Кез-келген қоғамның өсіп-өркендеуі, әлемдік өркениеттен өзіндік орнын алуы, оның білім деңгейіне байланысты. Сондықтан Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап білім беру ісін реформалауға кірісті. «Білім» туралы Заң қабылданып, жалпы білім беру жүйесіне бағытталған тұжырымдамалар, мемлекеттік білім стандарты, бағдарламалар және төл оқулықтардың жазылуы — орта мектеп өміріне қатысты реформалардың жүргізіліп жатқандығының айқын куәсі.
Қазіргі кезде, яғни өтпелі кезеңде өмір сүріп отырған республикамыз әлеуметтік-экономикалық дағдарысты басынан кешіруде. Бұл дағдарыс білім жүйесіне, әсіресе, ауыл мектептеріндегі білім сапасына кері әсерін тигізбей отырған жоқ. Бұрынғы ірі шаруашылықтар ұсақ кооператив, фермерлік шаруа қожалықтарына ұласуына байланысты ауыл тұрғындары жұмыссыздыққа ұшырап, қалалы жерлерге қоныс аударуда. Соның салдарынан орта мектептердің көпшілігі шағын жинақталған мектептерге айналды.
Соңғы алынған мәліметтер бойынша республикамызда жалпы орта білім беретін 8242 мектептің 3906-сы жинақталған мектеп екен. Осы айтылып отырған «шағын комплектілі» мектепке мынадай түсінік беруімізге болады: 1) оқушы саны өте аз мектеп; 2) қатар оқитын сыныбы жоқ мектеп; 3) оқушы саны аз болғандықтан, әр деңгейдегі сынып оқушылары біріктірілген мектеп.
Шағын комплектілі мектептердегі мұғалімнің жұмысы орта мектепте бір сыныппен жұмыс істейтін мұғалімге қарағанда әрі ауыр, әрі киын екендігі белгілі. Сол себепті мұндай мектептерде оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру аса шеберлікті қажет етеді. Соңғы кездегі ғалым-әдіскерлеріміздің жүргізген зерттеулеріне жүгінсек, шағын комплектілі мектептердегі бір мезгілде қатарынан оқылған әр деңгейдегі сынып оқушыларының білім деңгейі жалаң оқыған сыныптың оқушыларына қарағанда тиянақты да терең екендігі байқалады. Өйткені қатар оқылған сыныптардағы оқушылар тапсырманы өз бетінше істейді және теорияны тәжірибемен байланыстырады. Олар мұғалімнің басшылығымен әртүрлі өздігінен істейтін жұмыстың түрлеріне төселіп алады.
Шағын комплектілі мектептердегі оқу-тәрбие жұмысын ертеректен бері жүргізіліп келе жатқан шетелдіктердің, атап айтсақ Батыс Еуропа, Австралия, АҚШ, Канада, Қытай, Жапон, Ресей, Өзбекстан мемлекеттерінің іс-тәжірибелерімен таныса отырып, шағын комплектілі мектептерде «жаңа педагогикалық» технологияның аса қажет екендігіне көз жеткіздік.
Красноярскіде жаңа педагогикалық технологияны оқытудың ұжымдық тәсілі 1984 жылдан бері В.К. Дьяченконың басшылығымен жүргізіліп келеді. Оқытудың ұжымдық тәсілінің басты идеясы оқу сабақтарындағы оқушылардың ауыспалы құрамдарының жұптарындағы өзара қарым-қатынасы негізінде сабақтың оқыту үрдісін ұйымдастыру болып табылады.
Оқыту үрдісінде ауыспалы құрам жұптарының (АҚЖ) жұмысын тұңғыш рет 1918 жылы Украинада талантты инженер-ұстаз Ривин Александр Григоревич қолданған. Г.К.Селевконың кітабында оқытудың ұжымдық тәсіліне (О¥Т) мынадай анықтама берілген. «Оқытудың ұжымдық тәсілі деп динамикалық жұптарды оқытудың бір-бірімен тілдесу арқылы, яғни оқушы бірін-бірі оқыта отырып жүзеге асырылуын айтамыз». Оқытудың ұжымдық тәсіліне оқытуды ұйымдастырудың төрт түрі жатады: жекеше, жұппен, топтық және ұжымдық. Осының ішінде ұжымдық ұйымдастыру мұндағы ауыспалы құрам жұптарындағы оқушылардың «оқушы-мұғалім» рөлін орындауы қазіргі кездегі оқытудың жаңа түрі болып табылады.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында шағын комплектілі мектеп оқушыларының саны аз, біріктірілген сынып-комплектісі бар, оқу сабақтарын ұйымдастырудың ерекше формасы бар жалпы білім беретін мектеп деп көрсетіледі.
