Қазіргі мектепте оқушыларды тәрбиелеу жолдары

Адам тәрбиесі – киелі ұғым. Олдік-талдық дегенде араға әлденеше ғасыр салыл жеткен тәуелсіздік тусында егемен еліміздің жеткіншек ұрпақтарының тәрбиесі туралы болса әңгіме тіпті де бөлек. Біз ендігі жерде ішкенге мәз, жегенге тоқ, таңды атырып, күнді батырып, тып-тыныш орысша шүлдірлеп жүре беретін, тарихы мен ұлттық салт-дәстүрінің иісі нұрнына да бармайтын мәңгүрт ұрпақ емес, мына тәуелсіз еліміздің шаңырағына уық болып шаншылатын, босаға болып қадалатын, табалдырық болып көлденең түсетін нағыз ұлтжанды халқын сүйген, отаншылдық сезімі жоғары ұрпаққа көңіл аударуымыз қажет.

Ұрпақты әдептілікке, адалдыққа, мейірімділікке, еңбеккерлікке, адамгершілікке, иманлылыққа, халқын, жұртын, Отанын сүюге тәрбиелеуді салт пен әдет, дәстур мен сана нұсқалары аз емес. Сондай-ақ кесір мен кесапаттан, қатыгездіктен, тоң мойын жалқаулықтан аулақ болуға шақыратын тиымдар мен нұсқалар, аңыздар мен даналық түйіндер баршылық.

Халқымыздың адамгершілікке толы тәрбиесі сандаған жылдар бойы «ескіліктің қалдығы» делініп, өмірден шеттетіліп сана мен салттан өше бастады. Мұның өзі перзенті қарттар үйіне өткізген немересін бір көріп, иіскегісі келіп, зар болып, қасіретті көз жасын төккен ата мен әжені, көшеге інгәләтіп тастап кеткен шерменде шарананы көбейтіп аза бойды қаза тұрғызуда.

Өмір ағысында жас ұрпақ келеңсіздік көп-ақ. Мұның бәрі қазақтың ұлттық тәрбиесінің қағажу көріп, шеттетілуінен. Алтын қазына, аяулы атасы қайтыс болғанда ат қойып келеген ұрпақ дәстүрінде, ел қорғаны азаматы шейіт болғанда айтылатын үш мезгіл жоқтауда қаншама бауырмалдық қыз ұзатылардағы жар-жар, сыңсу мен қоштасуда қаншама өнеге жатыр десеңші!!!

Тәуелсіз Қазақстан Республикасындағы құлдырауды қапына келтіруді толық болар-ау. Ал санадағы батпандап кірген кемшіліктен арылып, сананың даңғыл сарапына жету қиынның қиыны болса керек.

Сіздерге белгілі бұл қиындықты жеңуде мектеп – ең негізгі күш. Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие беруде мектептегі барлық жұмыс арналарын тиімді, дәл пайдалану керек-ақ.

Шыр етіп дүниеге келген перште сәбиге адам асыл қасиеттер ана сүтімен, берісі бесіктен дариды десек, әсте асылық айтпаған болар едік. Ал бала тәрбиесінің ошағы саналатын – мектеп тәрбиесі бала бойына ізгі қасиеттердің қалыптасуына үлкен де маңызды роль атқарары даусыз. Асылы тәрбиенің негізгі ірге тасы – адамгершілік тәрбиесіне байланысты. Өйткені адам бойындағы мындаған қасиеттердің ішінде негізі орын алатын қасиет — адамгершілік қасиет. Бұл – аксиома. «Ұлттық тәрбиенің негізі – адамгершілік, еңбек тәрбисесі – дейді Мағжан Жұмабаев. Десе дегендей-ақ шынында адамгершілік тәрбиеге баланы сәби шақтан дұрыстап озық түрде баулу қажет.

Заман алға жылжыған сайын адамзат бойынан бұрын соңды болмаған, байқалмаған қатігездіктер табылып жатыр. Оның себебі жас буынды мектеп қабырғасында рухани тәрбиемен сусындатпағандықтан деп ойлаймын. Балаға білім беру басты міндетке саналып, рухани тәрбиеге көңіл бөлінбейтінін жасырудың қажеті жоқ. Нәтижеде данышпан айтқандай, ұрпақ моральдық азғындау жолына түсті.

Рухани тәрбие – ол имандылық. Кез келген адам мақсатына кіршіксіз таза рухани дүние арқылы ғана жетеді. Ендеше біз бала бойына алдымен имандылық, адамгершілік қасиеттерін сіңіруіміз қажет.

Бүгіндей қоғамның аласапыран шағында иісі адам баласын имандылық, адамгершілік тәрбиеге баулу өте-мөте маңызды мәселе болмақ. Осыған орай бүгінгі таңда мектеп оқушыларына имандылық пен адамгершілік тәрбие беру мақсатына «Атамекен» бағдарламасы қабылданған. Бағдарламада «Салт», «Асыл мұра», «Бабалар өсиеті», «Қыз бен жігіт», «Заманай», «Достық», «Ата-ана», «Қайрымдылық», «Сөнбес жұлдыз» атты тәрбиелік мәніне орай топтастырылған бөлімдер бар. Олардың қай-қайсы болмасын бала бойында асыл да, ізгі қасиеттердің қалыптасуына үлкен септігін тигізері даусыз. Бізді қоғамда игілікті шараларды қабылдау мен енгізу бар да, оның жүзсін асуын талап ету, қадағалау жағы ақсап жатады, ақиқат айтсақ. Егер біз бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, көп болып жұмыла осы бағдарламаның өз дәрежесін іске асырсақ тамшыдай үлесімізді қосар болсақ, ұлтымыздың жұлдызының жоғары болуына, еліміздің еңселі де іргелі, өркениет ел қатарына қосылуына мол үлес қосқан болар едік. Осы бағыттарды іске асыруда көптеген шаруашылық басшылары мен ақыл әкімдері тағы да басқа ауыл белеснділері кішкентай болса да қаржы тауып, бір-екі топтық бала бақшаларын ашқандары жөн болар еді. Мұның өзі бүгінгі кішкентай бөбектер, ертеңгі еліміздің келешегі болып табылатын жас жеткіншектердің жан жақты дамуына жасаған үлкен көмек болар еді. Олар ата-ана мен баланың сауабын алып қоймай «Қазақстан Республикасының орта білгілі дамыту Тұжырымдамасын» жүзеге асыруға әрқайсысы қолдарынан келгенше үлес қосқан болар еді. Біздер ұстаздар мектепте балабақша мен үйден келген оқушыларды көріп жүрміз. Аралары жер мен көктей, балабақшасында тәрбиленген баланы дамуы көптеген жағдайда үйде тәрбиеленген баладан жоғары.