Сот алдында жауап беретін және сотқа шағымдана алатын,өз алдынан жеке мүліктік құқын жүзеге асыра алатын, сол мүліктерді өз қалауынша оперативтік тұрғыда басқара алатын немесе шаруашылықты жүргізуге меншік құқығы бар ұйымдарды заңды тұлғалар деп атайды немесе солай деп танылады.
Филиалдар бұл заңды тұлғалардың тұрған жерінен тыс жерде орналасқан және оның барлық немесе кейбір қызмет түрлерін жүзеге асыратын дараланған бөлімшелері болып табылады, оның ішіне өкілдік қызметі де кіреді.
Филиал да, өкілдікте заңды тұлға боп табылмайды. Заңды тұлға коммерциялық та, коммерциялық емес те болуы мүмкін, біріншісінің мақсаты барынша табыс табу және оны өз қалауынша тарата алады, ал екіншісінің өз қалауынша табыс табу мүмкіндігі де және таза табысын өз қатысушыларының арасында болу жағдайында шектелген.
Коммерциялық ұйымдар тек келесідей нысанда құрылуы мүмкін:
-шаруашылық серіктестіктер;
-акционерлік қоғамдар;
-өндірістік кооперативтер;
-мемлекеттік кәсіпорындар.
Коммерциялық емес ұйымдар заң актілерімен қаралған діни бірлестіктерден, қоғамдық қорлардан, тұтыну кооперативтерінен, акционерлік қоғамдардан, қоғамдық бірлестіктерден және тағы басқа
ұйымдық нысандандарынан құрылуы мүмкін.
1.Шаруашылық серіктестіктер.Құрылтайшылардың қосқан үлесі бөліп көрсетілген жарлық капиталы бар, коммерциялық ұйымдар шаруашылдық серіктестігі болып табылады. Құылтайшылардың салымдарының есебінен құрылған, сондай-ақ серіктестіктің шаруашылдық қызметінде шығарылған және сатып алынған мүліктер серіктестіктердің меншігіне жатады.
Қазіргі кезде шаруашылық серіктестіктер толық және коммандиттік серіктестіктер болып құрылады.
Толық серіктестік- серіктестіктің қатысушылары толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікке ортақ жауапкершілікте болады.
Коммандиттік серіктестік –серіктестік міндеттемелері бойынша өзінің барлық мүлкімен қосымша жауап беретін толық серіктестіктерден және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруына араласпайтын, жауапкершілігі серіктестік мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін қатысушылардан тұрады. Коммандиттік серіктестіктердің қызметіне араласатын толық серіктестіктің құқылы ережесі және олардың міндеттемелері бойынша жауапкершілігі толық серіктестіктің құқылы ережесі және олардың міедеттемелері бойынша жауапкершілігі толық сріктестіктің тәртібімен анықталады.
2.Қосымша және жауапкершілігі шектеулі серіктестік.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС ).ЖШС жарлық капиталы бір немесе бірнеше серіктестік деп танылады , олардың қосқан үлесі құрылтайшылардың құжаттарында бөліп көрсетіледі; олар өздерінің қосқан салымдардың құны шегінде ғана алған міндеттемесі мен тәуекелділік залалы бойынша жауап береді. Серіктестікке қатысушылардың саны елуден аспауы керек. Олбір ғана тұлғадан тұратын, басқа да серіктестіктердің жалғыз қатысушысы ретінде болуына болмайды.
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік. Мұндай серіктестіктің қатысушылары оның міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық капиталдағы салымдарымен, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда –қосымша өздері еселеген мөлшерінде салған салымдармен өздеріне тиесілі мүлкіне жауап береді.
3.Акционерлік қоғам — өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражаттарды тарту мақсатында акция шығарумен айналысатын заңды тұлға. Қоғам акционерлері өзінің міндеттемесі бойынша жауап бермейді және олардың қызметімен байланысты өздеріне жарататын акцияларының құнының шегінде тәуекелділіктен алған зиянды шегеді. Акционерлік қоғам ашық, жабық және ашық халықтық қоғам болып бөлінуі мүмкін.
Ашық акционерлік қоғам- өздерінің шығарған акциясын ашық,жеке,жабық түрде орналастыруына құқығы бар.Мұндай қоғамның қатысушылары өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз иеліктен шығара алады.
