Қоғамдық өндіріс пен бірге қалыптасып және онымен бірге дами отырып, шағын және орта кәсіпкерлік, кез-келген кәсіпкерлік жұмыстың функцияларымен сәйкес келетін белгілі бір экономикалық функцияларды атқарады. Шағын және орта кәсіпкерлік жұмыс берушілер, белгілі бір тауар түрлерін шығарып, қызмет көрсетумен айналысады, нарықтық экономиканың субъектілері болып келеді, яғни, бәсекелестік процесіне қатысады, ұжым мен еңбек бөлінісінде байланысқа түседі, нарық бағаларының өзгеруіне әсер етеді, сондай-ақ өз табысының бір бөлігін салық ретінде төлеп отырады – мұның бәрін жалпы функцияларға жатқызамыз. Сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлік өз өндірісін үнемі жетілдіріп отырады, қоғамдағы ғылыми-техникалық процессті жеделдете түседі және бұл процессте ол біршама ерекше роль атқарады. Бүгінгі күнде, шағын және орта кәсіпкерлік – инновациялық процесстердің бір стимулы ретінде қарастырылады.
Әдетте шағын және орта кәсіпорындар — өзгермелі міндеттерге байланысты жылдам өзгертуге болатын, формальды емес басқару жүйелері бар жоғары мамандандырылған кәсіпорындар. Мұндай кәсіпорынның тұрақтылығы – нарыққа шығаратын өнімнің сапасы мен ерекшеліктеріне байланысты: олар тек қана сапалы өнім шығара отырып, тұтынушыларды қызықтырап, бәсекелерін жеңуі мүмкін. Қомақты өндірісі бар ірі кәсіпорындар болса, құрал-жабдықтар алу үшін көп қаржы жұмсау керек және жұмсаған қаржы босқа ысырап болмас үшін, өнім өтімді болмаса да, сұраныс төмен болғанның өзінде оны максималды шығаруға мәжбүр. Осылайша инновациялар көптеген елдерде шағын және орта кәсіпкерліктің функцияларының басты бағыты болып қалды. Осылайша мысалы, АҚШ-та барлық инновациялардың жартысынан көп бөлігі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесіне тиеді, ал жұмыспен қамту көрсеткіштері бойынша, ірі кәсіпкерліктен 2,5 есе артық.
Шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы функциялары – қажетті тауар өндіру мен қызмет көрсету, қосымша арнайы функциялармен толықтырылады, ол – нарықтық тығыздығын арттырады. Әдетте, шағын кәсіпорындар ірі кәсіпорындардың эффектілігі төмен салаларда пайда болады. Сондықтан да, шағын және орта кәсіпкерлік тұрмыстық қызмет саласында, ғылыми қызмет көрсетуде, денсаулық сақтауда, сауда өндірісінде үлкен үлеске ие болады. Бұл шаруашылық саласында өндіруші (сатушы) мен тұтынушы (сатып алушы) арасындағы қарым-қатынас басты момент болып есептеледі. Шағын және орта кәсіпкерлік әрбір клиентке жеке қызмет көрсете отырып, өзіне бәсекелестік артықшылықтар жасайды.