Ұйымдардың есеп саясаты

Бұл тараудың мақсаты:

-есеп саясатының мақсаты мен мәнін,мазмұнын ашу;

-қаржылық қорытынды есепті пайдаланылушыларға ұйымдардың есеп саясатын қосымша түсіндірілетін ақпарат көзі ретінде тәжірибеде қолданудың қажеттілігін қарастыру;

-бухгалтерлік есеп тәжірибесінде қолданылатын және ұйымдардың есеп жүргізу ерекшіліктерін көрсететін есеп саясатының қажеттілігін көрсету;

-есеп саясатының қандай мақсаттарға және не үшін қалыптасатындығын түсіндіру;

-есеп саясатын қалыптастырудың тәжірибедегі құрылымы мен қолдану бағытын және есеп саясатын өзгеріске түсіретін жағдайларды қарастыру.

Есеп саясатының мәні мен мақсаты

Қазақстандық бухалтерлік есеп тәжірибесіне «есеп саясаты» термині кезіндегі Қазақстан Республикасы «Бугалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссияның» 13 қазан 1996 жылғы №2 « Қаржылық қорытынды есеп дайындау және тапсыру жөніндегі тұжырымдама » деп аталған қаулысымен енгізілген.Бұдан соң «есеп саясаты» ұғымы Қазақстандық бухалтерлік есеп стандарттарының №1 « Есеп саясаты және оны ашу» стандартында көрсетіліп, меншік түрі мен қызмет ерекшеліктеріне қарамастан барлық ұйымдар өздеріне тән есеп саясатын қалыптастыратындығы міндеттелді.

Кейіннен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 17 қаңтар 2003 жылғы №14 бұйрығымен: №1 «есеп саясаты және оны ашу»,№2 «Бухгалтерлік баланс және қаржылық қорытынды есеп маңызын ашу негіздері»,№3 «Қаржылы-шаруашылық қызметі нәтижесі жөніндегі қорытынды есеп» жөніндегі стандарттары жойылып, бұлардың орнына №30 « Қаржылық қорытынды есеп тапсыру» жөніндгі жаңа стандарт қабылданып, мұның 14 тарауы 2- ші тармағында ұйымдардың есеп саясатын жасау мен тапсыру жөніндегі тәртіптер қарастырылған.

Есеп саясаты ұғымы екі жағдайда; бірінші- мемелекттік және қоғамдық ұйымдардың белгіленген есеп саясаты, екішісі- ұйымдардың ішкі есеп саясасаты болып ажыратылады. Ендігі жерде біздер ұйымдарда жасалынып, қалыптасатын ұйымдардың ішкі есеп саясатының мәселелерін қарастырамыз.

Есеп саясаты деп қандай мазмұнды түсінеміз?

Халықаралық қаржылық есеп стандартында (ХҚЕС) есеп саясаты; «Қаржылық қорытынды дайындау мен тапсыру жөніндегі ережелер мен тәжірибе» деп анықталған.

Қазақстандық 30 «Қаржылық қорытынды есеп тапсыру» жөніндегі стандарттың 2-ші тарауында: «Есеп саясаты деп-Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік және қаржылық қорытынды есеп,бухгалтерлік есеп стандарттары және бухгалтерлік есептің типтік счеттар жоспарының талаптарына және ұйымдар қызметін жүргізу ерекшеліктеріне сай бухгалтерлік есеп пен қаржылық қорытынды есеп жасау үшін ұйымдардың қабылдаған принцитерін, негіздерді,ережелер мен тәжірибені айтады»,-делінген.

Ары қарай осы стандарттың 19-шы бабында: «Ұйымдарда бухгалтерлік есеп стандарттары (БЕС) қабылданбаған жағдайда ұйым басшылары қорытынды есеп ақпараттарын пайдаланушыларды қамтамасыз ету мақсатында, ішкі есеп саясатын жасау мақсатында өз жағдайлары мен ойларын енгізуіне болады» делінген.

Осы заманғы нарықтық экономика жағдайында шаруашылық операцияларының түрлері әр түрлі ықпалдастық жағдайда болады.

