Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті қаржылық қолдаудың қосымша, жанама түрі ретінде өндірістік салаға бағдарланған кепілдік қорларын, диффренциалды несие ставкаларын, икемді инвестициялық қолдау мен салық салудың жеңілдетілген жүйесін атап көрсетуге болады. ШБ ҚБ көптеген бағдарламалық шараларды іске асырудағы айтарлықтай күрделі шығындарды қажетсінбейтіндігімен ерекшеленеді. Атап айтқанда тек ұйымдық-құқықтықфакторларды жандандыру арқылы ғана шағын бизнеске толық жеңілдік жасау саясатын құру мүмкіндігі пайда болады.
Нарыктық экономиканың өсуінің жетекші факторларының бірі мемлекеттік емес сектор үлесінің серпінді түрде ұлғаюы болып табылады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін арттыру, бағаның дұрыс ырықтандырылуына қол жеткізу, тауар өндірушілерді түсінікті баға саясаты арқылы қолдау мақсатында үкімет соңғы жылдары белсенді әрекеттерге кірісе бастады. Осы мақсатта қолданылған шаралардың бірі сәтсіздікке ұшыраса, екіншісінің нәтиже бере бастағандығы байқалады.
2001 жылғы 23 каңтарда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» жаңа заң ауылдық (селолық) округтың тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тиісті аудандық әкімиаттың лауазымды адамы болып табылатын және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтар мен өзара қарым-қатынаста оның атынан сенімхатсыз өкілдік ететінін айқындап берді. Лауазымды адам ретінде ауылдық округ әкімі өзінің құзырына жатқызылған мәселелер бойынша өзіне жүктелген міндеттердің іске асырылуы үшін жоғары тұрған әкімінің және сондай-ақ аудандық маслихаттың алдында жауап береді.
Аудандық әкімиаттың лауазымды өкілі статусы ауылдық (селолық) округ әкіміне мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға жәрдемдесу және сондай-ақ округ аумағында ауданның әкімиаты мен мәслихаттың шешімдерін іске асыру сиякты міндеттерді жүктейтінін атап өткен дұрыс. Сонымен бірге Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы жаңа занда ауылдық (селолық) окрут әкіміне нақты күзірет берілген (35-бап).
Атап, айтқанда, әңгіме Заңның 35 бабының 8-тармағы туралы болып отыр. Онда ауылдық (селолық) әкім шаруа (фермер) қожалыкгарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуга жәрдемдеседі делінген. Енді заңның осы кағидасын жүзеге асырудың негізгі пошымдары мен әдістеріне толығырақ тоқталайық. Бұл міндет 2001 жылғы 7 мамырда Кдзақстан Республикасында Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қорғаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданғаннан кейін күн талабына сай ерекше сипат алып отыр.
Қазақстан зандары кәсіпкерлікіі азаматтардың өзінің, карызға алған және басқа каражат есебінен өзара пайдалы нәтиже мен табыс алу мақсатында жүзеге асырмақшы болған ынталы шаруашылық және басқалай қызметі деп анықтайды. Бұл анықтамадан шығатыны, ауылды жерде кәсіпкерлікті дамыту үшін ең алдымен азаматтың өзінің, нақты отбасының яки азаматгар тобының ықыласы сенімі және ынтасы болуы қажет.
