Шаруашылық жүргізуші субъектілердің есеп саясаты

Есеп саясатының әдістемелік бөлігі нақты шаруашылық ахуалынан,олардың қолдану тәртібінде белгіленген және бухгалтерлік есеп Стандартының біршама рұқсатымен бухгалтерлік есепті жүргізудің белгілі бір әдістерінен таңдап алу жолымен қалыптасады.Егер де стандартты бухгалтерлік есепті жүргізудің кейбір объектілері көрсетілмесе,онда бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілер мен заң талаптарына сәйкес,кәсіпорынның өзі есеп жүргізудің процедурасын дербес әзірлей алады.

Кәсіп бухгалтерлік есептің келесідей ережелерін өз бетінше шешуіне болады:

-келіп түскен негізгі құралдар объектісін бағалау-бухгалтерлік есептің №6-шы «Негізгі құралдардың есебінің» стандарттарындағы әдістемелік ұсынысына сәйкес, пайдалануға берілген және кәсіпорынның сатып алуға нақты шығындар негізінде, негізгі құралдар объектісінің бастапқы нүктесі анықталады; құрылтайшылардың берген объектілері-олардың өзара келісім бойынша; тегін берілген объектілер-эксперттік жолмен немесе алыс-беріс актілерінің мәліметі бойынша; ал кәсіпорынның өзі дайындаған объектілерінің-нақты өзіндік құны бойынша; айырбас нәтижесінде алынған объектілері- ағымдағы бағалары бойынша анықталады;

негізгі құралдың амортизатциясы-бухгалтерлік есептің №6-шы «Негізгі құралдардың есебінің» стандарындағы әдістемелік ұсынысына сәйкес, амортизацияны есептеудің келесідей тәсілдерінің бірін немесе бірнешеуін пайдалануына болады:құнын есептен шығарудың бірқалыпты әдісі;құнын есептен шығару үшін орындалған жұмыстардың пропорционалды түрде есептелінетін әдісі;құнын есептен шығарудың сандық сомасы бойынша есептелінетін әдісі;қалдық құнын азайтатын әдісі.Екі және одан да көп әдісті пайдаланған кезде, амортизацияны есептейтін тәсілін және негізгі құралдың қандай түрі бойынша пайдаланатындығын көрсету керек.Негізгі құралдың бір түрі бойынша амортизацияны есептеудің бір ғана әдісі пайдаланады;негізгі құралдың бір түрі бойынша амортизациялаудың әртүрлі әдісін пайдалануға болмайды;пайдалы қызмет ету мерзімі-кезеңі,негізгі құралды пайдаланудан алынатын экономикалық олжаны жобалау кезеңі;жою құны-есептен шығарылуымен байланысты шығындары,негізгі құралды жою барысында алынған запас бөлшектердің,қайтып пайдалануға жарайтын құндылықтардың құнын алып тастағаннан шығады;

-негізгі құралдарды жөндеу-жөндеу жұмысын жүргізудің кезеңдегі мен жөндеу жұмысының мерзімі;негізгі құралды жөндеуге арналған резерв қорларын жасауы;жөндеуді жүргізудің тәсілі туралы мәселені кәсіпорынның өзі шешеді;

-материалдық емес активтердің амортизациясы-әрбір материалдық емес активтердің әрбір түрінің пайдалануына қарап пайдалы мерзімі және амортизацияны есептеу әдісін әрбір кәсіпорын өз бетінше анықтай алады;

-болашақ кезеңнің шығыстары-кезеңдері нақты анықталмаған жағдайда,кезең барысында ол өнімнің өзіндік құнына жатқызылуы мүмкін,немесе басқа да көздерінің есебінен есептен шығарылуы мүмкін,бірақ аталған жағдайлардың барлығы да,яғни олардың кезеңін және есептеп шығару тәртібін кәсіпорынның өзі анықтайды;

-алдағы шығыстар мен төлем резервтері-кәсіпорын қандай резервтерді және қандай көлемде құруды және олардың пайдалану тәртібін анықтап өзі шешеді,

-күмәнді қарыздар бойынша резервтері- кәсінорын түгендеу мәліметтерінің негізінде дебиторлық қарыздардың қандайы күмәнді болып табылмайтындығын,резервтерді құрудың әдісін және резервтеуге жататын шығындарын өзі таңдай алады;

-қаржылық инвестиция-кәсіпорын ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияны есепке алудың жолдарын өзі қарастырады;қайта бағаланатын құнын ескере отырып, сатып алу құны бойынша немесе ағымдағы мен сатып алу құндарынан алынған ең кіші бағасы бойынша;ұзақ мерзімді инвестицияның қайта бағаланған сомасын қалай көрсетудің мәселесін шешеді:демек ол табыс ретінде де,немесе таратылмаған табыс ретінде болуы мүмкін.

