Голлистердің жоспарларында Герман Федеративті Республикасы аса маңызды орнында еді және онымен ынтымақтастықты нығайту Бесінші Республиканың еуропалық саясатының негіздерінің бірі болған. Бесінші республиканың басшыларының Аденауэр үкіметімен ресми саяси ынтымақтастығы Коломбэде 1958 жылдың қыркүйек айында өткен франко-герман келіссөздерінен басталады. Келіссөздер жабық есікте өткен болатын, ал бұл келліссөздердің коммюникесіне көз жүгірсек, де Голль мен Аденауэр келесі мәселелерді талқылады: «еуропалық институттардың» болашағы; Еуропа және саяси бірлік; атомдық энергия мәселелері; Африканың болашағы; Кеңес Одағы, Қытай және Таяу Шығысқа қатысты саясат. Алайда келіссездердің басты мәселесі Еуропадағы бірлескен саясат женіндегі мәселе («еуропалық институттарға» қатынас, Еуропаны «біріктіру» жоспарларындағы франко-герман ынтымақтастығының орны) болып еді.
Шарль де Голль мен Аденауэр алғашқы кездесуінде франко-герман одағын Еуропаның «бірігуінің» негізі ретінде және Атлантикалық одақты бекітудің тәсілі ретінде қарастыруға келісті. «Германия Федеративті Республикасының және Француз Республикасының тығыз қарым-қатынасы Еуропадағы барлық конструктивті бастамалардың негізі болып табылады. Ол Атлантикалық одақтың бекуіне септігін тигізеді» делінді коммюникеде. Сондай-ақ, франко-герман «ынтымақтастығына» Франция мен ГФР байланыс орнатқан Батыс Еуропаның басқа мемлекеттерін де тартып, ынтымақтасуды «мүмкіндігінше еуропалық мемлекеттердің максималды санын тарату» туралы шешім қабылданды.
Коломбэдегі келіссөздерден кейін Бад-Крейцнахта 1958 жылы қарашада еткен келіссөздер өтеді. Берлин мәселесіне қатысты батыс державаларының саясаты халықаралық жағдайдың шиеленісіне алып келеді. Франко-ағылшын қатынастары «еркін сауда зонасы» туралы мәселедегі қайшылықтардан қиындады. НАТО-да дағдарыс генерал де Голльдің «реформаторлық» тенденцияларынан тереңдей түсті. Сондықтан Бад-Крейцнахтағы келіссездердің күн тәртібінде үш мәселе алға шықты: халықаралық жағдай және Берлиндегі жағдаят; атлантикалық саясат; «еркін сауда зонасымен» байланысты экономикалық мәселелер.
Келіссөздердің нәтижесі туралы ресми коммюникеге жүгінсек, Бад-Крейцнахта Шарль де Голль мен Аденауэр өз позицияларын ризаласты. Келіссөздердің қатысушылары «Берлиннің бар мәртебесін» қорғау және француз әрі батысгерман үкіметтері Италия, Бельгия, Голландия, Люксембург үкіметтерімен бірге экономикалық әрі саяси салаларда ынтымақтастықты жалғастыру туралы келісті. Біріншісі Батыс Берлинде оккупациялық режимнің сақталуына, ал екіншісі қатысушылардың санын шектеу және «кіші Еуропаны» — «алтылық Еуропаны» нығайтуға бағытталған еді. Іс жүзінде бұл еркін сауда зонасын қорғау туралы жоспарларын қабылдамау болатын.
Француз-батысгерман саяси ынтымақтастығы әскери ынтымақтастықтың күшеюімен бірге жүрді. 1959 жылы қаңтарда Франция, Италия және ГФР арасында «қаруды стаңдартизациялау мақсатында әскери техника саласында біріккен зерттеу мен өндіру» туралы келісімге қол қойылды. Кейін Франция, ГФР мен Италия арасындағы әскери ынтымақтастық барлық салаларда дамыды. ГФР қарудың жаңа түрлерін жасап шығарудың француз жұмыстарын қаржыландарды, сонымен қатар, ғылыми-техникалық көмек берді, ал өз кезегінде ГФР француз технологиясына жету мүмкіндігін алды. Батыс Германияға қаруды сату бойынша Франция АҚШ-тан кейін екінші орынға ие болады.
