Шарль де Голльдің өз саясатын жүзеге асырудағы «Фуше жоспарларының» мәні зор.
1958 жылы қыркүйекте Ж.Рюэфф басшылығымен эксперттер комитеті құрылды. Бұл комитетке «Ортақ нарық» механизмін күшіне енуге Франция экономикасын дайындауға тапсырма берілді. Комитет жасаған ұсыныстар 1958 жылы желтоқсанда үкіметтің экономикалық және қаржы бағдарламасына айналды. Бірқатар шаралардың жасалуына байланысты Франция ЕЭҚ үшін өтпелі кезеңнің мерзімін қысқартуды ұсынды. Бірақ Францияның бұл ұсынысын қалған мүшелер қабылдамады, әсіресе ГФР. Бұл мемлекет «кедендік қарусыздандыруды» «алтылық» пен «жетілік» (Еуропалық еркін сауда ассоциациясы) арасында келісімге қол жеткізбейінше кейінге қалдыру керек деп ұсынды. Алайда барлық қарсылықтарға қарамастан, «кедендік қарусыздандыру» туралы француз ұсыныс қабылданды.
«Экономикалық интеграциядағы» генерал де Голльдің дипломатиясы осымен шектелген жоқ. 1959 жылы француз өнеркәсіп пен сауда министрі М.Жанненэ ЕКББ құрылуы туралы Париж келісімін өзгертуге және осы келісімді Рим келісмімен ауыстыруға ұсынды. Бірақ «Ортақ нарықтағы» әріптестері бұл ұсынысты қабылдаған жоқ.
Еуропалық экономикалық интеграция жүйесіндегі ұлт үстіндегі элементтерді жоюға бағытталған француз курсы, 1960-1962 жылдары Батыс Еуропаның саяси бірігу жоспарын талқылағанда анық көрінді. 1960 жылдың ортасында халықаралық жағдай шиеленіскен кезінде Франция президенті өз жоспарларын жария етті. Алғашқы кезде бұл жоспарлар ресми түрде 1960 жылдың маусымында генерал де Голль мен Аденауэр келіссездер кезінде айтылған болатын.
Шарль де Голльдің егеменді мемлекеттердің одағына сүйенген конфедерациясы, яғни, Еуропалық саяси одақтың концепциясы «Мемлекеттер Еуропасын» құру идеясына негізделген болатын. Бұл терминді алғашқы рет М.Дебре Француз Ұлттық Жиналысының алдында сөз сойлеген кезде қолданған болатын, одан оны 1960 жылдың қыркүйек айында «Монд» газетінде пайда болған мақалада голлистік партияның депутаты Ален Пейрефит қолданған. «Мемлекеттер Еуропасы» тұжырымдамасында ұлтты еуропалық бірлестіктің легитимдік іргетасы ретінде мойындауы басшылыққа алынды. Ал бұл V республика үкіметінің ұлт ұстіндегі жүйесін жасаудан бас тартудың себебі болды. 1949 жылдың өзінде-ақ Шарль де Голль «Еуропалық қауымдастыққа енетін әрбір мемлекет өзінің ұлттық егемендігін сақтауы тиіс» деп тұжырымдаған болатын. 1960 жылы де голль қайтадан: «Біздің міндетіміз — Еуропаны біріктіру, ал бұл дегеніміз — еуропа халықтарын біріктіру, ал мемлекеттердің оның салдары болып табылады… ал бүған біріккен ұлттар өзінің ұлттық сипатын жоғалтпауы және олар мемлекет арасындағы ұйымдасқан ынтамақтастық жолыменен жүруі керек және бұл болашақта алып конфедерацияға алып келуі мүмкін. Франция бүгінгі таңда әлемнің тепе-тендегі ретінде көрініс тауып отырған мұндай Батыс Еуропаның қажеттігін мойындады». Шарль де Голль Францияны біріккен еуропаның басшысы ретінде қарастыра отырып, өзінің мемлекетін тәуелсіз ұлттық саясатты жүргізуге ғана құқықты емес, сонымен қатар Батыстың жалпы саясатын жасауға жауапты болатын ұлы держава айналдыруға ұмтылды.