Еншілес,тәуелді және бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің инвестициясын есептеудің әдісін кәсіпорынның өзі таңдайды:үлестік қатысу әдісін немесе құндық әдісін.

табысты тану№5 «Табыс» деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес табыстар келесідей жағдайларды сақтаған кезде танылады:табыс сомасы бойынша дәлденген деңгейі бойынша бағаланады;экономикалық олжа дасалған мәмілемен байланысты,сондықтан оны алу ықтималдығы бар болса ғана,оны субъекті алады.Жалпы қағидасымен қатар,кейбір операциялары бойынша табысты танудың қосымша жағдайлары қарастырылуы мүмкін:

-тауарды сату бойынша-субъектінің сатып алушыға меншік құқығын беру;мәміле бойынша күтілетін немесе нақты шығыстар, барынша дәлденген деңгейде бағалануы мүмкін;

— көрсетілген қызметі бойынша-есептік күнге жасалған мәміленің біту сатысын барынша дәлденген деңгейде анықталады;мәмілені жүргізу кезіндегі жасалған мәмілені аяқтау үшін қажет шығыстары барынша дәлденген деңгейде анықталады;

-дивиденттер,пайыздар түріндегі табыстар-пайыздар активтерден алынатын нақты табыстарды ескеріп уақытша қатынастық негізде танылуы тиіс;роялтилер келісім-шарттың мазмұнына сәйкес есептелген әдісі бойынша танылуы тиіс;дивиденттер акционерлер оны алу құқын белгілнеген жағдайда ғана танылуы тиіс.Жоғарыда аталған барлық жағдайда табысты тек есептеу әдісі бойынша танылатындығы қарастырылған.Есеп саясатының техникалық бөлігін әзірлеген кезде келесідей мәселелер қарастырылуы тиіс:

-негізгі құралдарды жөндеу есебі.Негізгі құралды жөндеу бухгалтерлік есепте,оның құнын өсірмейтін сызбасының бірін қолдануы мүмкін:жөндеу жұмысының атқарылуына қарап ол өнімнің нақты өзіндік құнына жатқызылуы мүмкін немесе алдын ала құрылған жөндеу қорына жатқызылуы мүмкін.Аталған схемалардың бірін таңдау, кәсіпорынның қай салаға жататындығымен де байланысты болып келеді;

 -материалдардың есебі.Өндіріске жатқызылатын материалдық ресурыстарының нақты өзіндік құнын анықтау тәсілі туралы шешім қабылдау қажет:орташа өлшенген құны бойынша әдісін;ФИФО әдісін,ЛИФО әдісін немесе арнайы теңестірілген әдісін таңдайды.Шаруашылық жүргізуші субъекті аталған әдістердің бірін ғана таңдай алады және ол барлық тауарлы-материалдық құндылықтарға пайдалануы тиіс,мысалы:

Іске асырылып келе жатқан бухгалтерлік есеп ережелеріне сай ұйымдар өз иелігіндегі тауарлы-материалды босалқыларды көптеген әдістермен,тәсілдер арқылы бағалауына және қайта бағалауына болады.

ТМБ:нақтылы өзіндік құнымен,есепті бағамен,орташа өлшенген бағамен,ФИФО,ЛИФО әдістерімен,бөлшек саудадағы бағамен бағаланады.

ТМБ-ны өзіндік құнымен бағалау-құндылықтарды сатып алуға немесе дайындауға жұмсалған шығындар сомасынан тұрады.ТМБ-ны есепті бағамен бағалау арнайы мерзімде қайта бағаланып отыратын белгілі кезеңде көрсетілген есепті баға мөлшерінен тұрады.Есепті бағамен бағаланған құндылықтар алдағы жұмсалатын шығындарға тән болады.

Орташа өлшенген баға сатуға жарайтын құндылықтардың орташа құнын есептеу арқылы шығарылып отырады.Орташа құн барлық босалқылар сомасын босалқылардың санына бөлу арқылы шығарылады.

Келесі әдіс ФИФО әдісі.Бұл әдістің мағынасы-бірінші түскен ТМБ-ның құнымен-бірінші кезекте сатылады немесе бұрынғы түскен ТМБ ең әуелі сатылады.

