Оқулық мәтіндеріне ғылыми терминологияны таңдау және енгізу тәсілдері

Әртүрлі оқулық мәтіндерінде терминдерді қолдану әдістемелік, дидактикалық және стилистикалық сипатқа ие сұрақтар аумағын қамтиды.

Оқулық – кітаптардың авторларының басшылығындағы физика курсының программасы әдетте былайша түзелген. Бұл енгізілген терминдердің санының айтарлықтай деңгейде жаңа қалпына келуіне мүмкіндік береді. Негізгі түсініктер мен терминдерді түсіндіру және негізін баяндау программа талаптарымен анықталады. Басқа жағдайларда жаңа терминді енгізу туралы шешімді автор өзі қабылдайды.Физкалық оқыту кітаптарының тексерілуінде байқалатыны, енгізілетін терминдердің саны оқушылардың танымдылықмүмкіншіліктеріне қарай өседі. Мектептің жоғарғы сыныптарына және арнайы орта оқу орындарындағы физика оқулықтарында 6-7 сыныпқа арналған оқулықтарына қарағанда 4-5 есе көп жаңа терминдер енгізілген. Физика оқулықтарына оншалықты қажеттілікке ие болмайтын терминнің енгізілуі сиақты жағдайларда болады. Жаңа терминдердіңаса көптеп енгізілуі оқулық мәтінінің мазмұнын қиындатып, оның тез және оңай меңгерілуіне кері әсерін тигізеді.

Физикаға арналған әдеби оқулықтардың  практикасына ғылыми – техникалық терминдерді енгізудің анық бір тәсілдерін қарастырайық. Ол арнайы жүргізілген тексерулер нәтижелерінің есептеулері мен арнайы орта оқу орындарына арналған жаңа оқу құралдарының анализдері негізінде жүргізіледі.

  1. Терминді анықтауды көп жағдайда жақын түр немесе көрініс айырмашылығы арқылы жасалынған түсінік анықтамасы бойынша табамыз. Мынадай нұсқалар мүмкін:алдымен термин келтіріледі, одан кейін түсініктеме беріледі немесе керісінше түсінік беру термин туралы еске салудан бұрын беріледі.

Дене температурасы- бұл физикалық шама ол түгелдеу және оның барлық бөліктерінде бірдей мәнге ие болатын макроскопиялық жүйенің термодинамикалық теңдігінің күйін сипаттайды басқа жағынан температура- бұл жүйенің құраушы бөліктердің алға ұмтылу әрекетінің кинетикалық энергиясының орташа өлшемі.

Денелер арасындағы және қоршаған ортамен, немесе механикалық жұмыс орындамаған кездегі дене бөлшектерінің арасындағы ішкі энергияның алмасуы жылу алмасу деп аталады. Логикалық жағынан терминді осы сиақты талқылау керек.

2.Терминнің мазмұны сөздің шығу тегінің лингвистикалық анализінің нәтижесінде ашылады. Мысалы:Физикадан көмекші оқу құралында “изотермиялық процесс” терминін анықтау этималогиялық тұрғыдан байқалады: грек тілінен аударғанда ”изос”-тең, ”термос”-жылы деген мағнада. Өкінішке орай бұл арнайы орта оқу орындарының оқулықтарының барлығында жасалынбайды.

  1. Физика оқулықтарында терминдердің мағнасын еске салу үшін кейде айтылу барысында қысқаша түсіндіріліп өтеді, яғни (бұл жағдайда заряд квантталады басқаша айтқанда, дискретті мәнге ие болады) Ионизация процессімен қатар керісінше процесс иондардың рекомбинациясы жүреді (басқаша молизация) Әсіресе, бұндай тәсіл оқушылардың жоғарғы танымдылық және интеллектуалдық деңгейіне бағытталған мәтіндерде мақсатқа сай келеді.

4.Оқулық мәтіндері былайша жазылуы мүмкін: автор бірден терминді атамайды, оқырманды өз бетінше бұрын енгізілген терминдерге немесе оған қарама- қарсы терминдерге ұқсату арқылы табады.

Газдарды көптеген малекула шариктерден құралған жүйе ретінде елестетуімізге болады. Малекулалар газ жүйесінде ретсіз, хаостық бағытта, биллиард шарлары сиақты қозғалады. Сондай-ақ малекулалар өзара және газ болған ыдыстың қабырғаларымен соқтығысады. Қабырғаға соқтығысқан малекула, доп еденге тиіп кері қайтқандай, ол да кері қайтады. Мұндай көзқарастар идеал газдың моделі сиақты қабылдауы мүмкін.

5.Орта жалпы білім беретін мектептердің физика оқулықтарында терминді талқылау ғылыми- танымал әдебиетке кеңтаралған қысқа тарихи-ғылыми экскурция барысында кең қолданылады.                                                                 

6.Топтық терминнің маңызы бұрын оқып үйретілген көрініс терминдердің көмегімен оқытылады. “Ішкі энергия- бұл малекулалардың жылулық қозғалысының энериясы және малекулярлы өзара әсерлер энергияларының қосындысы”.