Физика тілін қалыптастырудың әдістемелік негіздері

Физика ғылымының тілі туралы оқушылардың көзқарастары, оқулық мәтіндеріндегі ғылыми терминалогия. Шынайы түрде физиканы білу ең алдымен физикалық шамалардың мағнасын және тілін түсіндіру деп айтуға болады. Физикалық шамалар жөніндегі оқушылардың білімдеріне айтарлықтай жетіспеушіліктер байқалады. Олардың көбі оқулықтардағы және оқу құралдарындағы физикалық шамалардың  талқылануының жеткіліксіздігінен. Оқушылардың физмкалық шамаларды меңгерудегі жетіспеушіліктері қатарына төмендегілерді жатқызуға болады.

  1. Математикалық өрнектердің формальды түрде меңгерілуі және оның көмегімен шамалардың анықтымысы беріледі де, ал оның физикалық мағнасында түсінбейшілік байқалады.( мысалы: оқушы өткізгіштің электрлік көлемін анықтайтын формуланы келтіреді, бірақ бұл шама өткізгіштің қац қасиетін сипаттайтынын түсіндіруде қиналады, бірақ өткізгіштің сиымдылығын екіншісіне қарағанда үлкен, неге диэлектриктердің сиымдылығы туралы айту мағнасыз; сиымдылық- макроскопиялық ұғым ба, әлде микроскопиялық па?)
  2. Материалдық нүкте, масса, күш, энергия, жылу мөлшері, заряд және басқалар сиақты түсініктер туралы көз қарастар. ( мыналарды есте сақтаған жөн: қозғалыс туралы немесе зарядқа әсер етуші күш туралы сөз болғанда қандайда бір зарядталған бөлшек немесе дене, яғни электр зарядын тасушылар қозғалады, таралады және күштің әсерін сезеді. Электр заряды өзі енетін бөлшектен бөлінбейді. Зарядталған элементарлы бөлшек зарядты бере алмайды. Себебі, ол да массасын жоғалта алмайды. Басқаша айтқанда, элементарлы бөлшекті зарядтау, яғни оның зарядын өзгерту мүмкін емес- бұл кезде біз жай ғана басқа бөлшекті аламыз.)
  3. Шаманың енгізілгенін, оның енгізілу тәсілінің мәнін, шаманың негізін, шаманы енгізу нені білдіретінін түсіндіруде оқушылар жиі қиналады. (мысалы: не үшін абсалютті нөл температураны енгізу қажет болды және оның физикалық мағнасы қалай, орташа квадраттық жылдамдық абсалютті және салыстырмалы ылғалдық және т.б.)
  4. Шаманың анықтамасын өрнектейтін формула мен бір шаманың басқа шамаларға функционалды тәуелділігін өрнектейтін формуланың арасындағы айырмашылықты түсінбеушілік. ( электростатикалық өрістің кернеуінің формуласы Е═F⁄qo кернеудің анықтамасы түрінде берілген және ол Е-нің F-пен qo-ға тәуелділігін білдіретіндей талқылануы мүмкін емес, ал E═Q ⁄ (4πεο-εּr2) формуласы кернеудің зарядқа тәуелділігін білдіреді).

Оқушылардың білімдеріндегі бұл айтарлықтай жетіспеушіліктердің себебі неде? Қазіргі таңда оқытуды, оқушымен оқытушы арасындағы ынтымақтастық ретінде қарастыруға болады. Әрине, бұл ынтымақтастық толық және жетістіктерге ие болады, тек бір шарт орындалады, яғни оқытушының сабақ сайын оқушылармен қарым- қатынас жасау тілін түсінсе ғана гуманитарлық пәндерден беретін мұғалімдер алдында, мұғалімнің тілі түсінікті ме деген мәселе туындайды. Себебі, олардың гуманитарлық ғылыми табиги тілде баяндалады. Ал, физиканы үйрету мәселесіне келгенде іс басқаша. Физикалық шамалар формуламен байланысты, олар белгілі бір математикалық заңдылықтарға бағынып түрлендіреді. Сондықтан да физика тілін түсіндіру үшін математикалық білім қажет болады. Бірақ, бір ғана математиканы білу физиканы түсіндіруге жеткіліксіз. Ең бастысы оқушылардың физикалық шамалар мен олардың арасындағы қатынастық байланысты түсіндіруі. Мысалы, “денеге жылу мөлшері беріледі”, деген сөздерден оқушылардың жылу алмасу көмегімен ішкі энергияның өзгергенін дұрыс түсінгені қажет. Электрлі заряд- скалярлы физикалық шама, ол кейбір бөлшектер немесе дененің қасиетін сипаттайтын электроскоп- дененің электрленуін және оның жуықталған бағасын тіркегіш т.б. түсінгені жөн. Шаманың, құбылыстың физикалық мағнасын ашу- бұл құбылыстың механизмін көрсету, заңдылықтарды құру, олардың қолданылу шекараларын анықтау болып табылады. Кез – келген шаманың физикалық мазмұны екі жақты: сапалы немесе сандық мазмұны қандай сапаның немесе қасиеттің қарастырылуын және ол қандай өзгеру процессін суреттейді, құбылыстар арасындағы қандай заңдылықтағы байланыстар, сол сиақты процесстер арасындағы заңдылықтарды орнатады. Физикалық шаманың сандық өрнегі оның өлшеу мүмкіндігіне қарай, яғни оның басқа шамалармен сандық салыстыруы сол өлшемдерде анықталады.

