Физикалық география сабақатрында орындалатын орындалатын практикалық жұмыстар

Мақсаты. Білім беру. Оқушыларды топпен жұмыс істеуге ұйымдастыру. Атмосфера жағдайлары туралы ғылыми түсінік қалыптастыру.

  1. Дамыту. Әр түрлі білім көздерімен жұмыс жасауды дамыту. Оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеп шығармашылық ойларын өсіру. Өз ойларын еркін айтып қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
  2. Тәрбиелік. Климаттың ерекшеліктерін түсіндіре отырып, өз жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі.

  1. Климаттық карта. 4. Сөзжұмбақтар.
  2. Үлестірмелер. 5. Асықтар, қоржын.
  3. Атлас.

Түрі. Қайталау сабақ (жинақтау).

Типі. Жарыс сабағы

Әдісі. Топпен жұмыс. Жекелей және жалпы сыныппен.

Сабақтың бағдарламасы.

  1. Білім сайысы.
  2. Табиғат құбылыстары туралы жұмбақтар шешу.
  3. Оқушылардың өздері құраған сөзжұмбақтарын шешу.
  4. Адасқан обьектіні табу.
  5. Картамен жұмыс.
  6. Қазақтың ауа райы туралы болжамдарынан мысалдар келтіру.
  7. Мақал-мәтел жарысы.
  8. Тест тапсыру.
  9. Toп басшыларының жарысы. «Жорға.»
  10. Қорытынды.
  11. Жалпы қорытынды. Оқушылар білімін бағалау.
  12. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы.

  1. Ұйымдастыру. Кабинеттің, сынып оқушыларының сабаққа дйындықтарын тексеріп, сабақты бастау.
  2. Бұрынғы өткен материалдарды қайталау жұмыстары.

Білім сайысы.

  1. Атмосфера қандай қабат және оның құрамы?
  2. Атмосфера қандай қабаттардан тұрады?
  3. Атмосфералық қысым дегеніміз не?
  4. Атмосфералық қысымды немен өлшейміз?
  5. Тәуліктік, айлық, жылдық орташа температураларды қалай өлшейміз?
  6. Қаныққан және қанықпаған ауа дегеніміз не?
  7. Су буының конденсациясы дегеніміз не?
  8. Тұман қалай пайда болады?
  9. Бұлт дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?
  10. Жауын-шашын қандай бұлттардан жауады?
  11. Шық пен қырау қай жыл мезгілдерінде түседі?
  12. Жел дегеніміз не? Қандай түрлері бар?
  13. Бриз бен муссон желдерінің ұқсастығы.
  14. Ауа райы дегеніміз не?
  15. Климаттың ауа райынан айырмашылығы.
  16. Жазғы күн тоқырау кашан болады?
  17. Күн мен түннің теңелуі.
  18. Қысқы күн тоқырау қашан болады?
  19. Атмосфералцқ жауын-шашын дегеніміз не?
  20. Қар жамылғысының қалындығын немен өлшейді?

2.1. Желдің жылдамдығын және бағытын кандай құрал арқылы анықтайды?

  1. Шаш гигрометрмен не өлшейді?

Білім берудің негізгі мақсаты — өзінің жауапкершілігін сезіне алатын, берілген тапсырмаларды уақтылы, дұрыс, тиянақты орындайтын қажетті ақпаратты іздеп, с9рыптай алатын оқушы даярлау. Жалпы білім беретін мектептегі 7-сыныптың «Материктер мен мұхиттар» географиясын оқыту барысында көптеген топонимикалық атаулар кездеседі. Мен кейінгі екі жылда осы пәндегі әрбір материкте кездесетін топонимикалық атауларға тоқталып, оның шығу тарихын жаздырып отырамын, соңында «Алтын қақпа» ойыны арқылы қорытынды жасаймын. Сабақ уақытында үлгермеуіміз мүмкін, сондықтан, қосымша сабақтар арқылы үйретуге тырысамын. бұл оқушының өзі айтып тұрған сөздің қандай мағына беріп тұрғандығын білумең қатар, пәнге деген қызығушылығын, ойлау қабілеттерін арттырады. Кейбір сөздердің аталу себебін өздеріне анықтатуға тырысамын. Оқу барысында пайдаланған материалдарды Облыстық білім жетілдіру институтына білім жетілдіру курсына барған кезде Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің доценті, география ғылымының кандидаты К.Каймулдинаның лекция материалдарынан пайдаланып жүрмін. Алдымен оқушыларға топонимика қандай ғылым екенін айтамын.

«Топонимика» сөзі гректің «топос» — мекен, жай, «ономо» -ату есім деген сөздерінен шыққан. Яғни, жер, су атауларының шығу тарихын зерттейтін ғылым. Материктердің және мұхиттардың атаулары әр түрлі тарихи оқиғаларға және табиғат ерекшеліктеріне байланысты қойылған.

Еуразия материгін өткен кезде кездесетін топонимикалық атаулар.

  1. Еуропа — «эреб» түнек, бату.
  2. Азия — «шығыс» деген мағынаны береді.
  3. Такла-Макан — «макан», мекен, жай. «Тарк» — тасталып кеткен жер (тарк).

Осы жерде Тарим өзені жатыр, өзен осы жерден бірнеше жыл аққаннан кейін, адасып, арқасын басқа жаққа бұрып кеткен екен. Халық та осы кезде бұл жерді тастап, жаңа өзен арнасына қарай көшеді.

  1. Үндістандағы «Tap» шөлі — жазық деген мағынаны береді.
  2. «Қызылқұм» — түсіне байланысты аталады. Тағы бір мағынасы — грунт суы жер бетіне жақын жатуы мүмкін.
  3. Қызыл теңіз, Қара теңіз — балдырлардың түсіне байланысты..
  4. Моңғолиядағы «Гоби» шөлі моңғол тілінде «Гов» — гасты және сортаңды шөл.
  5. Қарақұм — мал жайылымына қолайлы, өсімдік өсетін жақсы жер.
  6. Аққұм — мал жайылымыыа жарамсыз, ең құнарсыз құм.
  7. Шпицберген — «шпиц» — шың, «берг» — тау, шыңды тау.
  8. «Қашғар» — парсының «қаш» — тас, «ғар» — тау деген сөзінен шыққан.
  9. Монблан — «блан» — аң, басында қар мен мұз жатыр.
  10. Польша — славяндардың поляне тайпасының аты.
  11. Мадрид — арабша «құрылыстық ағаш».
  12. Осло — «ос» — саға, «ло» — өзен аты.
  13. Пиреней — қыратты биіктіктер.
  14. Джомолунгма — тибетше «таулардың ана құдайы».
  15. Месопатомия — грекше екі өзен аралығы.
  16. Хуанхэ — сары өзен.
  17. Дунай — поляк тілінде — терең өзен, таситын өзен. Африка материгіндегі топонимикалық атаулар.
  18. Африка материгінің солтүстік аудандарында мекендеген «афригия» деген, бербер тайпасының атынан шыққан. . 1. Африка — «фраге» — аяз, «афригея» — аязсыз.
  19. Ливия — ежелгі Греция кезеңінде «Либу» тайпасы өмір сүрген.
  20. Алжир — араб тілі. «Аль-джазаир» — аралдар деген сөз, өйткені, қала алғаш төрт аралда құрылған.
  21. Эфиопия — ежелгі грек тілінде «айтос», «эйтос» — күйген, «oпe» — бет мағынасында.
  22. Марокко бербер тілінде «мароккуш» — бекітілген деген сөз.

