Кейінгі онжылдықтарда экономикасы дамыған Батыс елдерінде бәсекенің дамуы әсерінен шағын және орта бизнес рөлі арта түсті. Мұның басты себебі- экономикалық сектордың кәсіпорындарына тән артықшылықтар.
Тұрақты экономикалық жүйеде шағын кәсіпкерлік: динамикалық түрде дамуы мүмкін, тұтынушылардың сұранысының өзгеруіне тез бейімделе алады, бәсекелес нарықтық қатынастарға ықпал етеді, экономиканың құрылымдық қайта құрылуына әсер етеді, жаңа жұмыс орындарын ашады, жаңа кәсіпкерлік топ пен меншік иелерінің құрылуына жағдай жасайды, елдің жалпы ұлттық өнімінде үлкен үлеске ие бола алады, мемлексттік бюджетке үлкен қаржы сомаларын береді.
Дамыған елдерде шағын кәсіпорындар мынадай салаларда басым рөл атқарады: сауда, автосервис, құрылыс, қызмет көрсету салалары. Қазір шағын кәсіпорындар жоғары технологиялық сфераларға: машина құрылысы, энергетика, электротехника, химиялық өнеркәсіп, транспорттық қызмет, ин-форматика, микроэлектроника, телекоммуникация салаларына әртараптандырылып жатыр.
Шағын және орта кәсіпорындардың ірі кәсіпорындармен қатар қызмет етуі дамыған елдер экономикасына тән белгі. АҚШ-та өз ісімен айналысушы азаматтар, яғни кәсіпкерлер үлкен құрметке ие. Нарықтық экономикаға бет бұрған елдер үшін АҚШ-тағы шағын бизнесті дамыту тәжірибесі үлкен маңызы бар.
АҚШ шағын бизнес басқармасының классификациясы бойынша шағын бизнес субъектілеріне: жұмыскерлер саны 500-ге дейін болатын өндірістік және сауда кәсіпорындары, ал басқа салалар үшін — жылдық табысы 2 миллион дол-ларға дейін болатын кәсіпорындар жатады.
АҚШ-та тіркелген кәсіпорындардың 97%-ына жуығы шағын кәсіпорындар. Бұл шағын кәсіпорындар жалпы ұлттық өнімнің 53%-ына, көтерме сауданың 64%-ына, бөлшек сауда-ның 72%-ына, қызмет саласының 57%-ына ие болып тұр.
Экономикалық өсу және құлдырау кезінде, жаңа жұмыс орындарын ашу мен қысқарту кезінде шағын кәсіпкерлік жұмыссыздық проблемасын бәсеңдетеді. АҚШ-тық шағын бизнес даму мысалы көрсеткендей, шағын бизнес сыртқы ортаның өзгеруіне тез бейімделеді. АҚШ Сауда министрлігінің мәліметтері бойынша шағын кәсіпкерліктің инновациялық сипаты елдің экономикалық өсуіне 20-25%-ға дейін үлес қосады.
АҚШ-та шағын бизнес тұрақты түрде мемлекеттік қолдауға ие. Әр түрлі мемлекеттік реттеулер мен қолдау шаралары құқықтық базаға негізделеді. Солардың бірі «Шағын бизнес туралы» заң. АҚШ конгрессінде шағын бизнес проблемаларымен екі комитет айналысады. Федералдық деңгейде шағын бизнес әкімшілігі қызмет атқарады. Әкімшіліктің басты функциясы — шағын бизнесті жан-жақты қолдау. Әрбір штатта әкімшіліктің аймақтық бәлімдері .жұмыс істейді. Аймақтық бөлімшелер шағын бизнес субъектілеріне нарық туралы ақпарат береді, онын мәселелерін шешуге көмектеседі.
АҚШ-та шағын бизнес қоғамда кәсіпкерлік, бәсекелестік атмосферасын дамытуға үлкен үлес қосады. Мемлекет тарапынан болатын шектеулер кәсіпкерлікке кедергі келтіреді. Сондықтан да АҚШ конгресі шағын бизнеске тікелей бақылау жасайды. Конгресс шағын бизнесті қолдау және дамыту мақсатында бірнеше программа жасады.
АҚШ шағың бизнесті қолдаудың мемлекетгік жүйесі:
— бюджеттен тікелей дотациялау;
— мемлекеттік тапсырыстардың бір үлесін шағын кәсіпорындарда орналастыру;
— шағын бизнеске несие беру кезінде мемлекеттік кепілді қолдану;
— шағын бизнеске салықтық жеңілдіктер беру.
