Кәсіпорын қоғамның экономикалық дамуының негізгі факторларының бірі ретінде қарастыратын экономикалық дамудың кәсіпорын моделі экономиканың осы секторындағы басқару жүйесінің тиімділігін обьективті бағалауға мүмкіндік беретін тиісті методологиялық және әдістемелік база құруды талап етеді. Бұл зерттеудің концепциялық негізі оны кәсіпкерлік – жүйелік тәсілдің принциптері негізінде басқарылатын күрделі жүйе ретінде қарастыру болып табылады. Жүйелік тәсілдемеге сәйкес кез – келген жүйе, соның ішінде кәсіпорынды басқару жүйесі де бір қатар белгілермен сипатталады.
Жүйенің қалыптастырушы маңызды қасиеттердің бірі — байланыстылық пен тұтастық. Байланыстылық дегеніміз жүйені — физикалық немесе концепциялық түрде бір – біріне өзара тәуелді көптеген элементтердің тұтастығы ретінде қарастыру. Тұтастық дегеніміз әрбір элементтің, оның қасиеттері мен қатынастарының жүйедегі орнына тәуелді болуын ғана емес, сонымен бірге тұтас бірыңғай мақсаттың бар екендігін де білдіреді. Кәсіпорынды басқару жүйесін құра отырып, басқарудың барлық деңгейлерінде бизнесті қолдайтын тиісті инфрақұрылым құру арқылы кәсіпкерлік қызметті жандандыруды мақсат етіп аламыз. шағын орынды басқаруда жүйені құраушы элементтер ретінде кәсіпкердің өзін және басқару обьектісі ретінде кәсіпорынды құруға және жұмыс істеуге қажетті — қорларды айтуға болады.
Кәсіпорынды басқару жүйесінің тұтастығы дегеніміз – жүйе қасиеттерінің барлық уақытта тек қана оның элементтерінің қасиеттерінен тұруын білдірмейді. Кәсіпорынды басқару жүйесі тұтас жүйе ретінде, оны құрайтын элементтерінің қасиеттерінен ерекше жаңа қасиеттермен сипатталады. Барлық элементтер тікелей немесе жанама түрде бір бірімен байланысты, сондықтан олардың бірінің жойылуы немесе бір элементтің қосылуы жалпы алғанда жүйенің қалған элесенттері арасындағы қарым – қатынастың өзгеруіне алып келеді. Әрбір жүйені жүйенің анағұрлым жоғарғы ретті элементі ретінде қарастыруға болады. кез келген жүйенің элементтері өз кезегінде анағұрлым төменгі жүйе де бола алады. Кәсіпорынды басқару жүйесіндегі жергілікті басқару жүйесі аймақтық басқару жүйесінің элементі болып табылады.
Жүйенің негізгі ерекшеліктерін қарастырайық.
- Жүйе элементтерінің арасындағы өзара байланыс — элементтер арасындағы байланыстардың біреуі болса да үзілсе, жүйенің өмір сүру мүмкіндігі жойлады, өзгеріске ұшырайды. Кәсіпкерлікті басқаруды қамтамасыз ететін қосалқы жүйенің біреуінің жоқ болуы жалпы басқару жүесінің жаңылысуына әкеледі.
- Жүйе мен ортаның өзара байланысы — жүйенің ерекшеліктері тек қана ортамен өзара әрекет ету процесінде ғана танылады. Кәсіпкер тікелей әсер ететін сыртқы факторлардың сондай – ақ жанама түрде әсер ететін факторлардың ықпалында болады.
- Сатылық — жүйе элементтерін анағұрлым төменгі деңгейіндегі жүйе ретінде қарастыру мүмкіндігі. Кәсіпкерлікті басқару жүйесіндегі төменгі басқару органдарының жоғарыларға өзара бағынышты сатылық жүйесі болып табылатын басқарудың 4 деңгейі бар.
- Орнықтылық — жүйенің негізгі міндеттерінің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін, құрылымдық дамуға немесе сақтауға тырысушылық. Кәсіпкерлікті басқару жүйесінің орнықтылығы, басқарудың қосалқы жүйелерінің құрылуы мен жұмыс істеуі есебінен кепілдендіріледі.
- Автономдылық — ішкі тәртіптілікті көбейтуге тырысу, «жетіспейтін» элементтер мен міндеттердің орнын толтыру. Кәсіпкерлікті басқару жүйесі, ұйымдық құрылымдарын, функционалдық қосалқы жүйелерін, басқару органдарының жүйесін, жүйенің элементтері арасындағы өзара байланыс жүйесін және т.б. қамтитын, өзінің жүйе қалыптастырушы механизмі бар ерекшелендірілген жүйе болып табылады.
Кәсіпорынды басқару жүйесі, құрамына техникалық қосалық жүйелермен бірге, адамдар да кіретіндіктен, ұйымдық тапқа жатады. Ұйымдық жүйе ретінде, кәсіпорынды басқару жүйесі, тек өзіне ғана тән бір қатар ерекшеліктермен сипатталады. Олардың қатарына мыналар жатады: жүйенің нысаналы сипатта жұмыс істеуі және ұйымды құрушы элементтердің сатылы тәртіптілігі.
Жүйелер теориясына сәйкес, жүйелер жабық және ашық болады; күрделі және үлкен. Кәсіпорынды басқару жүйесі сыртқы ортамен тығыз байланыста болады және ашық жүйелер категориясына жатады. Кәсіпорынды басқару жүйесі элементтерінің көбісі, мысалы, кәсіпорынды аймақтық басқару жүйесі өз алдына бір жүйе, сондықтан кәсіпорынды басқару жүйелерінің барлығы күрделі жүйелер категориясына жатады. Кәсіпорынды басқару жүйесі, ұдайы даму үстінде болғандықтан және барған сайын жаңа элементтермен толықтырылып отырғандықтан, үлкен болып табылады.
Аталған классификацияға сәйкес кәсіпорынды басқару жүйесіне келесідей анықтама беруге болады. Кәсіпорынды басқару жүйесі — бұл болжамсыздық пен тұрлаусыздық элементтерімен сипатталатын жаңа құрылымдар мен қасиеттерге ие болуға қабілетті, сатылық қосалқы жүйелерден тұратын, сыртқы ортамен тығыз байланысы бар, үлкен, күрделі және нысаналы ашық ұйымдық жүйе. Кәсіпорынды басқару жүйесі – бұл мақсатты көп деңгейлі басқару жүйесі, басқару обьектісіне кәсіпкерлік қызмет жатады, ал басқару субьектісі ретінде кәсіпорынды басқару органдары жүйесі орын алады.
Жоғарыда айтылғандай, кәсіпорынды басқару жүйесінің құрылымы сатылық, қазір көрсетіліп отырған жағдайда басқару құрылымы үш деңгейлі. Элементтер арасындағы тік иілімдер олардың арасындағы ақпараттық байланыстар мен бағыну қатынастарын көрсетеді. Элементтер мен процесс арасындағы тік иілімдер осы элементтердің процесті іске асыруға тікелей қатысатындығы мен тиісті ақпараттық байланыстарды көрсетеді. Бағынушы элементтері бар элементтер — басқарушы элементтер немесе орталықтар деп аталады. Бағынушы элементтері жоқ және кәсіпкерлік процесті іске асыруға тікелей қатысатын элементтер — атқарушылар немесе қысқаша — элементтер деп аталады.