Мектептің өмірмен байланысын нығайту мақсаттарының бірінші сыныптан және мектептен тыс жүргізілетін өлкетану жұмысының апасына байланыстылығы.

Мектептегі өлкетану жұмысының мазмұны және оны жүргізудің тәсілдері өмір талабына сәйкес түрлі практикалық жұмыстарды шешуде оқушылардың мүмкіндігін арттырады. Ғылым — білімнің әр түрлі тарауларынан ақпарат беріп, практикалық жұмыстарды іешуге араластырып, оқушының дүниетанымын кеңейтіп, өмірге қажетті іскерлікпен қаруландыру. Сонымен қатар, оқушыларға жан-жақты оқу-тәрбие беру міндетін тиімді шешуде географиялық лкетану үйірмесі де өнімді жұмыс атқарып келеді.

Мектептен алған географиялық білімдерін оқушылар өлкетану жұмысында кеңінен пайдаланып, тереңдетіп отырады. Мысалы, табиғатқа саяхатқа шыққанда түрлі практикалық жұмыстар жасап, өз беттерімен жұмыс істеу дағдыларын кеңейтіп, дамыта түседі. әр түрлі практикалық жұмыстарды жүргізу арқылы олардың ақыл-ойы жетіле түседі, теориялық білімдерін іс жүзіне асыруға йренеді. Мұның өзі географиялық білімдерін тереңдете түсуіне, еографиялық құралдарды пайдалана білуді үйретеді. Ал, кейбір қарапайым құралдарды өздері жасап алуға үйренеді. Біз бұл мақалада, өлкетану жұмысында географиядан жүргізілетін практиалық жұмыстардың кейбір түріне тоқталамыз. Бұлар мектепте жүргізілетін жұмыстардың жалғасы болып табылады. Ал, кейбіреулерін өлке зерттеу кезінде жүргізетін болады. Қалай болғаңда да географиялық білімді іс жүзіне, тәжірибеге асыру болып абылады.

Практикалық жұмыстар көп, біз солардың төмендегі бірнеше түрлеріне тоқталамыз.

  1. Табиғатқа саяхатқа шыққанда келген жерінің географиялық адресін білу. (Жергілікті жердің ендігі мен бойлығын анықтау.)
  2. Күннің биіктігін өлшеу.
  3. Азимут арқылы жол табу, жан-жақты бағдарлау.
  4. Кез келген заттың биіктігін және қашықтығын арнаулы құралсыз-ақ өлшей білу.
  5. Қиықтап (засечка) өлшеу арқылы, т.б. өздері бара алмайтын нүктенің қашықтығын өлшеу.

Сондай-ақ, жоғарыда аталған практикалық жұмыстарды шешуге оқушылардың географиядан басқа пәндерден алған білімдерін айдалануға да тура келеді. Мұның өзі мектепте пәнаралық айланысты күшейтуді талап етеді. Сонымен қатар, өлкетану жұмысында көптеген пәндерден алған білімдері өзара ұштасып отырады.

  1. Келген жерінің географиялық адресін анықтау.

Картадан кез келген нүктенің координатын табуға болады. Бұл туралы 5-сыныпта «Физикалық география курсында» толық көрсетіледі. Ал, саяхатқа шыққанда келіп тоқтаған жеріміздің адресін радио арқылы хабарлау керек болса қалай хабарлауымыз керек?

Ол үшін, ең алдымен, тұрған жеріміздің жергілікті ендігін табу керек. Оны «Темірқазық» жұлдызы арқылы табамыз. Осы жерде «Темірқазық» жұлдызы жайында қосымша мәлімет келтіруге болады. Мысалы, қазақ атаулының күллісіне мәшһүр «Темірқазық» жұлдызы ғылым тілінде Кіші Аюдағы «а» дейтін жұлдыз. Дүние полюсіне жақын (1°-тай) тұрғандықтан оны, көбінесе, «Полярная звезда» деп атайды. Арабша-орысша сөздіктен оның арабша аты Құтыб екенін көреміз. «Темірқазық» аты тіпті ертеден келеді. Махмұд Қашқарй 1072-1074 жылдарда шығарған «Диуани лұғат ат-түрк» деген кітабында «Темірқазық» аспанның кіндігі, яғни темір шеге, аспан әлемі сол шегені айналып тұрады, деп жазған. Сонымен, «Темірқазық» жұлдызының солтүстік жартышарда жақсы көрінетінін оқушылар жақсы біледі. Ол солтүстік полюсте тас төбеден көрінеді, оның биіктігі 90°-қа тең, олай болса солтүстік полюстің ендігі де 90°-қа тең болады. Ал біз тұрған жерде ол горизонт үстінде тұрады, ал экваторда горизонт сызығының жиегінде көрінеді. Яғни «Темірқазық» жұлдызы солтүстікке жүрген сайын биіктей береді-де, оңтүстікке қарай жүрген сайын төмендей береді. «Темірқазық» жұлдызының көкжиектен биіктігі градус арқылы белгіленеді. Оны эклиметр деп аталатын бұрыш өлшеуіш құрал арқылы өлшейді. бұл кәдімгі мектеп транспортирінен жасалған қарапайым құрал. Транспортирдің ортасына 0° белгіленіп, оның екі жағына 90°-қа дейін қойылады. Транспортирдің табанының қақ ортасынан жіп тартылып оның ұшына жүкше тағылады. бұл транепортирді тік ұстау үшін қажет. (Эклиметрді солтүстік полюсте, экваторда қалай ұстауды көрсету керек.) Солтүстік полюсте транспортирдің жібі 90°-ты көрсетеді, демек бұл солтүстік полюстің ендігі 90°-қа тең деген сөз. Ал, экваторда 0°-қа тең бслады. Енді өзіміздің тұрған жердің ендігін табуға кірісеміз. Кеш түскенде «Темірқазық» жұлдызына қарата транспортирді көздеп тауып аламыз (ол үшін алдын ала эклиметрді (транспортирді) дәл көздеп жаттығу керек). Эклиметрдің жібінің көрсеткен градус мөлшері тұрған жеріміздің ендігі болып шығады. Сөйтіп тұрған жердің ендігін эклиметр арқылы оңай табуға болатыньш білдік. Жергілікті ендікті бұдан басқа құрылысы күрделілеу трубкалы эклиметр деп аталатын құралмен де білуге болады.

