Шағын кәсіпорынның негізін қалау бойынша бірнеше көзқарастар бар: жаңа кәсіпорын бастау, бүгінгі күндегі кәсіпорынды (бизнес) сатып алу, франчайзинг және жанұялық кәсіпорын (бизнес).
Бүгінгі күндегі кәсіпорынды сатып алу біздің экономикамызда әлі аз танымал құбылыс, бұл негізінен біздің кәсіпорындарымыздың тәжірбиелерінің аздығымен түсінідіріледі. Дегенмен, бұл шетелде бизнеске кірудің айтарлықтай тараған формасы ретінде мынадай бір қатар артықшылықтарға ие:
- Тәуекел мен тұрлаусыздық факторлары сынға жиі ұшырайтын жаңа кәсіпорын ашумен салыстырғанда, олардың деңгейін төмендетуі.
- Кәсіпорынның жөнге келтірілген инфрақұрылымының болуы, себебі кәсіпорын әлде қашан құрылу сатысынан өткен, жұмыс істеуде, кәсіпорынның басқа контрагенттерімен қарым-қатынас орнатылған.
- Жаңа бизнесті бастауда жүзеге асырылатын шығындарға қарағанда әлдеқайда аз келісім баға бойынша кәсіпорынды алу мүмкіндігі.
Біздің Республикамыз үшін шағын кәсіпорынның негізін қалау формаларының ішінде, жаңа бизнес құрудан басқа франчайзинг пен жанұялық бизнес формалары ең өзекті деуге болады. Алғашқы франчайзингтік келісім ХІХ ғасырда тігін машинасын өндіретін компания мен оның диллері арасында жасалды. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін франчайзинг принциптері фармацевтикалық бизнес, бөлшек сауда және қонақ үй кешені саласында кең қолданыла бастады.
Франчайзинг компаниясы өзінің франчайзи мүшелеріне фирма атын, сауда маркасын, өнімін, технологиясын және т.с.с. пайдалану құқығын береді. Франчайзинг жаңадан бастаушы кәсіпкерлер үшін жаңа кәсіпорынды ашу мен жұмыс істеу тәуекелінің деңгейін айтарлықтай төмендетеді. Франчайзинг келісімі жаңа бичснаске, бүгінгі күндегі кәсіпорын мен оның жұмысшылары жинақтаған үлкен тәжірбиелдерді пайдалануға мүмкіндік береді, сондықтан шетелдегі 12-ші кәсіпорынның франчайзингтік болуы кездейсоқтық емес. Франчайзингтік қатынастар жүйесі – тек қана бізде емес, сондай-ақ шет елде да айтарлықтай жаңа құбылыс, сондықтан бұл түсініктің терминологиясына толығырақ тоқталу қажеттігі бар.
Франчайзингтік қатынастың 3 типі бар:
- Франчайзер — өнім өндіруші немесе қызмет көрсетуші фирма, өзінің өнім өндіру немесе қызмет көрсету құқығын франчайзиға береді.
- Франчайзер – негізгі өнім өндіруші, өз өнімінің көтерме сату құқығын франчвайзиға береді.
- Франчайзер – көтерме сатушы, тауарды бөлшек сату құқығын франчайзи фирмасына береді.
Ең соңында, шағын кәсіпорынның негізін қалаудың төртінші жолы – бір отбасы мүшелерінің күшімен негізі қаланып, жұмыс істеп жатқан отбасылық бизнес. Сонымен бірге бұл бизнесті отбасы мүшелері қаласа толық, қаласа жарты күн жұмыс істей алады. Әдетте отбасылық бизнес бір ұрпақтан екінші ұрпаққа өтіп отырады. Отбасылық бизнестің көбісі – шағын, бірақ отбасылық бизнестің ірі кәсіпорынға айналып, отбасылық болып қала беретін мысалдары да іс жүзінде аз кездеспейді.
Кез келген отбасылық бизнес – бұл отбасы мен бизнестің симбиозы. Оның әрқайсысының өз мақсаты болады. бизнестің мақсаты — өндіріс жолымен немесе тауар сатып, қызмет көрсетіп пайда табу. Отбасылық бизнестің басты артықшылығы – кез келген қиыншылықтарға қарамастан бизнесті жүргізуге көмектесетін туыстық байланыстың беріктігі. Отбасы мүшелері бизнесті ағымдағы қажеттіліктері үшін өздерінің еңбек ақылары мен дивиденттерін құрбан етеді. Жұмысқа берілгендіе, жоғары әдептік нормалар, тұтынушылар үшін тікелей жауапкершілік – отбасылық бизнестің негізгі критериялары екендігі белгілі.
Отбасылық бизнес кәсіпорындарды көлемдері бойынша, ұсынатын өнімдері мен қызмет түрлері бойынша әр алуан болуымен ерекшеленеді. Отбасының бизнеске қатысу деңгейі бойынша былай айыруға болады;
- Толығымен отбасы басқаратын және бақылайтын бизнес.
- Отбасы бақылайтын, бірақ маман менеджерлер басқаратын бизнес.
- Отбасы тарапынан басқармайтын бизнес.
Қазақстандағы бизнес негізін отбасылық. Бұл қазақ отбасылырындағы ұлттық туыстық байланыстардың дәстүрлі түрде терең болуымен түсіндіріледі.
Шағын қожалығының барлығы дерлік отбасылық. Бұл ең алдымен ауыл отбасыларындағы адам санының көптігімен, отағасын құрметтеу дәстүрімен жәнен бір-бірін өзара ауыстыру мүмкіндігінің бар болуына байланысты. Колхоздар мен совхоздар құлдырап, ауылда жұмыс орындары жоқ болу жағдайында, негізгі отбасылық байланыстарда құрылған шаруа және ферммер қожалықтары, қазіргі кезеңде ауылшаруашылығын дамытудың баламасы жоқ жалғыз ғана көзіне айналып отыр.