1960 жылы Бесінші республика үкіметі бундесвердің оқу базалары мен складтары үшін француз территориясын пайдалануға береді. 1962 жылы біріккен екіжақты француз-батысгерман әскери жаттығулар өткізіле басталды. 1962 жылы мамырда құрлық әскерлерінің жаттығулары, ал маусымда әскери-теңіз күштердің жаттығулары болып өтеді. Бұл жаттығулар НАТО жоспары бойынша емес, «екі жақты ынтымақтастық» негізінде етеді.
Алайда Францияның және ГФР-ң әскери негізіндегі жақындасуы осы мемлекеттер арасында негізгі қайшылықтарды жоя алмады. Франция да ГФР да Батыс Еуропадағы өзінің ұстемдігін орнатқысы келді. Сондықтан еуропалық және еуропалық емес саясаттың маңызды саяси мәселелерді шешкенде әр түрлі позицияларды ұстанған болатын.
Осындай мәселелердің бірі екі неміс мемлекеттерінің ГДР мен ГФР арасындағы шекара мәселесі еді. Осы мемлекеттер арасындағы шығыс шекарасы Ялта және Потсдам конференцияларымен Одер мен Нейсе бойынша анықталды. 1959 жылы 25 наурызда пресс-конференцияда генерал де Голль егер де осы мемлекет батыста, шығыста, солтұстікте және оңтұстікте қазіргі шекараларына қауіп төндірмесе, Франция мемелекеттің бірігуіне қарсы шықпайтындығын мөлімдейді. Осылайша, француз үкіметі Одер-Нейсе бойынша шекарасының зандылығын күмән етпейтінін көрсетеді. Бұл Батыс Германияның басқарушы топтарында наразылық тудырды.
ГФР мен Франция арасында қарама-қайшылықтар «еуропалық» орғандардың Еуропаның болашағына байланысты қызмет атқару әдіснамалары туралы мәселеде бірталай келіспеушіліктер пайда болады. Төртінші республика кезінде бұл мәселелер жөнінде ЕКББ, ЕЭҚ және Еуроатомды құру туралы келісім шарттарында анықталған Париж бен Бонн арасында келісімге қол жеткізілген болатын. Батысгерман және француз жақтары «салалық экономикалық интеграцияның» мақсаты Батыс Еуропаның федерация түріндегі «саяси интеграцияға» қол жеткізу болып табылады деп мәлімдеген еді. Бұндай саясатты ГФР де Голльдің билік басына келуіне дейін ұстанған болатын. Аденауэр 1959 жылы «Санди таймс» газетіне сұхбат берген кезінде, ол үкіметтің «Жалпы рынок» арқылы континенталды Батыс Еуропаның саяси интеграциясына қол жеткізуге тырысатындығын, себебі ол Батыс Еуропаны Шығыстың қысымынан қорғаудың жалғыз ғана тәсілі деп мәлімдеме жасаған болатын.
Алайда Шарль де Голль және оның жақтастары өзгеше ойлады. Олар негізінде Батыс Еуропаның бірігу идеясына қарсы болған жоқ. Дегенмен олардың бірігу идеясында федеративті бастамалардағы «ассоциация» емес, конфедерация принципіне біріккені «Мемлекеттер Еуропасы» қарастырылды. Сондықтан бұған байланысты голлистер «еуропалық институттарының» қызмет атқаруында олардың ұлт ұстіндегі функцияларын әлсіретуге тырысты.
Интеграцияның формаларына қатысты түрлі көз қарастар әскери күш интеграция саласында да келіспеушіліктерге әкелді. Бесінші республиканың басшылары әскери интеграцияға мүлдем қарсы болды және өз мемлекеті үшін олар француздық «ұлттық соққы беруші күштің» құрылуын жақтаған болатын. Бірақ ГФР-ң басқарушы топтары «қазіргі заманда ұлттық армияның болуы мүмкін емес және бундесвер бола алмайды және болғысы келмейді»- деп өз позиқиясын бекіткен болатын.