ЛИФО әдісі бойынша алғашқы сатылып алынған босалқыларды бағалау.Бұл әдістің мақсаты-сатылған өнімдердің өзіндік құнын соңғы сатылып алынған шығындар сомасына барынша жақындату.

Бөлшек саудадағы бағамен ағалау-есептегі тауарлар бұларды сатуға дейін сатып алу бағасымен бағаланады.

Мысал: Босалқыларды бағалау әдісін төмендегі мәлеметтермен көрсетеміз.

Алғашқы

мәліметтер саны

саны бағасы (теңге) сомасы
Босалқылар қалдығы 400 15 6000
Түсті (5.04.2007) 300 17 5100
Сатылды (7.04.2007) 200 -? —?
Түсті (15.04.2007) 400 13 5200
Сатылды (18.04.2007) 300 -? —?
Түсті (24.04.2007) 100 12 1200

Орташа бағамен бағалау әдісі

Босалқылар қалдығы 400×15=6000теңге

Сатып алынды 300×17+400×13+100×12=11500теңге

Сатуға жарамды тауарлар 1000 өлшем 11200 теңге

Орташа баға (11200:1000)=11,2 теңге

Соңғы қалдық 300×11,2=3360 теңге

Сатылған өнімнің өқіндік құны 11200-3360=7840 теңге 

Орташа бағамен бағалау әдісін сабақтастық жолдармен көрсету

Ай-күні Түскені, теңге Сатылғаны, теңге Қалдығы, теңге
 1 сәуір                 400×15=6000
 5 сәуір 300×17=5100         — 11100 теңге,орташа баға=11100:700=15,9
 7 сәуір         — 200×15,9=3180 500×15,9=7950
 15 сәуір 400×13=5200        13150теңге, орташа баға=13150:900=14,6
 18 сәуір       — 300×14,6=4380 600×14=14,6=8760
 24 сәуір         — 9960 теңге,орташа баға=9960:700=14,2
 Жинағы         X 7500теңге 9960 теңге

 

ФИФО әдісі

Ай-күні Түскені, теңге Сатылғаны, теңге Қалдығы, теңге
1 сәуір                 400×15=6000
5 сәуір 300×17=5100         — 400×15=6000

300×17=5100

  7 сәуір         — 100×15=1500

100×17=1700

500х17=8500
15 сәуір 400×13=5200        500×17=8500

400×13=5200

18 сәуір       — 100×17=1700

200×13=2600

600×13=7800

 

24 сәуір 100×12       — 600×13=7800

100х12=1200

Жинағы     — 7500теңге 9000 теңге

ЛИФО әдісі

Ай-күні Түскені, теңге Сатылғаны,теңге Қалдығы, теңге
1 сәуір      —

     —

 

400х15=6000
5 сәуір 300х17=5100     — 400х15=6000

300х17=5100

7 сәуір       — 100х15=1500

100х17=1700

500х15=7500
15 сәуір 400х13=5200     — 500х15=7500

400х13=5200

18 сәуір       — 300х13=3900 500х15=7500

100х13=1300

24 сәуір 100х12=1200      — 500х15=7500

100х13=1300

100х12=1200

Жинағы       — 7100 теңге 10000 теңге

ТМБ-ны бағалау әдістерін өзара салыстыру

Әдістер Сатылғаны,теңге Қалдығы,теңге
Орташа баға 7560 9960
Фифо 7500 9000
Лифо әдісі 7100 10000

 Салыстыру нәтижесінен,біздер бағаның өсуі жағдайында ФИФО әдісін қолдануда табыс сомасы көбейетіндігін,ал ЛИФО әдісі табыстың азаюын,сондай-ақ,біздер өзіндік құн-аралық орта көрсеткіштері көрсететіндігін көрдік.

