Географиялық карталарды білімнің көзі ретінде қолдану

География сабағын оқытуда оқушыға ең бірінші картамен жұмыс жасай білуіне үлкен мән берілуі керек. Өйткені, оқушының пәнге деген қызығушылығын, географиялық ұғымдарды терең меңгеруіне жол ашу үшін осы бастапқы курста географиялық білім беруде картамен жұмыс жарауына баса назар аударуды қажет етеді.

Бұл мақсатқа жету оқушыны тек білім көзімен ғана қаруландыру емес, сонымен бірге картамен жұмыс жасай білуін практика жүзінде іске асыру.

Географиялық карталардың атқаратын рөлі.

  1. Карта географиялық ұғымдардың басы мен аяғы. Картасыз кішігірім экскурсия, экспедицияға да шығу мүмкін емес.
  2. Карта — саяхат, жррықтарда көмекші құралдың рөлін атқарып қана қоймай, сонымен бірге географиялық білімді тереңдетуге және кеңейтуге өз үлесін қосады.
  3. Карта — географиялық ұғымдар арасындағы байланысты меңгерудің көмекші құралы.
  4. Карта — географиялық заңдылықтарды жоғары дәрежеде анықтауға мүмкіндік береді, яғни кеңістікте орналасу заңдылықтарын және Жер шары бетіндегі құбылыстардың арақатынасын, жиынтығын және баиланысын анықтайды. Яғни, карта 7 географияның тілі.

Қорыта айтқанда, карта оқушының ойы мен көзқарасын ары қарай дамытып жетілдіретін көмекші құрал болуы тиіс.

Қартамен жұмыс жасаудың төмендегі негізгі әдістерін атауға болады:

  1. Картаны оқу (географиялық жағдайын, шекарасын анықтау, әр елдер бойынша табиғат жағдайын сипаттау).
  2. Бірнеше карта түрлерін алып салыстырмалы анализ жасау. Оларды глобуспен салыстыру.
  3. Кескін картамен жұмыс жасау. (Кескін картаға түсіру техникасын меңгеру.)
  4. Жазбаша берілген географиялық ұғымдарды өз бетімен карта сызба құрастыру дағдысында қалыптастыру.

Міне, сонда ғана оқушының география пәніне деген қызығушылығы артып, өз бетінше терең білім алуына жол ашылады.

Енді «Карталарды мазмунына және масштабына қарай жіктеу» тақырыбын оқытудың әдістемелік үлгісіне тоқталайық.

Сабақтың мақсаты.

Картаға түсірілетін әрбір құбылыстар, нақты нысандар оның мазмұнын құрайтынын, масштабына қарай бірнөше топқа бөлінетіні жөнінде түсінік беру. Пландар мөн карталарды құрастыруда ғарыштан түсірілетін суреттің кеңінен қолданылатынын, олардың жер бетін егжей-тегжей бейнелейтінін түсіндіру.

Оқушыға өз бетімен карта сызба жасату арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту. Оқушының картамен, кескін картамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

Құрал-жабдықтар.

Глобус, топографиялық, тақырыптық карталар.

Сабақтың барысы.

Үй тапсырмасын сұрау.

1-сәті. 1-2 оқушы тақтада сызылған тапсырмаларды орындайды.

1-оқушы:

а) берілген градус торының (бірнеше карталардың градус торлары беріледі) қандай карталарға қатысты екенін анықтайды;

ә) жарты шарлар картасынан немесе глобустан Астана қаласының координатын анықтайды.

2-оқушы:

а) өзіңді жер жағдайына сипаттама беретін маман ретінде сана. Құрылысшылар қайда бағыт алып барады? Саған тек сол жердің градус торы ғана берілген

50° с. е-73° с. е 47° с. е-75° с. е.

ә) Қазақстанның физикалық картасымен глобустың меридиандары мен параллельдері қандай градус сайын жүргізілетінін салыстыр.

Сыныптан сұрақ-жауап алу.

  1. Меридиан және параллель сызықтары деген не? (Мұғалім апельсинді шамамен мысалға алып аршып меридиан сызығының бейнөленуін көрсетеді. Ал параплель сызықтарын апельсинге жіп тарту арқылы көрсетеді. Бұны олар параллель мен меридиан сызықтарының қиылысуынан пайда болған тор градус торы екенін оқушылар айтады.)
  2. жер бетіндегі әрбір нүктенің географиялық жағдайы (ендік және бойлық) қандай географиялық координаталармен белгіленеді?
  3. Меридиан және параллель сызықтарының көмегімен картадан географиялық координаттарды қалай анықтауға болады?
  4. Қазақстан аумағы қандай ендік пен бойлықтың аралығында орналасқан?
  5. Мына аталған елдер: Қазақстан, Қытай, Жапония, Бразилия, Аустралия, Ұлыбритания қандай ендікте орналасқан?

2-сәті. Оқушылардың білімін бағалау (ауызша және жазбаша тақтада жауап берген оқушылар біліміне баға қойылады).