Кәсіпкерлікпен шұғылдануға кірісерден бұрьш азамат (азаматгар тобы) өзінің болашақгағы меншікгі ісіне ойдағыдай жүргізілш, табыс әкелетініне сенімді болуы тиіс. Жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңда ауылдық (селолық) әкім өз округінде кәсіпкерлікті ұйымдастыруға және дамытуға жәрдемдеседі деп атап көрсетілген. Заңның осы қағидасын жүзеге асыруға кірісерден бүрын ауыл округінің әкімі «жәрдемдеседі» өзекті терминнің мағынасын ой елегінен өткізіп алута тиіс.»Жәрдемдеседі»деген терминнің «көмектеседі», «қолдау көрсетеді», «қалыптасуына септеседі»деген мағыналары бар. Осыдан шығатын бірінші қорытынды мынадай:
Ауылдық (селолық) окрут әкімі аудандық әкімиаттың лауазымды адамы ретінде өз округінің аумағында жаңа кәсіпкерлік құрылымдардың пайда болып, калыптасуына және қызмет істеп тұрғындарының дами түсуіне жағдай жасауға, шағын бизнесті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты (бағдарламаны) түсіндіру және кеңес беру арқылы оларға көмек беруі тиіс. Кәсіпкерлік құрылымдарға ұйымдастыру, қаржы және басқадай көмек мәселесінде округ әкімі, аудан әкімі аппаратының шағын бизнесті қолдау жөніндегі бөлімімен тығыз байланыс жасап жұмыс істеуте тиіс. Ол жаңағы бөлімді өз округінде шағын кәсіпкерлікті дамытудың жай-күйі жөнінде үнемі хабардар етіп отыруға аудандағы кәсіпкерліктің дамуын қолдау жөніндегі аудандық әкім мен аудандық аудандық маслихат жүзеге асырып жатқан шаралардың мән-жайын өз округіндегі барлық кәсіпкерлік құрылымдарға жеткізіп отыруға тиіс.
Айта кетерлік бір жайт, шет елдердің біразында (Польшада, Балтық жағалауындағы елдерде, Словакияда және басқаларда) ең төменгі әкімшілік-аумақтық бөліністерде кәсіпкерліктің қоғамдық консулътациялық кеңестері құрылған.Олар жергілікті демографиялық, табиғи-климаттық, еңбектік және экономикалық ерекшеліктерді ескере отырып, проблемаларды көп болып айқындап, мемлекеттік құрылымдар үшін оларды шешу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге септеседі. Осындай онды тәжірибені біздің ауылдық округтің әкімдері де өз пайдасына жарата алады. Ауыл округі кәсіпкерлерінің кеңесінің құру әкімге кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі өзінің қызмет бабындағы міндетін алқалы түрде шешуге ғана емес, сон-дай-ақ білікті, байыпты шешуіне мүмкіндік береді.
Қазіргі күрделі жағдайда ауылдык округ аймағывда әртүрлі ұйымдық-құқықтык пошымдағы шағын кәсіпкерлікті дамыту — бірінші кезектегі іс. Айта кетелік, шағын кәсіпкерлікке занды тұлға құрмай-ақ, кәсіпкерлікпен айналысатын барлық субъектілер және қызметкерлерінің жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын жыл ішіндегі активтерінің жалпы күны орта есеппен алғанда, есептік көрсеткіштен алпыс мың еседен аспайтын заңды тұлғалар жатады.К^ізақстан
Республикасында қолданып жүрген заңдар бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекет нақты қолдау көрсетеді. Айта кетейік, қызметкерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын, жыл ішіндегі активтерінің жалпы құны орта есеппен алғанда есептік көрсеткіштен алпыс мың еседен аспайтын шаруа (фермер) қожалықтарының да шағын кәсіпкерлік (бизнес) субъектісі ретінде мемлекеттік қолдауға құқығы бар. Біздің ауылдар ең алдымен кәсіпкерліктің агроөнеркәсіптік пошымдарын дамыту өрісі болғандықтан, олардың ішінде шаруа қожалықтарын құрып, және дамыту маңызды міндет болып қала береді.
Казақстан Республикасының 1998 жылы 31 наурызда қабылданған «Шаруа (фермер) қожалығы туралы» заңы шаруа қожалығының шағын кәсіпкерліктің ерекше пошымы ретінде құрылып жұмыс істеудің негізін егжей-тегжейлі айқындап берді. Сондай-ақ кәсіпкерліктің бір пошымы азаматтық-құқықтық және әкімшілік-құқықтық қатынастар субъектісі ретінде шаруа қожалығының құқықтық негізі қосымша жиырмадан астам басқа да нормативтік-құқықгық актілермен реттелетінін атап өткен жөн.