Елімізде көптеген типтегі ұйымдардың әр қайсысы әр түрлі экономикалық факторларға тап болады.Әр түрлі типтегі ұйымдар саны аса көп.Осыларға байланысты әрбір ұйым өзінің алға қойған мақсат-мүддесіне жету үшін өз қызметтеріне тән: өнім өндірудің технологиялық ерекшеліктері,басқарудың ұйымдық құрылымы,қызмет көлемінің түрі мен деңгейі,операциялар жүргізу, клиенттермен жұмыс істеудің тәртәбі,ақпараттарды өңдеу ақпараттарды өңдеу т.б. ерекшеліктерін зерделеу керек.Мұның барлығы да шаруашылық жүргізу ерекшеліктеріне байланысты ұйымдарда есеп саясатын қалыптастырудың мазмұны мен маңызын ашып көрсетудің негізін қалайды.

Ұйымдар өздерінің есеп саясатын қалыптастыру барысында тәжірибиедегі есеп әдістері мен қорытынды есеп жасаудағы ережелердің ішіндегі ең тиімділерін таңдап алуына құқылы. Таңдалып қабылданған ережелер мен әдістерді өз мәнінде қолдану арқылы есеп мәліметтерін жинақтаудың тіртібін, мұны пайдаланушыларға түсіндіріп, шаруашылық процесінің ерекшеліктері жөніндегі ақпаратарды зерделеу және ұйымдар қызметіндегі өзгерістер мен жағдайларды дер кезінде білу мүмкіндіктері туындайды.

Сонымен есеп саясаты деп-ұйымдар шаруашылық қызметі өрісінің іс-тәжәрибесінде қолданылатын,таңдалып алынған және сабақтастықпен жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесіне тән ішкі ережелер жиынтығын айтамыз.Есеп саясатының мазмұны ұйымдардың шаруашылық жүргізу қызметі талабы мен қаржы нәтижесін сипаттауға арналған есеп әдістерін жақсы және тиімді қолданудың жолдарын көрсетеді.Есеп саясаты қаржылық қорытынды есеп жасауда ұйымдардың қолданатын есеп принцптері,әдістер мен ережелер, сондай-ақ ұйымдардың шаруашылық қызметі мазмұнын тәжірибеде ашып көрсету үшін қабылданған ережелер жиынтығынан құралады.

Сондықтан әрбір ұйымда бухгалтерлік есеп пен қорытынды есеп жүйесінің қандай жолдармен жетілдірілетінін біліп түсіну үшін бұған әсер етуші факторларды зерделей білу қажет.

Жоғарыда қойылған талаптарға сай есеп саясатының мазмұны мен мақсатын,мұндағы шешілетін мәселелерді тереңінен түсініп білуіміз керек.

Есеп саясатының мазмұны белгіленген жағдайда ұйым әкімшілігінің басқару процесін қандай дәрежедегі тиімділікке жеткізгендігі,ұйымның қаржы жағдайы мен мұның өзгеріске түсуін,сондай-ақ шаруашылық қызметінің нәтижесін шындық және сенімді әдістермен дайындау үшін қолданылатын есеп принцптерін таңдап алу бағытында ашылды.Есеп саясатын жасау мен мұның маңызын ашып көрсету мақсатында әрбір ұйым өздеріне тән есеп ережелерін,есеп тәсілдерін таңдап алуға,мұндай ережелерді қорытынды есеп жасау процесіне қолдануға құқылы болып табылады.Мұның өзі ұйымдар мен меншік иесінің өз мүліктеріне иелік ету,пайдалану және әміршілік жүргізу құқысын сипаттайды.

Есеп саясатын жасау мен қалыптастыру барысында есеп әдісіндегі кездесетін жормал-принцптерді зерделеп білген жөн.Халықаралық қаржылық есеп стандарттарына сай,мұндай жорамал принцптерге:

  1. Мүліктік жекелеу;
  2. Үздіксіздік;
  3. Сенімділік;
  4. Шындық;
  5. Бейтараптық;
  6. Байқаушылық;
  7. Шаруашылық фактілерінің толықтылық принцптері жатады.

Есеп саясатының мазмұнды сапалық дәрежесі қаржылық қорытынды есеп даярлап тапсыруға,бухгалтерлік баланс құрылымына,есеп жүргізудің үлгісіне,сондай-ақ ішкі және сыртқы аудит қызметінің маңызына қарай сипатталады.

Есеп саясатының өзгеріске түсу жағдайлары

Есеп саясатының мазмұны мына төмендегі жағдайларда:

  1. ұйымның стратегиялық бағыты;
  2. мұның қайта құрылуы;
  3. қызмет бағытының өзгеріске түсуіне байланысты қайта қаралуы мүмкін.