Негізгі бағдарлама бұл инкубаторлык бағдарлама. Инкубаторлар — ол университеттер, компаниялар, федералдық органдар, штаттық басқармалар жанында құрылатын ұйымдар. Бұл ұйымдардың негізгі мақсаты — жаңа кәсіпкерлерге жан-жақты көмек керсету болып табылады. Себебі көптеген кәсіпкерлер өз ісін бастағысы келгенімен, мүмкіндігі жоқ, осындай кәсіпкерлерге инкубаторлар көмекке келеді. Қойылған мақсатқа, қаржыландыру көзіне байланысты инкубаторлар: фирмалық, университеттік, жекеше болуы мүмкін. Инкубаторларды қаржыландырудағы мақсаттар:
— инкубатор клиенттерінің табысына ортақтасу; жеке тұлғалардан арендалық төлемдер алу;
— жаңа жұмыс орындарын ашу.
Сауда палаталары да инкубаторларды қаржыландыруға қатысады. АҚШ-та шағын кәсіпорындар экономикада жетекші рөл атқарады. Сондықтан да федералдық, штаттық басқару органдары шағын және орта бизнестің дамуына үлкен мән беріп отыр, оның дамуына барлық жағдай жасап жатыр.
Жапониялык шағыи жэне орта бизнес.
Шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде Жапония мемлекеті де үлкен тәжірибеге ие болып отыр.
Жапонияда шағын бизнеске ерекше назар аударады. Себебі шағын бизнесті дамыту арқылы Жапония соғыстан қираған елден жоғары технологиялық дамыған елге айналды. Жапонияның халық шаруашылығында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны, жұмысшылар саны, тауар айналымы басқа секторлармен салыстырғанда алдыңғы қатарда тұр. Дәстүр бойынша әрбір ірі корпорация өз жанында бірнеше шағын кәсіпорыннан тұрады. Бұл кәсіпорындар бас кәсіпорынға тәуелсіз болады және өздерінің ұйымдық кұрылымын жасайды, жаңа өнімдерді шығара бастайды.
Жапонияда шағын кәсіпорындар үлесіне: өндірістік өнімнің 55%-зы, көтерме сауданың 60%-зы, бөлшек сауданың 80%-зы тиеді. Еркін нарықты бәсеке шағын кәсіпорындарға сыртқы ортаға бейімделуіне көмектеседі. Мұндай жағдайда мемлекеттік органдар шағын кәсіпорындарға құрал — жабдықтарды жаңартуға, технологияны жақсартуға, өнімге деген сұранысты дамытуға көмек береді. Жапонияның шағын бизнесті мемлекеттік қолдауының басты ерекшелігі — басымды бағыттарды дамытудағы уақыт мерзімі. Басымдылық бағыттар бір немесе одан да көп жылдарға бекітіліп, кейіннен өзгеріп тұруы мүмкін. Мемлекет шағын кәсіпорындарға мемлекеттік тапсырыстарды алуда да көмектеседі. Жапонияда шағын бизнесті мақсатты түрде бюджеттен қаржыландырады. Әрбір министрлік, әр ведомства өз шығындар бюджетіне ша-ғын бизнеске жұмсалатын қаржыны кіргізеді. Шағын және орта кәсіпорындарға жеңілдетілген салық мөлшерлемесі қолданылады. Жапонияда шағын және орта кәсіпорындар жалпы ұлттық өнімнің 73%-ына ие болып отыр.
Ресей Федерациясындағы шағын және орта бизнес.
Экономиканы кұрылымдық қайта құру үшін шағын бизнесті дамыту маңызды мәселе. Ресей Федерациясында экономиканың бұл секторын дамыту мақсатында бірқатар экономикалық шаралар жасалынып, жүзеге асырылды.
1995 жылы Ресей Федерациясында «Шағын бизнесті мемлекетгік қолдау туралы» заң қабылданды. Бұл заң бойынша жаңадан құрылған кәсіпорындар 2 жылға дейін табыс салығын төлеуден босатылады. Шағын бизнесті қолдаудың Федералдық қоры арқылы әр түрлі жобалар қаржыландырады. Бұл қорға федералдық меншіктегі кәсіпорындарды жекешелендіруден түсетін қаржының 5%-зы келіп түседі. Федералдық қор арқылы шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру жүйесі екі қағидаға негізделген:
— Федералдық Қордан жұмсалатын әрбір рубльге аймақтардан да бір рубль жұмсалуы керек.
— Қаржыландыру өкілетті банктер арқылы жүзеге асады. Қор банкке өз резервтік қаржысын салады, ал банк өз қаржысынан аймақтарда кәсіпкерлерді қаржыландырады.
1994-1995 жылдары «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың мемлекеттік программасы» жүзеге асырылды. Бұл бағдарламаны іске асырғаннан кейін, Ресей Федерациясында шағын кәсіпкерлікті қолдаудың біркелкі жүйесі жұмыс істей бастады. Бұл жүйеге: Ресей Федерациясының шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік комитеті, аймактық қорлар мен орталықтар кіреді.