Зандық тұлға құрмай және заңдық тұлға белгілерінсіз кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке адамдар шаруа қожалығы субъектілері болып табылады. Шаруа қожалығы кәсіпкерлік субъектісі ретінде ерікті негізде құрылады және жер пайдалану құқығы мемлекеттік тіркеуден өткізілген сәттен бастап құрылды деп есептеледі. Шаруа қожалығы елімізде ауыл шаруашылығының тең құқықгы өндірістік ұйымы екендігін айта кетелік. Осы тұрғыдан алып қарағанда, шаруа қожалығының банктерде есепшот ашу және банкідегі өз ақшасына иелік жасау құқығы бар.
Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектісіне жатқызылған фермерлер шаруашылықтарына мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері көрсетілуі мүмкін: мемлекеттік тіркеу сәтінен бастап үш жыл ішінде жылжымайтын мүлік құқығын тіркеу үшін акы төлеуден босатылады. Шаруа қожалықтарын мемлекеттік тіркеу ол үшін ақы төлемей, өз басы келіп тіркелу сипатында болады; табиғи монополист кәсіпорындардың қызметін монополияға қарсы реттеуді қолдана отырып, электр энергиясымен, жылумен, сумен жабдықтау жөніндегі қосылатын қуаттар үшін ақы төлеуден заңдарға көзделген тәртіп пен жағдайда босатылады; мемлекет қатысатын екінші деңгеңдегі банктерде ақы алынбай есепшот ашылады; жеке кәсіпкерлер ретінде бухгалтерлік және статистикалық есептерді оңайлатылған тәртіппен береді;
салық заңдарына сәйкес табыс салығын салық патенті негізінде не салықгың белгіленген сомасы, не салық базасын анықтау мен салық есебін жүргізудің оңайлатылған жүйесі бойынша төлейді;
- шарттарын Казақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мемлекеттік мұқтаждар үшін тапсырыстарды орналастыру кезіңде басым құқықпен пайдаланылады;
- тиісті жылға арналган мемлекеттік бюджетге шағын кәсіпкерлікгі мемлекеттік қаржылық қолдау шеңберінде белгіленген шекте статистикалық және ақпараттық қызметті, сондай-ақ ғылыми-техникалық талдаулармен технологияларды жеңілдікгі шартпен алады;
8) шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін көзделген қаражат есебінен кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ісін жүргізеді.
Ауыл шаруашылығын дамытуға каражат жұмсайтын инвесторлар үшін тікелей қаражат жұмсауды мемлекеттік қолдау туралы заңдарда көзделген тәртіппен және шарттармен бірқатар жеңілдіктер мен преференциялар қолданыла алады. Атап айтқанда, біріншіден бұл мемлекеттік заттай гранттар; екіншіден, келісім-шарт жасалған сәттен бастап табыс салығының, жер салығының және мүлікке салынатын салықтың ставкасын бес жылға дейінгі мерзімге негізгі ставканың 100 пайызына дейін кеміту, сондай-ақ одан кейінгі бес жылға дейінгі кезеңге табыс салығының, жер салығының және мүлікке салынатын салықгың ставкасын негізгі ставканың 50 пайызынан аспайтын шекте кеміту; үшіншіден, инвестициялық жобаны іске асыру үшін қажетті жабдыктар, шикізат пен материалдар импортына кеден бажын салудан толық немесе ішінара босату.
Жеңілдіктер мен преференциялардың мөлшері тікелей инвестиция көлеміне, инвестордың жобаны іске асыру мерзімі жөніндегі міндеттемелеріне, оның өзін-өзі өтеуіне, экономика секторының басымдылығына және басқа жағдайларға байланысты айқындалады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік бюджеттен жыл сайы 50 млн. теңге бөлу жоспарланып отыр. Шағын кәсіпкерліктің қаржы мөлшерін шешудің бір жолы аудандық несие серіктестігін құру болмақ. Ұлттық банк өзінің басқармасының 2000 жылғы 29 шілдедегі қаулысымен Әділет министрлігінде Несие серіктестіктері туралы ережені тіркеуден өткізді. Ұлттық банк ауылдық коммандиттік несие серіктестігінің үлгі түріндегі жарғысын мақұлдады.
