сілтеме жасайды. Бұл сілтеме де – renvoi (бұл жерде бұл термин кең мағынада қолданылады), бірақ бұл одан арғы сілтеме (transmission), кері сілтемеге қарағандағы, Weiterveisung. Осы мәселеге байланысты Z елінің коллизиялық нормалары қолданылуы керек пе деген сұраққа ашық түрде қалып отыр.

Сілтеме жасау мәселесі бойынша көптеген мысалдар келтіруге болады:

1.Италияда домицилиленген Британияның қоластындағы азаматы, өзінің қозғалмайтын мүлігін Англияда қалдырып, өсиет қалдырмай қайтыс болады. Ағылшын сотының алдына мұрагерлікке үміткер А және Б

арасындағы мәселені шешуге дау туады. А Италияның мұрагерлік туралы заңына өзінің талабын негіздейді, ал Б болса ағылшынның мұрагерлікті басқару (Adminstration of Eastes Act) туралы заңға негіздей отырып осы мүлікке жалғыз мұрагер ретінде талап арыз беріп отыр. Ағылшынның халықаралық жеке құқығы бойынша өлген адамның домицили құқығы шешуші болып келеді. Егер сот кері сілтеме доктринасын қабыл алмаса, ол Италияның ішкі құқығын қолданып дауды А- ның пайдасына шешіп береді. Егер де сот осы докринаны қабылдаса яғни ол ағылшынның құқығында шын мәнісінде негізделгендей ол біріншіден Италияның халықаралық жеке құқықты мұрагерлікке қатысты нормаларының мазмұнын анықтайды өйткені бұл норма өлген азаматтың заңына сілтеме жасап отыр, ол ағылшынның ішкі құқығын қолданып Б-ның пайдасына шешім шығарады яғни кері сілтеме жасау оқиғасы бойынша.

2.Сонымен қатар кері сілтеме жасау және үшінші елдің құқығына сілтеме жасау азаматтық заңнан, домицили заңына дейін назар аудару керек. Мысалы, Германияның соты, Германияда домицилинеген, Британияның қол астындағы азаматы қозғалатын мүлікке мұрагер болушылыққа қатысты өзінің қарауына талап арыз қабылдайды. Германияның халықаралық жеке құқығы азаматтың заңы ретінде ағылшынның заңына нұсқап отыр, ал ағылшынның халықаралық жеке құқығы домицили заңы ретінде Германияның заңына кері сілтеме жасап отыр. Бұл жағдайда Германияның соты кері сілтемені қабылдап Германияның ішкі құқығын қабылдау керек.

Бұл жоғарыда келтірілген мысалдардың бәрі мұрагерлікке қатысты болды. Кері сілтеме жасау проблемасы халықаралық жеке құқықтың кез-келген саласында пайда болуы мүмкін. Мысалы: егер даудың пәні болып некеліктің жарамдылығы болса, ажырасу туралы шешім жіне кезектегі некені заңдастыру, және Векселдің жарамдылығы тұлғаның құқық және әрекетқабілеттілігіне байланысты болады және т.б.

 1879 ж дейінгі Renvoi тарихы

ІІ. Renvoi концепциясы ХІХ жүз жылдықта жасалған. Бұл түсініктің алдын ала білдірушілері 1652 ж бастап және 1663 ж. Руан парламентінің белгілі шешімдерімен кездестіруге болады. бұл шешімдер француз заңгері Фролонмен талқыға салынды, осыған байланысты ол осы тақырыптың талқыға салынуы, осыған байланысты ол осы тақырыптың ең бірінші авторы болды деп айтуға болады. ХІХ ғасырдағы ең бірінші шешім болып ол Renvoi қолдану туралы әңгіме қозғалды. Бұл ағылшын сотының үш шешімі болды (1841, 1847және 1977жж) және Германия сотының бір шешімі (1861 ж). Бірінші оқиғада ол Collier riaz (1841 ж.) ісі болды. Даудың пәні болып ол Бельгияда домициленген Британияның қол астындағы азаматы жасаған мұрагерліктің жарамдығы туралы сұрақ болды. Сот ағылшынның халықаралық жеке құқығының домицили заңына нұсқап тұрғандай яғни Бельгия заңына бұл даудың сұрағы ағылшын құқығының шешімімен ретелу керек деп тапты, ал Бельгияның соты өлген азаматтың заңын қолданар еді. Frere v. frere ісі бойынша Мальтада домициленген Британияның қол астындағы азаматы Англида өсиет қалдырды, бұл көзқарас ағылшын құқығы бойынша жарамды, ал Мольтистердің көзқарасы бойынша жарамсыз. Сот бұл оқиғаны домицили құқығы бойынша Мольтияның құқығына бағыныңқы деп тапты және де Мольтияның халықаралық жеке құқығы бойынша өсиет жасалған жерінің заңы бойынша ағылшын заңына кері сілтеме жасайды осы жағдайға байланысты үшінші оқиға пайда болды. Ол The Goods of lacroix 1877 ж ісі бойынша. Бірақ та ағылшындардың шешімдеріне құқықтық доктрина ешқандайда көңіл бөлген жоқ, сонымен қатар апелляциялық соттың Любекедегі 1861 ж. шғарылған шешімдеріне. Әйткенмен де ешкім де бұл жерде бар екен деп те күдіктенген жоқ.