Бірақ жолға алып шығуға өте ыңғайлы және құрылысы өте қарапайым болғандықтан эклиметрдің алғашқы түрін пайдаланған жөн.

Енді тұрған жеріміздің бойлығын табу керек. Ол үшін сыныпта өткен географиялық білімді еске түсірейік. Оқушыларға мынадай сұрақтар қойылады:

— күн мен түннің ауысуы не себепті болады?

— жер өз білігін неше сағатта толық бір айналып шығады?

— жер бір сағатта неше градусқа айналады?

— бір минутта, төрт минутта, отыз минутта неше градусқа айналады? .

Жауап: Жер 24 сағаттың ішінде 36°-қа айналады. Бір сағатта неше градусқа айналатынын білу үшін 360°:24 = 15°, яғни бір

сағатта 15°- қа айналады. Бір минутта бір градустың 1/4-не, яғни 15′-ке айналады. Төрт минутта бір градусқа айналады. 24 са-ғат = 1440 м:360°=4 минут. Отыз минутта — 7° 3 -ке айналады. Сөйтіп, жер шары батыстан шығысқа қарай 1°-ты 4 минутта айналып өтеді. Сондықтан біздің тұрған жерімізде талтүс (12) болғанда, бізден 1° батыста жатқан жерде төрт минуты кем 12 болады да, бізден 1° шығыста жатқан жерде 12-ден 4 минут кетеді. Бұдан мынадай қорытынды шығарамыз. Жер бетіндегі екі нүктенің арасы 1°-қа тең болса, олардың уақытының айырмасы 4 минутке тең. Жер бетіндегі екі нүктенің арасы 15°-қа тең болса, олардың уақытының айырмасы бір сағатқа тең. Жер шары батыстан шығысқа қарай айналғандықтан, Мәскеудің шығыс жағында жатқан қалалар мен ауылдардың уақыты Мәскеу уақытынан алда болады да, батысында жатқан қалалар мен ауылдардың уақыты артта болады.

Радио арқылы Мәскеу уақыты 12 деп хабарлағанда 30° шығыс бойлықта декреттік уақыт 12 болады да, күн арқылы белгіленген дәл уақыт 11 болады. Мұның мәнісі 1930 жылы маусымның 16 күні КСРО-да уақыт бір сағат алға жылжыды (сағаттың стрелкасы бір сағат алға жылжыды). Сондықтаң декреттік уақыт бойынша сағат жергілікті уақыттан әр уақыт бір сағат алдан есептелінеді. Сонымен жергілікті уақыт пен декреттік уақыттың айырмасын білдік.

Тағы да мынадай сұрақтар қойылады. Мәскеу уақыты бойынша сағат 12 болғанда 15°, 45°, 60° шығыс бойлықтарда сағат неше болады ?

Жауап: 15° ш.б. — сағат 11; 45° ш.б. — сағат 13; 60° ш.б. — сағат 14.

Себебі, әрбір 15 градуста бір сағат айырма жасайды, Мәскеу 30° шығыс

бойлықта жатыр. (Дәлірек алғанда 37,5° ш.б.) Ал, осы кезде біздің тұрған жерімізде шамамен сағат 15 болады десек, қандай меридианда тұрған болып шығамыз?

75° шығыс бойлық болып шығады. (Мәскеу уақытымен есептегенде.) Бұдан мынадай қорытынды шығарамыз. Тұрған жершіздің бойлығын уақыттың айырмашылығы арқылы табады. Демек, Мәскеудің (37,5° ш.б.) не Санкт-Петербургтегі (Ленинградтағы) Пулков меридианының (30° ш.б.) уақытымен өзіміздің тұрған жеріміздің дәл күн уақытын білуіміз керек. Мәскеу уаңытын радио арқылы қадағалап білеміз де, оны шын күн уақытына айналдырамыз. Осы екі уақыттың айырмасын табу арқылы жергілікті жердің бойлығын анықтаймыз.

Енді тұрған жердің талтүстегі дәл күн уақытын табу керек. Ол үшін мектеп жанындағы географиялық алаңда жергілікті меридианның бағытын қалай тапқанымызды еске түсірейік. Енді біз тұрған жеріміздің жергілікті меридианын табуға кірісеміз. Өйткені сол тапқан жергілікті меридиан арқылы талтүстегі дәл күн уақытын, яғни күннің горизонттан жоғары ең биікке көтерілген кезін, талтүсті оңай біле аламыз.

Тұрған жеріміздің жергілікті меридианын оқушыларға бұрыннан таныс, құрылысы өте қарапайым гномон деген құрал арқылы табамыз гномон — көлеңке арқылы бағытты көрсететін қазық немесе қада). Оқушылардың назарын сағатқа аудармау керек себебі, біздің елімізде күндізгі сағат 12-де түс болып жетпейді (декреттік уақыт бойынша).

Бұдан әрі жетекші, күннің горизонт үстіндегі биіктігінің күнұзағына өзгеріп отыратындығы туралы оқушылардың біліміне сүйеніп, гномонды қалай бақылау керектігін айтуға тиіс.

Гномон.

Гномон биіктігі 1,5 м болатын қада. Қаданы жіп арқылы тіктеп алып жерге қағады да, одан түскен көлеңкеден сәл кішірек етіп айналасына шеңбер сызады. Таңертең қаданың көлеңкесі ұзын болады да, ол сызылған шеңберден шығып кетеді (ОА).

