ХХІ ғасыр кәсіпкерлік қызметтік өркениетті жұмыс істеуіне жаңа талаптар қояды. Бұл ең алдымен «интернеттендіру» үрдістеріне, электрондық саудаға, телекоммуникацияның прогрессивтік нысандарын пайдалана отырып, консалтингтік және оқып-үйрету қызметтеріне, кооперациялық процесстерге қатысты.
Қазіргі сәтте қазақстандық шағын кәсіпкерлік аталған процесстерді ескермей отырғанын айта кету керек. «Шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық ақпараттық көрме орталығы» ЖАҚ жүргізген зерттеулердің қорытындысы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттіктің қолдауымен еліміздің барлық өңірлерінде осы мәселеде отандық бизнестің өте төмен әлеуеті бой көрсетіп отыр.
Зерттеулер іс жүзінде барлық респонденттер республиканың шағын кәсіпорындарының басшылары мемлекет шағын кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі ақпараттық желіні дамытуы тиіс деп санайтынын көрсетті.
Өз бизнесін кеңейткісі келетіндердің ішінде 11%-ы интернетті пайдалана отырып, жаңа әріптестік байланыстар орнатқысы келмейтінін, ал үштен бірі бұл сұраққа жауап бере алмағанын айта кету керек.
Шағын кәсіпорындар басшыларының көпшілігі қазіргі заманғы компьютерлік ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, жұмыс істеу қызметі үшін ақпарат алғысы келетінін атап өту керек. Бұл ретте бизнесмендер үшін мынадай ақпараттық бағыттар едәуір қызығушылық тудырады: шағын кәсіпкерлік мәселелері бойынша, тауарлар, қызмет көрсету, шикізат пен материалдар бойынша нормативтік құқықтық актілер. Бұдан басқа, отандық шағын бизнестің тәжірибесі шетелдіктен гөрі көбірек талап етілді. Респонденттердің 53,5%-ы «Сіз өзіңіздің кәсіпорныңызды Интернет арқылы жарнамалағыңыз келе ме?» деген сұраққа «ия» деп жауап берген. Бұдан басқа «Сіз Қазақстанның шағын кәсіпорындары бойынша дерекқор құру үшін өзіңіздің кәсіпорныңыз туралы ақпаратты беруге дайынсыз ба?» деген сұраққа респонденттердің жартысына жуығы оң жауап бермеді. Ғажайып жағдай қалыптасады: шағын кәсіпкерлік ортасында жаңа компьютерлік технологияларды қандай да болмасын дәрежеде пайдалануға ниет білдірушілер жеткілікті, бұл үшін ешкім күш-жігер жұмсамайды. Қызмет мерзімі 1 жылдан аз шағын және орта кәсіпкерлік басшыларының төрттен біріне жуығы барлық қажетті ақпаратты ықтимал дерекқор үшін бермей отыр, сұралғандардың ішінен қызмет мерзімі 1-2 жыл – 15%, қызмет мерзімі 3-5 жыл – 18,5%, 5 жылдан жоғары – 14%.
Сонымен бірге ақпаратты беруге дайындардың ішінен шағын және орта кәсіпкерлік басшыларының жас бойынша тобында 25 жасқа дейін 6,8%, ал 46-50 жас және 50 жастан жоғары – тиісінше 47,5% және 42,5%.
Бір жағынан барлық берілген фактілер елде инновациялық технологияларды пайдаланудың (және пайдалануға дайындық) жалпы көрсеткішін білдіреді. Екінші жағынан бұл, сондай-ақ отандық кәсіпкердің әртүрлі жаңа өзгерістерге сенімсіздігінің көрсеткіші, бұл мемлекет тарапынан бақылау-қадағалау функцияларының күшеюінен қорқумен түсіндіріледі.
Сандық толықтыруда бұл фактілер, сондай-ақ сұралған шағын кәсіпкерлердің төрттен бірі интернет желісіне жалғанғандығымен және үштен бірінің электронды поштамен жұмыс істеуге мүмкіндігі бар екендігімен түсіндіріледі. Бұл ретте кәсіпкерлердің басым көпшілігі интернет беретін мүмкіндіктер туралы біледі. Олар төмендегідей:
- Интернет арқылы жарнамалау.
- Іскерлік байланыстар орнату.
- Қазақстанда шағын бизнесті жүргізу тәжірибесі.
- Бизнес әріптестікке және кооперацияға ұсыныс.
- Зерттеу және маркетингтік ақпарат.
- Шағын бизнес бойынша оқу орталықтары.
- Кәсіпкерлік қызметтің әлемдік тәжірибесі.
- Кәсіпкерлік бойынша нормативтік құқықтық база.
Зерттеулердің қысқаша қорытындысын қорыта келіп, мынадай тұжырым жасауға болады. Кәсіпкерлік қызмет жүргізудің тиімділігін көтеруге мүмкіндік беретін жаңа қазіргі заманғы және перспективті ақпараттық технологиялар шағын және орта бизнес субъектілерінің қолына түспей отыр.