Еуропалық сыртқы саясаттың координациялау мәселесі алғашқы рет генерал де Голльмен 1959 жылдың маусым айында Италияның премьер-министрі Фананимен кездесу барысында көтерілген болатын. Одан француз президенті еуропалық «алтылықтың» саяси одағы туралы өз концепциясын батысгерман канцлері Аденауэрге 29-30 шілде 1960 жылы Рамбуйде өткен кездесуде айтқан болатын. Бір жағынан, Шарль де Голльдің жоспары әлемдік аренадағы батысеуропалық континенталды блоктың саяси рөлінің ары қарайғы ұйымдасуы мен жоғарлауын ескерсе, екінші жағынан, ортақ Еуропаны құруда ұлт үстіліктің кеңеюіне қарсы бағытталған болатын. Тығыз мемлекетаралық ынтымақтастық принципі тек мемлекет басшылары мен үкімет басшыларына ғана таралған жоқ, ол сонымен қатар сыртқы істер министірлеріне, әскери министірлерге, экономика және мәдениет министірлеріне де қатысты еді.
Рамбуйдағы кездесуде Шарль де Голль мен Аденауэр 1961 жылы ақпанда Парижде өткен «алтылықтың» мемлекет басшыларының кеңесін шақыруға келіскен болатын. Бұл кеңесте француз презизенті алты мемлекеттердің «саяси мемлекетаралық ынтымақтастығын» құруға ұсынды. Нәтижесінде қатысушылар, яғни, генерал де Голль, ГФР канцлері ҚАденауэр, Италия премьер-министрі А.Фанфани, Бельгия үкіметінің басшысы Г.Эйскенс, Люксембургтың Үкімет басшысы П.Вернер және Голландияның үкімет басшысы Ж.-Э. Де Куаль тығыз ынтымақтастықтың формалары мен принциптерін айқындамай-ақ, сыртқы саясат, қорғаныс және мәдениет салаларында тығыз қарым-қатынас жүргізуге келісті.
Конференцияның аз жемісті болуы заңды еді. Біріншіден, мемлекетаралық бірігудің деголльдік тұжырымдамасы ЕЭҚ-ғы Францияның әріптес-мемлекеттері жақтаған саяси бірігудің ұлт ұстілік идеясына қайшы келді. Сонымен қатар, олар Еуропалық саяси бірлестіктің құрылуы генерал де Голльдің көп ретте қатал сынға алынатын АҚШ-мен тығыз әрі қалыптасқан байланыстарының жоғалуына алып келеді ден қауіптенген болатын. Келіссөздердің сәтсіздікке ұшырауына әкелмеу үшін кеңес болашақ саяси ынтымақтастығын ұйымдастыруға қатысты нақты ұсыныстар жасау міндеті бар «Ортақ рыноктың» өкілдерінен тұратын арнайы комиссия ИҮРУ туралы шешім қабылдады.
18 шілде 1961 жылы Боннда «алтылықтың» келесі кездесуі болып өтеді[1]. Онда жоғарғы деңгейде мемлекет және үкімет басшыларының жүйелі кеңес берулері арқылы саяси ынтымақтастықтың белсенді ету туралы келісімге қол жеткізілді. Олардың негізгі мақсаты Қауымдастық мемлекеттерінің сыртқы саясатын үйлестіру және Батыс Еуропа мен Солтүстік Атлантикалық одақтың саяси тұтастығын нығайтудың бірлескен тұжырымдамасын жасау еді. Серіктестер болашақтағы Саяси одаққа қатысты мәселелердің жете зеттелуі үшін ЕЭҚ-ң сырқы істер министірлерімен тағайындалған мамандардан тұратын арнайы Халықаралық саяси комиссияны құрады. Оның қатысушыларымен бұл ұйғарылған одақ ортақ сыртқы саясат және қорғаныс жүргізу, мәдениет және ағарту саласында ынтымақтастықты ұлғайту және нығайту, сонымен қатар адам құқықтарын сақтау мақсатымен құрылған еді.