Ағылшын соттарының позициясы

ІІІ Ағылшын соттары Renvoi доктринасына болымды қарайды бірақ оның әрекет ету өрісіне күдікпен қарайды. Бізге белгілі көптеген соттардың шешімдері осы доктринаға бағытталған. Бір жағдайларда сот Renvoi доктринасына сілтеме жасамай-ақ мәселені талқыға салуды қалайтынын тіке көрсеткен. Бір ғана шешім бұл доктринаға қарсы келеді. Көптеген істерде әсіресе коммрциялық келісімдерге қатысты істерде Renvoi проблемасы пайда болған жоқ.

Renvoi мәселесі көрсетілмеген жағдай.

Келесі топтарға бөліп қарастырсақ; Бұл топқа әр түрлі істер жатады.

А) Біріншіден соттың осы келісімінің құқықтық негіздерін тануға ал осы келісімінің тараптарын қатысушыларының ниеттерін анықтайды. Түсінікті болғандай Х елінің құқығын қолдануды ниеттенген жағдайда, осы елдің коллизиялық нормалары емес, ал оның ішкі материялды азаматтық құқығы қолдану қажет. Бұл жағдай соттың тараптардың нағыз ниеттерінің нұсқауы болмаған жағдайда шарттың орналасқан жерінің заңы (Lex loci contractus) қолданылады. Бұндай заңдарды таңдау болжаумен негізделген, яғни тараптардың өздері заңды таңдар еді, егер оларды осындай сұрақ туындаған жағдайда.

Б) Ағылшын құқығында шартты жарамсыз деп тануға норма бар, егер ол заңға қайшы келсе және міндеттеменің орындалу жерінің заңы күшінің жарамсыздығы, не болмаса заңи  күштің ақырғы жерінде. Сөзсіз бұл жерде ішкі материалдя азаматтық құқық туралы, яғни осы жердің коллизиялық нормасы емес, шарттың жасалған жерінің және орындалған жерінің заңы болып отыр.

В) Renvoi мәселесі сотпен талқыланбаған деп ағылшын соттарының шетелдің (ішкі материалды немесе халықаралық жеке) құқығының мазмұнының құқыңы ретінде емес, факты ретінде қарастыруын түсіндіруге болады. осыған байланысты тараптардың шетелдік құқықтық жүйесі мен сотты коллизиялық нормамен көңіл аудармаса, сот ағылшын колллизиялық нормалары сияқты одан күдіктенуге ешқандай да негіз жоқ. Осыдан барып Renvoi –ға қарсы кез-келген қорытынды шығаруға қате болар еді.

А) Үінші елдің құқығына сілтеме жасау Renvoi доктринасымен қабылданатын шешімдер,бірақ бірнеше істерінде тек қана in dicta (соттардың жолай айтқандары). Осы мәселеге келесі топтар жатады:

а)Екі айқын жағдай ол үшінші құқыққа сілтеме жасау және үшінші жағдай ол соттың үнсіз жібергендігі.

  1. Осы іске байланысты ең айқындылығы ол Ахиллопулос ісі болса керек. Өлген гректің қол астындағы азаматы және өлер алдында ол Египетте домицилеленген болып саналу керек болды. Сот мұрагерлікке қатысты гректің ішкі материалды азаматтық құқығын қолданды, өйткені егер домицили Египетте болса Египеттің халықаралық жеке құқығына бару керек. Ал ол гректің құқығына сілтеме жасап отыр.

Б) Кері сілтеме жасау.

Б) Ағылшын соттарының кері сілтемені мойындаған көптеген істер бар. Осы істерді екі топқа бөлуге болады.

1) бірінші топ ол 1841 ж. Бастап және 1918 ж дейінгі ағылшын заңдарына кері сілтеме жасау яғни ағылшынның ішкі материалды азаматтық құқығына қандай да бір сілтеме жасау фактісінің қолдану шешімдерінен тұрады.

2) Екінші топтағы іске ол 1926 ж бастап Renvoi доктринасын тазартылған түрде көрсетеді. Ағылшын құқығына кері сілтеме жасау ол ағылшынның ішкі материалды азаматтық құқығына жәй сілтеме жасау болып табылмайды. Ол екнші кері сілтемені жасауды пайда қылатын ағылшынның коллизиялық нормаларына кері сілтеме жасау болуы да мүмкін. Яғни шетел құқығы екі еселенген Renvoi жасау. Кері сілтеме жасау қарапайым немесе екі еселенген болды ма, болмады ма, ол ағылшын коллизиялық нормаларына байланысты емес, ол ағылшын сотының қолданатын шетел коллизиялық нормаларына байланысты.