Педагогика мен психология ғылымдарының зерттейтін объектісі — адам. Бірақ, зерттеу екі бағитта жүргізіледі де, бір нәтижені көздейді. Мысалы, психология адамның мінез-құлқындағы түрлі ерекшеліктерінің механизмін ашуды қарастырса, ал падагогика адамның мінез-құлқын қалай тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін іздестіреді. Педагогика ғилымы басты проблемаларды психологияның көмегімен шешеді. Мысалы, педагогика ұжым жайындағы теориялық мәселелерді шешуде әлеуметтік психологияға, балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес психикалық даму заңдылықтарына байланысты мәселелерді – жас ерекшелік және педагогикалық психологияға, эстетикалық тәрбие теориясын қарастырғанда – психикалық сезімдерге, әсіресе, адамның таным әрекетіне байланысты сезімдер мен объективтік шындықтың сұлулығын қабылалудан туатын көңіл-күні эстетикалық сезімдерге сүйенеді.
Мектептегі білім және тәрбие беру жүйесінің негізі — жас ерекшелігі физиологиясы ғылымына байланысты. Балалар организміндегі жоғары нерв қызметін, тыныс алу, қан және жүрек-тамыр жүйесінің физиологиялық ерекшеліктерін мұғалімнің жете білуі қажет. Ол осы мәліметтерге сүйеніп, тәрбие мен оқу процесін, әсіресе, дене тәрбиесінің практикалық және тео-риялық мәселелерін дұрыс шешу жолдарын іздестіреді. Жас организмнің даму барысында болып отырған анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне, әсіресе жоғары нерв қызметінің негізгі заңдылықтарына (қозу, тежелу және т.б.) жете түсіну жалпы падагогикалық процесті ойдағыдай басқарудың негізі болады.
Педагогика ғылымы мектеп гигиенасымен тікелей байланысты. Мектеп гигиенасы — жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайту және дамыту жайындағы ғылым. Оқушылардың денсаулығы әр түрлі факторларға байланысты. Мектеп ғимаратында, сынып бөлмелерінде ауаның жеткіліксіз болуы оқушыларды — бас ауруына, жалпы әлсіздікке, демек, түрлі сырқатқа ұшыратады. Жарықтың нашарлығы баланың көзіне әсер етеді, көру мүшесінің қызметін нашарлатады. Осылардың нәтижесінде балалар сабақ үстінде селқос, сылбыр болады. Олардың зейіні нашарлап, ойлау қабілеті төмендейді. Бұл жағдай сөзсіз үлгермеушілікті туғызады.
Мектеп гигиенасы мектеп ғимаратындағы жылу және ауа режимдерін, мектеп жабдықтары мен оқу құралдарына қойылатын гигиеналық талаптарды және оқу мен тәрбие жумысының гигиеналық негіздерін зерттейді. Сондықтан мұғалімнің осы мәселелерді терең түсініп, менгермейінше, педагогикалық процесті ойдағыдай ұйымдастырып, басқаруы мүмкін емес.
Педагогикалық нақты мәселелерді зерттеп, жинақтауға социология ғылымының, маңызы өте зор. Соцнология ғылыми әлеуметтік ортаның адамға ықпалын, адамдар арасындағы әлеуметтік қатынасты қарастырады. Жас ұрпақты дамыту, тәрбиелеу және қалыптастыру проблемаларын зерттеу барысында педагогика ғылымы әлеуметтік орта мен тәрбие жайындағы мәліметтерді социология ғылыми негізінен қарастырып, шешім қабылдайды.
Педагогика ғылымы тәрбиеге байланысты этнографиялық және археологиялық деректерді пайдаланады. Этнография ғылымы белгілі бір халықтың экономикасын, қоғамдық және рухани мәдениетті, тұрмысын зерттейді. Археология — өткен ғасырдағы ескерткіштер арқылы халықтардың әдет-ғұрпын, мәдениетін зерттейді. Әрбір қоғамдық-экономикалық формада оқу мен тәрбиенің мақсатын, міндеттерін және мазмұнын анықтау үшін педагогика сол формадағы халықтардың мәдениеті, дәстүрі мен экономикасы жайындағы белгілі ғылыми еңбектер мен құжаттарды басшылыққа алады. Әсіресе, мұндай жинақталған материалдар алғашқы қауымдағы тәрбиенің шығуын және оның кейбір жақтарын дәлелдеуге көмектеседі.
Соңғы кезде педагогика ғылымы кибернетика жетістіктерін де пайдалана бастады. Кибернетика — грек сөзі, бұл басқару өнері деген мағына береді. Кибернетика жас ғылым, ол XX ғасырдың 40-жылдарының аяғында қалыптаса бастады. Кибернетика — күрделі машиналардағы, тірі организмдегі және қоғамдағы процестердің жалпы заңдылықтарын зерттеп басқаратын, олардағы ақпараттарды беретін ғылым. Кибернетиканың негізгі салалары: ақпарат теориясы, автоматтар теориясы, бағдарламалау теориясы.
Педагогикалық әдебиет беттерінде кибернетикалық педагогика деген ұғым жиі жазылып жүр. Оның себебі — кибернетика бірте-бірте педагогикалық құбылыстарға еніп, оларды зерттеуде зор тірекке айнала бастады.
Педагогикалық процесс үнемі кері байланыс арқылы іске асырылады. Педагогикалық процесті ойдағыдай басқару және жетілдіру үшін кибернетиканың бағдарламалап оқыту теориясына сүйеніп, мектеп жұмысында оқыту және бақылау машиналарын, техникалық құралдарды кеңінен пайдалану қажет.
Әрбір ғылым өзінің дербес әдіснамасын, зерттеу әдістерін жасайды. Педагогиканың да өзіне тән ғылыми-зерттеу әдістері бар.