— басқарушы есеп.Есептің бұл түрі сыртқы пайдаланушылардың кең түрде пайдалануына арналмаған,сонымен қоса,оның есеп беру талабына сай келетін үйлестірілген регистрлері де жоқ,сондықтан оны ішкі бақылау мен жоспарлау мақсатында пайдаланады.Жалпы тұрғыдан алғанда,кәсіпорын ол үшін шоттардың Бас жоспарындағы шоттарды немесе өндіріс шоттарының жүйесіне қосымша немесе жекелеген шоттарын қолдануына болады.Бірақ ол кезде кәсіпорынның құрамы,құрылымы және ұйымдық ерекшеліктері ескеріледі;

-өндіріске кеткен шығындар мен өнімнің өзіндік құны калькуляциялау есебінің әдісі.Кәсіпорын калькулясиялау мен есеп объектісін,шығындарды жанама мен тікелей көрсету тәртібін анықтайды.Кәсіпорын өзінің негізгі қызметінің сипатына байланысты өзіндік құнның калькулясиялануы мен өндіріске кеткен шығынын есептеу үшін нормативтік немесе тапсырыстық,немесе бөлістік әдістерінің бірін немесе бірнешеуінің үйлескен түрін таңдай алады.

Таңдап алынған әдістердің жинақ есебі шалафабрикаттық немесе шалафабрикатсыз нұсқамасымен жүргізілуі мүмкін.

үстеме шығыстарын есептеу және тарату.Кәсіпорын №7 «Тауарлы материалдық-материалдық запастардың» бухгалтерлік есеп стандартында келтірілген әдістемелік ұсыныстамасында үстеме шығыстарын құрайтын шығындар тізіміне өндіріс қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, қосымшалар мен өзгерістерді енгізуге құқылы;құрал-жабдық пен машинаны пайдалану және күтіп ұстау шығыстары,өндірісті игеруге және пайдалануға кеткен шығыстары және басқа да осындай жағдайларға кеткен шығыстары үстеме шығыстарының құрамында,олардың үлес салмағы айтарлықтай көп болмаса,онда олардың есебі жекелеген субшоттарда жүргізілуі мүмкін;үстеме шығыстардың сметалық мөлшерлемесін есептеудің әдістемесі мен олардың тарату тәртібі де көрсетіледі:жоспарлы калькулясияға енген,үстеме шығыстарының нормативтік деңгейіне пара-пар етіп, тікелей материалдық шығыстарына пара-пар етіп, тікелей нақты еңбекақы шығыстарына пара-пар етіп,немесе оңайлатылған экономикалық әдістерді пайдалану арқылы жанама шығындары таратылды,мысалға,бұйымның тұтыну қасиетін және оның өңдеу шығысынан алынған күрделендірілген коэффициенттері бойынша;

-мүліктер мен міндеттемелерді түгендеу.Міндетті түгендеумен қоса,құндылықтардың нақты барын тексеру үшін біршама қосымша түгендеулер де жүргізілуі мүмкін.Бұл кезде кәсіпорын олардың кезектігін,түгендеуді жүргізудің күнін, мүліктер мен міндеттемелердің тізімін белгілейді;

-бухгалтерлік есеп нысаны.Кәсіпорын бухгалтерлік есеп нысанын өзі таңдай алады,олардың тізімін және есеп регистрлерін,жүйелілігін,жасау техникасын,өзара байланысын анықтайды;

-нақты пайдаланылатын шоттар жоспары.Кәсіпорын шоттардың Бас жоспарын басшылыққа ала отырып,өздеріне пайдаланатын шоттарын іріктей алады,яғни оның құрамына кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін және қаржылық жағдайын,мүліктік құрамын көрсететін синтетикалық шоттарын енгізеді.Содан кейін синтетикалық шоттарына тиісті субшоттарының тізімін жасайды.Сонымен қатар,кәсіпорын аналитикалық есептерінің де толық номенклатуралық объектілерін және олардың кодтық белгілерін белгілейді.Бұл кезде басқарудың,талдаудың,бақылаудың және есеп берудің мақсатын ескереді. Қажет болған жағдайда,арнайы операцияларды көрсету үшін,шоттардың Бас жоспарына кәсіпорын қосымша шоттарды пайдалануына болады.Бірақ ол жағдайда,ол шоттардың Бас жоспарында қаралған негізгі әдістемелік қағидасын сақтауы керек;

-өндіріс ішіндегі есеп беру.Ішкі есеп беруді жүргізудің барлық мәселесін кәсіпорынның өзі шешеді,оның кезектілігін,есеп беру нысаны мен құрамын және есепті беру мерзімін,сондай-ақ потенциалды пайдаланушыларын,есепті жасауға жауапты тұлғаларын анықтайды.Есеп саясатының ұйымдастырушылық бөлігі келесідей мәселелерді қарастырады:

-бухгалтерлік қызметтің құрылымы мен ұйымдастырушылық нысаны.Кәсіпорын құрылымдық бөлімше ретінде,өзінде бухгалтерияны ұстау керек пе,жоқ, әлде келісімшарттық негізде тиісті мамандарды жалдау керек пе;бухгалтерлік қызметтің жұмысын қалай ұйымдастыру керек,яғни есеп персоналдарының саны қандай болуы керек,қандай бөлімдер қажет,олардың бағыныштылығы қалай болуы керек деген мәселелерді өзі шешеді.Бірақ барлық жағдайда кәсіпорынның басшысы бухгалтерлік есептің дұрыс ұйымдастырылуына қажетті жағдайларды жасауы керек.