Күн неғұрлым биікке көтерілген сайын, көлеңке де соғұрлым қысқара береді. Көлеңкенің шеті шеңбердің сызығына дәл келетін мезгілді мұқият байқау керек

(ОА3, сол жерге қазықша қағылады. Күн барған сайын биікке көтеріле береді де, қаданың көлеңкесі шеңбердің ішіне кіреді (ОА2). Бұдан кейін көлеңке қайтадан ұзара бастайды, түс қайтады. Көлеңкенің шеті щеңбердің сызығына дәл келетін мезгілді тағы да мұқият байқау керек (ОА3). бұл бізге қажетті екінші байқау болады. Демек, түс кезінде көлеңкенің А1 және А3 нүктелерінің аралығында бір жерде болғандығы көрінеді. Талтүстегі көлеңкенің бағытын табу үшін А1 А3 нүктелерінің арасын түзу сызықпен қосып, ол түзу сызықты дәл етіп екіге бөлу керек. Дәл бөлінген нүктеден түзу сызық, не болмаса жіп тарту керек. Сол жиі бойынша ақ сырға боялған рейка қойса да болады. Осы сызық талтүстегі ең қысқа көлеңкенің бағытын көрсетеді. Ол әр уақытта солтүстікке бағытталады. Демек, біздің жергілікті жеріміздің меридианы осы болып шығады, яғни солтүстікті көрсететін бағыт.

Мұны бағыттарды айыру үшін де қолданады.

Онан кейін қол сағатты радиомен белгілеп алып оны бір сағат кейін шегереміз. Сонда біздің сағатымыз 30-меридианның дәл күн уақытын көрсетіп тұрады. Талтүс жақындаған кезде гномон арқылы көлеңкенің жергілікті меридианға жақындап келе жатқанын байқаймыз. Көлеңке жергілікті меридианға тура түскенде бізде талтүстегі уақытты көрсетеді. Дәл осы кезде сағат бойынша уақытты белгілейміз. Уақыт бұл кезде 11 сағат 52 минут көрсетті дейік, бұл тұрған жеріміздің жергілікті талтүстік күн уақыты. Ал Мәскеу уақытымен белгілеп алған сағат 9-ды көрсетіп тұр, айырма 2 сағат 52 минут, Бұдан мынадай қорытынды жасаймыз, бізде талтүс Мәскеуге қарағанда 2 сағат 52 минут бұрын болады. Бір сағатта 15° айырма барын, 4 минутта 1° айырма жасайтынын еске алып градустық шаманы табамыз.

Экваториалды күн сағаты.

 (2 сағат х 15° = 30°; 52 м:4 = 13 градустық шама 43°.) Сонда біздің тұрған жеріміз 30° меридианда жатқан Мәскеуден 43С шығыста жатқанын білеміз. 30°+43° = 73° шығыс бойлық, яғни біз 73° ш.б. тұрмыз.

Сонымен жергілікті жердің бойлығын табу үшін Мәскеудің дәл уақытымен жергілікті жердің дәл уақытын біліп, оның арасындағы айырманы табамыз. Ол үіпін кәдімгі сағатпен гномон қажет болды.

Жергілікті дәл уақытты, қолдан оңай жасап алатын күн сағаты арқылы білген анағүрлым жеңіл болады. Күн сағатын пайдаланғанда гномон арқылы талтүстік көлеңкені қадағалап жат-пай-ақ, кез келген уақытты пайдалана беруге болады.

Енді күн сағатынъщ құрылысына тоқтайық. Экваториалды күн сағаты. Көлемі 30 см х 20 см болатын кішкене екі тақтаны ақ сырмен бояп алып екі топса арқылы бірімен-бірін бекітеді. Беткі жағына диаметрі 25 см болатын шеңбер сызылады да оны 24 бөлікке бөліп сағаттың циферблатын жасайды. Қақ ортасына ұзындығы 20-25 см-дей таяқша орнатады (бұл гномон-таяқша). Таяқша Темірқазық жұлдызына қаратылып орнатылады да, 12 цифры солтүстік бағытқа қарсы жазылады, Цифрларға таяқшадан түскен көлеңке бағдарша есебінде болады да, көлеңкенің көрсеткен уақыты жергілікті уақыт болып табылады. Циферблатты тақтайшаның бетін 90°-тан жергілікті жердің ендігін көрсететін бұрышты алып тастағандағы шама градусымен орнату керек, Сағат биіктігі бір метр таяққа орна-тылады. Күн сағатынын, екінші түрі горизонталды күн сағаты.

Горизонталды күн сағаты.

Енді күн сағаты арқылы кез келген уақыт бойынша жергілікті жердің бойлығын оңай табуға болады. Радио арқылы қол сағатты дұрыстап алып оны бір сағат кейінге шегереміз. Күн сағатының көрсеткен уақытына қарап, біздің қолымыздағы сағат пен күн сағатының уақытының бірдей емес екенін байқаймыз. Екеуінің арасындағы айырманы табамыз да оны 15-ке көбейтеміз, не төртке бөлеміз.

Сөйтіп, тұрған жеріміздің Мәскеуден градус бойынша қанша қашықтықта жатқанын табамыз. Егер тұрған жеріміз Мәскеуден шығыста жатса оған Мәскеу мерңдианын қосамыз, ал батыста жатса Мәскеудің меридианынан тапқан градус шаманы алып тастаймыз. Мысалы, Мәскеу уақытымен күн сағаты 11 болғанда (декреттік уақыт 12 болғанда) біздің тұрған жерімізде күн сағаты 1 сағат 30 минутты көрсетті дейік. Тұрған жеріміздің бойлығын табу керек. Уақыттың айырмасы 2 сағат 30 минут. Бір сағатта 15° айырма барын білеміз, Мәскеуден қашықтық градустық шама 37,5° градус. (2 сағат х 15°=30°; 30:4 = 7,5.) Біз Мәскеуден шығыста жатырмыз, олай болса, Мәскеудің бойлығына қосамыз. Сонда 75° шығыс бойлықта тұрған болып шығамыз.

Мұндай жұмыстар жүргізу арқылы оқушылар сыныпта географиялық координат бойынша өткен практикалық жұмыстарды бекіте түседі және алған білімдерін іс жүзінде пайдалануға үйренеді. Осы әдістер арқылы әркім өзінің келген жерінің жергілікті географиялық координаттарын тауып алуға болады.

Кеңес Одағы ыдырап, Казақстан тәуелсіз өз алдына дербес мемлекет болғанына биыл он жыл толады. Осы тарихи саяси маңызды оқиғаға байланысты Қазақстаннын дүние жүзі елдер қауымдастығында алатын орны өзгерді. Халыкаралық және жергілікті шеңбердегі объективті саяси-әлеуметтік және экономикалык жағдайлар мемлекетіміздің географиялық орнына айтарлықтай жана ерекшеліктер әкелді. Соған орай, елімізде жаңа геосаяси, зкономикалық, демографиялык, геоэкологиялық мәселелер туындады. Осы мәселелердін оқу-танымдық маңызы зор, оны оқушыларға ұғындыруда мектептегі география курсынын алатын рөлі айрықша.