Жабық акционерлік қоғам.Мұндай қоғамның акциялары тек қана өз құрылтайшылары ішінде немесе алдын ала белгіленген тұлғалар шеңберінде таратылады.Егер де жабық акционерлік қоғамның акционелерінің саны жүзден асып кетсе,онда келесі үш айдың барысында акционерлердің жалпы жиналысында қоғамның типін өзгертуге,яғни ашық акционерлік қоғамға айналуына шешім қабылдауына болады.
Ашық қоғамның акциялары,бағалы қағаздардың нарығына қарап бағаланады және ондағы активтердің құны екі жүз мың айлық есепті көрсеткішті құраса және акционерлердің саны бес жүзден кем болса,онда ол ашық халықтық қоғам болып табылады.
4.Өндірістік кооператив-бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізінде,олар өзінің еңбек етуімен тікелей қатысуының негізінде және мүліктік пайларын мүшесі ретінде біріктірудің негізінде құрылған азаматтық ерікті бірлестік.Кооператив мүшесі екіден кем болмауы тиіс.Кооператив мүшелері заңда қаралған тәртіп пен деңгейде қосымша міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болады.
5.Мемлекеттік кәсіпорын.Мемлекеттік кәсіпорынға жататындар:
-шаруашылықты жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорын.Ол өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікке жауап береді,бірақ мемлекет міндеттемелері үшін жауапты болмайды;
-ағымдағы басқару құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорын,Қазақстан Республикасы үкіметінің немесе жергілікті атқару органының шешімімен құрылады.Қазыналық кәсіпорынның шаруашылық қызметі оның Жарғысында көрсетілген мақсаттармен және міндеттермен анықталады.Қазақстан Республикасы немесе жергілікті әкімшілік-аумақтық бөлініс қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша жәрдем беру жауапкершілігін өз мойнына алады.
6.Комерциялық емес ұйымдар.Оларға:мекемелер,қоғамдық бірлестіктер,қоғамдық қорлар,тұтыну кооперативтері,діни бірлестіктер,қауымдастық нысанындағы бірлестіктер жатады.
Шаруашылық жүргізуші субъект қызметінің мақсаттарын оның меншік иесі белгілейді.Ол егер заңмен тыйым салынбаса және субъектінің жарғысына жауап беретін болса,онда ол кез келген қызмет түрін жүзеге асыруына болады.
Мемлекеттік мүлікті басқаруға уәкілетті органдар,басқа заңды және жеке тұлғалар субъектінің құрылтайшылары бола алады.Шаруашылық жүргізуші субъектіні бір немесе бірнеше құрылтайшылар құрып,ол мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды тұлға құқығына ие болуы мүмкін.Меншік иесінің рұқсатымен шаруашылық жүргізуші субъект заңды тұлға құқығы бар еншілес субъектілерді,сондай-ақ филиалдар,өкілдіктер,бөлімдер және басқа да ерекшеленген бөлімшелер құра алады.
Субъектінің құрылтайшылары бекіткен жарғы негізінде қызмет етеді.Жарғының мазмұны заңға қайшы келмеуі керек.Жарғыда шаруашылық жүргізуші субъектілерінің түрлері,оның атауы,орналасқан жері,қызметінің мәні мен мақсаттары,басшысының өкілеттіктері,басқару және бақылау органдары,олардың қабілеттілігі,субъектінің мүлікті қалыптастыру және табысты бөлу тәртібі,қайта құру және қызметін тоқтату тәртібі белгіленеді.
Негізгі қорлар мен айналым қаражаттары,сондай-ақ субъектінің дербес балансында көрсетілетін құндылықтары субъектінің мүлкін құрайды.
Субъектінің мүлкін қалыптастырушы көзі болып мыналар саналады:құрылтайшылардың ақшалай,материалдық және басқа да жарналары;қызмет нәтижесінен алынған табыстары;бағалы қағаздардан түскен табыстары;банктер мен басқа несие берушілердің кредиттері;бюджеттен берілген күрделі салымдары және демеу қаражаттары;қайтарусыз немесе қайырымдылық жарналары;ұйымдардың,кәсіпорындардың және азаматтардың құрбандықтары;Қазақстан Республикасы заңдары тыйым салмайтын өзге де табыс көздері.