7 қыркүйек 1961 жылы Францияның Даниядағы елшісі, ЮНР голлистік партияның Басқарушы Кеңесінің мүшесі, деголльдік «Мемлекеттер Еуропасы» тұжырымдамасы шеңберінде Еуропалық саяси одақтың құрылуы идеясының иланған жақтаушысы Кристиан Фуше сол кезден бастап бұқаралық ақпарат құралдарында «Фуше Комиссиясы» деп атала бастаған Халықаралық саяси комиссиядағы француз делегациясының басшысы боп Шарль де Голльмен тағайындалады. Француз президенті ХСК жұмысын зер салып бақылап, француз делегациясының әрекеттерін басқарып отырған.
Бірінші рет Саяси комиссияның мүшелері, ЕЭҚ мүше-мемлекеттерінің алты делегациясы толық құрамда 28 қыркүйек 1961 жылы Парижде пленарлық отырыста кездесті. Бельгиялық делегацияны барон Олве, батысгермандық делегацияны Жансен, итальяндық делегацияны Каттани, люксембургтық делегацияны Пескатор, голландық делегацияны де Вос ван Стинвийк, француздық делегацияны Фуше басқарды. Отырыста Италия, Бельгия, ГФР және Люксембург үкіметтерімен ұсынылған келісімнің төрт жобасы қарастырылады. Келіссөздерге дейін Италия, ГФР және Люксембург, негізінен, үкіметаралық саяси ынтымақтастық туралы де Голльдің ұсыныстарын қолдап, алайда «алтылық» мемлекеттердің саяси бірігуі ЕЭҚ болып табылатын экономикалық негіздің ұстінде тұрған тек қондырма болады деп санай отырып, «Ортақ нарықты» құру туралы келісіммен қарастырылған құрылған органдарды (Министірлер Кеңесі, Экономикалык Комиссия, Ассамблея және Сот) сақтауды талап еткен болатын. Бельгиялық делегациядан басқа барлық делегациялар ұлттық үкіметтердің бақылауының астында әрекет ететін Одақтың тағы бір орғаны Саяси комиссияны құруға өз келісімдерін білдіреді. Бельгиялық үкімет федеративті, ұлт ұсті негізіндегі Саяси одақтың құрылуын жақтады.
Халықаралық саяси комиссияның 19 қазан 1961 жылы откен келесі отырысы «Фуше жоспары I» деп аталатын саяси одақтың француз жобасын талқылауға арналған болатын. Ол преамбуладан және Одақтың мақсатына, Одақтың органдарына, Одақтың мүше-мемлекеттерінің міндеттемелеріне, Одақтың қаржысына, негізгі жарлықтарына арналған бес белімдерден тұрды және Одақ терминімен керсетілген мемлекеттердің Саяси одағын бекітті. Саяси одақ мүше-мемлекеттердің арасындағы ынтымақтастық жүйесіне негізделді және бұзылмайтын еді. Құжаттың преамбуласында құрылған Қауымдастықтардың органдарының прерогативаларын сақтау кепілдіктері жайлы айтылды, алайда Одақтың алты мүше-мемлекеттің еуропалық саясатының НАТО-ның қалған мүшелерімен, әсіресе, Ұлыбритания мен АҚШ-мен жүргізілген саясатпен қатысы арнайы түрде жария етілген жоқ.
Саяси одақтың негізгі мақсаттары келесілер болды: 1) Одақтың барлық мүшелерінің мүдделері үшін ортақ сыртқы саясат жүргізу; 2) ғылым және мәдениет саласында мүше-мемлекеттер арасында тығыз қарым-қатынас; 3) серіктес-мемлекеттерде адам құқықтарын, негізге алынатын бостандықтар мен демократияны қорғау; 4) ортақ қорғаныс саясатын жүргізу (2 бап).
