Рейхстагтың өртенуін сылтау ете отырып, елде жеке билік орнату үшін билікті өз қолына алып, заңды құқығы бар декреттер шығара бастады. Веймар Республикасының Конституциясын тоқтату туралы заң қабылдады. Коммунистерді жаппай тұтқындау басталды. Наурыздың 3-і күні ГКП-ның мүшесі Э.Тельманды, 9 наурыз күні Коминтерннің басшысы, Болгар коммунистік партиясының мүшесі Г.Димитровты тұтқындады. Оған рейхстагты өртеген деп айып тағылып, 1933 жылы қыркүйек айында Лейпциг сот процесі болды. Сот процесінде Г.Димитров өзін фашистік сот алдында ақтап шықты. Бұл антифашистік күштердің ірі жеңісі болды.
Гитлер үкіметі рейхстаг өртенгеннен кейін екі төтенше декрет қабылдады: «Мемлекеттік сатқындыққа қарсы», «Халық пен мемлекетті қорғау». Халықтың конституциялық құқығы тежелді. Бірақ та сайлауға дейін Гитлердің террор, арандатушылық және қорқыту секілді шараларды жүргізуіне қарамастан, парламент сайлауында демократиялық күштер айтарлықтай жеңіске жетті. Фашистік партияны 17,2 млн адам қолдап, 43,9% дауыс алды. Рейхстагта барлығы 647 депутаттық орын болатын. Басқа партияларды қолдап 22 млн адам дауыс берді. Террорлық әрекеттерге қарамастан, ГКП мен ГСДП-сын қолдап 12 млн адам дауыс берді. Төменде берілген кесте сайлау қорытындысын анықтауға мүмкіндік жасайды.
Парламент сайлауында ойдағыдай жеңіске жете алмаған Гитлер жеке билік арқылы парламенттің жұмысын тежеді. Контитуция жұмыс істеген жоқ. Гитлер елді басқаруда төтенше билікті өз қолына алды. Сөйтіп, заң және атқарушы сот билігі бір кісінің қолына көшті. Сайлауда жеңіске жеткен 81 коммунистің парламенттегі мандатын заңсыз деп тауып, мандаттарын тартып алды.
1933 жылғы 5 наурыз айындағы рейхстаг сайлауы
Партиялар | Дауыс беру
пайызы % |
Депутаттық
мондат |
ГСДП
ГКП ЦЕНТР НННП НСДАП Басқа партпялар |
18,3
12,3 14,0 8,0 43,0 3,5 |
120
81 92 52 288 15 |
А. Гитлер 1933 жылы желтоқсан айының 12-і күні «Партия мен мемлекеттің бірлігі» деген төтенше декрет шығарды. Мемлекеттік билікті тек қана НСДАП қана мойындады. Елде көсем (фюрер) идеясы кең етек алды. Мемлекеттік-әкімшілік басқару аппараттары фюрер алдында ант беріп қызмет атқаруға міндетті болды. Жергілікті парламент-ландтаг, жоғары палата Рейхстаг таратылды. 1934 жылы тамыздың 2-і күні қарт генерал, президент Гинденбург өлді. Осы күннен бастап Гитлер елдің фюрері (көсемі) және рейхканцлері болып өмірлікке тағайындалды.
Германияда фашистік тоталитарлық диктатура орнауы Мемлекеттік-монополиялық капитализм (ММК). Германия экономикасының даму ерекшелігі. Гитлер үкіметінің экономикалық саясатының негiзгі мәні мемлекеттік-монополиялық капитализм түрғысында болды. 30-жылдардағы дағдарыс кезінде көптеген капиталистік елдер экоиомикалық-әлеуметтік дамуды мемлекет арқылы реттеу процесін іс жүзіне асыра бастаған болатын. Буржуазиялық реформа капитализмді, жеке меншікті сақтап қалудың бірден-бір жолы болды. Әлемдік капитализм КСРО еліндегі социализм қоғамын жою мақсатын іс жүзіне асыра бастады. АҚШ-тың президенті Ф.Рузвельттің «жаңа бағыт» саясаты мемлекеттік реттеудің дұрыс жол екенін көрсете алды