Оқушылар бір-біріне баға беріп, қажетті жерін өздері толықтырады. Оқушылардан көйін үстаз өз пікірін айтады.

Жаңа материалды игеру.

Муғалім әңгімесі. Картаға түсірілген жер бетіндегі нысандар меи құбылыстар оның мазмүнын құрайды.

Мазмұнына қарай карталар 2 топқа бөлінеді. Олар: жалпы геогра фиялық карталар және тақырыптық карталар. Карталардың 2-3 түр тақтаға ілініп өзіндік ерекшелігіне тоқталады.

Оқушылар географиялық карталарды дұрыс оқи алуы үшін қажет деген бірнеше ережелерді дәптерге жазады:

— картаның тақырыбын оқи білу;

— масштабын анықтау;

— шартты белгілерімен танысу;

— шартты белгісі арқылы картаның мазмұнын анықтау.

Енді карталар масштабына қарай қалай жіктелетіні жөнінде әңгімелейді. Масштаб барлық карталарда керсетіледі. Енді тақтадағы мына сызбаға көңіл аударайық. Оқушылар тыңдай отырып сызбаны дәптерлеріне көшіреді.

Мұғалім енді Қазақстанның әкімшілік-аумақтық картасын және дүние- жүзінің саяси картасын тақтаға іліп, Қазақстан аумағының қанша есе кішірейтілгені жөнінде әңгімелейді.

Оқушыларды оқыту барысында олардың білімдерін бір жүйеге келтіруте қажетті шарттар — мұғалімнің оқу материалын жүйелендіруі мен оқушылардың өтілген материалды өз бетінше жүйелендіре білуі.

Географиядан оқушылардың білімін кестелер мсн сызбалар арқылы жүйеге келтіру қолайлырақ. Кестелер мен сызбалар арқылы оқушылардың білімін жүйеге келтіру әдісін, мүмкіндігінше, өтілген материалды жалпы қайталауға арналған арнайы сабақтарда пайдаланған жөн. Ал, модульдік оқыту технологиясымен жұмыс істсйтін мұғалімдер «Кіріспе бөлімінде пайдаланса да болады.

Кестелер мен сызбалар арқылы жұмысты мұғалім әр түрлі әдістермен жүргізе алады. Кейбір кестелер мен сызбаларды дайын түрінде беруге болады, ал кейбіреулерін оқушылармен бірігіп толтырған пайдалы. бұл жағдайда бүкіл сыныптың оқуға деген белсенділігі артады.

Бұл ұсынылып отырған кестелер мен сызбаларды география кабинетіне тұрақты стенд етіп жасап қойса да болады.

Географиялық карта және оның мектеп географиясындағы элеменггері.

Мысал:

-15-12-5-14 = 46.

3+4+5+12+16+14+8+1-63

63-46-17:12-1,4 жылдық орташа температура.

Сабақтың тақырыбы. Атмосфера.

Сабақтың мақсаты. Оқушылардың атмосфера тақырыбы бойынша алған білімдерін тексеру, ауа t-ың айлық, тәуліктік, жылдық орташа температурасына есептер шығарта отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру, график сыза білуге, жылдам есептеуге үйрету.

Сабақтың түрі. Сарамандық сабақ.

Әдісі мен тәсілі. Есептеу, график сызу, таблица толтыру, жел өрнегін сызу.

Сабақтың барысы.

  1. I. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. II. Сарамандық жұмыс тапсырмалары.
  3. Тапсырма. Сұрақ-жауап.
  4. Атмосфера дегеніміз не?
  5. Муссон деген не?
  6. Атмосфераның маңызы.
  7. Бұлттың түрлері.
  8. Ауа құрамы.
  9. Жауын-шашын түрлері.
  10. Жел дегеніміз не?
  11. Тапсырма. Есептер.
  12. Қаныққан ауадагы су буы мөлшерін, яғни, төменде көрсетілген t-pa тәуелділігі неше грамм?

-20 С-? (1) ОС-? (5) +20 С-? (17)4-10 С-? (9)

  1. Жел өрнегін сызыңдар.

НІ-6 күн ОІН-4 күн С-8 күн

О-7 ОБ-3 күн СШ-7 күн

СБ-9 күн Б-4 күн

Жауабы: 1 күн=0,5 см.

Ш-6=3 см ОШ-4 күн-2 см С-8 күн-4 см

О-7 күн=3,5 см ОБ-Зкүн=1,5 см СІП-7 күн=3,5 см

СБ-9 күн=4,5 см Б-4 күн=2 см

  1. Тапсырма.

Биіктігі 40 м төбенің ба-сында барометр 758 мм

с.б көрсетіп түрса, онда төбенің етегіндегі

атмосфералық қысым

қанша мм с.б тең болады?

Жауабы: 40:10=4 758+4=762

Төбенің етегіндегі атмосфе-ралық қысым  762 мб тең.

Жылдық орташа t-ны есептеп шығарып, графигін сызыңдар.

I ІІ III IV V VI VIІ IX X XI XII Жылдық орташа t
-15° -12° +3° +4° +5° +12° +16° +14° +8° +1° -5° -14°