Сонымен қатар айтып кететін бір жайт, екі ел арасында Францияның Алжирге байланысты жүргізген саясаты қайшылықтарға алып келеді. Бірнеше жылдар бойы ГФР үкіметі француз үкіметіне қаржы көмегін керсетіп тұрған болатын. Бұл өз кезегінде алжир соғысының қаржыландырылуы еді. Алайда француз отарлық саясатының әдістері ГФР басшыларының қарсылығын туғызды. ГФР отарлауға қарсы болуының себебі, Алжирдегі соғыс Солтұстік Африка мен Еуропа арасында қарама-қайшылыққа алып келетінін және батысгерман капиталына сол аймаққа өтуге, Африкадағы оның саяси-стратегиялық позицияларының күшеюіне кедергі болатынынан қауіптенуі еді.
Осылайша, жоспарланған франко-герман одағы ішкі қайшылықтарға толы болды және терендей тұсті.
1962 жылы сәуірде еткен ЕЭҚ мемлекеттерінің өкілдері арасында келіссөздер сәтсіздікке ұшырағаннан кейін ресми француз-батысгерман кездесулері жиеленіп, екі ынтымақтастықтың нығаюына бағытталған болатын.
1963 жылы қаңтарда француз-ағылшын және француз-американ қайшылықтардың шиеленісуі жағдайында Аденауэр Францияға сапар шегіп, генерал де Голльмен келіссөздер жүргізеді. Бұл Шарль де Голль мен Аденауэрдың 13-кездесуі еді. Нәтижесінде 1963 жылы 22 қаңтарда ынтымақтастық туралы екіжақты француз-баттысгерман келісіміне қол қойылады. Келісім бойынша, түрлі деңгейдегі үкіметаралық кеңестер үнемі өткізілуі керек еді. Мемлекеттер мен үкіметтер бастылары жылына екі рет, сыртқы істер министірлері үш айда бір рет, бас штабтарының басшылары екі айда бір рет кездесуі тиіс еді. ГФР мен Франция үкіметтері барлық маңызды мәселелер бойынша кеңес өткізіп отыруы тиіс. Экономикасы әлсіз мемлекеттерге көмек көрсетілуі көзделді.
Әскери стратегия мен тактика саласында доктриналардың жақындасуы мен біріккен тұжырымдамаларды жасау, әскери персоналмен алмасу қарастырылды. Азаматтық қорғанысты ұйымдастыруда ынтымақтастықты орнатуға міндет алынды.
1963 жылы 14 маусымда бұл келісім Ұлттық жиналыспен ратификақияланып, шілде айында күшіне енеді.
ЕЭҚ-ң басқа мүшелерімен секілді ГФР-мен одақтасу де Голльмен АҚШ және Атлантикалық пактінің қалған мүшелерімен одақтасудан тыс емес, қайта бұл пактінің шеңберінде қарастырылды, себебі ол оның сақталынып қалуы үшін маңызды тетік еді. Бұл француз-американ қайшылықтарына қарамастан голлистік сыртқы саясаттың маңызды принципі болған еді.
Француз — батысгерман келісімінің күшіне енуіне қарамастан, оған қол қойылғаннан кейін, Париж бен Бонн арасында қатынастар шиеленісе бастайды. Бұл Аденауэрдың кетуімен және Л.Эрхардтың билікке келуімен байланысты еді. Эрхард проамерикандық бағыт ұстанған еді.
Шарль де Голль француз-батысгерман ынтымақтастығын Батыс Еуропа мен Атлантикалық одақ күштерінің ұйымдастырудың негізі ретінде қарастырды, бірақ бұл ынтымақтастықтың АҚШ-ң бастамасымен іске асырылмауы керек болатын деп тұжырымдайтын.
1964 жылы өзінің сыртқы саясатын белсендіре тұсті. ГФР-мен қарым-қатынастарына ерекше көңіл бөлінді. Алайда «Еуропаны бірігіп басқару» туралы ұсыныстардың Эрхардпен қабылданбауы француз-батысгерман қатынастарын шиеленістіре түседі.
Француз-батысгерман қайшылықтары 60-жылдардың 1-жартысында көпжақты ядролық күштерді құру мәселесінде анық көрінеді.
Көпжақты ядролық күштерді құру және «Еуропалық Еуропаның» тәуелсіздік саясатын туралы француздық жоспарларды жоққа шығаратын еді. Сондықтан генерал де Голль бұл жобаның іске асырылуына кедергілер жасады.
