Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың негізгі жолдарының бірі – салықтық реттеу болып табылады.
Салық салудың нәтижелілігі олардың атқаратын роліне тікелей байланысты. өйткені, егер салық салу тәжірибе жүзінде максималды мүмкіндікке ие болатын болса және олардың атқаратын қызметтері арасында үйлесімді тепе-теңдік сақталатын болса бұл роль жағымды болып келеді. Салық салу мемлекеттің өз қызметін атқару мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Шағын және орта кәсіпкерлікке қолданылатын тиімді салық салу жүйесі қоршаған ортадағы қолайсыз жағдайдан әлеуметтік-экономикалық құрылымдардың тәуелділігін кемітуге мүмкіндік береді. Кесте В-1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің кірісіндегі салықтық түсімдердің құрамы мен үлес салмағы. Кестеден көріп тұрғандай, кірістердің негізін салықтық түсімдер құрап отыр.
Мемлекеттік бюджет кірістері салық заңнамасы, әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспары жобасының маңызды макроэкономикалық көрсеткіштері мен салық салудың ел экономикасын одан әрі дамытуға және инвистициялар тартуға бағдарланған бағыттары негізінде айқындалды.
Кірістер болжамының есептерінде жоспардан тыс салықтық және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді Қазақстан Республикасының ұлттық қорына есепке алынатын мұнай секторы ұйымдарының тізбесі бойынша салық түсімдерінің есебі бір баррель үшін 19 АҚШ доллары болатын мұнайдың әлемдік тұрақты бағасы есепке алына отырып жүргізілгені ескеріледі. Әлемдік мұнай бағасы елеусіз төмендеген жағдайда мұнай өндірудің өсу қарқыны ЖІӨ-нің өсу қарқынынан төмен болуы есебінен орта мерзімді кезеңде мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін салықтар мен төлемдер түсімі азаяды. Кесте В-2 Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өнімінің 2001-2004 жылдардағы серпіні және 2008 жылға дейінгі болжамы.
Мемлекет салықтар, салық ставкалары мен жеңілдіктері арқылы реттеушілік қызметін жүзеге асыру барысында экономиканы, өндіріс пен инвистицияны, шағын және орта бизнесті ынталандыруға тигізетін әсерін назарда ұстау шарт.
Салықтық реттеу процесі салық салудың оңтайлы деңгейін анықтаумен байланысты. Салық ставкаларын өзгерту арқылы өндірістегі шағын және орта бизнестің даму барысына әсер етуге болатынын ғылыми зерттеулер айқындап отыр. Салық ставкаларын салықтық құрал ретінде пайдалану барысында оның нақты кезеңдегі салық ставкалары мен салық түсімдерімен өзара байланысты, өндіріс қарқынына, кәсіпкерлік деңгейіне тигізетін ықпалын басты назарда ұстау шарт.