Қазақстанның географиялық орны (геосаяси жағдайы). Кез келген мемлекет сырткы және ішкі геосаясатын өзінін географиялық кеңістіктегі орны мен жеріндегі табиғат байлығына сүйене отырып жүргізеді. Ондай болса, еліміздің географиялык кеңістіктегі орны қандай?

Еуразия құрлығының дәл географиялық кіндігінде орналасқан Қазақстан — Орталық Азияның ірі мемлекетінің бірі. Құрлықты коршағаы мұхиттардан бірдей қашықтықта орналасқан. Солтүстік мұзды мұхитынан —3600 шақырым, Тынық мұхитынан —3890, Үнді мұхитынан —3360, Атлант мұхитынан —5040 шақырым. Қазақстан Еуразия құрлығының 5,2% жерін алып жатыр.

Қазақстан мемлекеті белгілі ағылшын географы сэр X. Макиндер пікірінше (1904) «тарихтың географиялық өсінде» орналасқан. Қазақстан арқылы Жапония мен Қытайдан Франция мен Германияға баратын ең қысқа трансконтинентальды жол өтеді. Ресейден Үнді мұхитының жылы теңіздеріне шығатын қыска жол да Қазақстан жерінен өтеді. Сондықтан бүгін дүние жүзіндегі ірі державалар — Ресей, АҚШ, Кытай, Ұлыбритания, Иран, Жапонияның геосаяси және экономикалық көзқарастары Қазақстанға келіп түйісіп отыр.

Қазақстан Республикасының ауданы 2715,1 мың шаршы шақырым екені белгілі. бұл дүниежүзіндегі 9-керсеткіш, жер шарындағы ең үлкен деген 10 мемлекеттің бірі; батыстан шығысқа карай 2925 шақырымға созылады — Каспий теңізі жағалауынан Алтай мен Жоңғар Алатауына дейін, солтүстіктен оңтүстікке —1600 км — Батыс Сібір ойпатынан Тянь-Шань тауларына дейінгі аумақты қамтиды.

Қазақстанның солтүстіктегі киыр нүктелері Москва, Қазан, Кемеров, Братск қалаларынын ендігінде (55°22 с.е.) жатса, оңтүстігіндегі нүктелері — Мадрид, Ыстамбұл, Баку және Хонсю аралынын ендігінде жатыр. Республиканың басым бөлігі қоныржай белдеудің орталық және онтүстік ендіктерінде, қиыр оңтүстігі ғана өтпелі субтропикалық белдеуге кіреді.

Мемлекеттік шекарасы. Кеңес Одағы құрамында болғанда еліміздің мемлекеттік шекарасы болмаған еді, ол шартты түрде әкімшілік шекара бойымен әтетін. Қазақстанның әкімшілік-территориялық шекарасы о бастан казақ халқының тарихи орнықкан ареалымен жүргізілген. Еліміздің шекара аймағыида еліміздің 14 субъектісіңің 11-і орналаскан, мұнда Республика халқының 87-90% қоныстанған. Шекара аймағында мемлекеттің стратегиялық манызы бар ірі өндіріс орындары шоғырланған.

Дербестік алуына байланысты Қазақстан жаңа геосаяси мәртебеге ие болды. Солтүстігінде Ресеймен, шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, ал Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Ираң мемлекеттерімен шектеседі.

Республиканың жалпы шекарасының ұзындығы —15000 шақырым болса, оның құрлықтық шекарасы -11750 шақырым, ал сулысы 3310 шақырымды кұрайды.

♦ Ресей мен Қазақстан шекарасының ұзындығы -6160 км;

♦ Қырғызстан мен Қазақстан шекарасының ұзындығы —1053 км;

♦ Өзбекстан мен Қазақстан шекарасының ұзындығы —2153 км;

♦ Туркменстан мен Қазақстан шекарасының ұзындыгы —400 км.

Аталған мемлекеттермен Қазақстан өз шекарасын бұрынғы ішкі әкімшілік шекара бойымен ешбір қорғаусыз ашық күйінде ұстап отыр. Бірақ, Түрікменстан 1999 жылы мемлекеттік шекарасын күшейту мақсатында арнаулы жарлық шығарды, соған сәйкес Қазақстанмен арадағы шекараға арнаулы бақылау-тексеру пункттерін қойды (1). бұл шешім, әрине, шекараға демаркировка жасалатынын нұсқайды.

Осы көршілес мемлекеттермен шекара туралы екі жақты түсінушілік болға-нымен анда-санда дау-дамайдың белең алып қалуы байқалады. Оған Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекарада орын алып отырған жағдайлар куә.

Жазық жер бетіндегі шекара сызығын жүргізу қандай қиын болса, таулы аймақта оны белгілеудің өз қиындығы бар. Мысалы, бүкіл түркі әлемінің киелі шыңы — Хан тәңірінде Қытай, Қырғызстан мен. Қазақстаннын. шекаралары түйіседі, Осы шынды үш мемлекет арасында бөлу туралы еліміздің сыртқы істер министрі Е. Ыдырысов Республика Парламентіне арнаулы жобаны ұсынған еді (3). Бірақ депутаттар бұны қабылдамай тастады. Шындығында, бұрынғы Одақ құрамында болғанда Хан тәңірі шыңы түгелдей дерлік Қазақстан иелігінде еді. Заңды бекітпегені дұрыс шешім болды.

Оңтүстік шекара аймағына көз салсақ, Қазақстан Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстанмен шектеседі. Мұсылман елдері болғандықтан, басқа шекара аймағымен салыстырғанда мұнда арадағы этникалық, мәдени, тарихи, демографиялық байланыстардың күре тамыры тереңде жатыр.

Орталық Азия мемлекеттері мен Қазақстанның геосаяси жағдайында ортақ ұқсастықтары бар. Біріншіден, барлығының да экономикасы пайдалы қазбаларды (мұнай, газ, қара және түсті металдар, көмір, т. б.) игеруге және монокультуралы аграрлы өндіріске (бидай, мақта, күріш) негізделген.

Осы көршілес елдермен арадағы достастыкты нығайту мақсатында 1944 жылы Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Қазақстан мемлекетаралық кеңес құрғақ, бірақ оның шешімдері толық жүзеге аспай отыр. Оның басты себебі, республикалардағы экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы, есеп айырысудағы және салық төлемі саясатындағы алшақтықтардың болуы.

Қазақстанды Өзбекстан мен Қырғызстан жеріне Ауған мен Тәжікстаннан ваххабит экстремистерінің дүркін-дүркін еніп кетуі аландатады. Осы жағдай оңтүстік шекараны күшті бақылауға алып, күзетуге итермелеп отыр.