Шағын бизнесті қолдаудың аймақтық қорлары мен орталықтары барлық аймақтарда құрылған. Шағын кәсіпкерлік федералдық және жергілікті бюджеттерден қаржылық көмек алады, жергілікті салықтар бойынша әр түрлі жеңілдіктерге ие. Сонымен бірге жергілікті бюджеттерден шағын бизнестің инфрақұрылымын құру жобалары да қаржыландырылады.
1999 жылдың басына есептегенде Ресей Федерациясында 900000-нан аса шағын кәсіпорындар жұмыс істеп тұрды. Бұл кәсіпорындардың орташа жұмысшылар саны — 7 адамнан тұрды.
¥лыбританияныц шағын бизиестегі тәжірибесі.
Ұлыбританияда шағын бизнес субъектілеріне: жылдык тауар айналымы 2 миллион фунт стерлингтен аспайтын, активтер сомасы 1 миллион фунт стерлингтен және жыл бойы 50 адамды жұмыспен қамтитын кәсіпорындар жатады. Ұлыбритания мемлекеттік консультациялық қызметі бастаушы кәсіпкерлерге қажетті кеңестер береді. Мысалы: коммерциялық мәселелерді қалай шешу керек екенін, бухгалтерлік есепті қалай жүргізу керектігі туралы, нарықты қалай зерттеу керек екендігі туралы кеңестер. Шағын бизнес жөніндегі Үкіметгік қызмет кәсіпкерлер үшін әр түрлі семинарлар мен курстар ұйымдастырып тұрады. Сонымен катар Үкімет банктер алдында кәсіпкерлер үшін қарыздық кепілдеме береді. Шағын кәсіпорындар салықты табысқа жеткеннен соң ғана төлейді.
Қазақстанда шағын кәсіпорынды ашу үшін жүмсалатын күш-жігерді шет елде шағын кәсіпорын ашуға жүмсалатын уақытпен салыстыру мақсатында Франция Үкіметінің шағын кәсіпорындар үшін жасап жатқан шараларын атап өткен жөн.
Францнядағы түрақты түрде дамып жатқан іскерлік қызметтің негізінде мемлекеттің мақсатты түрде жүргізіп жатқан саясаты жатыр. Басты назарда шағын және орта кәсіпорындар. Себебі бұл кәсіпорындар нақты экономиканың ең динамикалық агенті. Францияда шағын кәсіпорындарға — жұмысшылар саны 500-ден аспайтын кәсіпорындар жатады. Ресми дерек бойынша Францияда шағын және орта кәсіпорындарда — 16 500 000 адам жұмыспен қамтылған. Орташа есеппен бір кәсіпорында 7 адам жұмыс істеген.Әдетте әкімшілік процедуралар шағын кәсіпорындарды құруға кедергі келтіретіні мәлім. Сондықтан да Франция Үкіметі формальды мәселелерді қысқартуға көшті. Францияда шағын және орта бизнесті экономика. қаржы, индустрия министрлігінің бір департаменті бақылайды. Әкімшілік қысым бірқатар әкімшілік, әлеуметтік процедураларды онтайландыру арқасында азайды.
Францияда шағын бизнесті несиелеу кезінде пайыздық өсімді мемлекет бонификациялайды. Бонификация — бұл жеңілдету. Қаржылық механизм аркылы мемлекет шағын бизнеске несие ұсынысын арттырды.
Орталық бюджет арқылы шағын және орта бизнеске жұмыспен қамтуды да қаржыландырады. Яғни еңбек және әлеуметтік шығындар бойынша жеңілдіктер беріледі. Францияда жұмыссыздар өз кәсіпорнын ашу үшін мемлекет көмегіне сүйене алады.
Азиялық қаржылық кризис көрсеткендей шағын және орта кәсіпорындар сыртқы факторға аз тәуелді. Осыдан бұл кәсіпорындар үлкен кәсіпорындарға қарағанда артықшылықтарға ие. Үкіметтің шағын және орта кәсіпорындарды қолдауға бағытталған саясаты өте алуан түрлі болып келеді және бұл саясат кәсіпорындардың ары қарай дамуын қолдайды.
Шетелдік тәжірибеге қарап, Республикамызда атқарылатын іс-шараның әлі көп екенін байқауға болады. «Шағын кәсіпкерлікті қолдау туралы» заң атқарылатын іс-шаралардың бастамасы ғана, экономиканың бұл секторын көтеру үшін жүйелі түрде жұмыс атқарылуы керек. Республикамызда шағын және орта кәсіпкерлікке қағаз жүзінде емес, шет елдегі сияқты нақты көмек қажет.