Келісімнің жобасы еуропалық ұйымдарда құрылған аналогтарынан тәуелсіз Одақтың органдарын құруды жоспарлады. 5 бабына сай, Одақтың басты орғаны— Кеңес мемлекет немесе үкімет басшылары деңгейінде төрт айда бір рет, ал сессиялардың араларында сыртқы істер министірлері деңгейінде төрт айда бір реттен кем емес кездесіп отыруы тиіс еді. Кеңестің шешімдері бір ауыздан қабылдануы тиіс болатын, оның қаулылары дауыс беруден қалып қалған мемлекеттер үшін міндетті емес еді.
Одақтың басқа орғаны— ЕЭҚ, ЕКББ және Еуроатом үшін бір, бірақ ЕЭҚ пен Саяси қауымдастықта әр түрлі прерогативаларға ие болған Еуропалық парламенттік ассамблеяда тек кеңес беру прерогативалары ғана бар еді. Ол тек «Кеңеске өз сауалдарын жібере алатын және өз кепілдемелерін оған керсететін еді», сондай-ақ, өз ықыласы бойынша немесе Кеңестің бұйрығы бойынша Саяси одақ айналысып жатқан мәселелерді талкылай және өз ойын білдіре алатын еді (7 бап). Кеңес Ассамблеядан сауалдарын алғаннан кейін терт айдың ішінде оған өз жауабын беруі керек болатын. Онымен қоса Кеңес жыл сайын ез әрекеттері жайлы Парламенттік ассамблеяның алдында есеп беретін (8 бап).
Келісімнің жобасында мүше-мемлекеттер арасында Одақтың бюджетін үлестіру арнайы түрде ескеріліп кеткен еді. Сонымен қатар Келісімнің күшіне енуінен үш айдан кейін ревизия мүмкіндігі мен Еуропа Кеңесінің басқа мүше-мемлекеттерінің одаққа мүмкіндігі «олардың Одақтың қойылған мақсаттарымен келімуі жағдайында» (16, 17 баптар) және басқа Еуропалық қауымдастықтарға алдын ала кіру мүмкіндігі қарастырылды.
Осылайша, бұл Жарғы генерал де Голльдің «Мемлекеттер Еуропасы» тұжырымдамасына сай жасалынды. Ол Саяси одақтың конфедерациялық түрін бекітті және ұлт үстіндегі билікке қарсы шықты. Одактың басты органы болып мемлекетаралық орған Министірлер Кеңесі бекітілді.
Қатысушылар болашақ келісімнің негізі ретінде «Фуше жоспарының» бірінші вариантын негізінен толықтай қабылдаса да, Саяси одақтың тек мемлекетаралық принциптер негізінде құрылуы және НАТО-дан оның оғаштығы сияқты кейбір жағдайларымен келіскен жоқ.
Француз жобасында болашақ Одақтың Еуропадағы өз сыртқы саясаты мен қорғаныс және қауіпсіздік саясатын НАТО-мен тығыз байланыста және Солтұстікатлантикалық одақтың шеңберінде жүргізетіндігі туралы ешбір сілтеулер жоқ еді. Конференцияның қатысушылары НАТО-га өз берілгендіктерін білдіруді жөн санады және Саяси одақтың міндетіне еуропалық қорғаныс мәселелерін кіргізе отырып, Америка мен Солтүстікатлантикалық одақпен тығыз байланысты жоғалту қауіптерін білдірді.