Мемлекет сондай-ақ шаруа базарын қорғауға жәрдемдеседі. Шаруашылық жүргізудің қазіргі күрделі экономикалық жағдайында жекелеген шаруа қожалыктарының қиыншылықгары жетіп артылады. Бұл қиыншылықтарды жеңу жолдарының бірі — олардың неғұрлым ірі шаруашылық пошымына бірігуі. Атап айтқанда, олар ерікті негізде кәсіпкерліктің өндірістік кооператив, қоғам, серіктестік секілді ірі ұйымдық-құқыктық пошымдарына бірігуіне болады.
Кәсіпкерлік қызмет субъктілері заңдық тұлға құрмай тұрып, азаматтық-құқықтық қатынастардың, әсіресе шетелдік заңдық тұлғалармен қатынаста белсенді қатысушысы болуы белгілі дәрежеде қиын екендігін мойындау қажет. Сондықтан да соңғы жылдары еліміздің кейбір аймақтарында, әсіресе солтүстікте, шаруа қожалыктарының зандық тұлға құра отырып, шаруашылық жүргізудің ірірек фактілері елеулі құбылыс болып отырғаны кездейсоқ емес. Мұндай шешім кәсіпкерліктің осынау жаңа субъектілерінің еңбек, материал және басқа ресурстарын біріктіруге, сондай-ақ оңтайлырақ еңбек бөлінісін және өндірістің мамандандырылуын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Ауылдық тұтас кәсіпорындарды мемлекет меншігіңен шығарып, жекешелендіру нәтижесінде олардан соң көптеген шаруашылық жүргізуші субъктілерге бөлінуінін, содан кейін олардың кәсіпкерлерінің озығырақ ұйымдық-құқықтық пошымдарына бірігіуін ауылда кәсіпкерлікті дамытудың жаңа сатысындағы занды процесс деп мойындаған жөн. Ауылдық (селолық) округ әкімі кәсіпкерлікті дамыту барысының осы кезеңінде ауылдагы кәсіпкерліктің озығырақ пошымдарының артықшылығын түсінуте тиіс. Бұл жұмысты үнемі жүргізіп, ауылдық округ кәсіпкерлерінің кеңесіне, жиналыстарында, ауыл жиындарында, шаруа (ферма) қожалықтарының мүшелерімен жеке әңгімеде қозғап отыруы қажет. Нақ округ әкімдері өз округіндегі шағын кәсіпкерліктің бұрынғы пошымдары ойдағыдай нәтиже бермеген жағдайда ауылдағы кәсіпкерліктің тиімдірек жаңа пошымдарын, олардың техникалық-экономикалық негіздерін дәлелдеу жөніндегі жұмыс тобын құрудың бастамашылары болуға тиіс.
Бүгінде ауылда кәсіпкерліктің бәрінде көп кездесетін субъектілері әзірге азаматтардың зандық тұлға құрмай-ақ, дербес яки біріккен кәсіпкерлік болып отырғаны белгілі. Жоғарыда айтқанымыздай мұндай азаматтар өздері барып мемлекеттік тіркеуден өтуге, сондай-ақ тұрғылықты жеріндегі аумақтық салык органында жеке кәсіпкер ретінде есепке тұруы тиіс. Жалдамалы еңбекті тұрақты негізде пайдаланатын немесе кәсіпкерлік қызметтен жылына ойда-қырда салык салынбайтын жылдық табыстың мөлшерінен көп, салық заңы болып есептелінген табыс табатын жеке кәсіпкерлер міндетті түрде мемлекеттік тіркеуде болуға тиіс. Мұнсыз ондай кәсіпкерлердің қызметіне тыйым салынады. Ауыл әкімдері бұл ережені де кеңінен түсіндіруге тиіс.