-есепті орталықтандыру деңгейі.Кәсіпорынның нақты қызметінің жағдайына байланысты есеп орталықтандырылған нысанда ұйымдастырылуы мүмкін,ол кезде кәсіпорынның барлық бөлімшелері біртұтас есептік жұмысқа біріктіріледі;ал орталықтандырылмаған жағдайда,кәсіпорынның жекелеген құрылымдық бөлімшелері дербес бухгалтерия құрып,балансқа дейінгі есеп жұмысының барлық циклын толығымен аяқтап,кәсіпорынға тек балансты жасауға тиісті мәліметтерді береді;

-ішкі өндірістік бақылау.Кәсіпорын ішкі өндірістік бақылау жүйесінің қандай болуын және олардың басты элементтерін анықтап,олардың ішінен алғашқы есептік құжаттарды жасап және рәсімдеп отыратын жауапты тұлғаларды белгілеп бөліп отыруын,олардың есеп қызметіне дер кезінде берілуін және т.б. осы сияқты мәселелерін шешеді.Әрбір қызмткерлердің жауап беретін аясы мен міндеттері айқындалады.

Есеп саясатын негіздеу және талдау кезінде барынша жалпы танылған талаптар мен қағидалар басшылыққа алынады және оны сақтаған жағдайда кәсіпорын үшін де,жалпы республика бойынша да шаруашылық жағдайына бейімделген есеп саясатын қалыптастыру мүмкіндігі туады.

Есеп саясатын құрудың негізгі қағидалары мен талаптары №1 БЕС жан-жақты берілген.

Атап айтқанда,есеп саясатын әзірлеген кезде кәсіпорын өз мүліктері мен міндеттемелерін басқа кәсіпорынның мүліктері мен міндеттемелерінен бөліп көрсетуі тиіс,кәсіпорын өзінің көз жетерлік болашақ кезеңінде өз қызметін тоқтату жөнінде ниетінің жоқтығын білдірсе ,онда толассыздық,үздіксіздік қағидасын сақтаған болып табылады,кәсіпорын өзі таңдап алған бухгалтерлік есепті жүргізудің тәсілін жүйелі пайдаланып,тек тиімді түзетулерді ғана жасап отырса,онда ол жүйелік қағидасын сақтағаны,ал егер кәсіпорында орын алған барлық шаруашылық фактілерін сол кезеңіне жатқызылатын болса,онда мерзімділігі анықталған қағидасын ұстағаны болып табылады.Бұдан басқа,мынадай талаптарды да ұстағаны жөн,атап айтқанда:

-шаруашлық қызметінің барлық фактілерін бухгалтерлік есепте толығымен көрсету;

-сақтық жағдайын ұстау керек,яғни бухгалтерлік есепте жоғалту мен пассивтерді көрсетуге дайын болуы тиіс,активтер мен пассивтерге қарағанда;

-шаруашылық нысанының басымдылық мазұнын,яғни шаруашылық қызметінің барлық фактілерін есепте көрсетілуін қамтамасыз ету керек,демек оның тек құқықтық негізін ғана емес,сонымен қатар,пайда болған шаруашылық ахуалын,оның экономикалық мазмұнын да қамтуы керек;

-қайшылықсыз деп әрқилы есеп түрлерінен қалыптасқан мәліметтердің сәйкестігін,бухгалтерлік есеп беру көрсеткіштерінің және синтетикалық,аналитикалық есеп мәліметтерінің ұқсастылығын айтады;

-ұйымдылық кәсіпорынның көлемімен,оның қызмет масштабына лайықты келетін есепті жүргізудің қолайлылығын білдіреді.

Аталған қағидалар мен талаптар кез келген кәсіпорынның есептік саясатын әзірлеу барысында оның негізін қалайды.Егер де олар толығымен сақталмаса,онда бухгалтерлік есепті жүргізудің дұрыс еместігі ретінде танылуы және кәсіпорынның мәліметтерінің бұрмалануы мүмкін.