Кәсіпорындар (фирма) дербес субъект болып есептеледі, ол ең алдымен экономикалық шешімдерді қабылдаудағы еркіндікті көрсетеді. Бірақ кәсіпорын қызметіне қатысты кез-келген шешім ішкі және сыртқы ортаның нәтижелерін есепке ала отырып жасалады. Фирманың ішкі ортасы — кәсіпорынның қызметінің барлық құрамын қамтитын өзінің экономикасы: өндірістік процестер, өнімді өткізу, қаржылық, материалдық және кадрлық қамтамасыздық, басқару жүйесі. Фирманың сыртқы ортасы — бұл кәсіпорынның ұлттық шаруашылықтың бөлігі ретінде қызмет атқаратын экономикалық, құқықтық және әлеуметтік ортасы. Кәсіпорынның сыртқы ортасы схема түрінде келесіше сипатталады.
Ұлттық шаруашылықтың кәсіпкерлік секторы экономикалық талдау мақсатында бірқатар маңызды белгілерге байланысты топталатын фирмалардың көптеген санынан тұрады. Ең көп таралғаны меншік формасы, көлемі, қызмет сипаты, салалық қатысуы, өндірістің басым факторы, құқықтық қатысуы бойынша жіктеу. Енді осыларға тоқталып көрейік.
Өзінің кәсібін бастағысы келген әрбір потенциалды кәсіпкер қызметтің түрлері мен формаларын, оларды мемлекеттік органдарда тіркеу тәртібін және салық салу сұрақтарын реттейтін заңдылық сұрақтарымен қақтығысады. Осы сұрақтар бойынша заңдылықтар көлемі өте кең, бірақ кәсіпкер өз таңдауын жасайтын негізгі принциптер бар.
Кәсіпкерлік қызметті заңды тұлға (жолдастықтар, өндірістік кооператив) немесе жеке кәсіпкер түрінде бастауға болады.
Заңды тұлғалар ішінде көптеген түрлер мен формалар бар, оның ішінде төмендегілері соңғы жылдарда Қазақстан Республикасында кеңінен тараған.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер — жолдастықтың бір немесе бірнеше тұлғаларымен тағайындалған, жарғылық қоры жолдастықтың құрылтайшылар құжатымен анықталғандай үлестерге бөлінетін жолдастық. Жолдастыққа қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауапты емес және жолдастықтың қызметімен байланысты шығындар тәуекеліне өзінің салым көлемі шеңберінде ғана жауапты болады.
Жауапкершілігі шектеулі жолдастықтың жарғылық капиталы 1000 есептік көрсеткішті (қазіргі кезде ол 1030 теңге) құрайды және жолдастықтың құрылтайшыларының салым салу жолымен құрылады. Салымдар ақша, құнды қағаздар, мүліктік құқық, оның ішінде жерді пайдалану құқы мен интеллектуалды қызмет нәтижесі құқығы түрінде болуы мүмкін. Құрылтайшылардың салымдары ақшалай түрде бағаланады. Егер де салымның сомасы айлық есептік көрсеткіштің 20000 есе көлемінен асып кетсе, онда бағалауды тәуелсіз сарапшы жүзеге асыруы керек. Жолдастықты тіркеу уақытында жарғылық капиталдың кем дегенде 25 % -ы салынуы керек.
Жолдастыққа заңды тұлға да, физикалық тұлға да құрылтайшы бола алады. Жолдастыққа қатысушылардың саны 50-ден аспауы керек.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік кіші кәсіпкерлік субъектісі формасында қызмет атқара алады. Осындай форманың өзінің ерекшеліктері жеңілдіктері мен шектеулері бар:
- Субъект ретінде ЖШС-нің жарғылық капиталы 100 есептік көрсеткішке тең және құрылтайшылар арқылы тіркеу кезеңіне 100% салынуы керек;
- Жылдық айналым айлық есеп көрсеткішінің 60000 көлемінен аспауы керек;
- Кіші кәсіпкерлік субъектісі критерийіне түсетін жолдастықтың құрылтайшылары ретінде бір немесе екі заңды тұлға қатысса, онда олардың жолдастықтың жарғылық капиталындағы үлесі 25%-дан аспауы керек;
- Кіші кәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік тіркеуге алынғаннан бастап үш жыл аралығында жылжымайтын мүлік құқын тіркеу төлеміне жеңілдік ала алады;
- Өндірістік қызметпен айналысатын кіші кәсіпкерлік субъектілеріне жер бөліктерін беру (сату, жалға беру) олардың жергілікті атқару органдарына берген арызы бойынша жерді пайдалануға берілетін актыға төлем алмай және жерді сатып алу төлемін және оны жалға алу төлемін үш жылға шегере отырып жүзеге асырылады.
- Кіші кәсіпкерліктің өндіріспен айналысатын субъектілері кәсіпорынның қызметін монополияға қарсы реттеуді қолдану арқылы электр энергиясының, жылумен қамтамасыз ету және канализацияның қуатын қосу төлеміне өзгерістер енгізе алады.
- Кіші кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қатысы бар екінші деңгейдегі банктерде есеп — шот ашуға төлем алынбайды.