Ауылдық округтер әкімдерін өз аумағындағы кәсіпкерліктің дамуын қолдаудағы ролін сөз еткенде мынаны атап өту қажет: кәсіпкерлерге тікелей қолдау жасауға олардың қолында қажетті қаржылық және материалдық ресурстар болмағандықтан, бұл мәселедегі олардың басты міндеті — өз округіндегі барлық кәсіпкерлік құрылымдарға мемлекет заң жүзінде белгілеген колдау көрсетудің барлық пошымдарын айтып жеткізу және түсіндіру. Бүгінгі күні ауылды жерде шағын кәсіпкерлікті дамытудың аясы аз емес. Оған кәсіпкерлік құрылымдардыды құрылыс материалдарын жасауды, құрылыс-жөндеу жұмыстарын, автокөлікке техникалық қызмет көрсету жұмысын, халықтың қолөнер тауарларын (кілем, текемет, сырмақ, камшы және т.б) өндіруді, музыка аспаптарын жасауды, теріден киім тігуді (шолақ тон, малакай, қолғап), көкөніс, жемісті, ет, сүт, басқа да тамақ өнімдерін өндіріп, толық ұқсатуды өндіруді ұйымдастыру және т.б жатады. Ауылдық округтер әкімдерін кәсіпкерлік қызметтің тек бір салада немесе бірнеше салада көбейгені алаңдатпауы керек. Базар ауылды жерде де кінәратсыз бә-секе тудыруға тиіс, ал бәсеке — тауарлар мен қызмет көрсетудің сапасын көтеру. Базар тәртібі белгілі: бәсеке жағдайында кімнің өнімінің сапасы жоғары болса, сол ұтып шығады.
Өз тарапынан ауылдық округ әкімі өз округінде кәсіпкерлікті дамытудың болашағын болжап, есептеп отыруы кәсшкерлік құрылымдардың жаңа пошымдарынан қолдан келгенше бастамашы болып, іс жүзінде қолдап отыруы кажет. Айта кетейік, қазіргі кезде республикамызда әкімдердің тамаша істерге бастамашы болған тәжірибесі жетерліктей жинақталған.
Мысалға, занды тұлға болып табылатын кез келген кәсіпкерлік құрылым бухгалтерсіз қызмет жасай алмайтыны белгілі. Сондай-ақ аудандар бюджетінде жыл сайын шағын кәсіпкерлікті қолдауға арнайы қаражат қаралатыны да белгілі. Сондай-ақ аудандар бюджетінде жыл сайын шағын кәсіпкерлікті қолдауға арнайы қаражат қаралатыны да белгілі. Ал ауылдық (селолық) округтің әкімдерінің бастамасы бойынша кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін аудан бюджетінің сол қаражаты есебінен бухгалтерлер және компьютерлерде жұмыс істейтін мамандар даярланғандығы жөнінде республикада мысалдар толып жатыр. Ауылдық округтер әкімдерінің жұмыс тәжірибесінен тағы да бір мысал келтірейік. Базар жағдайында кәсіпкерлікгі дамыту ісінде құқықтың рөлі аса жоғары екені бесенеден белгілі. Бүгінгі күні ауылды жердегі кәсіпкерлік субъектілерін, егер олар азаматтық, қаржылық, еңбек немесе әкімшілік және басқа зандардың талабын сақтамаса, бірде бір аудандық прокуратура, бір де бір аудандық сот оларды қорғауға кіріспейді. Құқықты білмеу — жауапкершіліктен құтқармайды деген қағида көпке аян. Құқыққорғау органдарының статистикасы көрсетіп отырғандай, аграрлық секторда құқыққолдану тәжірибесі базар қатынастарының басқа салаларымен салыстырғанда, ең әлсіз күйде қалуда. Ауылдағы осындай нақты құқықтық ахуалды ескере отырып, ауылдық округтер әкімдерінің бастамасы бойынша ауыл кәсіпкерлері үшін заң мәселелері бойынша тегін кеңес беру ұйымдастырылғанының мысалдары баршылық. Сондай-ақ әкімдердің бастамасы бойынша аудандық прокуратураның, соттың, ішкі істер бөлімінің, каржы полициясының, адвокатгар алқасының қызметкерлерімен тоқсан сайын кездесу ұйымдастырылған.