Біздің еліміздің болашағы – оның интеллектуалды қоры, ғылым және инновация жетістіктерінде. Бұл сөздер Президент Н.Ә. Назарбаевтың халыққа арналған жолдауында айтылған болатын. Өмір өзі көрсеткендей, шикізат сатуға бейімделген экономика құлдырауға бағытталған. Тек жоғарғы сапалы, ең соңғы ғылым жетістіктеріне сай техника мен технологиялар ғана экономиканы көркейтіп, халық өмірін жақсартуға қабілетті. Сондықтанда, ғылымға және ғылыми-техникалық және инновациялық саясатға ерекше көңіл бөлінуі тиіс.
Өткен ғасырдың соңғы он жылдығында Қазақстан ғылыми-техникалық потенциалы қиындықтармен қақтығысын, түбірімен өзгеріске ұшырады. Тек 1999 жылдан бастап ғана ғылым жөтістіктері мен инновацияларды игеру, ғылым-өндіріс тізбегін дамытудың маңыздылығын мойындай бастадық. Рынокты экономика тұсында ғылыми жаңалықтарды инновациялық компаниялар игеріп, өндіріске енгізіп отырады. Бұл салаға шағын инновациялық кәсіпкерлік айтарлықтай үлес қосады.
Шағын кәсіпкерлік кез келген мемлекет экономикасының негізгі саласының бірі. Шағын және орта кәсіпкерлікке кез келген рынокты дамыған елдерде 10 кәсіпорынның 9-ы кіріп отырады. Егер, Европа елдерінде әр мың тұрғынға шаққанда 45-50 шағын кәсіпорын болса, АҚШ-та ол көрсеткіш 75 кәсіпорын шамасында, ал Қазақстанда не бары 7-8 кәсіпорын ғана құрайды екен.
Бұл кәсіпкерлік сферасында шағын инновациялық бизнес ерекше орын алып, мемлекет экономикасының дамуына көп әсер етеді. Ол бірқатар артықшылықтарға ие:
- Шағын инновациялық кәсіпкерлік бір салада тоқтап қалмай экономиканың барлық сферасын қамтиды.
- Ірі фирмалар ғылыми зерттеулер мен тәжірбиелерді жүргізуге мүмкіншілігі әлдеқайда көп болса да, күрделі басқару процесс баяу
атқарылады. Сондай-ақ ірі фирмалар сыртқы орта әсеріне икемсіз болып келеді. Ал шағын инновациялық фирмалар сыртқы орта өзгерістеріне тез икемделініп, жауап қайырып, процесс бағытын жылдам өзгертуге қабілетті. - Шағын фирмалар ірі компанияларға қарағанда ғылыми-техникалық зерттеулер нәтижелерін, инновацияларды өндіріс пен өнеркәсіпке жылдамырақ енгізеді.
АҚШ Ұлттық ғылыми қорының зерттеулері бойынша ірі компанияларға қарағанда шағын фирмаларда 2,5 есе көп жаңалық ашады, өнеркәсіптегі инновациялардың 50% шағын кәсіпкерлік саласымен жасалынған, ал соңғы өнеркәсіпке енгізу процессі шағын кәсіпкерлікке 1 жылға ертерек іске асырылады.
Осы көрсетілген ерекшеліктердің бәрі шағын инновациялық кәсіпкерлікті қолдау маңыздылығын ескертіп отыр. Дамыған елдерде шағын инновациялық кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау жүйесі мынадай сұрақтарды қамтиды:
Шағын инновациялық кәсіпорындар қызметін құқ және заңмен қамтамасыз ету;
Кредиттік жеңілдіктер ұсыну, жеңілдетілген салық түрлерін енгізу;
Шағын инновациялық фирмалар проекттерін тікелей бюджеттік қаржыландыру, жеке кәсіпкерлік саласының қаржысын бағыттау;
Информациялы – консультативті, маркетинг бойынша көмек беру, шағын фирмалар қызметін мамандармен қамтамасыз ету.
Дүниежүзілік тәжірбиеге қарайтын болсақ, шағын инновациялық кәсіпкерлік қызметіне және дамуына ең қолайлы жағдай ғылыми технологиялық орталықтарда — инкубаторларда, технопарктерде, технополистерде ұйымдастырылады екен. Бұл ұйымдар шағын инновациялық кәсіпорындарды бір «шатырдың астында», «бір қалада шоғырландырып, оларға ғылыми-техникалық зерттеу лабораторияларын, өндіріс-тәжірбиелік цехтарын және жалға бөлмелер ұсынады Бұл жерде мемлекеттік қаржы крммерциялық банктер және венчурлы қорлар қаржылары шоғырланады. Әдетте ғылыми парктер мынадай жерлерде орналасады:
Жоғарғы оқу орындары, университеттер бар жерлерде;
өндіріс зоналарын, жер учаскелерін, лабораториялар жалға алуға мүмкіндік бар жерлерде;
Мемлекет тарапынан қолдау, салық жеңілдіктерін алуға мүмкіншілік бар жерлерде;
автокөлік, темір жол магистралдарына және шикізат көздеріне жақын жерлерде.
