Германия экономикасын мемлекеттік реттеу, тез арада дағдарыстан шығып, елдің экономикасын милитаризациялау (сокысқа дайындау), сөйтіп кек алуды тездету саясаты жүргізілді. Бұл шараларды іске асыру үшін Гитлер елдегі экономиканы бір орталыққа бағындырып, бірнеше төтенше реформа жүргізді. 1933 жылы шілде айында картель құру туралы заң шығарды. Бұл заң бойынша экономиканы басқару мақсатында «Неміс шаруашылық Бас кеңесі» мемлекеттік басқару мекемесі кұрылып, оған «шаруашылық және өнеркәсіп орындарын біріктіретін» мекемелер бағындырылды. Мемлекеттік шаруашылық кеңесін басқаруға ірі монополия иелері мен финанс басшылары кірді. Империялық шаруашылық мекемесі 7 топтан тұрды: өндіріс, энергия, сауда, қолөнер, банк және қамсыздандыру. Әрбір топтың жергілікті жерлерде мекемелері құрылды. 1934 жылы қыркүйек айындағы төтенше заң бойынша сыртқы және ішкі сауда, валютаға мемлекеттік бақылау қойылды.
Ауыл шаруашылығын қайта құру үшін «Империялық өлеуметтік азық-түлік» мекемесін құрылды. Бұл ауыл шаруашылық мемлекеттік мекеменің басты мақсаты халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету болды. Ауыл шаруашылық жерінің мөлшері шаруаларға 7,5 га-дан 125 га-ға дейін белініп берілетін болды. Мұрагерлік жердің 21%, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу саласына жердің 38% берілді. Бұл шаралар шаруалар арасында әлеуметтік топты нығайту үшін жүргізілді.
Мемлекеттік реттеу әлеуметтік салада жүзеге асырыла бастады. Халықтың еңбек ақысы, зейнетақы, кәсіпкерліктерді қолдау шаралары жүргізілді. Экономиканы реттеу үшін 4 жылдық жоспар қабылданды. Гитлер экономиканы басқаруды Г.Герингке тапсырды. Германия экономикасының ауыр өнеркәсібі мен соғыс өнеркәсібін дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Сөйтіп, Германия экономикасы милитаризациялана бастады. Ауыр өнеркөсіп 1935 жылы 50% артты, соғыс шығыны (1935-1939 жж.) жалпы ұлттық бюджеттің 58% тең болды.1935 жылдан бастап жалпыға бірдей әскери міндет енгізілді.
Мемлекет ірі монополия иелеріне несие, субсидия (мемлекеттік тікелей акция көмегі) көмегін берді. «И.Г.Фарбениндустри» мемлекеттік кредит арқылы өндіріске қажетті технологияны жаңартып, химия ғылымының жаңапық-тарын өндіріске тез қосып отырды. Субсидия арқылы химия өндірісіне қажетті өндіріс орындарын салды. Мемлекеттік көмектің нәтижесінде 1932-1938 жылдарда «И.Г.Фарбениндустри» концернінің таза табысы 4 есе өсті. Крупп болса, соғыс өндірісін жедел дамытудың нәтижесінде өзінің жылдық кірісі 380 млн маркаға жеткізді. Мемлекет, сонымен катар өндіріс пен капиталдың шоғырлануына көп көмек көрсетті.
1932-1938 жылдарда өндірістің—бөлігі 6 ірі банк пен 70 ірі акционерлік қоғамдастықтың меншігінде болды. Гитлер үкіметі мемлекеттік-монополия саясатының барысында фашистiк Германияда жұмыссыздықты жойды. Мұндай жетістік басқа капиталистік елдерде болған емес.
Мемлекеттік-монополиялық реттеу фашистiк Германияның экономика және әлеуметтік салаларын түгелдей қамтыды. Елдің барлық билік саласында ірі қаржы-өндіріс олигархиясы отырды. Экономикалық, әлеуметтік және әкімшілік-басқаруды қайта құру нәтижесінде тоталитарлық диктатура билік жүргізіп, Германия жаңа соғысқа бар күшін салып, кек алу үшін халықты жұмылдырды. Фашистiк Германия үкіметінің сыртқы саясатының негізгі мақсаты агрессиялық милитаристік бағыт болды. Бұл мақсатқа жету үшін Версаль-Вашингтон жүйесін әлсіретіп, жою қажет еді. Капиталистік елдер АҚШ, Франция және Ұлыбританияның профашистік топтарының қолдауымен Шығыс Еуропа елдерін жаулау саясатын қалыптастырды. Олар орта ғасыр заманындағы Пруссия корольдерінің жүргізген «Дранг нах Остен» саясатын жалғастырды.