Республика шағын комплектілі мектептің үш типі бар:
Біріншісі — бастауыш шағын комплектілі мектеп;
Екіншісі — негізгі сатылы шағын комплектілі мектеп;
Үшіншісі — жоғары сатылы шағын комплектілі мектеп: Олардың бәріне тән қасиеттер:
- тек біріктірілген сынып комплектінің болуы (бұл бастауыш шағын комплектілі мектепте басым),
- тек біріктірілген сынып комплектінің және бала саны аз және
сыныптардың болуы; - тек бала саны аз жеке сыныптардың болуы (бұл негізгі және орта
шағын комплектілі мектепте басым).
Шағын комплектілі мектеп — қоғамның талаптарына сай, білім алуда оқушылардың сұранысын қанағаттандыруды қамтамасыз ететін, Үкіметіміздің мектеп туралы нормативтік құжаттармен анықталған қызметін атқаруды жүзеге асыратын жалпы білім беретін мектептің бір типі.
Шағын комплектілі мектептің қоғамның барлық даму кезеңінде және бүгінде білім беруді реформалау, білім берудің ұлттық үлгісін жүзеге асыру жағдайында өз үлесін қосып отырғанын мойындамау тарихқа жасалған қиянат болар еді.
Бұл мектептер шалғайдағы шағын ауылдық жерлерде адамдарды тұрақтандырудың басты кепілі болып табылады. Өйткені отбасының тұрмыс-тіршілігі мен балаларын оқытып тәрбиелеу үшін мұндай мектептер барынша мүмкіндік жасауға ұмтылады. Осы орайда, қазіргі қиын жағдайларға қарамастан, бұл типтердегі мектептерде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда кейбір қолайлы жағдайлар бар екендігін естен шығармауымыз керек. Олар:
- Ауыл мектептерінде оқушының жеке басының психологиялық
ерекшелігін зерттеп білуге жағдай мол. Әр оқушының үй-жағдай, ата-
анасының тәрбие мәселесін қалай шешетіндігін, олардың кәсіби
мамандықтарына дейін білуге мүмкіндік бар. Бұл жағдай оқушының
дамуына әсер ететін факторларға көңіл аударып жоспарлауға мүмкіндік береді. - Оқушының тілек-талабы мен қызығушылығына бағытталған
сыныптан тыс жұмыстар және факультативтік сабақтар жүргізуге жағдай туғызады. - Оқу материалын толық меңгеру — оқушылар үшін өте күрделі
үрдістердің бірі. Білім беру кезінде оқушының жеке басының ерекшелігін
нақтылы ескере отырып, оқу ісін жақсартуға арналған мүмкіндіктерді
пайдалануға болады. - Шағын комплектілі мектептерді оқушылардың өз бетімен көбірек
жұмыс істеуіне тура келеді. Бұл үрдістің ұтымды жақтарын пайдалана
отырып, оқушылардың өздігінен бақылау жұмысын жүргізуге,
қорытынды жасай білу дағдыларын байыта түсу мүмкіндіктерін үнемі есте
ұстау керек. Үй тапсырмаларын оқушының білім дәрежесі мен қабілетін
ескере отырып, даярландыру қажеттігін де естен шығармаған жөн. - Сыныпта оқушылардың аздығы, олардың әрқайсысының оқу
материалын меңгеруін, білім санасын, дағды біліктерін және танымдылық
белсенділіктерінің деңгейлерін үнемі бақылап отыруға уақыт жеткілікті. - Практикалық, лабораториялық және экскурсия сабақтарында
оқушыларды түгелдей қамтып, жұмыс жүргізуге сыныпта балалардың
аздығы қолайлы жағдай туғызады. - 0қушыларды еңбекке баулу, еңбек дағдыларын беру, мамандық алуға үйретуде де шағын ауыл мектептерінің мүмкіндіктері мол. Өйткені олардың ата-аналары ауылдағы мамандық иелері. Ал, оқушылар болса жастайынан еңбекке араласады.
- Шағын комплектілі ауыл мектептері оқушылардың бойына табиғатты қорғау, оны аялау, эстетикалық талғамын қалыптастыруда қоршаған орта арқылы табиғатқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуде де мүмкіндіктер бар.
