Еуропалық саясат де Голь үкіметінің сыртқысаяси қызметінің басты бағыттарының бірі болды. Айта кету керек, өткен жүз жылдықтың 50-60 жылдардағы сыртқысаяси концепциясын Екінші дүние жүзілік соғыс пен Төртінші республика кезеңінде құрылудан Бесінші республика кезеңінде іс жүзінде іске асырылуына дейін қарастыру керек. Еуропаға қатысты де Гольдің саяси концепциясында бірінші жағынан, Францияның еуропалық елдерге қатысты саясатын, екінші жағынан, Францияның еуропалық мемлекет ретінде еуропалық емес елдерге қатысты саясатын белгілеу қажет.
Сыртқы саясаттың құрылуының ұлттық ерекшеліктеріне келесілерді жатқызуға болады. Францияда ел ұлы әлемдік держава болып табылады деген тұрақты іштей келісім бар. Дәл осы де Голь «Франция тек алдыңғы қатарларда болған жағдайда ғана нағыз Франция болады» деп құрған голлистік дәстүр болып табылады.
Басқа елдермен салыстырғанда, Франция өзінің колониальды өткен шағы бойынша кінәлілігін аса сезінбейді, бұл оған әлемдегі ғаламдық рөлге талпынуға ілгерілік береді және жетекші батыс елдері мен «үшінші әлем» мемлекеттері арасында делдалдық рөлді атқарі талпынысында көрінеді. АҚШ-қа қарағанда, Франция ешқашан бір жақты гегемонизмге талпынған емес. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету ұлы державалардың көпполярлық әлемдік құрылым шеңберінде тепе-теңдігі арқылы дәстүрлі қарастырылады. Осыдан Францияның жұмсақ балансталған саясатты жүгізу мен көпжақты одақтар пайдасына екіжақты одақтардан бас тартудың дәстүрлі талпыныстары шығады.
Франция сонымен қатар әскери құралдарды қауіпсіздік саясатын қамтамасыз ету негізі ретінде қарастырады, бұл НАТО және Еуропаның басқа мемлекеттерінен ұлттық қорғаныс мәселелерінде ерекшеліктерінде және өзінің жеке ядролық саясатын жүргізуде растығын табады.
Геосаяси тұрғыдан Франция өзін бір уақытта тек континенталды және теңіз держава ретінде ғана қарастырып қоймайды, сонымен қатар бір уақытта Атлантикаға және Жерорта теңізіне шыға алатын жалғыз (Испаниядан басқа) еуропалық ел екендігін нақтылайды. Францияның мұндай жағдайы геосаяси спецификасын да алдын ала анықтады – біріншіден, өзінің бұрынғы колонияларымен байланысы, екіншіден, Францияның Жерорта теңізі, Солтүстік Африкамен қоса Таяу Шығыста және оған жақын акваторияларда аймақтық тәртіпті құруда қатысуы. Үшіншіден, Еуропада қауіпсіздік жағдайының ерекше маңыздылығы мен еуропалық істерде қатысу, мұнда Франция АҚШ, Ұлыбритания (англосаксондық топ), Германия және кейбір жағдайларда Ресейдің еуропалық тәбеттерін ұстап қалып отырып, өзін аймақтық көшбасты деп дәстүрлі санайды.
Франция соғыс аяқталғаннан кейін негізгі сыртқысаяси талпыныстарын өзінің колониялдық иеліктерінде күштік саясатын жүргізуге шоғырланды. Үндіқытай мен Алжирдегі соғыстардан қолы тимеген Франция Еуропада бірінен соң бірі позициялерын жоғалтты. Француздық қарулы күштердің НАТО-ға интеграциясы, яғни іс жүзінде АҚШ-тың бақылауы астына, 50-ші жылдардағы ремилитаризация және ФРГ-ның ұстанымдарының күшеюі Франция АҚШ пен НАТО-ға қатысты дербестігін ала алмауынсыз, өзінің дәстүрлі күштік саясатын қайта қарауынсыз өзінің мүдделерін қамтамасыз алмайтындығын көрсетті.