1964 жылы қазанда де Голль НАТО-дағы еуропалық серіктестеріне еуропалық бірлік пен көпжақты ядролық күштер арасында таңдау жасау керек екендігін мәлімдейді.
1966 жылы Франция НАТО-ң өскери ұйымынан шықаннан кейін француз-батысгерман қатынастары шиеленіскен кезеңінің ең соңғы нүктесіне жетеді. Алайда 1966 жылдың желтоқсан айына таман француз-батысгерман қатынастары қайта жыли бастады. Кизингер-Брандтың коалициялық үкіметі құрылғаннан кейін ГФР-ң сыртқы саяси бағыты өзгерді: ол Шарль де Голльдің еуропалық саясатына жақын болған болатын. Бұл келесі жағдайлармен байланысты болған: 1) халықаралық қатынастарда халықаралық қысым көрсетуді жою тенденциясы нығаюы; 2) Бесінші республика президентінің көзқарасын көп жағдайларды қолдаған батысгермандық деголльдіктер деп аталған топқа кірген «үлкен коалиция» қайраткерлерінің үкімет құрамына енуі; 3) социал-демократтардың үкіметте болуы мен әсіресе, «жаңа шығыс саясаты» бағытын құруға қатысуы. Осының бәрі Бесінші республика мен ГФР-ң жақындасуына және ынтымақтастық туралы франко-батысгерман келісімінің «жандануына» әсер етті.
1966 жылы 13 желтоқсандағы Кизингер-Брандт үкіметінің шығарған декларациясы француз-батысгерман қатынастарының атмосферасын жылыта тұсті.
1967 жылдың басында француз-батысгерман қатынастардың жақсаруы барлық салаларда ынтымақтастықтың күшеюіне алып келеді. Кизингер мен Брандт өзінің бірінші ресми сапарын АҚТП-ка емес, Францияға шекті. Пікір алмасу барысында екі мемелекет басшылары ынтымақтастықты дамытуға, 1963 жылғы келісімді қайта жаңартуға, Шарль де Голль мен Аденауэр анықтаған саясатты жүргізуге келісті.
Бесінші республика басшыларының ГФР-ң жаңа басшыларымен екінші кездесуі 1967 жылы 12-13 маусымда Боннда еткен болатын. Осы кездесу халықаралық жағдайдың шиеленіскен кезінде өтті. Сол кезде Израильдың араб мемлекеттеріне қарсы агрессиясы мен Вьетнамдағы американ интервенциясының кеңеюі байқалды.
Шарль де Голль мен Кизингер халықаралық жағдайды, оның ішінде, Таяу Шығыстағы жағдай, «Ортақ нарыққа» Англияның кіру мәселесін, француз-батысгерман ынтымақтастығын талқылады.
Ресми құжаттарда келесі үш біріккен шешімдер туралы айтылды:
- Экономикалық, өнеркәсіптік және техникалық ынтымақтастық жөнінде тұрақты біріккен француз-батысгермандық комиссиясын құру көзделді.
- 1963 жылғы келісімге сәйкес барлық салаларда ынтымақтастықты дамыту үшін әр мемлекетте министірлікаралық органды құру шешілді.
- 70-жылдары Еуропада саяси және әскери-стратегиялық жағдайды болжауды бірігіп жасау туралы келісімге қол жеткізілді.
Осылайша, 1967 жылы шілдедегі кездесу экономикалық, саяси және әскери-стратегиялық салаларда ынтымақтастықты дамыту үшін тұрақты ұйымдасқан құрылымның құрылуы жоспарланды.
Шарль де Голль мен Кизингердің үшінші кездесуі 1968 жылы 15-16 ақпанда Парижде өткен болатын. Осы келіссездердің негізгі тақырыбы «ағылшын мәселесі болатын», яғни Англия мен басқа мемлекеттердің «Ортақ нарыққа» кіру мәселесі және «алтылықтың» дамуы туралы мәселелері еді.
Төртінші кездесу 1968 жылы қазанда еткен еді. Келіссөздердің күн төртібінде Кеңес Одағына қатысты саясат туралы тұрған болатын.
Франция мен ГФР арасындағы қатынастар он жыл ішінде біресе жақсарып, біресе шиеленісіп отырған. Басшылардың басты келіспеушілігі де Голль ұстанған саясатпен тығыз байланысты.