Жаңа бір физикалық шамамен кездескенде, ең алдымен оның сапалы мазмұнын түсіндіру керек, ол осыдан кейін сандық мәнін анықтаған дұрыс. Әр қашанда анықтама қарастырылып отырған физикалық шаманың сапалы және сандық жақтарын бейнелеуіне ұмтылыс жасау керек. Осыны жүйелі түрде жасап отырып, біз оқушылар санасында әлемдік ой қалыптастырамыз: бізді қоршаған әлемде бізге тәуелсіз физикалық обектілер және оларға байланысты болып жатқан өзгерістер- физикалық құбылыстар бар, ал физикалық шамалар- бұл физикалық суреттеу тәсілі, және әрбір шамада белгілі бір қасиет, табиғи құбылыс жасырылған.

Өкінішке орай, оқулықтарда, көмекші оқу  құралдарында және орта оқу мекемелеріндегі физиканы практикада оқытуда бұл ойлар шындығында түсіндірілмейді, яғни олар басты назарда физикалық шаманың анықтамасын беретін формулаға аударады. Обьектілердің қасиеті, құбылыстың сипаттау жақтары көбіне ашылмаған күйі қалады. Оқушыларға жалпы физикалық шаманың не екенін, олардың табиғатты физика тұрғысынан суреттеудегі рөлі, физикалық шамалардың қатынасы қандай, физикалық шынайылық, физикалық шаманы енгізу дегеніміз не, физикалық шаманы өлшеу және т.б. анық айтылмай қалады.

Оқушыларды физикалық тілдің ерекшеліктерімен таныстыру мәселесі. Оқулықтарда және физиканы оқыту әдістемесінде назарда болмауы мынадай салдарға әкеліп соғады. Физикалық шамалардың тілімен физикалық шындық арасындағы байланысты, оларды түсінбей қалады. “Нақты газ”, ”малекулалар арасындағы өзара байланыс күші”, ”температура”, ”кернеу”, “потенциал”, ”электрлік сыйымдылық” белгілі бір терминдеріне байланысты оқушылар шынайы әлем мен табиғатты көруден қалады және олардың саналарында екі әлем қалыптасады: үйреншікті және табиғат әлемі және “физика әлемі”, оншалықты түсінікті емес белгілер мен формулалар.

Тағы бір қиындық туғызатын мәселе бұл оқушының математикалық даярлығы әрқашан физика тілін түсіндіруге көмектесе бермейтіндігі. Математика сабағында оқушыны Y═R ⁄ X түріндегі формуланы кері пропорциональдық Y-тің X-қа тәуелділігі ретінде түсіндіруге үйреткен. Ал, физика сабақтарында оларды C═Q ⁄ φ формуласын кері пропорционал С-нің φ-ге тәуелділігі түрінде қабылдамауға үйретеді, сол сиақты С-нің Q-ға тікелей байланыстылығы, бірақ формула алдағы формулада ешбір өзгешеленбейді. Физика сабақтарында оқушылар математика сабағындағыжасалынған белгілердің астарында не жатқаны туралы ойланбайды және физика саласында белгілер мен формулаларға байланысты қатынас керісінше екен. Физика мен математикадағы формулалардың айырмашылығын анық әрі ашық түсіндірілуі оқулықтарда, сабақ үстінде айтылмайды, сондықтан оқушылар олардан қажет етіп тұрғанын түсінбейді.

Осылайша, физиканы меңгерудегі жоғарыда көрсетілген кемшіліктер келесі жағдайлармен түсіндіріледі.

А. Физикалық шамалар тілінің ерекшеліктері, оның құрылуының ашып көрсетілуі оқулықтарда және көмекші оқу- құралдарында болмауымен;

Б. Әрбір физикалық шамалардың сапалы жақтарының әлсіз ашылуы, ягни сол немесе басқа шаманың қай құбылысты сипаттауының берілмеуімен;

В. Әр түрлі физикалық шамаларды енгізу әдістеріндегі жалпы және бірегей қатынастың болмауымен; Егер оқушылар физиканы оқып үйренудің бірінші сатысынан бастап физикалық шамалардың тілінің ерекшеліктерімен танысса, онда физикалық түсініктердің қалыптасу процессі көбірек нәтижеге ие болады.

Арнайы орта оқу орындарында физика курсындағы идеалды обьектілердің баяндалуында айтарлықтай кемшіліктер бар, себебі зерттеулердің маңызды әдістері, физикалық теория қалай жасалынады және олардың рөлі қандай, дерек орнату дегеніміз не, оны суреттеу, оған теориялық түсініктер беру және т.с.с. айтылып түсіндірілмейді.

Сол үшін физиканың жетік және саналы түрде меңгерілуі және ғылыми әлемдік түсінікті қалыптастыру біртіндеп, жүйелі түрде оқушыларға тілдің өзіне тән ерекшеліктерін және табиғатты физикалық зерттеу әдістерін түсіндіру қажет.