Оңтүстік-шығыс аймақтағы шекара алпауыт Қытай мемлекетімен өтеді (1538 шақырым). Жоғарыда айтылғандай, 1992 жылдан бастап осы елмен арадағы әріптестік баиланыстар қайтадан өріс алды. Осының арқасында Қазақстан Азия-Тынық мұхиты аймағындағы халықаралық сауда-экономикалық байланыстарға енуіне еркін мүмкіндік алады. Жапония мен Корея республикаларынын ғылыми-техникалық жетістігі жоғары, ақша-каражаты мол елдер. Осы мүмкіндіктерді біздік елдің табиғат байлығымен ұштастырса, әр ел өзіне тністі пайдасын алған болар еді. Бірақ, бұл ынтымақтастық әрекеттері Азиядағы саяси тұрақтылыққа әбден тәуелді.

Қазіргі кезде географияда ғылыми және практикалық ізденістер, көбінесе, тәсілдеу арқылы орындалады. Оқу, білім беру жүйелерінде де оның маңызы артып келеді. Тәсіл ісі қай жерде болмасын кеңінен қолданады. Сабақ, беру, үйрету, есеп шығару — бәрі де әр түрлі тәсілдермен орындалатыны көптеген педагогтерге, ғалымдарға мәлім. Әсіресе, бір нәрсені белгілі тәсілмен оңай есептен шығаруға да мүмкіндік бар. Географияда, тағы басқа ғылым салаларында, көбінесе, экономикада, «болжаум жұмысы өркендеп келеді. Себебі, алдын ала болжаған кезде көптеген адамға, қоғамы залал келтіретін құбылыстардан азат етіледі, оған қарсы шаралай орындауға мүмкіндік туады.

Судың мөлшерін алдын ала есептеп шығаруға арналған аса құнды тәсіл — ол жеке гидрограф тәсілі. Айтылған тәсілдің әр түрлі математикапық жолмен өзгерген синтетикалық формулалары баршылық. Өзгерістердің көпшілігі коэффициенттер ендіру арқылы жақсаруда. Жақсарту әдістерін кіргізген авторлар осы мақала дайындағандардың бірі. Енді айту керек, бұл тәсілді 1932 ж. АҚШ ғалымы Шерман ойлап тапқан. Оның бұл тәсілді табуына ұйытқы болған білікті ғалымдар Бернард, Маккарти, Львович, Барис, Коммонс және т.б. ізденістері болғанды. Бұл болжау тәсілі жедел шығарылып, тұтынушыларға жеткізіліп отырады, яғни, жаңбырдан таситын тасқынды осы жолмен есептеудің негізі болды. Көбінесе, шетел өзендерінің тасқындары болжанатын. Сөз етіп отырған жеке (единичный) гидрограф тәсілі, оның басты заңдылықтары төмендегідей [3,5,6,7]:

1) жеке гидрограф — ағыс беретін жауыннан пайда болады (25,4 мм), жауын аумағы барлық өзен алабына біркелкі, бір мезгіл уақытында түсуі — басты шарт. Сондықтан мұндай гидрографты жеке гидрограф деп атап кетті;

2) үнемді n дюйм жауындардан құралған гидрографты өзен алабына біркелкі, бір уақыт аралығында жауған жауын мөлшерін жеке гидрограф кординттарын n-ге көбейтсе болғаны;

3) үнегуіді жауындардан жиналған гидрограф, ол жауын өзен алабына біркелкі түскен жауындардан тұрғанды жиналып келетін уақыты бірнеше бөліктерден тұрады яғни, әр кезде жауған жауыннан жиналған жеке гидрографтар қосындысы.

Егерде гидрографты жеке-жеке жауыннан құралған гидрографтар қосындысы деген қағиданы ұстансақ, онда жеке гидрограф әсер ететін функцияның ұқсастау сипаттамасы болмақ (жеке гидрограф әсер ететін функцияға қарай жақындайды, 1-ге тең дара уақыт нөлге шейін өзгерген жағдайда).

Жеке гидрографты ең оңай табу әдісі сол гидрографты анықтау арқылы шығады [3,5]; ол үшін алдымен, дара уақытта жауатын жауын мөлшері есептелінеді, содан соң жауынға тең гидрограф жалпы ағыс көлеміне бөлінеді. Бұдан басқа тәсіл S — қисық сызығын (жеке гидрограф интегралын) анықтаған кезде пайда болады: ұзақ жауыннан құралған гидрограф, оның ординаттары жалпы ағыс көлеміне бөлінеді, одан соң құрастырылған гидрограф сандық дифференциаланады [3,5,6].

Көптеген су жинайтын өзен алаптарында жүргізілген бақылау материалдарын өңдеу негізінде эмпирикалық формулалар шығарылды. Ол формулалар гидрографтың параметрлерін және өлшемсіз жеке гидрографтардың параметрлерін (гидрографтардың бәрі жеке гидрографтардан шыққан, ол үшін гидрограф ординаттарын максималды ординаттарға және оның абсцистерін ауырлық ортапықтың абсцисіне бөлу арқылы) су жинайтын алаптың сипаттамаларымен байланыстырады.

Осы айтылған жеке гидрографтар түсініктемесі негізінде жасалған тағы да басқа өзгертіліп жетілдірілген модельдер баршылық [3,4,5,6,7]. Соның бірі — Дуг атты ғалымның моделін сараптап көрейік. бұл модель су жинайтын өзен алабын изохрон жүйесі бойынша n бөліктерге бөлінген, оның әр бөлігі тіке канал (арық) ретінде моделденген (канап тікелей су шығынымен және судың көлденең ағысының ауданымен байланыстырылған) және сопақша (түзу сызық) түрінде су қоймасында моделдендірілген (су қоймасы су шыға берісіндегі көлеммен және су шығынымен байланыстырылған). Тіке каналмен су аққан кезде гидрографтар трансформацияға ұшырамайды, тек қана ағыс уақыты сәл өзгереді екен. Ал су қоймасына су кіргенде трансформацияланады, егер де, қойма n=1 болған жағдайда. Яғни, су жинайтын алап элементтер тізбегі бо-лып, гидрографты ығыстырады, көшіреді және трансформациялайды. Жалпы айтқанда, моделге апынған су қоймасы ондағы су көлемі мен су шығыны т. арасындағы пропорциалық қатынасты білдіретін коэффициенттер әр түрлі болып келеді. Гидрографтың түріне (формасына) әсер ететін функцияны Дуг төмендегідей етіп көрсетеді:

 дельта функция; Т — гидрографтың жалпы жылжу уақыты (уақыт су жинайтын алаптың жоғары басынан өлшенеді); — изохрондар арасындағы аудандар бөлісі; n — каналдың немесе су қоймасының ұзындығы сызықша етіп бөлінген саны.