«I Фуше жоспары» делегациясы ХСК-ң қазан отырыстары кезінде жоқ болған голландықтардың қатысуымен екінші рет 10 қараша 1961 жылы қаралды. Бельгиялық және голланд делегациялары жаңа ұйымды құру туралы келіссөздер Ұлыбританияның қатысуымен жүргізілуі керек деп санап, француз жобасына қарсы шығады. Олар Саяси одақтың мемлекетаралық негізде құрылуына келісім беретіндіктері туралы мәлімдеді, алайда Ұлыбританияның жаңа Қауымдастықтың және ЕЭҚ-ң жаңа мүшесі болуын талап етеді. Өз естеліктерінде Шарль де Голль былай деп жазады: « «кіші» мемлекеттердің әдеттегідей «үлкендерге» қарсы шыққандығы анықталды және сондай-ақ ағылшындармен тығыз байланыста болған олар англоскастер кірмеген жүйеде өзін елестете алмайды». Францияның сыртқы істер министрі М.Кув де Мюрвилль кіші еуропалық мемлекеттер «олардың дауыстарына едәуір салмақ береді деп көрінген» ұлт ұстіндегі институттарды бағалаған болатын және вето құқығын қолдану кезінде «үлкендердің артынан еруге» мәжбүр болатын жағдайда қалудан қауіптенді. Өйткені еуропалық құрылымдардың ұлт ұстіндегі орғандарында жүзеге асатын квалификациялық көпшілік принципі шешім қабылдау үрдісін бірауыздық принципіне қарағанда жеңілдеткен болатын. Сондай-ақ «кіші» мемлекеттер франко-герман күшті қысымы мен АҚШ-тан Батыс Еуропаның оқшаулануынан Саяси одакқа Англияның қосылуы оларды қауіпсіздендіреді деп ойлады.
Англия Саяси одақ құру туралы келіссөздердің жүріп жатқаны туралы біле отырып және «Ортақ рынок» мемлекеттерінен экономикалық және саяси жағынан оқшауланғысы келмей, 1961 жылдың шілде айынан кіруге үмтылған ол ЕЭҚ-қа өз кандидатурасын қабылдау шешімін күтпей-ақ саяси талқылауларға қатысу өтінішін білдіреді. Бельгия мен Голландия ағылшындармен білдірілген алдын-ала өтінішін қолдады, алайда француз жағынан қарсылыққа тап болады.
Алгаш рет 1961 жылдың тамыз айында Англия Еуропалық қауымдастықтарға мүше болу өтінішін білдірген кезде Франция оның «Жалпы рынокқа» кіруіне келісімін береді. Бірақ оған АҚШ-тан тәуелсіз біріккен франко-ағылшын «еуропалық» атом күштерін құру туралы жалғыз ғана талап қояды. Бұл генерал де Голль мен Макмиллан арасындағы бұл мәселе женіндегі астыртын келіссездері 1962 жылдың жазының соңына шейін болып етеді. Англия таңдауға мәжбүр болады: не АҚШ-пен «ерекше қатынастарды» сақтап, «Жалпы рынокқа» кіруден бастарту, не Францияның талаптарына келісіп, ЕЭҚ-ң мүшесі болу. Ағылшын үкіметі бірінші жолды таңдайды. 1962 жылдың аяғында ол американдықтармен американ басшылығымен НАТО-ң жоспарланған көпұлтты күштеріне ағылшын атом қаруын қосу туралы келісімге Нассауда қол қояды.
Франция Англияның тәуелсіз еуропалық күштерді құруға қатысудан бас тартуын Макмилланның еуропалық мүдделерге жасаған «опасыздық» ретінде бағалады. Сондықтан Франция 1963 жылдың қаңтар айында Англияның «Ортақ рынокқа» кіруіне вето жариялаған болатын, себебі ол де Голльдің сезінше Еуропалық континентте Американың «троялық ат» рөлін ойнайтын еді. Генералдың бұндай әркеттерінде, бір жағынан, біріккен Еуропаға тауар өткізуші рыноктарда, әсіресе ауыл шаруашылық өнімнің рыногтарына, Францияға қатаң қарсыласықты өткізбеу және екінші жағынан «Жалпы нарықта» Американың ықпалының күшеюінен қауіптену байқалған болатын. ЕЭҚ-қа Англияның қосылуына өз қарсылығын Шарль де Голль оның бұл қауымдастыққа қатысуы нәтижесінде ЕЭҚ-ң мүшелерінің бірлігіне нұқсан келтіріп, «Еуропалық қауымдастықты тез арада өзіне тартып алатын американдықтар мен американ басшылығына тәуелді алып атлантикалық қауымдастықтың пайда болуына әкеледі» деп түсіндіреді.
