Физика тілін оқушыларға үйрету мәселесі күрделі және көпаспектілі. Физиканы оқыту процессінде, әр мезетте алға қойылған міндетті шешу мақсатында мұғалім оған сәйкес оқыту әдістерімен қатар, оны дұрыс ұйымдастырып, нәтижелі өткізулердің әр түрлі формаларын пайдаланады.
Тіл және ойлау бір – бірімен өзара байланысты: оқушылардың физика тілін үйрену барысында онымен қоса ойлау қабілеті де дамиды.
Физика тілі белгілер жүйесінің спецификалық тілдер деп атауға болатын жағдайы. Сол үшін физика тілінің жаңа элементтерін үйренуде оқушыларда белгілі бір семантикалық және синтаксистік білімдер және іскерліктердің қалыптасуы, қандай да бір басқа тілді үйрену үшін жүйелерді қолдану мақсатқа сай келеді. Семантикалық іскерліктің физикалық ұғымдарды, оларды танып – білуде, айрықша белгілерін ерекшелеуде және олардың арасында байланыс орнатуға көмектеседі. Синтаксистік іскерліктер дұрыс, қатесіз жазуды, оқуды, математикалық өрнектерді және физикалық формулаларды түрлендіруді қамтамасыз етеді. Бұл екі іскерлік мәліметтің түрленуі және өңделуі негізінде тұр.
Мұнда маңыздысы болып жалпы білім беретін мектеп және техникумда физика тілінің сәйкестік идеясы болып табылады.
Оқушылар үшін білім мен мәліметтің басты көзі болып, әрине физика оқулығы табылады. Оқулықпен жұмыстың негізін қалау үшін, оқушыларды физикалық мәтінді өз алдына өңдеп және ашып көрсетуге үйрету керек. Бұл жерде дефизика ғылымының тілін түсіну және білім негізгі рөль атқарады.
Практикадағы оқытушылар физика тілінде жазылған мәліметтерді қабылдау оқушылар үшін белгілі бір қиындықтар туғызатынын жақсы біледі. Бұл физика тілі әдеби туындылар тілі мен табиги тілге қарағанда аз “артықшылықтарға” ие екендігімен түсіндіріледі. “Артықшылықтарға” мұқтаждық мидың физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты және мәліметті қамтамасыз ететін шарт болып табылады.”Артықшылықтарға” ие болмаған мәтін қиындықпен еске сақталынады, назардың нашарлануына әкелнді. Психологтардың тексерулерінің нәтижесімен сәйкес білімдер жүйесінде адамдардың нәтижелі формалануы емес ресурстары қосылады.
Танымдық процессте схема көбінесе көмекші рөльді атқарады, оқып үйренілетін құбылыстың құрылымы оқушылар үшін белгілі болған кезде оған деген қажеттілік жоғалады. Сол кезде шартты түрде бекітілген әр түрлі символдық белгілер көмегімен мәліметтің қысқартылған жазбасында өткізуге болады. Мұнда екі басқышты айырып көрсетуге болады:
- Схеманың құрлысы және оның сәйкестік терминдермен бір мезгілде ашылған жазбасы.
- Символдық жазуға көшу және онымен жұмыс.
Оқушылар нақты дағдылар мен іскерліксіз физика тілін меңгерте алмайтынын атап өтейік. Дағдыларды қалыптастыру процессінде мынадай басқыштар ерекшеленеді: дағдының бастапқы мағнасы, саналы түрде, оншалықты шебер болмаса, оның туындылары.
Білімдердің жинақталуы және дағдының пайда болу кезінде физика тілін қолданудың саналы және тұрақты іскерліктері қалыптасады.
Әр сыныпқа қатысты оның жүйесі оқу бағдарламасының соңында атап көрсетілгендей әр қашан назар аударып, мұғалімнің оны орындауы тиіс. Мұндай сабақтар әдетте есеп шығаруға, өлшеулер жүргізуге, физикалық құбылыстарды бақылауға, лабораториялық экспериментті жүргізуге арналады.
Символдық физика элементерін оқушылар оқып үйренудің бірінші басқышында жақсы қабылдап, меңгере алады. Физикалық білімнің қалыптасуына арналған тапсырмаларды символдың мағынасының дұрыс берілуіне қарай таңдау қажет. Себебі, оларды оқушылар дұрыс пайдалана білуі тиіс.
Мәтінді ашып көрсету үшін, егер ол формалды тілмен жазылған болса, символдарды жақсы білу қажет. Физикалық сөйлемнің мазмұнына қарай сол бір ғана символ әртүрлі түсінік беруі мүмкін. Табиги тілден физикалық тілдегі сөйлемге көшу үшін арнайы тілдік конструкцияны білу керек.
Жаңа материалдарды түсіндіру кезінде жаңа ұғым, термин, символдардың енгізілуіне назарын басқара алуға дағдыланбаған оқушылар ұжымдық шығармашылықтан қалып қояды. Осыған байланысты оқушылармен жеке жұмыстар жүргізген тиімді. Мысалы: жаңа ұғымдарды, белгілерді ескере отырып, жазу және т.б.с.с. тапсырмалар беріледі.
Педагогикалық практика кезінде біз оны түлектік еңбекте баяндалған оқушыларды физика тілімен яғни физикалық терминмен таныстыру әдістемесі бойынша арнайы жүргізілген жұмыстың нәтижесінде олардың физикалық ұғымдарды игеру деңгейі және терминдерді қолдану сауаттылығы едәуір арқандығын байқадық.
Сондықтан біз бұл түлектік жұмыста баяндалғандай оқушыларды физика ғылымының тілімен таныстыру әдістемесі орта мектепте физика пәні мұғалімдерінің практикасында қолданылуы жөн деп санаймыз.