Шарль де Гольдің 1958 жылы билік басына келуі және Бесінші Республиканың режимінің орнауы Францияның ұлттық доктринасының радикалды қайта қарауының басталуын білдірді. Ұлттық доктрина негізіне де Голь «ұлттық тәуелсіздік» және «Франция ұлылығы» ұрандарын қойды. Ұлт идеясы абсолютті құндылықтар категориясына қойылды.
Де Голь сонымен қатар Францияның көп полярлық әлемдік тәртіпке ориентациялануын және әлемді биполярлы бөлуді қабылдамау ориентациясын жариялады. Де Голь бұрынғы саясатты қайта қарауды келесі схема бойынша құрды: АҚШ өзінің билеушілік жағдайын бара-бара жоғалтады, Ресей Еуропада біршама шегінеді, үшінші әлем өзінің тәуелсіздігін алады, бірақ пассивті болып қала береді. Әлемдік тәртіпке мұндай ұстаным Францияның негізгі миссиясын ірірек державалардың күштер балансында ойын және олардың қайсысы бірімен одақтан бас тарту ретінде анықтады. Мұнда Франция геосаяси факторларды ескеріп көпжақты одақтар құру үшін шықты. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұзақ мерзімді мақсаты ретінде де Голль әлемде басқарушы орындардың бірін ұлттық күш қуат құралдарын және тез экономикалық өсімді комплексті қолдану арқылы алу қажеттілігін анықтады. «Жоспарлау-келісім-ынтымақтастық» формуласы алға тартылды.
Алғашында (1958-1962жж.) бұл мақсат Францияның НАТО-да АҚШ және Ұлыбританиямен бірігіп «үш жақты көшбасшылыққа» негізделу шеңберінде іске асырылды. Бұған негіз ретінде Францияның ядролық статусы және әскери күшке арқа сүйеуі болып есептелді. Алайда, кейіннен әскери-стратегиялық автономияға АҚШ-тың НАТО-дағы басымдылығын баланстайтын еуропалық одақты параллельді іздеумен қатар ие болу бағыты басымдылыққа шықты. Ол үшін қарастырылды: 1961-1962 жж. Әскери-саяси одақ «алтылық Еуропасы» (Ұлыбританиясыз); француздық ядролық кепілдіктермен Франция мен ФРГ-ның «одақ негізі ретінде жалғыз және бірыңғай қорғаныс» жобасы (Елисей келісімінің француздық жобасы, 1962-1963 жж); франко-ағылшын ядролық одақ (60 жылдардың соңы – 70 жылдардың басы).
Францияның жеткіліксіз экономикалық қуаты, голлистердің ойынша, оған батыс әлемде дербестікті кепілдендірмеді, бұл елдің тек дипломатиялық, саяси және моральдік резервтерін күшейту ғана емес, сонымен қатар ядролық қуаттың қатаң демонстрациясының қажеттілігін тудырды: «Францияда ұлттық ядролық қаруының болуы Еуропа дамуының негзгі факторы болады».
Бұл көзқарастар француздық әскери доктринаның негізіне жатты, бұл доктрина КСРО-АҚШ сызығы бойынша стратегиялық тепе-теңдігінің басталуынан, Стратегиялық Ядролық Күштердің Жалпы Бағытталған Күштер үстінен приоритеті және әлемде ұлттық қауіпсіздікті тәуелсіз қамтамасық етуден шықты.
Де Голльдің доктринасы шақырушы біржақтылық пен ұлттық қауіпсіздік саясатына ғаламдық араласуға претензияларға негізделі арқылы іске асырылды. Бұл саясат Францияны қайтадан ішкі жағдайдың дестабилизациясына әкеп соқты және де Голль доктринасының көптеген конфронтациондық жағдайларын қайта қару талаптарын түсінуге әкелді. Деголльдік Еуропалық саяси одақ концепциясы, яғни суверенді мемлекеттер одағына негізделген конфедерациялар, «Мемлекеттер Еуропасын» құру идеясына негізделеді.