1961 жылдың аяғында француз үкіметінің «алтылық» Еуропа шеңберінде Англиямен ынтымақтастыққа қатысты көз қарасы дұшпандыққа қарағанда қырағы болса да, ХСК-ң отырыстарына қатысқан Бельгия мен Голландияның өкілдерінде бұл наразылық тудырды. Француздың «Фуше жоспарын» шектеулі әрі кептеген өзгертулерді қажет ететіндігін керсете отырып, бельгиялықтар мен голландықтар оның қайта қаралу керек екендігін мәлімдеді. «Жалпы рынокқа» Англияның ғана емес, сонымен қатар Еркін сауданың еуропалық ассоциациясының қалған мүше-мемлекеттерінің кіруі туралы сөз қозғалған болатын. Бұл талап француз жобасының шеңберінен шығып, келіссөздердің жүруін қиындатты. Ымыраға келе алмай Халықаралық комиссияның мүшелерінің келесі отырысын 1961 жылдың 29 қарашасына белгілейді.
Алайда жақын арада «Фуше жобасының» екінші вариантын талқалауға салуға дайын Комиссия бельгиялық сыртқы істер министрі әрі Бельгияның премьер-министрінің орынбасары болған және Саяси одақтың жаңа жобасын Фуше Комиссисында емес, ЕЭҚ-ң Министірлер кеңесінің деңгейінде талқылауға ұсыныс берген П.-А. Спаактың бастауымен таратылды. Оның ұсыныстарына «Жалпы рыноктың» барлық мүше-мемлекеттері келісті әрі сыртқы істер министірлерінің келесі кездесуі 1961 жылдың 15 желтоқсанда Париж қаласында өтетін болды.
Генерал де Голль Еуропаның Саяси одағы жөніндегі келіссөздердің нәтижесіне көп көңіл аударған болатын және «Фуше жоспарына» кейбір өзгертулерді өзі енгізген еді.
Жаңа құжаттың мәтіні V республиканың президенті өзінің серіктестеріне көптеген мәселелерде кенді. Біріншіден жобаның 2-бабында Саяси одақтың өзінің сыртқы және қорғаныс саясатын НАТО-мен тығыз байланыста жүргізетінін айқын көрінді: «Одақпен жүргізілетін ортақ қорғаныс саясаты Солтұстікатлантикалық одақтың нығаюына себептеседі». «Еуропалық парламент сыртқы саяси мақсаттардың айқындалуымен және барлық мүше-мемлекеттердің бір саяси бағытының жүргізілуімен тығыз байланыста болады» делінген 1 бап та түрін өзгерткен болатын. Бірақ парламент те шешім қабылдау құқығына ие болған жоқ.
Франция Еуропалық қауымдастықтарда болған ұлт үстіндегі органдарын танығысы келмесе де, Фуше жобасының жаңа вариантында ол Саяси одаққа ұлт ұстіндегі құрылымдар енгізгісі келетін өзінің әріптестеріне кенуге бел буып, бас хатшы лауазымын тағайындады. Министірлер кеңесімен тағайындалатын ол Парламенттік ассамблеяның алдынды жауапты болатын; мүше-мемлекеттердің үкіметтерінен тәуелсіз бола отырып, Қауымдастықтың мүддесі үшін еуропалық саясат жүргізуге және Кеңестің терағалық қызметін атқаруы тиіс еді. Бас хатшы кеңестің жарлықтарын орындап, өзі шешім қабылдауға құқылы еді. Оның қызметі НАТО-ң бас хатшысының атқаратын функцияларына сәйкес болатын.
