Атлантикалық блок ішіндегі Еуропа елдердің дербес одағын құру француз жоспарлары француз-американ және француз-ағылшын қайшылықтарын шиеленістірді. АҚШ басшылығы бірнеше жылдар бойы өзінің қамқорлығымен батыс еуропалық мемлекеттердің бірігуін жақтады. Сол кезде де Голль жоспарларында американ экономикалық және саяси гегемониясына қауіп тенді.
АҚШ үкіметі сол кезде кең атлантикалық қауымдастықтың ұйымының жобасын кездеді, осы ұйымның мүшелері өзінің қарулы күштері және сауда-экономикалық жүйелерін біріктіру керек еді. Жаңа американ жобасы «Кеннедидің ұлы жобасы» деп аталынды. Жоба бойынша НАТО-ның барлық мүшелері, оның ішінде, Англия кіретін кең экономикалық қауымдастық құру болды. АҚШ жобасы екіжақты мақсатты алға тұтқан болатын: біріншіден, «алтылықка» экономика және саяси-стратегиялық жағынан дербес бірлестік болуға кедергі жасау; екіншіден, Батыс Еуропа мен АҚШ-тың «қырғи-қабақ соғысында» социализмге қарсы бірлігін сақтау.
Англияның үкіметі Кеннедидің жоспарын қолдады және осылайша Еуропа ЕЭҚ және ЕЕСА болып екі бәсекелес экономикалық блокқа белінеді.
Кең атлантикалық экономикалық қауымдастықты құруға ұмтыла отырып, АҚШ пен Англия «алтылық» Еуропаға Англияның қабылдануына бар күшін салды. 1960 жылдың соңы мен 1961 жылдың басында Англия Еуропалық саяси одақты құру туралы келіссөздерге қатысуға ниетті екендігін білдіреді. Шарль де Голль мен Аденауэр өзара кеңестен кейін, егер де Англия Рим келісімінің міндеттемелерін өзіне алса, яғни, жалпы белгіленген негіздерді «Ортақ нарыққа» кірсе ғана «алтылықтың саяси келіссөздерде қатыса алатыны» туралы айтылады. 1961 жылы 31 шілдеде Г.Макмиллан Англия «Ортақ нарыққа» кіру туралы келіссөздерді бастайтыныдығын мәлімдейді.
Мұндай шешім бірқатар экономикалық және саяси себептермен түсіндіріледі: 1) ағылшын экономикасындағы күйзеліс; 2) Англияның халықаралық рөлінің төмендеуі; 3) Франция мен ГФР бастамасымен Батыс Еуропады Ағылшындарға қарсы блоктың құрылу қаупі; 4) өз басқаруымен батыс өлемінде «бірлікке» қол жеткізген АҚШ-тың қысымымен құрлықта американ монополиялары өздерінің экономикалық және саяси-стратегиялық позицияларын сақтау.
Осындай халықаралық жағдайда 18 айға созылған Англияның «Жалпы нарыққа» кіру туралы келіссөздер басталады. 1962 жылы қаңтарда Кеннеди үкіметі сауданың дамуы туралы заң конгресске талқылауға береді. Бұл заң АҚШ пен «Жалпы нарық» мемлекеттерімен сауда қатынаста баж салығының 50%-ке өзара темендетілуі және белгілі бір тауарларға баж салығының толықтай жойылуы көзделді. АҚШ осылайша оқшауланған «кіші Еуропаны» құруға ұмтылған де Голльдің жоспарын жоққа шығарғысы келді.
Кеннедидің бұл жоспарын конгресс қабылдап, 1962 жылы бұл заң күшіне енеді. Осыған қарамастан, француз басшылары өз позициясын өзгерткен жоқ. Керісінше, 1963 жылы қаңтарда генерал де Голль үкіметі Англияның «Ортақ нарыққа» кіруіне вето жариялайды. Оның негізгі себебі, Францияның «атомдық клубта» орын алу жоспарлары мен Батыс Еуропаның АҚШ-тан тәуелсіздікті қамтамасыз етумен байланысты болған.
Сол уақыттарда Англия АҚШ-ң үлкен әріптесі әрі одақтасы болатын. Шарль де Голльдің пікірінше, атлантикалық блокта ерекше орынға ие болған Англияның «Жалпы нарыққа» кіруі АҚШ-пен тығыз байланыста болған «біріккен Еуропада» көшбасшылыққа талаптанған қарсылыастың келуі мүмкін болатын еді.