Сонымен қатар қаржы салымшы инвесторлардың тұжырымды талабына

сәйкес есеп саясаты жүйесіне қосымшалар мен өзгерістер енгізілуі де мүмкін .

Ресми түрде ұйымдардың есеп саясаты мына жағдайларға байланысты

өзгертіледі.

— Қазақстан Республикасы заң актілерінің бухгалтірлік есеп жүйесіндегі

нормативтік актілердің, әдістемелік нұсқау –ережелердің өзгеріске түсуіне ;

-Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп жүйесіндегі нормативтік актілердің, әдістемелік есеп жүйесіндегі өзгеріске түсуіне ;

 -заңды тұлғалардың қайта құралуына ;

 -меншік иесі мен жаңа бағыт ұсынған басшылардың өзгеруіне;

 -активтер, меншікті капитал, міндеттемелер, шаруашылық факторларының өзгеруі мен қайта бағалануына.

Сонымен қатар ұйымдар қызметіне жаңа техналогиялар енгізіліп, өндірістік процесс қайта модернизацияланған және халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары мен принциптерін қабылдаған жағдайда есеп саясаты өзгеріске түседі . Қандай жағдайларда болмасын есеп саясатының өзгеріске түсуі арнайы тәртіппен қаралып , жан-жақты негізделуі керек.

Есеп саясатын өзгерту процесі жөніндегі шешім есепті жыл ішінде іске асырылуы қажет. Егер есеп саясатының өзгеріске түсуінің әсерінен ұйымның қаржылық көрсеткіштері де өзгеріске түсетін болса, онда өзгеріс факторлары арнайы есептеу жолдарымен дәлелденіп, әрбір өзгеріс мазмұны бағалануы керек. Қаржылық  және бухгалтерлік қорытынды есеп жасау     процесінде теріс факторлар мен қателер жіберіліп, сенімсіздік жағдайлар пайда болса, мұндай факторлардың барлығы да талданып, неден туындап, нелермен байланысты екендігі есеп саясатында жазылып, тиісті орындарға хабарланады. Осындай бағытпен есеп саясатын зерделеу нәтижесінде тапсырылатын қортынды есеп барынша тұнық сапада сипатталады. Сонымен қатар есеп мәліметтерін пайдаланушы менеджерлер, инвесторлар, несиелендірушілер, қоюшылар т.б. үшін сенімділік жағдай туындайды.

Есеп саясаты ұзақ мерзімге арналып жасалынуы керек. Мұндай талапты орындау барысында есеп саясаты өзгеріске түсіп қана қоймай, мұның маңызы қосымша ережелер, нұсқау және басқа да материалдармен толықтырылып отырады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бекіткен «Қаржылық қорытынды есеп дайындау мен тапсыру жөніндегі Концептуалды негізінде» «Қаржылық қорытынды есеп саясатын ашып көрсететін, қосым- ша материалдар мен басқа да ақпараттардан тұратын қосымша түсінік- теме беріледі» делінген. Бухгалтерлік есеп тәжірибисінде қорытынды есеп

пен бухгалтерлік баланс тапсыру мазмұнын қосымша түсіндіруге арналған

ақпаратты- түсіндірме хат деп атайды.

Түсіндірме хат тәуекелшілік пен кейбір маңызы толық ашылмаған белгісіз факторларды қосымша түсіндіруге және ұйымдардың қаржылық нәтижесіне тікелей әсер етуші анықталмай қалған ресурстар мен міндеттемелер т.б. мазмұнын ашып көрсетуге арналады. Бухгалтерлік қорытынды есеп құрамына қосымша түрінде берілетін түсіндірме хат ұйым қызметі өрісіндегі есепті жылдың мәліметтерін өткен жылдармен салыстыру және бухгалтерлік баланстың маңызды баптарын қосымша бағалауға да арналған.

Егер қаржылық және бухгалтерлік қорытынды есеп жүйелерін дайындап тапсырған кездегі мәліметтер жеткіліксіз жасалып, мұндай кемшіліктер ұйымның қаржылық және шешім қабылдаушылық қызметіне кері әсерін тигізетін  болса, онда мұндай фактілер түсіндірме хатта қосымша есептеулер жүргізу және талдап жазу арқылы түсіндіріледі .