Бірақ «II Фуше жоспары» да Бельгия мен Голландия жағынана қатты сынға алынды. Оған келесі сындар тағылды: Еуропалық қауымдастықтардың, әсіресе бірінші ретте «Жалпы нарықтың», құзыреттілігін бұл жоба қозғаса да, Саяси одаққа қызметінің әрекет өрісінің кең келемде берілуіне байланысты қауіптің төну мүмкін, мысалға, Министірлер кеңесінің прерогативасы жақындасу саясаты, «алтылықтың» экономикалық стратегиясын үйлестіру және унификациялау болуы кереқ Француз оппоненттерінің ойынша ұлт үстіндегі бастаманың нығаюы үшін бас хатшы лауазымының орнына қызметі айқындалуға тиіс бас хатшының басшылығымен Саяси хатшылық атты тұтас бір ұлт ұстіндегі орган құру қажет болды, ал Саяси комиссияны Саяси хатшылық тұсындағы қосымша атқарушы орған жасап, Одақтың басты органдарының бірінен шығару керек еді. Францияның оппоненттері Саяси комиссияға қарсы еді, себебі француздық «II Фуше жоспарына» сәйкес ұлт ұстіндегі емес, мемлекетаралық орган ретінде көрсетілді. Сондай-ақ жобаның сынаушылары Парламенттік ассамблеяға шешім қабылдау құқығын беруді талап етеді. Кеңестің талқылауына берілген заң жобасы бір мүше-мемлекеттің ветосына тап болған немесе қабылданбаған жағдайда, Парламенттік ассамблеяда дауысқа салуға жіберілетін.
ГФР, Италия, Люксембург болашақ келісімнің негізі ретінде екінші француздық жобаны қабылдауға келісті. Алайда голландия-бельгиялық қарсылықтарға байланысты Еуропаның Саяси одағын құру жөнінідегі келіссөздер тұйыққа тірелді.
Сыртқы істер министірлерінің Париж саммитінің соңғы аккорды болып 10 қаңтар 1962 жылы жұмысқа кірісетін Фуше Комиссиясына Саяси одақтың жаңа үшінші жобасын жасау құзыреттілігін қайта беру шешімі еді.
Осылайша, Саяси еуропалық одақты құру жөніндегі кезекті фазасы аяқталады. Еуропалықтар ағылшындардың саяси келіссөздерде қатысуы үшін Францияның келісімін ала алмады, ал Франция өз жобасының негізгі пункттерінің бір ауызды қабылдануына қол жеткізген жоқ. Негізінен, француздық жақпен енгізілген өзгертулер мен өз серіктестеріне өкнулеріне қарамастан, «II Фуше жобасының» кептеген жағдайлары өзгеріссіз қалды. Ең бастысы, бас хатшы лауазымын енгізілуіне қарамастан, кездесудің қатысушыларының едәуір бөлігі қарсы болған Еуропаның Саяси одағын құру және қызмет атқарудың мемлекетаралық принципі мызғымас түрде қалды. Францияның осындай қатаң позициясы француз делегациясына тиімсіз болған, өйткені Саяси одақты құру туралы деголльдік идеясының маңызының жойылуына алып келетін Фуше жобасына жаңадан езгертулер енгізілуіне алып келеді.
Фуше Комиссиясы өз жұмысын 10 қаңтар 1962 жылы бастады. Бұл уақытқа дейін голланд үкіметі өзінің бес серіктестеріне келіссөздерде ағылшын делегацияның қатысуынсыз жаңа француз жобасын қарастыру дан бас тартатыны туралы ескерткен меморандум жібереді. Англияны француз жобаларының жеңуі жағдайында болашақ еуропалық саяси конфедерациясындағы ірі континенталды еуропалық державалардың ықпалын тыю үшін қарсылық ретінде көрген Бельгия да Голландия позициясын қолдады.
Француздың жаңа жоба — «III Фуше жоспары» преамбула мен 18 баптан тұрған еді. Жобада сыртқы саясат, қорғаныс және білім мәселелерін талқылауға құқық алған Парламенттік ассамблеяның қызмет аясы ұлғайды (бірінші Фуше жобасының 10 бабында ол тек Кеңеске жай ұсыныстар бере алатын); Одақтың жаңа орғаны— Сырқы істер министірлерінің кабинеті енгізілді. Бірақ Саяси одақтын басты органы болып мемлекетаралық құрылым—Министірлер кеңесі қалды.