Осы аталған және басқа да мэселелерді бірнеше топқа бөлелік.
Біріншісі топтағы ең үлкен мәселе — қабылданған заңдарды, нормативтік қүқықтық актілерді жүзеге асырудың тетіктерінің жоқтығы, соның салдарынан олардың көбі қағаз жүзінде қалып отыр. Мұның шешімі былай болуы қажет: кәсіпкерлік жайлы қабылданған қандай да болмасын жарлықтың, заңның, қаулының орындалуы биліктің ең жоғары баспалдағынан ең төменгісіне дейін, мэселен, республика үкметінен селолық әкімге дейін бақылауға алынып, талдау жасалып отырылуы тиіс. Заңдар мен заңды қркаттардың орындалуы қатаң бақылауда болуы керек. Мысалға, Әділет министрлігінің жергілікті басқармалары, салық комитеттері, статистика органдары «Шағын кәсіпкерлікке қолдау туралы» Заңның орындалуы үшін нақты қандай іс- әрекет атқарып отырғанын алып қарасақ, біз осы аталған мекемелерде бұл жөнінде ешқандай іс — шаралар белгіленбегенін, мардымды ештеңе атқарылып жатпағандығының куәсі болар едік. Осы айтылғандар алдағы уақытта шағын кәсіпкерлікті дамыту жөнінде жасалмақ тиіс мэселерінің біріншісі және үлкен бөлігі болуға тиіс. Бұл үшін аудавдық, қалалық әкімшіліктерге осы уақытқа дейін шағын кәсіпкерліктідамыту үшін нақты не істелінді, не істелінбеді, алдағы уақытта нелер істелуге тйіс екені айқындалуға тиіс. Осы тұрғыда эр дёңгёйдёгі әкімшіліктердегі эрбір құрылымдық бөлімдер нақтылы қандай істер атқаруы керектігі анықталуы керек.
Елдің көбін бүгінде алаңдатып отырған екінші мэселе — ол салық кодексі. Оның жобасы жөнінде баспасөзде жазыла бастады. Әр түрлі жиындарда, мәжілістерде эралуан пікірлер де айтылып жатыр. Мына мәселені шешкен дұрыс. Ісін жаңа бастамақшы болған кәсіпкерлерге салық жеңілдігш жаоау керек. 1993 және 1994 жылдары өз ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер алғашқы екі жыл бойы таза пайдаға төленетін салықтан босатылатын еді. Бұл кәсіпкерліктің дамуына, оның тез өсуіне жағдай тудырды. 1995 жылы бұл тэжірибе жойылды. Мұның өзі адамның өз бизнесін бастау үшін жұмсаған бастапқы капиталы оның алға қойған түпкі мақсатына тезірек және түбегейлі жетуі мүмкіндігін азайтады. Кәсіпкерлерге қосымша қаржы табу керек, ал бүгінгі күні оларға несие немесе грант алу өте күрделі іс, ол үшін кепіл ретінде үлкен қаражат қажет. Сондықтан да қабылданбақсалық кодексінде немесе арнайы қабылданған заңда істі жаңадан бастайтын кәсіпкерлерге арнайы салық жеңілдігі берілуге тиіс. Осындай жағдайда кәсіпкерлердің саны тез өсетітіне және олардың сапасы да, дейгейі де көтерілетініне үміт зор. Бүгінде республикада 80 мыңнан астам кәсіпкерлердің өз ісін тіркеткенімен жұмысын бастай алмай отырғанының басты себебі — осы жеңілдіктің жоқтығынан. Олардың кәсіпорындары тіркеуден өткен, бірақ іске кіріспеген статистика және салық органдарына есеп бермейді, салық төлемейді. Ал енді бірен — сараны бизнеспен шүғылданып жүруі де мүмкін, онда олар көлеңкелі бизнеске жатады.
- Қазақстандық шағын және орта бизнестің халықаралық дәрежедегі қызметі
Қазақстандық шағын және орта бизнес пен шетелдік тәжірибелер хақындағы пікірімізді «жаңа қазақстандық менталитетке» қатысты «күтпеген», эрі тосын да тың ойлардан бастамақпыз. Оның басты себебі Батыстың немесе Шығыстың дамыған елдерімен салыстырғанда бізде элі күнге дейін шағын және орта бизнестің «философиясы » мен өзіндік «идеясы» жоқ. Қазақ бизнесінің философиясы тақырыбына қалам тартып жүрген А. Ысқақов деген қазақстандық автордың пікірінше: «Қазақ бизнесінің философиясы дегеніміз -шексіз құнығу, сән — салтанат пен тәтті және эдемі өмір сүру, бет — пердесі айқара ашылған индивидуализм немесе жеке бас қамы» Егер біздер бүгінгі қоғамымызға жаппай етек алып отырған «қалың — бұқаралық » шоу — мәдениет пен оның түбірлі тірегі — аса индустриалды американдық нарықтық өркениетті және оған қоса «батыстық рационализм» мен жеке басты күйттейтін «жаңа бағдарламалық модельдер» жиынтығын ойға ала кеткен жөн.