Алайда, брюссель келіссөздері барысында ресми түрде Англияның «Ортақ рынокқа» кірудің экономикалық шарттары талқыланды. Англия бірқатар жеңілдіктерге жол бере отырып, алайда ЕЭҚ-қа кіру үшін белгілі бір жағдайларды талап етеді. Франция болса, Англия ЕЭҚ-қа қандай да бір маңызды артықшылықтарсыз кіруін талап еткен болатын. Ағылшын дипломатиясы бұған қарсы болғандықтан, генерал де Голльдің бастауымен келіссөздер түйыққа тіреледі. Бірақ бұл істің астыртын жағы да болған. Брюсселдегі ресми келіссөздермен қатар, Шарль де Голль мен Макмиллан арасында бейресми келіссөздер өткен болатын. Олардың барысында генерал де Голль француз атомдық күшін, АҚШ-тан тәуелсіз еуропалық атомдық күштерін құруға және де голльдік еуропалық концепциясын қолдауды сұраған болатын. Бұндай қадамдар ағылшын жағынан жасалынса, де Голль Англияның «Жалпы рынокқа» кіруін қолдайтынын көрсетеді. 1962 жылдың маусымында және желтоқсанында келіссөздер жүргізіледі. Ағылшын-француз жақындасуы Баюм аралдарында Нассауда өткен АҚШ пен Англияның басшыларының кездесуінен кейін бұзылады. Нассаудағы келісімі бойынша, ағылшын ядролық күштері НАТО-ның көпұлтты күштеріне кіретін болды. Макмиланның осындай қадамдарына байланысты де Голль Англияның «Жалпы Рынокқа» енуіне вето жариялайды.
Шарль де Голльдің Англияға қатысты саясаты «Еуропалық еуропа» құру идеясына байланысты болған еді. 1963 жылы қаңтарда Англияға жарияланған ветодан кейін француз-ағылшын қатынастары тұйықққа тіреледі. Бұл 1963-1964 жылдарға дейін, яғни үкімет басына лейбористердің келуіне дейін жалғасты.
Вильсон үкіметі құрылғаннан кейін 1964 жылдың қазан айында Бесінші республика басшылары Англиямен қатынастың жандануына өз мүдделілігін білдіреді. Алайда ағылшын лейбористері сыртқы саясатта басты өзгерістер енгізген жоқ.
1966 жылдың қараша айында Вильсон үкіметі ресми түрде «Ортақ нарыққа» кіру туралы келіссөздерді жалғастыру инициативасын алға тартады.
Сол жылдың қаңтар-наурыз айларында Вильсон «алтылықтың» басқа мемлекеттерімен келіссөздер жүргізеді. Англияның сыртқы істер министрі болған Дж.Браун 5 қазан 1967 жылы былай деген болатын: «Мен үшінші күшіті қаламаймын. Мен одақтар жүйесінде қалғым келеді».
Англия мен оның одақтастарының «Ортақ нарыққа» кірудегі ұстанған бағыты негізінен АҚШ-ң экономикалық, саяси және стратегиялық мүдделеріне сәйкес болған еді.
Англияның «Ортақ нарыққа» кірудегі екінші әрекеті француз жағынан қарсылыққа тап болды. Бұл ретте Шарль де Голль Англияның Еуропалық экономикалық қауымдастыққа кіруіне ғана емес, онымен келіссөздер жүргізуден бас тартады. Бесінші республиканың басшылары Англияның «алтылыққа» кіретін болса, ол жалпы ауылшаруашылық рыногын құру туралы қиындықпен қол жеткізілген келісімнің шарттарын орындамайтындығынан, жалпы француз жағы мүдделі болған шарттарды орындамайтындығынан қауіптенді, сондай-ақ де Голль және оның үкіметі саяси және әскери-стратегиялық себептерге байланысты қарсы болды, өйткені Англия АҚШ-пен ерекше қатынаста еді.
1967 мен 1968 жылдары де Голльдің антиағылшын «блокадасын» жоюмен Вильсон тырысқан болатын. Осылайша Франция Англияның «Ортақ нарыққа» кіру әрекеттерін басып тастады.