Фирманың шығаратын тауарларының мөлшерін рынокқа ұсынуы, оны өніруге кететін шығындарына және сол тауарлардың рынокта сатылатын бағаларына тікелей байланысты болады. Бұдан шығатын қорытынды, тауарларды өндіру және оны сатуға кететін шығындарды білу кәсіпорынның шаруашылық жүргізудегі тиімділігінің басты жағының бірі болып саналады.
Шығындар – бұл фирма өзінің өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары. Өндіріс процесіндегі айқын шек қоятын шығындар және олардың маңызы мен практикалық қызметіндегі анықтайтын межесі болып табылады. Фирма шығындары өндірістік белгісіне қарай 3 түрге бөлінеді:
-өзіндік құн құрайтын өнімдерді өндіру және сатуға кететі шығындар. Бұл капиталдың ауыспалы айналымы арқылы сатудан түскен ақшалай түсімді жабатын ағымдағы шығындар.
-өндірісті ұлғайтуға және жаңартуға кететін шығындар. Әдеттегідей, бұл жаңа немесе жаңғыратын өнімге жұмсалатын бір жолғы ірі күрделі қаржы шығындары.
-өндірістің әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй, тұрмыстық қызмет көрсету және осыған ұқсас басқа да мұқтаждарға кететін шығындар. Олар негізінде пайданың есебінен бөлінетін арнаулы қорлардан қаржыландырылады.
Өндірістік шығындардың жіктелуі
Сыныптау белгілері | Шығындардың бөлшектенуі |
1.Экономикалық элементтер | Шығындардың экономикалық элементтері |
2.Өзіндік құнның статьялары | Өзіндік құнның калькуляция статьялары |
3.Технологиялық процестеге қатыстылығы | Негізгі, қосымша процестеге қатыстылығы |
4.Құрамы | Бірэлементтік, кешенділік |
5.Өнімнің өзіндік құнына қатысудың тәсілі | Тілекелі, жанама |
6.Өндірістік процестегі ролі | Өндірістік, өндірістен тыс |
7.Мақсатқа сәйкес жұмсау | Өндірістік, өндірістік емес |
8.Жоспарға қатысу мүмкіншілігі | Жоспарлы, жоспарсыз
Тұрақты, ауыспалы |
9.Өнімнің көлеміне қатысы | Күнделікті, бір жолғы |
10.Шығу мерзімділігі | Аяқталмаған өнімге кететін шығындар |
11.Дайын өнімге қатысы | Дайын өнімнің шығындары |
Практикалық маңызы болатын ең тұрақты және ауыспалы шығындарға бөлу. Тұрақты шығындар осы кезеңдегі уақыт ішіндегі сомасы өнімді өндіру және оны сатудың мөлшеріне, құрылымына тікелей тәуелді болмайды. Тұрақты шығындарға жататындар: міндетті заемдық ақылар, есепті төлемдер, ғимараттар және жабдықтардың амотизациясы, сақтандыру жарналары және т.б.
Ауыспалы шығындар – бұл осы кездегі уақытта өнімді өндірудің мөлшеріне және сатылуына иәуелді болмайтын шығындар. Мысалы, еңбекақы шығындары, шикізаттар, отын, энергия, көлік қызметі және т.б. Тұрақты және ауыспалы шығындардың арасындағы айырмашылықтың елеулі маңызы бар. Тұрақты шығындар керек десе, жалпы алғанда, өндірілмеген өнімге де төленуге тиісті, ал ауыспалы шығындармен кәсіпкер өндіріс көлемін өзгерту жолымен басқаруы мүмкін.