Жоғарыдағы (1) формуланы қолдануға қолайлы етіп өзгертті. Сол үшін каналдарды және су қоймаларын шартты түрде бірдей қабылдау керек деді Дуг, сөйтіп, мына түрге (1) айналдырды.

Р(m n -1) — Пуассон бөлісі; m=(t-)і

Алаптардан жинапып ағатын жер беті суларына бақылаулар жүргізіп, содан соң ол материалдарды өңдеу нәтижесінде, сол алаптарға арнап біраз эмпиризмдік формулалар ұсынылған. Бұл табылған формулалар жеке гидрографтардың және өлшемсіз жеке гидрографтардың параметрлерін (n және і.) алаптардың сипаттамаларымен байланыстырды. Сөйтіп, аталмыш формулалар — жеке гидрографтардан табылған. Ал ол үшін жеке гидрографтардың ординаттарын, яғни, өздерінің ең биік ординатына бөліп, ал абцистерін ауырлық центріне бөлу арқылы табады.

Бұл моделден де басқа моделдер бар. Тек олардың ең бастысы бір-бірімен ұқсастығы, алапта көрініс беретін гидрометеорологиялық құбылыстардағы сараптау арқылы сол моделдерге керекті мәліметтерді табиғат заңдылықтарымен байланыстырып, қолданбалы математиканы қолдану арқылы кез келген өзеннің ағыс бойының нүктесіне арнап гидрографты есептеп шығару. Моделдер жиналған мәліметтерге әр түрлі мән береді. Мысалы, алапта су жиналу процестері, алаптың физикалық-географиялық сипаттамасы, оның бетінде жиналған ағын суының тидрограф жасалатын нүктеге жету жылдамдығы, су шығыны, тағы да басқа параметрлері әр түрлі дәрежеде қолданылады. Соның нәтижесінде моделдердің біреулері су мөлшерін 80-90 пайыздық болжауға көмек береді. Жоғары деңгейдегі болжаулардан келетін пайда өте көп. Егер де тасқын кезінде алдын-ала, күніге, сағат сайын оның апдында болатын, өтетін су (тасқын) мөлшерін есептеп, мемлекетке беріп отырсақ, табиғат апатынан халық, шаруашылықтар аман қалып отырар еді. Сондықтан, мұндай географиялық ізденістер өте құнды әрі паидалы. Ондай гидрографтарды есептеу, жасау қиын жұмыс. Ол үшін мамандар математикадан, әсіресе, оның қолданбалы сапасынан білімі болғаны абзап.

«ТМД физикалық географиясы»

Әте ежелгі адамдар айналасын танып білуден бері дамып келе жатқан география ғылымының өзге ілімдердің ішінде алатын орны ерекше. Сол замандардан бері талай даму кезеңдерінен өтіп, методологиясы да өзгеріп отырды. Жаратылысты, қоғам мен табиғаттың ара қатынасын зерттеуші басты ілім болғандықтан, анықтаушы рөл атқаратыны анық. Қазір оның сан саласы бар: картография, биогеография, геоморфология, топырақтану, халықтар географиясы, лимнология. Физикалық және экономикалық география болып екі үлкен бөлімге де бөлінген. Мұндағы физикалық география – жергілікті жерді, географиялық ландшафтарды, толықтай географиялық қабық пен Жер ландшафтарын, оның құрылымдарының дамуы жайлы білімдөр жиынтығы. Ол географиялық қабықтың жалпы заңдылықтарын біртұтас күрделі табиғи кешен ретінде зерттейді. Оның салалары географиялық кешенді құрайтын компоненттерді қарастырады. Физикалық географияның негізгі мақсаты — табиғат жайлы жинақталған өте көп мәліметті еңгізу.

Физикалық географиялық заңдылықтардың жергілікті жер мысалында байқалуы — аймақтық физикалық географияның нысанасы ТМД физикалық географиясы географияльіқ білім беру жүйесінде алдыңғы қатарда. ЖОО-да оқылатын бұл курс, бұл аумақ табиғаты жайлы білім қалыптастырып, оның түрлілігін аша түседі және жалпы физ.географиялық заңдылықтарды түсінуге жол ашады. бұл тұстағы маңызды бірлік — пән бойынша жүрпзілетін практикалық сабақтар. Олар ТМД аумағыңың физикалық географиясынан нақты білім беріп, мұғалімді бфлашақ жұмысына профессионалды түрде дайындап, сабақтарға нақты материал жинақтайды. Практикалық сабақтың басты міндеті — ТМД физикалық географиясы курсы бойынша студенттердің өз бетімен жұмыс істеуіне үйретіп, фактіге негізделген материалды нық меңгерту. Олар мынадай мақсаттарға тәуелді: лекцияда алынған білімді тереңдету, кеңейту, сонымен қатар, оларды бекіту, географиялық орта дамуындағы заңдылықтарды анықтап шығару; ТМД физикалық теографиясы бойынша өз оетінше жұмыс істеу біліктілігін меңгерту; физикалық география бойынша әр түрлі жұмыстардың техникасын меңгеру.

Географиялық заңдылықты меңгеру процесі жалпыланған терең білімді қажет ететін күрделілігімен ерекшеленеді. Географиялық заңдылықты түсіну үшін студенттерді салыстыру, сәйкестендіру, себеп байланыстарын табу, жалпылау сияқты маңызды тәсілдерге үйрету керек. Ал, біліктілік біліммен үздіксіз байланыста қалыптасады. Білім көздері географиялық ақпаратты әр түрлі жеткізеді. Географияда картамен және оның мәнін, математикалық негізін, шартты белгілерін ақпаратты жеткізу тәсілдерін анықтау бойынша танысуға көп көңіл бөлінеді.

Жалпы, ТМД физикалық географиясы курсы боиынша студенттерден талап етілетін негізгі біліктіліктер мыналар болып табылады:

— құрамына табиғаттың бүкіл компоненттерін, табиғи ресурстарды, табиғаттың антропогендік өзгерістерін саралау, сол сияқты экологиялық жағдай мен туристік-рекреациялық мүмкіндіктерге баға беру кіретін жекелеген физикалық-географиялық аймақтарға кешенді табиғи сипаттама беру;

— ғылыми, оқулық, анықтамалық және библиографиялық әдебиетпен, негізгі картографиялық құралдармен (тақырыптық және жалпы географиялық карталармен, географиялық атластармеь т б ) жұмыс істей білу;

— әр түрлі карталарды, графиктерді, кестөлерді, анықтамалық материалдарды салыстыра саралау негізінде жекелеген аумақтардың қысқаша компоненттік немесе кешенді сипаттамаларын дайындау;

— климаттық карта-схемаларды дайындай білуді, негізгі климаттық элементтерді саралауды, агроклиматтық ресурстарды бағалау.

