Францияны біріккен Еуропаның басқарушысы ретінде қарастырған де Голль өзінің елін тек тәуелсіз ұлттық саясатты құқықты іске асыра алатын ғана емес, сонымен бірге Батыстың жалпы саясатын шығару міндеткерлігіне ие ұлы держава ретінде қабылдауына талпынды.
Бесінші республика орнала салысымен оның басқарушылары «ұлттық күш» — мемлекеттік саясат рангіне шығарылған француздық ядролық қаруды құру бағытын алды. 1960 жылы 13 ақпанда Сахарадағы Регган полигонында алғашқы француздық атомдық бомба сынақтан өтілді. Сосын Франция өзінің қарулы күштерін термоядролық қарумен (алғашқы сынақтан өту 1968 болды) және жеткізудің қазіргі заманғы құралдардың толық комплектімен қамсыздандырады: жерге негізделген ракеталар, стратегиялық бомбардировщиктер, суасты кеме-ракетатасушылар. Осылайша ол АҚШ пен КСРО-дан кейінгі үшінші ядролық державаға айналды, алайда оның қуаты бұл екі аса державалардың потенциалдарына жеткіліксіз. Елдің сапалы жаңа дербестікке ие болғандығын айқындау мақсатында де Голль Францияның біріккен әскери басқару НАТО-дан шығуы туралы шешім қабылдайды, алайда сонымен қатар сол уақытта Солтүстікатлантикалық одақтың мүшесі болып қала береді.
1960 жылдың өзінде Франция АҚШ пен Англиядан кейінгі батыстық «ядролық клубтың» үшінші мүшесі болады. Парижде бұл оқиғаға үлкен мән берілді. «Ядролық аргумент» француздық дипломатияның маңызды «козырьларының» біріне айналды.
Соымен қатар Атлантикалық одақтан бөлек Батыс Еуропаның континенталды елдерінің әскери-саяси блогын құру үшін талпыныстар бағытталды. Оның экономикалық негізі «Ортақ нарық» болу керек еді.
Францияның ЕЭҚ-қа қатысуы Шарль де Голль үшін тек қана экономикалық маңызы болған жоқ. Француз президенті «Ортақ нарықтың» Франция басшылығымен құрғысы келген «Еуропалық Еуропаның» экономикалық негізі болатынына сенді. Ол бұл экономикалық блоктағы басты рөл Париждің НАТО-да көрнекі орын ала алуға және «Евроафрика» жобасы арқылы Африка континентіндегі орнықты күйінен шыққан француз позицияларын нығайтуға көмектесетініне кәміл сенген болатын.
«Еуропалық Еуропа» атты ұғымын іске асыруда Батыс Еуропа мемлекеттері арасында қолдау таппады. Алайда Шарль де Голль өзінің осы жоспарларын іске асыруда одақтасы ретінде Батыс Еуропаны таңдайды.
Генерал де Голль Аденауэрге саяси одақтың концепциясын айтып, ЕЭҚ мемлекеттерінің саяси одағының жобасын іске асыруда нақты мақсаттарды көрсетеді: мемлекет, үкімет басшыларының, сыртқы істер, экономика, мәдениет, әскери министірлерінің әрдайым болып тұратын кездесулерін ұйымдастыруды, арнайы мәселелерге арналған комиссияларды құруды және Парижде орналасатын тұрақты саяси хатшылықты құруды ұсынады.
Саяси одақтың қатысушыларынан Шарль де Голль ЕЭҚ-қа мүше емес деп, Англияны ысырып тастайды. Генерал де Голль Англияны шынымен континенталды держава деп санаған жоқ. Оның ойынша ол АҚШ-ң кіші бауыры еді. Сондықтан өзінің мақсаттарына жету үшін, де Голль ЕЭҚ-қа Англияға кіруге екі рет вето жариялайды.
Атлантикалық блок ішіндегі Еуропалық елдердің дербес одағын құру француз жоспарлары француз — американ және француз-ағылшын қайшылықтарын шиеленістірді. АҚШ басшылығы бірнеше жылдар бойы өзінің қамқорлығымен батысеуропалық мемлекеттердің бірігуін жақтады. Сол кезде де Голль жоспарларында американ экономикалық және саяси гегемониясына қауіп төнді.
АҚШ үкіметі сол кезде кең атлантикалық қауымдастық ұйымының жобасын көздеді, осы ұйымның мүшелері өзінің қарулы күштері және сауда-экономикалық жүйелерін біріктіру керек еді. Жаңа американ жобасы «Кеннедидің ұлы жобасы» деп аталынды. Жоба бойынша НАТО-ның барлық мүшелері, оның ішінде, Англия кіретін кең экономикалық қауымдастық құру болды. АҚШ жобасы екіжақты мақсатты алға тұтқан болатын: біріншіден, «алтылықка» экономика және саяси-стратегиялық жағынан дербес бірлестік болуға кедергі жасау; екіншіден, Батыс Еуропа мен АҚШ-тың «қырғи-қабақ соғысында» социализмге қарсы бірлігін сақтау.
Бесінші республиканың дипломатиясы «Кіші Еуропаның» алты мемлекеттерін тек сауда-экономикалық ғана емес, сонымен қатар НАТО-мен байланысты, бірақ одан тәуелсіз әскери-саяси блоктың ұрығы ретінде қарастырған болатын. Бұл «Еуропалық Еуропаның» негізгі мәні еді.
Осыған орай француз дипломатиясы «көпжақты ядролық күштерді» құру арқылы ГФР-дің ядролық қаруға қол жеткізуіне мүмкіндік беретін жоспарларға қарсы болады. Осы кезде француз-батысгерман қайшылықтары шеиленісе түседі.
«Көпжақты ядролық күштер» бағдарламасының жүзеге асырылуы ұлттық соққы күшін құру туралы француз жоспарлары мен әсіресе, «Еуропалық Еуропа» атты тәуелсіздік саясатын жоққа шығаратын еді.
1964 жылы қазанда де Голль НАТО-дағы еуропалық серіктестеріне еуропалық бірлік пен көпжақты ядролық күштер арасында таңдау жасау керек екендігін мәлімдейді.
Сол жылдың қараша айында министірлер Кеңесінің отырысында Шарль де Голль алғаш рет егер ГФР мен Англия Франциядан одан ары алыстап бара жатқаны расталса, одақтардың жойылу мүмкіндігі туралы мәлімдейді. Сонда Ж.Помпиду жұрт алдында былай деген болатын: «Егер көпжақты күштер батысгермандық-американ әскери одағының құрылуына алып келсе, біз бұны ГФР-мен орнатқан және француз-батысгерман келісімімен айқындалған қатынастармен мүлдем сәйкес келмейтіндігін көрсететін едік».
Кизингер-Брандт коалициялық үкіметінің ГФР-да билік басына келуі батысгерман-француз қатынастарын жылыта тұстіреді. 13 желтоқсан 1966 жылғы Кизингердің декларациясында Франциямен қатынастардың дамуына арналған болатын және осы қатынастарға «еуропалық сипат» берілген еді. Осылайша, француз-батысгерман қатынастарының жаңа кезеңі басталады.
Англияның «Ортақ нарыққа» кіруіне генерал де Голльдің кедергі жасауы «Еуропалық Еуропа» тұжырымдамасымен байланысты еді.