Егеменді ел болып, тәуелсіздігімізді алып нарықтық экономикаға көшуімізге байланысты ел экономикасы түбегейлі өзгерістерге душар болды. Әсіресе еліміздің экономикалық өміріндегі шаруашылық қатынастар жүйесіндегі терең әрі ауқымды өзгерістер көрініп, еркін бәсеке, бәсекеқабілеттілік, еркін сауда, жеке меншік билігі т.б. осы секілді ұғымдар ене бастады. Ал өз кезегінде ұйымдық-құқықтық формалардың яғни әртүрлі шаруашылық жүргізуші субъектілердің жұмыс жасауы, қызмет көрсетуі, өнім өндіруі — бәсеке және бәсекеқабілеттілік ұйымдарын одан әрі өрбіте түсті.
Жоғары тұрақсыз және сыртқы орта факторларының анықталмағандық жағдайында ұзақ мерзімдік перспективада кәсіпорынның әрі қарай гүлденіп, өркен жаюының кепілдігін қамтамасыз ететін бәсеке қабілеттілік пен бәсекеқабілетті басқару жүйесі, сондай-ақ бәсекеқабілетті стратегия тиімді басқарудың мақсатты құралы ретінде әртүрлі функционалдық бағыттағы және әртүрлі бизнес аясында жұмыс істейтін, тауарлар өндіріп, қызмет көрсететін ұйымдар үшін әсіресе өзекті болып отыр. Қазіргі кезде көптеген кәсіпорындар үшін кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін арттыру ең негізгі мәселе болғандықтан көпшілік тарапынан осы бір мәселеге көп көңіл аударуда. Ол сату нарықтары, өткізу көлемдері, қосымша табысты табуды көздейтін өндірушілердің экономикалық стратегияларының басты ажырамас құралына айналды. Осыған сәйкес кәсіпорындар әрі шығарылатын өнімдердің бағаларын төмендету арқылы әрі нарықта бар өнімдерден сапалық көрсеткіштері жағынан ерекшеленетін өнімдерін өндіру арқылы бәсекелестерді ығыстыруға және нарықтағы жағдайларын нығайтуға ұмтылуы керек.
Бәсекеқабілеттілік ұғымы көпжақты болып, кәсіпорын іс-әрекетінің тауар секілді құрамдас бөліктерін сондай-ақ оның негізгі сипаттамалары болып табылатын сапа және өндіріс технологиясын қамтиды. Сонымен қатар ғылыми әдебиеттерде ұлттық экономиканың және аймақтық бәсекеқабілеттілігі ұғымдары қолданылады. Әр ұғымның құрылымы объектінің бәсекеқабілеттілігі оның бәсекеқабілетті элементтерінен және мақсатқа жетуде олардың өзара ұйымдасуынан тұратынын негіздейді.
Кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігі – қатысты өлшем, өйткені ол сату уақыты мен нарықта бәсекеге түсетін ұйымдардың салыстырмалы нәтижелерінде көрінуі мүмкін.
Осы арада кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігіне тоқтала кетейік.
Кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігі – бұл экономикалық, техникалық, ұйымдастырушылық мүмкіндіктердің жиынтығы.
Кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігі – бұл бәсекелестік күрес жағдайында өзінің алып отырған нарықтық үлесін сақтап қалуға немесе кеңейтуге жеткілікті әлеуеті.
Кәсіпорынның (фирманың) бәсекеқабілеттілігі — кәсіпорынның ұлттық, халықаралық нарықтағы жағдайын анықтайтын кешенді экономикалық көрсеткіштерін және потенциалын қамтиды.
Байқалғанындай бәсекеқабілеттілігінің 2 жағы бар. Бұлардың біреуі оның элементі және құраушы бөліктері (тауардың жоғары сапасы, тауардың қосымша қызметі, барлық қызмет көрсету мерзіміндегі нақты қызметі т.с.с.) және нақты жағдайдағы тауар сату міндеттерінің нақты шешімі (жеке қабілеттіліктері бар нақты сатып алушы, оның мүмкіндігі және өзіндік талғам шкаласы бойынша нарықта бәсекелесуші кәсіпорындардың ішінен ұнайтынын шешуі, сатушының жеке қасиеттері). Бәсекелелік күрестегі жеңіс бәсекеқабілеттілік нәтижесін бейнелейді. Ал бәсекеқабілеттілік пен бәсекенің қатынасын «потенциал – потенциалды қолдану» қатынасы ретінде сипаттауға болады.