Шарль де Голльдің еуропалық жоспарлары екінші дүниежүзілік соғыс кезінде-ақ пайда болды. Бірақ сол кезде де Голль еуропаның бірігу формаларын айтпаған болатын. Оның еуропалық позициясын дұрыс түсіну үшін «Мемлекеттер Еуропасы», «Еуропалық Еуропа» және «Атлантикадан Оралға дейін» атты тұжырымдамаларын айта кету кереқ Бірінші тұжырымдама еуропалық мемлекетаралық институттарымен байланысты, екіншісі Батыс Еуропа мен АҚШ-мен қатынастарына қатысты, ал үшіншісінде Еуропалық географиялық шекаралар туралы айтылады.
Генерал де Голль өзінің сыртқы саясатының ең маңызды мақсаты ретінде «Рейн, Альпы және Пиренеи бойында орналасқан мемлекеттердің саяси, экономикалық және стратегиялық одағын құру» және осы ұйым үш әлем күштерінің біріне айналып, кеңес және англосаксон лагерлері арасында арбитрға айналу мүмкіндігін қарастырады. Бесінші республика өкілдері Батыс Еуропада ірі дербес топты құруды жоспарлады.
Бесінші республика құрылғаннан бастап, де Голль Батыс Еуропаның континентальды мемлекеттерді бірігуде еуропалық экономикалық қауымдастықты пайдалануға үлкен сенім артты. Бұл экономикалық топ алты мемлекетпен Франция, Италия, ФРГ, Бельгия, Нидерланды, Люксембургпен құрылды.
Бұған француз сыртқы саясаты негізінен алты мемлекетттің «еуропалық бірлестіктеріне» сүйенді: «Ортақ нарық», ЕКББ, Еуроатом. Осы бірлестіктерде Франция тәуелсіздігіне қауіп төндіретін ұлт ұстіндегі элементтері бар еді.
Осы жағдайларда Шарль де Голль «еуропалық» ұйымдардың француз басшылығымен тәуелсіз мемлекеттердің саяси блогын құру арқылы Францияның беделі мен қуаттылығын қайта жаңғыртқысы келді.
1961 жылы Шарль де Голль «кіші Еуропа» негізінде АҚШ-тан тәуелсіз Францияның бастауымен саяси блокты құру туралы өз жобасын алға тартады. «Батыс Еуропа мемлекеттерінің ынтымақтастығын қамтамасыз ету- бұл Францияның ойы бойынша қажет, мүмкін және саяси, экономикалық, мәдениет және қорғаныс салаларында тәжірибе жүзінде орын алады» — деген еді ол.
Батысеуропалық интеграциялық үрдістерге қарсы болмай, Шарль де Голль интеграцияланған Батыс Еуропаның басқа формасы мен деңгейін ұсынады. Ол «Мемлекеттер Еуропасын» немесе әрбір мемлекеттің ұлттық егемендігіне қол сұқпайтын батысеуропалық конфедерацияны құруды ұсынады. Ал «кейбір едәуір болса да ұлт үстіндегі органдарға» келсек «олардың тек техникалық құндылығы бар, бірақ саяси беделділікке ие емес және бола алмайды».
Шарль де Голль «Жалпы нарыққа» кірген мемлекеттерінің саналы түрде үделендіріліп жатқан үрдістің орнына интеграциялық саяси ынтымақтастықты ұсынды. Ал интеграциялық үрдістің өзіне келсеқ ол де Голльдің ойынша, эволюциялық түрде, жалпы нарықтық мемлекеттерінің халықтарының біртіндеп және жүйелі жолы арқылы дамуы керек және осындай бірігудің соңғы мақсаты ол батысеуропалық конфедерацияның құрылуы еді.
Алайда бұндай конфедерация, Ш. де Голльдің пайымдауынша, Батыс Еуропа елдерінің толықтай жақындасуы мен бірігуін қарастырмайды. Бұл осы халықтардың одағы болады. Осындай конфедерацияда немесе батысеуропалық мемлекеттердің одағында әрбіреуінің ұлттық ерекшелігі сақталынады.
Бірақ осындай жолмен интеграцияланған Батыс Еуропа еуропалық мәселелерді шешуде тәуелсіз болуы керек. Бұл ешбір еуропалық емес державаның еуропалық мәселелерді шешуде қатыспауы керек. Басқаша сөзбен айтқанда, Батыс Еуропа АҚШ-қа тәуелсіз болуы керек, осы ойын нақтылау үшін «Еуропалық еуропа» атты ұғым енгізеді