Әлеуметтік-кәсіпорын корпорациялары – бұл өз қызметін өндірістен және тауарлар мен қызмет сатудан пайда табу мақсатында ұйымдастыратын тұрлаулы бизнес-құрылымдар. ӘКК-ның коммерциялық корпорациялардан басты айырмашылығы сонда, олар алынған пайданы өздері мүддесін көздеп құрылған сол өңірдегі халықтың әлеуметтік, экономикалық немесе мәдени мақсаттары үшін қайтадан жұмсайды.
Қазақстанның түрлі өңірлерінде бастапқы кезеңде қолдарына коммуналдық меншікті, жерді, жаңа кәсіпорын жасау үшін пайдалануға болатын жұмыс істеп тұрған рентабельсіз кәсіпорындарды беру арқылы ӘКК жасақтауға болады.
Әрбір ӘКК өзіндік бір өңірлік даму институтына айналуға тиіс, оның еліміздің тиісті өңіріндегі мемлекеттік активтерді басқаратын холдинг компаниясы ретінде жұмыс істеуі мүмкін.
Соден кейінгі кезеңде басқару тәжірбиесін жинақтауы мен ӘКК-нің капиталдану деңгейінің артуына қарай олардың өңірлік және халықаралық рынокқа шығуымен қоса, «жауапкершілік аясын» кеңейту мен әртараптандыру жөнінде әңгіме қозғауға болар еді.
Бұл корпарациялардың қызметі жаңа жобалар тартуға, шағын және орта кәсіпорынды дамытуға, кооперациялануды күшейтуге бағытталады.
Сөйтіп ӘКК ірі жұмыс берушілерге әрі ел дамуынының жолбасшысына айналады, бұл ретте ол мемлекеттік қызметшілер санын өсіріп, мемлекетке салмақ салмайтын болады.
Кәспкерлік дегеніміз – адамдар мен олардың құрған бірлестіктерінің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүлікті жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолан көздейді.
Кәсіпорынды жаңа тұрғыдан түсіндіргенде екі жағдайға:
- коммерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге;
- экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға ғылыми-техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты.
Шағын кәсіпорын – ұлттық экономиканы дамытудың маңызды шарты. Қазақстан Республикасың Президентінің Жарлығымен «шағын кәсіпорынды» дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Оның міндеті оның мақсатымен айқындалған, олар мыналар:
- халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
- қоғамдық бірлестіктің шағын кәсіпорынды қолдау мен қорғау мәселесіндегі рөлін күшейту;
- шағын кәсіпорынның өндірістік саласын басымдылықты дамыту;
- шағын кәсіпорынды ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мен дамыту арқылы шағын кәсіпкерлік субъектінің тұрақты қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасау болып тұжырымдалады.
Кәсіпкерлік, кәсіпорынның экономикалық дамуының маңызды факторы. Сонымен бірге ұлттың экономиканы одан әрі дамытуға да аса басты ықпал етеді. Соңғысын мына жағдаймен түсіндіруге болады: кәсіпкерлік өзінің мәнін жете түсіну негізінде шағын және орта кәсіпорынды дамыту формасы арқылы жалпы жағдайды тудырады, яғни әрбір азаматтың өзінің материалдық жағдайын жақсартуға талаптануы.
Бәсекеге қабылетті 50 елдің қатарына кіру жолымыз – даңғыл жол. Тек осы жолда сөз аз, іс көп болсын. Айтқыш Қадыр Мырза Әли «Алмас – жерде қалмас» лұғат сөздерінде бүй деген: «Қазақ басқаға мұқтаж болса да, мылжыңға мұқтаж болып көрмеген». Мұқтаждық – біздің өмірімізде, Күндей нұрлы болашағымызда. Береке бәсекемен келеді. Елу елдің ең алдында маңдайын жарқырап тұрса, қалай мерейің тасымасын. Бәсекеде жеңіп шығып, берекені қолда ұстап қалу – бақытымыз.