Міне, осындай мүмкіндіктерді ескерсек шағын комплектілі мектептің жұмысын жетілдіру, ондағы тәрбие процесінің сапасын арттыру-маңызды әлеуметтік-экономикалық және педагогикалық проблема. Уиткені, Қазақстандағы мектептің 76 пайызы ауылдық. Оның 65 пайызы шағын комплектілі мектептер. Шағын комплектілі мектепте оқытудың ерекше көңіл аударылатын бір саласы оқушылардың өздігінен орьщдайтын жұмыстары. Өзбетінше тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау, әртүрлі танымдық есептерді шешу талап етіледі. Осының нәтижесінде оқушылар өзіндік бақылауды үйреніп, оларда жауапкершілік, оқу еңбегіне қатынас, жолдастық көмек қалыптасады.
Өз бетінше жұмыстың түрлерін қолдана отырып, сабақтың барлық жүйесінде оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту керек. Оқулықпен жұмыс істеуде, есептерді шығару, мазмұндама, лабораториялық жұмыстарда және еңбек тапсырмаларын орындау кезінде өз бетінше жұмыс түрлерін жан-жақты қарастырады.
Дидактикалық мақсатта өз бетінше жұмыс жаңа сабақты меңгеруге дайындық, жаттығулық, қайталап пысықтау және бақылау болып бөлінеді.
Дайындық өз бетінше жұмысы жаңа сабақты сапалы түрде меңгеру, жаңа дағдыны қалыптастыру, өткен материалдарды қайталау мақсатында қолданылады. Бұған есептерді шешу, жаттығуларды орындау, оқу құралдарын таңдап алу жатады.
Жаңа білімді меңгеру үшін жоғарғы сыныптарда өзбетінше жұмыс кең көлемде қолданылады. Өз бетінше жұмысты қолдану, білім, дағды, іскерлікті бекіту және қалыптастыруда орын алады.
Қайтадан пысықтап қайталау өзбетінше жұмыстың тақырыпты оқудың немесе бағдарлама бөлімін пысықтауды қажет етеді. Ол жазбаша жұмыс түрлерімен және бақылау жұмысымен ерекшеленеді.
Өз бетінше жұмыста тапсырма жалпы және жеке түрде беріледі. Жеке тапсырмаларды барлық оқушы өз бетінше жұмыс орындайды. Көбінесе шағын комплектілі мектепте өзбетінше жұмыстың жеке түрлері қолданылады, сонымен бірге өз бетімен жұмысты ұйымдастырудың коллективтік түрі де болады. Мысалы: лабораториялық жұмыстың кейбір түрлері, жергілікті жерде өлшеу жұмыстары және т.б.
Оқушылардың өз бетінше жұмысының педагогикалық, тиімділігі мұғалімнің басшылығының сапасына байланысты. Ол өзбетінше жұмыстың мақсатын анықтап оқушыларды ой-еңбегін қабылдауға үйретіп, сыныптың өзбетінше жұмысының барысын бақылап, оқушылардың қате жібермеуіне көмектеседі. Сөйтіп, қорытынды жасап, әрбір жұмыстың нәтижесін бағалайды. Математика сабағында өзбетінше жұмыс орындауда оқушылардың жас ерекшеліктеріне көңіл бөлінуі тиіс .
Бастауыш сыныптарға арналған математика бағдарламасының «Түсінік хатында» математиканы оқыту өзара байланысты төрт түрлі мақсатты көздейтіндігі айтылған, яғни:
- Білімділік — бағдарламаға сәйкес математикалық білім, икемділік және машықтандырудың белгілі бір көлемін оқушылардың игеруі;
- Тәрбиелік — шынайы ғылыми дүниетанымдық көзқарасты, ізгі игіліктерді, еңбекке бейімділік және т.б. қасиеттерді қалыптастыру; ,
- Дамытушылық — логикалық құрылымдар мен ойлаудың
математикалық стилін дамыта түсу; - Практикалық меңгерген математикалық білімдерін нақтылы жағдайларды практикалық есептерді шешуде қолдана білуімен байланысты икемділікті қалыптастыру.
Осы мақсаттардың табысты шешілуін білім мазмұнын тиімді жолмен сұрыптап алуға, оны оқытып үйретудің жан-жақты үйлестірілген, ойластырылған жүйесін құруға, оқытудың сәйкес әдіс-тәсілдерін, жабдықтарын ұйымдастыру формаларын іріктеп алуы, өзбетінше жұмыс түрлерін пәндердің ерекшелігіне қарай құруға байланысты.