Қазір дүниежүзінде 400 жуық ірі технопарктер бар, оларды жартысы АҚШ-та орналасқан.
Алғашқы ғылыми парк 40-50 жылдар тұсында АҚШ-та Стенфордс университетінің іргесінде қалыптасқан. Сол кезде осы ғылыми орталықтардан өз бастауларын алған кәсіпорындар ірі компанияларға айналған. Дүние жүзіне әйгілі технополистер Калифорниядағы «Селиконования долина» зонасында «Хьюлетт-Паккард», «Тексас инструмент», «Дженерал электрик», «Кремнйевая долина» технополисінде «Локхид», «Эр-эм-си», т.б. көптеген фирмалар бастауларын алып, көркейген.
Европа континентінде технопаркті құрылымдар 70 жылдардың басынан дами бастады. Алдымен Ұлы Британияда, онан кейін Франция, Германияда. Қазір Францияда «техникалық регионалды комплекстерді дамыту» бойынша мемлекеттік қызмет бар. Франциядағы ең ірі технопарктер — «София-Антиполис». Бұл технопаркте 26 өнеркәсіптік кәсіпорын, 14 ғылыми-зерттеу ұйымы бар. Жалпы Францияда 50-ге жуық технополистер мен технопарктер бар.
Жапонияда мемлекеттік программалар негізінде 20-ға жуық технополистер қалыптасқан, олардың ішіндегі ең ірісі Цуруба. Мұнда 47 зерттеу ұйымы, бүкіл ғалымдардың 40% шоғырланған.
80 жылдардан бастап дамушы елдерде Бразилия, Индия, Қытай мемлекеттерінде технопаркттер маңыздылығын түсініп, олардың кызметіне жағдай туғыза бастады.
Алғашқы технопарктер пайда болғанынан жарты ғасыр өткеннен кейін ғана Ресейде де осындай ғылыми орталықтар қалыптаса бастады. Олардың алғашқысы 1990 жылы Томск университеті қолдауымен құрылды. Қазір Ресейде 60-қа жуық ғылыми парктер мен орталықтар бар.
Ал Қазақстан да болса олар тек 90 жылдар аяғында ғана пайда бола бастады. Қазір бізде бірнеше технопарк қызмет істейді, олар: әл-Фараби атындағы Қаз МҚУ тұсындағы технопарк, Қарағанды мемлекеттік университетіндегі технопарк және Алматыдағы «Ұлттық ғылыми-технологиялық парк», сондай-ақ өткен жылдың қазан айында алғашқы бизнес инкубаторлары қалыптастырылған.
Ғылыми технологиялық орталықтардың қызмет көрсету деңгейінің кеңеюі, өспелілігіне байланысты оларды былайша тізіп көрсетуге болады: инкубаторлар, технологиялық паркттер, технополистер, ғылым мен технология аймақтары.
Инкубатор – инновациялық қызметтің көптеген түрлерін ұсынушы комплекс, ол бір немесе бірнеше ғимаратты алып тұрады, ал шағын инновациялық фирмалар осы ғимарат ішінен белгілі бір территорияларды жалға алып қызметін бастайды, инкубациялы период 2-3 жыл, осы мерзімнен кейін фирмалар өз бетінше қызмет жасау үшін бұл комплекстен шығып кетеді. Инкубаторда жаңа ғана қалыптасқан фирмаларға бухгалтерлік, маркетингтік (бизнес-жоспарын жасау, өнімге жарнама, маркетингтік талдау жасау), компьютер, басқа да құрал-жабдықтарды жалға ұсыну сияқты көмектер көрсетіледі. Бұл ғылыми-өнеркәсіптік құрылымнын, негізгі мақсаты — шағын инновациялық фирмаларды ғылыми идеядан практикаға жеткізу, бәсеке күресіне төтеп бере алатын кәсіпорын дәрежесіне жеткізу. Ол кәсіпорындар инкубаторлардан шыққан соң технопарктер де немесе басқа да өнеркәсіптік орталарда қызмет етуге қабілетті болады.
Технопарк – ғылыми-техникалық, территориалды комплекс, негізгі мақсаты шағын бизнес фирмаларының қызмет етуіне тиімді, ыңғайлы жағдай қалыптастыру. Олар жоғарғы оқу орындары, зерттеу орталықтары, лабораториялар тұсында қалыптасады. Оның құрамына: зерттеу орталықтары, инкубаторлар, инновациялық орталықтар, маркетинг т.б. орталықтар енеді. Технопарк шағын инновациялық кәсіпорындарға қажетті бухгалтерлік аудиторлық, консалтингті, маркетингті қызметтер ұсынып отырады.
Технополис – жеке қала негізінде құрылған ғылыми-өндірістік құрылым. Негізгі құрылым – технопарктер, инкубаторлар, ғылыми орталықтар мен университеттер.