Әдетте бәсекеқабілеттілік бейімділік және жаңашылдық секілді екі ажырамас бөліктерден тұрады. Бейімділікті икемдеу қасиеті, кәсіпорынның сыртқы ортамен қатынасының формасы және ұйымішілік қайта құрудың үрдісі ретінде түсінеміз. Өз кезегінде жаңашылдықты жаңару мүмкіндігі және минималды өзіндік құн, технологиялық, ритмдшік критерилері бойынша ұйымішілік процестерді қайта құру ретінде ұғынамыз.
Егер де бейімділік кәсіпорынның сыртқы орта өзгерістеріне деген реакциясын көрсетсе, онда жаңашылдық өз іс-әрекетінде шешім қабылдау және жаңа элементтерді игерудің негізінде өзгерген іс-әрекет бағытын сипаттайды.
Бәсекеқабілеттіліктің 2 қасиетін қалыптастыруда кәсіпорындар ұйымның жекелей элементтеріне сүйенеді. Жеке тұрғыдан алғанда бейімділік қасиеті ұйымның әркелкі өнімдер өндіретін технологиялық құрал-жабдықтары және тұтастай алғанда техникалық базасы болмайынша қалылтаспайды.
Бәсекеқабілеттілік ұғымының екінші қасиеті болып табылатын жаңашылдық жаңалықтың екі түрін игеру мүмкіндігіне сүйенеді. Бір тұсы бұл өндірістің техника-технологиялық жаңартылуымен байланысты техникалық жаңалық болып табылады. Мұның құрамына құрал-жабдықтар мен аппаратура, өндірістің техникалық құралдары және НИОКРді техникалық қамтамасыз ету сондай-ақ өнімдерді өндіру технологиясы аясындағы жаңалықтарды игерудің әдістері мен тәсілдері кіреді.
Жаңашылдықтың келесі ажырамас бөлігіне — әлеуметтік жаңалықтар жатады. Мұндай жаңалықтың техникалық базасы ретінде игерілген әлеуметтік технологиялардың жиынтығы қарастырылады. Кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігінің деңгейіне негізінен мынандай басты факторлар әсер етеді:
— өндірістік технологияны жетілдіру дәрежесі мен ғылыми-техникалық деңгейі;
— жаңа өнер табулар мен жаңашылдықтырды қолдану;
— қазіргі заманға сай автоматтандырылған және роботтандырылған өндіріс құралдарын енгізу.
Сонымен бейімділік пен жаңашылдық ұйымның бәсекеқабілеттілік қасиетіи қалыптастыруға қажетті және жеткілікті жағдайларды айқындайды.
Бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі — кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін жоғарылату мәселесін шешетін және сол ұйымның нарықтық орта элементтерімен байланысын қамтамасыз ететін бәсекеқабілетті басқару жүйесін құру. Осы орайда шаруашылықтың жаңа жағдайларында нарықтық қатынастарға бейімделген басқару жүйесін құру процесін жеделдеткен жөн. Сонымен қатар бәсекеқабілетті басқару жүйесінің ақпараттық қамтамасыз етілуін және стратегиялық бағыт-бағдарын күшейте түсу керек.
Кәсіпорынның бәсекеқабілетті басқару жүйесі негізінде кәсіпорынның потенциалды мүмкіндіктерін және сыртқы орта талаптарын ескере отырып, ақпараттық технология негізінде өздерінің міндеттерін арнайы функцияландырылған әдістер мен тәсілдер арқылы орындайтын органдар жиынтығы түсініледі. Бәсекеқабілетті басқару жүйесі – бұл қоршаған орта факторларының ықпалы негізінде өзін-өзі дамыту және өзін-өзі реттеу қабілеті бар күрделі ағза.
Кәсіпорынның бәсекеқабілетті басқару жүйесінің ең негізгі қағидасы – бұл кәсіпорынның қызмет етуі мен дамуының стратегиясы және мақсаттарды таңдаудағы негізделген өндірісті басқару жүйесінің бағыт-бағдары негізінде жаңа технологиямен жаңа өнім енгізу, кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын ескере отырып оның потенциалды мүмкіндіктерін бағалау және бәсекелестік ортаның жағдайын болжау негізінде қызметтердің перспективалы бағыттарын анықтау түсініледі.
Қазіргі таңда кәсіпорынды тиімді әрі ұтымды басқару жүйесі әлі де болса төмен деңгейде қалып отыр. Сонымен қатар нарық қатынастарына бейімделген басқарудың функционалды механизмі дайындалмағандықтан, бәсеке жағдайында туындайтын көптеген мақсаттарға қол жеткізіле бермеуі. Сондықтан кәсіпорындар заман талабына сай, қазіргі басқару қағидасына негізделген, жоғары бәсекелік потенциалды және стратегиялық бағытты қамтамасыз ететін басқару жүйесін қалыптастыру тұжырымдамасын енгізу қажет болып табылады.