Біліктілікті қалыптастыру — кез келген мұғалімнің жұмыс тәжірибесіндегі күрделі мәселелердің бірі. Оның бір себебі — белгілі бір біліктілікке ие болу білімді меңгеруден объективті түрде қиынға соғады және бұл жағдайда мұғалімнен әдістемені жетік білу мен мақсатты жұмысы талап етіледі.

Қарастырылып отырған фнзикалық географияның практикалық сабақтары өзіндік ерекшеліктеріне сай тиімді ұйымдасқан түрде өту үшін жаңа технологияларды пайдаланылуы міндетті.

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті — ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдай жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпа-рагтандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген. бұл міндеттерді шешу үшін ЖОО-ның әр мұғалімінің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батьіл жол ашарлық жаңашыл идеялар мен ғылыми еңбектер ендіру қажет.

Осы күнде пайдаланылып жатқан жаңа әдістер оқу процесінде жаңа технологиялар мен компьютерлендіруді талап етіп отыр.

Жоғары квалификациялы географ-мамандарды дайындаудың өзіндік спецификасы бар. Оның мәні тек белгілі бір қажет білім мен біліктілік комплексін игеру ғана емес, айналаны кеңістіктік тұрғыдан қабылдау, жүріп жатқан құбылыстар мен процестердің көптүрлілігі мен жүйелілік сипатын түсінуді қалыптастыруда. Сондағы практикалық сабақтар танымдық функция, дүниетанымның негізін қалап, шығармашылықты дамыту барысында компьютер, аудиовизуалды құралдарды пайдалану «Оқудағы жаңа ақпараттық технологиялар» деген атаумен енген ЖОО-дағы педагогикалық міндеттерді шешуде бұлардың орны ерекше, өйткені сабақ жүргізу сапасын, студенттердің білім деңгейін көтеру перспективасы ашылады. Тәлімгерлердің оқуға деген мотивін көтереді, танымдық әрекетті активтендіреді, ойды, шығармашылық қабілетті дамытып, қазіргі ақпараттанған қоғамда өз орнын белгілеуге көмектеседі.

Жаңа технологиялар.

  1. Сабақ жүргізудегі көрнекілікті қамтамасыз етеді.
  2. Оқу ақпараттарьін қысыңқы түрде жеткізу, жылдамдық пен ақпарат тығыздығы жоғарылай түседі.
  3. Бақылауға қиын не мүлдем келмейтін құбылыстар, нысандар, процестерді жан-жақты көрсетеді.
  4. Техникалық құралдарды кешенді түрде пайдалана отырып, еш қиындықсыз бір түрінен екіншісіне ауыса алу мүмкіндігі туады.
  5. Студенттерді техникалық құралдармен таныстыруға болады. Интерактивті және аудиовизуалды құралдарды географияда —

1) табиғат пен қоғам дамуындағы заңдылықтарды көрсететін илистрацияларды талап ететін материалды бекітуде; 2) компьютерін өз бетінше жұмыс барысында қолдануға болады. Қазіргі таңда білім беру кеңістігінде оқытудың интерактивті залдарының түрлі жиынтығы бар: гипермәтін, жоғары сапалы графиктер, слайдтар, видеороликтер. бұл құралдар электронды мультимедиалы баспалар атауына ие. Оларды дайындап іске асыру үшін компьютерлік бағдарламаларды пайдалану тиімді. MS Power point бағдарламасы көмегімен берілетін материал — экранда немесе мониторда көрсетілетін тақырыбы, логикасы бойынша байланысқан информациялық объектілердің бірізділігі деп түсіну керек.

Информаииялық нысандар дегеніміз — көріністер (слаид) мен видео кәріністер, сурет, фото, график, кесте, диаграммалар және мәтіндер мен фрагменттер. Көптеген географиялық нысандар: жазық немесе тау массивтері, теңіз, мұхиттарды өзіндік күйінде көрсетуге келмейді. Бұндай жағдайда демонстрациялық құралдар түсінік қалыптастыруға септігін тигізеді және слайдтармен жұмыстың эффективтілігі оларға қосымша кесте, сызбаларды толықтырғанда жоғарылай түсетіні анықталды.

Презентация құрылмасының бағдарламасы (яғни, компьютерлік, мультимедиалық) Microsoft Office құрамына кіретін Power Point абаққа көрнекіліктерді араластыра, басымдық, тұстарын максималды түрде керсетіп, жетіңкіремейтін жақтарын тегістеи отырып қолдану арқылы материалдарды дайындауға мумкіндік береді. Бұл графикалық бағдарлама көмегімен еш қиналмай қосымша материлдар мен тезистер, ескертулерді мөлдір қағазбен сүйемелдеп көрсетуге болады.

Медиаобъектілердің ерекше категориясы — интерактивті карталар мен карта-схемаларға көңіл бөлу қажет. Географияны оқытудың интерактивті тәсілдерінің жаңа түрі бір жағынан географиялық карта қасиеттеріне ие болады, яғни ерекше тіл — шартты белплерді қолдана отырып, жер бетінің кішірейтілген масштабтағы көрінуі болып табылады. 2-ші жағынан, оларда геоақпараттық жүйелерге жақындататын жаңа қасиет — картаның мазмұнын өзгерту мүмкіндіп бар Мысал үшін, «ТМД табиғат зоналары» интерактивті картасы. Алғаш экранға шыққанда бұл ТМД-ның физ-географиялық карта-схемасы. Бірақ бұл карта-схеманың үстіне табиғат арналары шекарасын жүргізуге болады, әйткенмен, картада тек таоиғат зоналары көрікетін болады. бұл балалардың назарын айтылып жатқан мәселеге аударуға мүмкіндік береді.

Телекоммуникациялық желілердің рөлін ерекше атап өту керек. Географияны оқытуда жаңа ақпараттық технологиялар құралдарын кешенді қолдану жүйесінде Интернеттің маңызы артып отыр. Интернеттің ресурстары мен мүмкіндіктерін географ мұғалім өз жұмысында пайдалана алады. Онда:

— ақпарат ресурстары WWW;

— E-mail (электронды пошта) — ды бөліп қарастыруға болады. Білім берудің міндеттері өзгеріп тұрған заманда, студентті ақпаратқа қанықтыру емес, қоғамда өз орны бар жеке тұлға қылып, білікті маман дайындап шығару үшін осы мақсаттарға сай ең тиімді тәсілдер, ең жаңа құралдар қолданылу керек.