Түсініксіз терминдерді оқып үйрену пайдасыз, шатастырады. Себебі, Оқушыларға тек қана есте сақтауға емес сонымен қатар терминді сезініп меңгеру қажет. Бұл әрбір кезде белгілі бір түсінікпен байланыстыру үшін керек.
Ғылыми- техникалық терминалогияның реттелуі маңызды мәселені және оқушылар терминалогиялық жұмыстың ұстанымдарын білуге тиіс. Олар төмендегідей болады.
- Кез-келген терминалогиялық жүйені қандай да бір кодтық сөздердің еркін жинағындай емес, ол өзара бір-бірімен тығыз байланысқан терминдер жинағы ретінде қарастыру керек.
Терминдермен жұмысты бастаудан бұрын, физикалық түсініктердің жүйесін реттеп алу қажет. Терминдердің дәл еместігін кейде сөздерді табу қиындығынан емес, ұғымдық жіктелу орнына сай еместігінен, танымал қасиеттердің арасындағы обьективті байланыстардың жеткіліксіз ашылып көрсетілуінен. Сол үшін терминдермен кез-келген жұмыста ұғымдардың анықталуы да бірге жүруі керек. Осы кезде ұғымдар жүйеленген болуы тиіс. Қандай да бір ғылыми тұрғыдын анықтаудан бұрын оның басқа ұғымдар ортасындақандай орын алу керектігін белгілеп алуға болады.
Қазіргі кезде дидактикада, психологияда және жекешеленген әдістерде оқушылардың танымдылық шығармашылығында әртүрлі деңгейді ерекшелеп көрсету ұйымдардың дамуындағы қиындықтарына оқушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес және физикана оқып үйретуде мынадай төрт деңгейді ерекшелеп көрсету керек.
Бірінші деңгей – деректік. Ол сирек және ерекше, пәндік ұғымның пайда болуын оқып үйренумен байланысты.
Екінші деңгей – дәлелдік — әрекеттік, бұл деңгейде қалыптасатын ұйымдардың бекітілуі жүзеге асырылады.
Үшінші деңгей – ұғымдық. Ол оқушылардың нәтижелік ойлауының белсенді дамуымен байланысты. Оқушылар теориялық түсініктерімен озып шығады, олар анық көрсетуді үйренеді.
Төртінші деңгей- шығармашылықты: бұл деңгейде өз алдына тәйелсіз физикалық құбылыстарды зерттеу элементтері жатады. Танымдылық шығармашылықтың төрт деңгейіне ғылыми түсініктердің дамуының төрт басқышы сәйкес келеді.
Басқыштар | Жұмыстың мазмұны | Оқушыладың материалды меңгеруіндегі нәт-і |
I | Ұғымның мазмұнын ашу және оның танымдылық жолдары. | Ұғым моделі және оны қалаптастыру жоспары. |
II | Бірнеше біртекті обьектілерді немесе құбылыстарды бақылау, қалыпты сыртқы белгілерін орнату. Обьектің немесе оның бөлшектерінің анық бір белгілерінің оқытылуы және айрықшалануы.(анализ және синтез) | Көріністер. |
III | Ұғымдардың мазмұнына жаңа деректерді енгізу: Берілген ұғымдар арасында жаңа байланыс және қатынас орнату. Ұғымдардың оқу және еңбек шығармашылығында қолдану. | Эмпирикалық түсінік. |
IV | Физикалық білімнің жалпы жүйесінде ұғымдардың орнын белгілеу. | Ұғымдардың теориялық жалпы физикалық білімдер жүйесіне қосылуы. |
Осылайша терминалогияның жүйеленуінің бір бағыты берілген білім аумағындағы терминдер жүйесінің олардың ұғымдарының жүйесімен сәйкес келуімен болады.
- Ғылымның әртүрлі салаларындағы терминалогиялық жүйелер арасында белгілі бір координация немесе субординация бекітілуі керек. Сонымен қатар табиги тілімен берілген дұрыс. Физика басқа ғылымдар сиақты “өзінің” ұғымдарынан басқа ”өзге” ұғымдардыда қолданылады.
- Шығармашылықты концепция – терминалогиялық жұмыстың негізі.
- Физикалық терминдер қанағаттандыратын негізгі талаптар – мағнасы бір болу, дәлдік, жүйелік, қарапайымдылық, түсініктілік.
Біз мағналықты айрықшалап көрсету қажет. Осы кезде физикалық терминдердің көп мағынаға ие болуға жол бермеу керек, себебі ол көптеген жағдайларда практикалық қажеттіліктерге әкеп соғады. Мысалы: ”иннерция күштері” деген тақырыптағы пікір таласу дұрыс қойылмаған және көп мағнаға ие терминдердің зияндылығын көрсетіп береді.
- Ұғымдарды бір жүйеге келтірудің маңызды бір әрекеті –бұл олардың жіктелуі әрбір пәннің ұйымдар жүйесі біртіндеп ашылады: алдымен негізгі (жинақтың) ұйымдарды анықтайды және таңдап алады. Ұғымдарды жүйелеу мен қатар жіктелуді олардың қандай дәрежеде екендігін анықтайды.