Келесі бір көңіл бөлетін мэселе қазақстандық шағын және орта бизнестің халықаралық дәрежедегі қызметі. Баршаға мәлім, бүгінде Қазақстан 60 — астам халықаралық ұйымдардың, оның ішінде Әлемдік даму және қайта жарақтандыру Банкі (МБРР), Халықаралық Валюта Қоры (МВФ), Европа Даму Банкі сияқты беделді қаржы банкілерінің мүшесі болып отыр. 1988 жылы тұсауы кесілген «Шағын» кәсіпкерлікті қолдайтын мемлекеттік қор дүниеге келісімен — ақ шағын және орта бизнеске бағытталған несие беріле бастады. Мәселен, Европа Даму Банкі (ЕБРР) қазақстандық кәсіпкерлерге шағын несие (микрокредит) беру мақсатында аталмыш қорға 77,5 млн. АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлді. Сонысмен қатар қазақстандық «Шағын кәсіпкерлікті қолдайтын мемлекеттік қор» Азия Даму Банкінің 50 млн. долларға жуық екінші транпын да дәл осы шағын жеке орта бизнеске бағыттауға шешім қабылдады. 1998 жылдың үш айында аталмыш қор шағын және орта бизнесті 136 жобаға 1,3 АҚТТТ доллары көлемінде несие берді. Жоғарыдағы цифрлардан көріп отырғанымыздай, Қазақстандағы шағын және орта бизнестің халықаралық қаржы ұйымдарынан несие алуында ешбір мін жоқ. Тіптен ТМД — ның Әзірбайжан, гзбекстан, Ресей сияқты елдерімен салыстырғанда, бізде де елеулі ілгерілеу байқалатындай. Сөйте тұра, қазақстандық шағын және орта кәсіпкерлер «бэз — баяғысынша» шамадан тыс көп салықтан бастап, кәсіпорындар мен фирмалармен тікелей қарым- қатынас жүйесіндегі сансыз қолбайлаулардан ешбір көз ашар емес. Бұл сала жалпы мемлекеттік бюджеттен де жылдар бойы өзіне тиісті «үлесін» ала алмай келеді. (Мысалы үшін: Европаның Дания, Швецария және Франция тэріздес «»социализмге біртабан жақын» елдерінде шағын және орта бизнесті дамытуға мемлекеттіқ бюджеттен
белгші бір мөлшерде қаржы бөлінді. Мамандардың мэлшдеушше 1999 жылдыңқаңтарына дейін жалпымемлекеттік салықтар мен оны жинау ең бастысы -бюджеттік республикалық бюджетке басты назар аударылған. Ал бюджеттің екінші тобына кіргізілгендердің ішінде шағын орта бизнесті дамытуға қажетті -іс — шаралар бар. Түйіндеп айтар болсақ, мемлекеттік дәрежеде қамқорлық болмаған соң шағын және орта бизнестің халықаралық сахнаға шығу -шықпасы екіталай.
Соңғы жылдары қазақстандык шағын бизнесті латынамерикандық тэжірибелерімен салыстыру сияқты «жаңа үрдіс» пайда болды. Егер біздер, негізінен, тарихи факторларға ғана сүйенсек, мұның өзі заңды да. Әңгіме -импорттың орнын басарлықтай индустриалдық тұрғысында. Шынында да бұл елдердегі индустриалдық даму мемлекеттің тікелей араласуымен жүзеге асты. Оның артында элемдік бэсекеге төтеп беру мақсатындағы қамқорлық тұр. Алайда, «латынамерикандық модельді» «қазақстандық модельге» жақындастыруды жақтаушылар бүрыңғы Португалия мен Испания отарларында XX ғасырдың 20-30 жылдарынан бері негізінен «А» тобына жататын салалардың үстемдік етуіне жол берілгендігін және мұндай біржақты бағыттың соңғы елеулі қиыншылықтарға мұрындық болғандығы ұдайы ескеріле бермейді. Екіншіден, өкінішке орай, бүгін де оларды біздермен «тонның ішкі бауындай » «туыс» етіп тұрғаны тек «әлеуметтік дифференциацияға ғана». Соңғысы тарихи КСРО кезеңінен -ақ өз бастауын алды. Оған төмендегі мына бір кестенщ көмепмен көз жеткізуге болады.
Келтірілген мәліметтер біздерді жақындастырған институционалды құрылымға тікелей қатысы бар: популистік тэжірибелер, этатизм мен солшыл экстремизм және жекеменшіктен басқа да ерекше факторлардың жеткіліктілігіне, атап айтқанда, бұл елдердегі әлеуметтік құрылымдардың тёк жобалап айтқанда ғана біздермен туыстығына көзімізді жеткізіп отыр. Бір ғажабы, Қазақстан дербес ел ретінде бөлініп шыққанына қарамастан аталмыш коэффициентке қатысты үрдістер сол баяғы қалпында жалғасын табуда. Негізгі қалыптасып отырған ахуал осындай халде болғандықтан курстық жұмысымыздың өзекті негізі — шағын және орта бизнеске қатысты шетелдік тәжірибелер хақында Қазақстанды Латын Америкасы сияқты әлемнің өзіндік бір ерекше аймағымен салыстыру – дәл бүгінде оңай шаруа болмаса керек.