Салық саясаты арқылы шаруашылық жүргізуші объектілердің қызметін ынталандыруға немесе шектеуге, бюджет кірісін қалыптастыруға, қоғам мүддесін қолдауға болады. Салық ауыртпашылығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым салық төлеушінің салық төлеуге деген ынтасы мен мүмкіншілігі де кемиді.
Бүгінгі күндешағын және орта кәсіпкерлікке жасалып отырған барлық жеңілдіктердің өзінде жеке тұлға үшін табыс салығы белгіленген пайыздық мөлшерінің әлі де жоғарылығы, кәсіпкерлердің әлемдік практикаға сәйкес емес, біршама жоғары мөлшерде салық төлеуі сияқты мәселелер шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын тежеп отыр. Салық салудың жеңілдіктері арқылы салық салудан жартылай немесе толық босату, салық салынбайтын минимум, шегерістер, салық төлеу мерзімін ұзарту, салық ставкасын төмендету сияқты мәселелердің әлі де қажетті деңгейде жетілдірмеуі шағын және орта бизнестің жедел дамуына кері әсер етуде. Сондай-ақ салық салуда кәсіпкерліктің қолайсыз жағдай әсерлеріне ұшырауы немесе айрықша салаларда жұмыс істеуі ескерілмейді.
Бұл мәселелердің оңды шешілуіне септігін тигізетін мынадай ұсыныстарға көңіл аударайық:
- Шағын бизнес субъектілері үшін салық ставкаларының дифференциациясын қарап, олар өндіретін өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің, қосымша құнның деңгейін немесе оның тиімділігін негізге ала отырып, қызмет түрлері бойынша жүргізу.
- Жалдамалы қызметшілердің еңбек ақысы қорының деңгейіндегі бастапқы мәнін арттыра отырып, табыс салығының сомасын азайту бойынша есептесуге қабылдайтын әрбір жалдамалы қызметшіге 2,5-тен 4-ке дейінгі ең төменгі еңбекақы мөлшері бойынша еңбекақыны жою жолымен алмастыру.
- Әрбір жалдамалы қызметшіден 1,5-тен 0,7-0,5%-ға дейін есептелген табыс салығын азайта отырып, жеңілдік нормасын төмендету.
- Индустриалды-инновациялық стратегияны жүзеге асыру аясында жаңа жоғарғы технологиялық өнім түрлерін құруға бағытталған ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге байланысты шығындар бойынша жеңілдік салықтарды бекіту.
Осындай ұсыныстарға сүйене отырып, қазіргі кезеңде жағдайға қарай салық саясатын дұрыс жүргізе білу ел экономикасының одан әрі қалыптаса беруіне жол аша береді.