- Кіші кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысшыларының жылдық орташа саны 50 адамнан аспауы керек (фирмаларды қосқанда);
- Ойын және шоу бизнеспен айналысатын коммерциялық ұйымдар кіші кәсіпкерліктің субъектісі бола алмайды;
Толық жолдастықты құру кезінде қатысушылар жолдастықтың мүлкінің жетіспеушілігі болса оның барлық мүлкі бойынша міндеттемелерге бірге жауапты болады. Азамат тек бір ғана толық жолдастыққа мүше бола алады.
Командитті жолдастық жолдастықтың міндеттемесіне өздерінің барлық мүлкімен қосымша жауапты болатын бір немесе бірнеше қатысушымен қатар жауапкершілігі жолдастықтың мүлкіне салынған салық көлемі бойынша шектелетін және жолдастықтың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын бір немесе бірнеше қатысушыны қамтиды. Қосымша жауапкершілікті жолдастықта жолдастықтың жарғылық капиталына салынған салымдар көлемі жетпеген кезде оның міндеттемелері бойынша олардың иелігіндегі мүлік пен олардың салымдарының еселенген мөлшерінде жауапты болады.
Өндірістік кооператив. Ұжымдық кәсіпкерліктің ұйымдастыру заңдылық формаларының ішінде ең басты орынды ауыл шаруашылығы өндірісі саласындағы өндірістік кооператив алады. Оның мәні төмендегіше: азаматтардың жеке еңбекке қатысуына негізделген ерікті түрде ұйымдасуын ұйымдастырушылық және экономикалық анықтылығын береді.
Өндірістік кооперативтің ұйымдастырушылық негізі мүшелік болып табылады. Кооператив мүшелерінің саны бестен кем болмауы керек.
Кооператив мүлкі кооператив мүшелерінің пайынан құрылады. Мүлкі құрамында, кооператив жарғысы бойынша анықталатын мақсаттарға жұмсалатын бөлінбейтін қорлар болады. Кооперативтің жоғарғы басқару органы оның мүшелерінің жиналысы болып табылады. Кооперативтің атқару органы басқаша немесе оның бастығы. Елуден аса мүшесі бар кооперативте атқару органының қызметін бақылайтын бақылаушы кеңес құрылуы мүмкін.
Өндірістік кооперативтің маңызды сипаттамасы мүшелердің кооператив қызметі мен еңбекке қатысуына сәйкес пайданы бөлуге міндетті түрде қатысуы болып табылады. Кооперативті тарқатқаннан кейінгі қалған мүлікті бөлу де осы негізге сүйенеді.
Заңды тұлға сонымен қатар ашық немесе жабық түрдегі акционерлік қоғам түрінде қызмет атқара алады.
Өзінің қызметін жүзеге асыру мақсатында ақшалай қаражаттарды тарту үшін акция шығаратын заңды тұлға АҚ деп танылады.
Жабық акционерлік қоғам – бұл акциясы құрылтайшылар мен алдын-ала анықталған тұлғалар арасында орналастырылатын қоғам. Олардың жарияланған жарғылық капиталының көлемі 100 айлық есептік көрсеткішті көрсетеді. Тіркеу кезеңінде жарғылық капитал 100% төленуі керек. Жабық акционерлік қоғамның акционерлерінің саны 100-ден аспауы керек, тек бұл қоғам коммерциялық емес болса ғана 100-ден асуға рұқсат етіледі. Жабық акционерлік қоғамның акционерлері осы қоғамның басқа акционерлерінің акцияларын сатып алуға ерекше құқылы.
Ашық акционерлік қоғам — өзінің акцияларын ашық (шексіз тұлғалар шеңберінде), жабық және жеке тәсілмен орналастыру құқы бар қоғам. Жарғылық капиталдың жарияланған минималды келемі 50000 айлық есептік керсеткішке тең, оны тіркеу кезінде құрылтайшылар 25% көлемде жабық түрде салуы керек.
Қалған жарғылық капитал акционерлік қоғам мемлекеттіктіркеуден өткеннен кейін бір жыл ішінде шығарылуы керек. Егерде жарғылық капитал жеке тәсілмен орналастырылса онда эмиссияны мемлекеттік органдарда тіркеудің қажеті жоқ. Егерде жарғылық капиталды орналастыру ашық тәсілмен жүргізілетін болса, онда акция эмиссиясының мемлекеттік тіркеуі жүргізіледі
Жеке кәсіпкер — өзінің меншігіне, өзінің тәуекелі мен мүліктік жауапкершілігіне негізделген, кіріс алуға бағытталған, қызметті өз атынан жүзеге асыратын азамат (тар). Қызметтің осы түрі заңды тұлға білімінсіз (құрылымынсыз) төмендегі формалардың бірінде жүзеге асырылуы мүмкін: жеке кәсіпкерлік (бір азамат) және біріккен кәсіпкерлік (қарапайым жолдастық — азаматтардың біріккен қызметі келісім бойынша; ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігі — жалпы біріккен меншік базасында; жанұялық кәсіпкерлік — жекешелендірілген тұрғын үй немесе шаруа қожалығы мүлігіне жалпы біріккен меншік негізінде).