Маркетингтің ұйымдастыру қызметі – маркетинг бойынша өздеріне жүктелген міндеттер мен қызметтерді орындайтын бөлімдер мен бөлімшелердің жиынтығы. Маркетингті ұйымдастырудың әр түрлі формалары бар, оларды таңдауға кәсіпорын мақсаттары, ресурстардың болуы, басқарудың қалыптасқан құрылымы, өндірілген өнімнің, нарықтың және маркетингті ортаның ерекшеліктері сияқты факторлар әсер етеді. Маркетингтік қызметті ұйымдастыру төменде көрсетілген белгілер бойынша құрылады.
Функционалдық ұйым. Тауарлары мен нарық мөлшері аз кәсіпорындарда қолданылады. Бұл қағида еңбектің функционалдық бөлінуіне негізделген.
Маркетингті басқарудың функционалдық құрылымы
Басқарылатын процестердің мамандануы, кадрлар құзіретінің нақты түрде анықталуы, тауар ассортименттерінің аз мөлшерде тұрақты өндірілуі маркетингті ұйымдастырудың осы формасының тиімділігін анықтайды.
Ұйымның мұндай формасы номенклатурасы шектеулі орта және шағын кәсіпорындарға тән.
Функционалдық ұйымдастырудың мынадай артықшылықтары бар:
-Басқарудың қарапайымдылығы
-Басқару процестерінің мамандануы мен стандартталуы шешім қабылдау тиімділігін жоғарлатады.
— Қызметкерлердің кәсіби мамандығының өсуіне әсер етеді.
— Басқару функцияларында қайталану болмайды
Кәсіпорындардағы маркетингті функционалдық ұйымдастырудың кемшіліктері:
- Басқару шешімдерін үйлестіруде кездесетін қиыншылықтар;
- Тауарлар сапасына жеткілікті мән берілмейді;
- Жаңа енгізулерге жылдам бейімделмейді
- Фирмалық жалпы мүддесінен салыстырғандағы эгоизм мен жеке мүдделердің болуы
Маркетингті тауарлық ұйымдастыру. Маркетингтік құрылымның бұл түрін қолдану өндіріс пен өткізудің арнайы шарттарын талап ететін өнім ассортименті мен өткізу көлемі үлкен кәсіпорындар үшін тиімді
4-сурет Маректингті басқарудың тауарлық құрылымы
Маркетингтің тауарлық ұйымдастыру формасының артықшылықтары:
- тауар бойынша маркетинг кешенін оңтайландыру мүмкіндігі;
- тауар бойынша туындаған мәселелерді лайықты үйлестіріп, шұғыл әсер етуі;
- сыртқы орта жағдайына жақсы бейімделу;
Маркетингтің тауарлық ұйымдастыруының кемшіліктері:
- міндетті іс-қимыл құрылымымен салыстырғанда едәуір қымбат;
- тауар бойынша сарапшы бала тұрып, менеджерлер міндетті қызмет алсын ескермейді
- тауарлық топ қызметтерінің әрі тікелей басшыларына да, әрі функционалдық қызмет басшыларына да екі жақты бағынуы туындаған мәселелерді жедел шешуді қиындатады
Маркетинг қызметін ұйымдастырудың нарықтық үлгісі әр түрлі нарықта тұтынушылардың қалауы бірдей емес, ал тауарлар арнайы қызметті талап ету жағдайына қолданылады.
Маркетингті нарықтық ұйымдастырудың артышылықтары:
- өз тұтынушыларының талғамы мен қажеттілігін жақсы білу;
- нарық ерекшелігін ескере отырып, сенімді болжау жасау;
Кемшіліктері:
- міндетті іс-әрекеттерінің қайталануы;
- жұмысқа икемділіктің жоқтығы;
- күрделі ұйымдық құрылым;
- тауар ассортиментін нашар білу;
Маркетинг географиялық принцип бойынша ұйымдастыру. Ірі компаниялар кеңейтілген нарыққа өнім шығарғанда (ұлттық нарыққа немесе халықаралық нарыққа) маркетинг қызметі географиялық принцип бойынша ұйымдастырылады.
Маркетингті ұйымдастырудың аралас түрі. Көптеген кәсіпорындар өзінің маркетинг бөлімін аралас түрде құады. Бұл жағдайда функционалды тауарлық, функционалды- нарықтық, тауарлы-нарықтық және функционалды-тауарлынарықтық сияқты жоғарыда қарастырылған маркетинг қызметін құру қағидалары негіз болды.
Маркетингті материалдық ұйымдастыру. Кем дегенде екі белгімен негізделеді. Материалдық құрылымының мысалы ретінде маркетингтік бағдарламаны және функционалды ұйымды немесе менеджмент-жобасы мен өнім бойынша басқаруды айтуға болады.
5-сурет
3-сурет Маркетингті басқарудың материалдық құрылымы
Ұйымдық құрылым формасын таңдағанда, кәсіпорын мынадай қағидаларды ескеруі қажет.
- өте қарапайымдылық. Басқарудың күрделі жүйесі икемділік пен ілкімділікті жоғалтуға әкелуі мүмкін.
- Басқару құрылымының аз топтастырылуы. Басқару шешімдерін шұғыл қабылдауға мүмкіндік беретіндей аз сатылы болуы қажет
- Бөлімшелер арасындағы байланыс жүйелерінің тиімділігі
- Орындалатын қызметтердің нақтылығы және өзгерістер кезінде олардың орындалуға оңтайлылығы
Маркетинг мәселелері тек қана экономиканы емес, сондай-ақ психология мен әлеуметтану аумағын да қамтиды. Сондықтан да маркетинг бойынша маман мәденитті, адамгершілігі мол және тиянақты болуы қажет.
Қазіргі кезде көптеген қазақстандық өнеркәсіптік кәсіпорындарда, коммерциялық және кәсіпкерлік құрылымдарда, банктерде, негізінен функционалдық белгі бойынша құрылған маркетинг бөлімдері бар. Мысалы, «Рахат» ААҚ маркетингті басқарудың ұйымдық құрылымын келтірейік
Маректинг саласындағы ірі мамандардың бірі П.Друкер «Маркетинг маманын өндіріс циклінің соңына емес, басына қою керек, маркетинг бизнестің әр кезеңіне бірігіп, кірігуі қажет» деп айтты.
Кәсіпорында жаңа тауарды шығарудан бастап, тұтынушыға өткізуге дейінгі барлық маркетинг кешенінің функцияларын орындайтын маркетингті басқару құрылымын құру қажет. Бұл құрылым кәсіпорын қызметінің тиімділігіне бағытталып, ары қарай қарыштап дамуына жағдай жасауы қажет.